Рейтингтік бағалары Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу жөніндегі уәкілетті органдарымен танылатын, рейтингтік агенттіктердің тізбесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу агенттігі төрағасының 2006 жылғы 8 қыркүйектегі N 7 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2006 жылғы 7 қазанда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 4411 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 8 тамыздағы № 183 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 08.08.2016 № 183 қаулысымен.
      Қазақстан Республикасы "Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығы туралы" Заңы 6 бабының 6) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН :
      1. Рейтингтік бағалары Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының (әрі қарай - Агенттік) қызметін реттеу жөніндегі уәкілетті органдарымен танылатын, рейтингтік агенттіктердің және олардың еншілес ұйымдарының келесі тізбесі бекітілсін:
      1) Moody's Investors Service;
      2) Standard & Poor's;
      3) Fitch;
      4) "Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының рейтинг агенттігі" акционерлік қоғамы;
      5) "Рейтинговое агентство "Эксперт РА Казахстан" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі;
      6) "Рейтинговое агентство "KZ-rating" ("Рейтинговое агентство "КЗ-рейтинг") жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.
      Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу агенттігі Төрағасының 2009.12.09 N 04.2-44/187, 2010.04.14 N 04.2-40/80 бұйрықтарымен.
      2. Осы бұйрық ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
       3. Агенттігінің тіркеу департаментіне:
      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуіне шаралар қолданылсын;
      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап он күндік мерзім ішінде Агенттіктің, Қазақстан Республикасының Қаржы рыногы және қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау жөніндегі агенттігінің, "Қазақстандық қор биржасы" АҚ және "Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігінің назарларына жеткізілсін.
      4. Агенттіктің даму департаментіне осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануы қамтамасыз етілсін.
      5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Агенттік Төрағасының бағыттаушы орынбасарына жүктелсін.

Қазақстан Республикасы
 
Алматы қаласының өңірлік
 
қаржы орталығының қызметін
 
реттеу Агенттігінің Төрағасы
 

      

Об утверждении перечня рейтинговых агентств, рейтинговые оценки которых признаются уполномоченным органом по регулированию деятельности регионального финансового центра города Алматы

Приказ Председателя Агентства Республики Казахстан по регулированию деятельности регионального финансового центра города Алматы от 8 сентября 2006 года № 7. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 7 октября 2006 года № 4411. Утратил силу постановлением Правления Национального Банка Республики Казахстан от 8 августа 2016 года № 183

      Сноска. Утратил силу постановлением Правления Национального Банка РК от 08.08.2016 № 183.

      В соответствии с подпунктом 6) статьи 6 Закона Республики Казахстан "О региональном финансовом центре города Алматы" ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Утвердить следующий перечень рейтинговых агентств и их дочерних организаций, рейтинговые оценки которых признаются Агентством Республики Казахстан по регулированию деятельности регионального финансового центра города Алматы (далее - Агентство):

      1) Moody's Investors Service;

      2) Standard & Poor's;

      3) Fitch;

      4) Акционерное общество "Рейтинговое агентство Регионального финансового центра города Алматы";

      5) Товарищество с ограниченной ответственностью "Рейтинговое агентство "Эксперт РА Казахстан";

      6) Товарищество с ограниченной ответственностью "Рейтинговое агентство "KZ-rating" ("Рейтинговое агентство "КЗ-рейтинг").

      Сноска. Пункт 1 с изменениями, внесенными приказами Председателя Агентства РК по регулированию деятельности регионального финансового центра города Алматы от 09.12.2009 № 04.2-44/187 (порядок введения в действие см. п. 4); от 14.04.2010 № 04.2-40/80 (порядок введения в действие см. п. 5).

      2. Настоящий приказ вводится в действие со дня его первого официального опубликования.

      3. Департаменту регистрации Агентства:

      1) принять меры к государственной регистрации в Министерстве юстиции Республики Казахстан настоящего приказа;

      2) в десятидневный срок со дня государственной регистрации в Министерстве юстиции Республики Казахстан довести настоящий приказ до сведения заинтересованных подразделений Агентства, Агентства Республики Казахстан по регулированию и надзору финансового рынка и финансовых организаций, АО "Казахстанская фондовая биржа и Объединения юридических лиц "Ассоциация финансистов Казахстана".

      4. Департаменту развития Агентства обеспечить официальное опубликование настоящего приказа в средствах массовой информации Республики Казахстан.

      5. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего заместителя Председателя Агентства.

Председатель Агентства


Республики Казахстан


по регулированию деятельности


регионального финансового центра


города Алматы