Күші жойылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2010.04.30 № 59 Қаулысымен.
"Бағалы қағаздар рыногы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 3-бабы 2-тармағының 8) тармақшасына, 69-бабының 1-тармағына,»"Қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды мемлекеттік реттеу мен қадағалау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабының 10) тармақшасына, "Инвестициялық қорлар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 40-бабының 1-тармағына сәйкес, Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Инвестициялық портфельді басқару жөнiндегi қызметтi жүзеге асыру ережесiн бекiту туралы" 2003 жылғы 21 сәуірдегі N 137 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2335 тіркелген), Агенттік Басқармасының 2004 жылғы 25 қазандағы N 298 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3230 тіркелген), 2006 жылғы 15 сәуірдегі N 97 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4230 тіркелген) қаулыларымен енгізілген өзгерістермен және толықтырулармен мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыру ережесінде:
25-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"25-1. Инвестициялық пай қорының пайларын орналастыру және сату жөніндегі бұйрықтарға инвестициялық қордың активтерін есепке алуды қамтамасыз ететін кастодиан бөлімшесінің басшысы қол қояды.
Инвестициялық пай қорының пайларын орналастыру және сату барысында, егер бұл инвестициялық пай қорының пайларын ұстаушылар тізілімінде мәмілелерді тіркеген кезден бастап үш жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде қағаз тасымалдауышысында пайларды есептен шығару (есепке алу) бойынша мәмілелер жасауға кастодиан келісімін растайтын құжаттардың түпнұсқасын міндетті түрде бере отырып, кастодиандық қызмет көрсету және бағалы қағаздар ұстаушылардың тізілім жүйесін енгізу жөніндегі шарт талаптарында көзделген жағдайда, факсимильді байланыс құралдарын пайдалануға жол беріледі.".
2. Осы қаулы Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
3. Бағалы қағаздар нарығының субъектілерін және жинақтаушы зейнетақы қорларын қадағалау департаменті (Тоқобаев Н.Т.):
1) Заң департаментімен (Байсынов М.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қолға алсын;
2) осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он күндік мерзімде оны Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне, "Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы", "Қазақстан Тізілім ұстаушылар қауымдастығы" Заңды тұлғалар бірлестіктеріне, орталық депозитарийге жіберсін.
4. Халықаралық қатынастар және жұртшылықпен байланыс бөлімі (Пернебаев Т.Ш.) осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялау шараларын қолға алсын.
5. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрағасының орынбасары Е.Л.Бахмутоваға жүктелсін.
Төраға