Тіндерді және (немесе) мүшелерді (мүшелердің бөліктерін) алу, консервациялау, адамнан адамға, мәйіттен адамға және жануардан адамға ауыстырып қондыруды жүргізу ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2006 жылғы 19 қыркүйектегі N 415 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2006 жылғы 24 қазанда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 4429 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 30 қазандағы N 623 Бұйрығымен

      Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2009.11.30 N 623 бұйрығымен.

      "Азаматтардың денсаулығын сақтау туралы" Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шілдедегі  Заңына сәйкес  БҰЙЫРАМЫН :
      1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Тіндерді және (немесе) мүшелерді (мүшелердің бөліктерін) алу, консервациялау, адамнан адамға, мәйіттен адамға және жануардан адамға ауыстырып қондыруды жүргізу ережесі бекітілсін.
      2. Облыстардың, Астана және Алматы қалалары денсаулық сақтау департаменттерінің (келісім бойынша), республикалық денсаулық сақтау ұйымдарының басшылары:
      1) жоғарыда көрсетілген ережеге сәйкес тіндерді және мүшелерді алу, адамнан адамға, мәйіттен адамға және жануардан адамға ауыстырып қондыруды жүргізу тәртібін қамтамасыз етсін;
      2) реанимация және қарқынды терапия бөлімшелері бар облыстық (қалалық) көп бағдарлы ауруханаларда донорлық мүшелерді жинау және консервациялау топтарын құрсын және олардың жұмыс істеуі үшін тиісті жағдай жасасын;
      3) мүшелерді жинау және тасымалдау кезінде мүшелерді жинау топтарын жедел медициналық көмектің кезекші автомашинасымен, мерезді, АҚТҚ жұқпасы мен гепатитті диагностикалауға арналған жедел диагностикалық-тестілермен қамтамасыз етсін;
      4) "А.Н.Сызғанов атындағы Хирургия ұлттық ғылыми орталығы" РМҚК жанындағы Республикалық трансплантация орталығының медициналық ұйымдары басшыларының ықтимал донордың бар-жоғы туралы уақтылы хабардар болуын қамтамасыз етсін;
      5) бүйрегін ауыстырып қондырған сырқаттарды гемодиализ бөлімшесі бар медициналық ұйымдарда одан әрі емдеуді қамтамасыз етсін.
      3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Емдеу-алдын алу ісі департаменті (Байсеркин Б.С.) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге жіберсін.
      4. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Ұйымдастыру-құқықтық жұмыс департаменті (Д.В.Акрачкова) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін заңнамада белгіленген тәртіппен бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялауды қамтамасыз етсін.
      5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Денсаулық сақтау вице-министрі А.А.Ақановқа жүктелсін.
      6. Осы бұйрық ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Министр

Қазақстан Республикасы     
Денсаулық сақтау министрінің  
2006 жылғы 19 қыркүйектегі  
N 415 бұйрығына қосымша    

  Тіндерді және (немесе) органдарды (органдардың бөліктерін)
алу, консервациялау, адамнан адамға, мәйіттен адамға және
жануардан адамға транспланттауды жүргізу ережесі

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Ереже "Азаматтар денсаулығын сақтау туралы" Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шілдедегі  Заңын (бұдан әрі - Заң) іске асыру мақсатында әзірленді. K090193

      2. Адамның органдарын және (немесе) тіндерін транспланттау (ауыстырып қондыру) азаматтардың өмірін сақтап қалу және денсаулығын қалпына келтіру құралы болып табылады және ол Қазақстан Республикасының заңнамасын және адам құқығын сақтау негізінде жүзеге асырылуы тиіс.

      3. Органдар мен тіндерді транспланттауға айғақтар мен қарсы айғақтарды белгілеуді тиісті ұйымдардың дәрігерлері негізгі аурулардың сипатын, зақымданған органдар мен тіндердің жеткіліксіз жұмыс істеу дәрежелерін қорыта отырып, дәрігерлер консилиумы жүргізеді.

      4. Органдар мен тіндерді транспланттау реципиентті немесе кәмелетке толмаған реципиенттің заңды өкілінің не сот әрекетке қабілетсіз деп таныған реципиенттің жазбаша келісімі бойынша жүргізіледі.

      5. Транспланттау бойынша тірі донор реципиентпен генетикалық байланыста болған немесе онымен тіндік үйлесімділігі болған жағдайда, жан-жақты медициналық тексеруден өткен және одан тіндерді және (немесе) органдарды (органның бөлігін) алу мүмкіндігі туралы дәрігер-мамандар консилиумының қорытындысын алған жағдайда мүмкін болады. Ерекшеліктер сүйек кемігін ауыстырып қондырған жағдайда болуы мүмкін.

      6. Дәрігер-мамандар консилиумының қорытындысы бойынша егер оның денсаулығына елеулі зиян келтірілмейтін болса ғана тірі донордан органдарды және (немесе) тіндерді алуға жол беріледі.

      7. Транспланттау үшін тірі донордан денсаулықтың қайтымсыз бұзылуын болдырмайтын қос органның біреуі ғана, органның бөлігі немесе тін алынуы мүмкін.

      8. Кәмелетке толмағандар және (немесе) әрекетке қабілетсіз адам болып табылатын тірі донордан органдарды және (немесе) тіндерді алу мынадай шарттарды бір уақытта сақтаған кезде ғана мүмкін болады:
      1) Заңның  14-бабына сәйкес денсаулық жағдайы туралы қажетті ақпарат алған оның заңды өкілдерінің келісімі; K090193
      2) тиісті келісім беруге қабілетті басқа алмастыратын донордың болмауы;
      3) реципиент донордың ағасы немесе әпкесі болып табылады;
      4) транспланттау реципиенттің өмірін сақтауға арналған;
      5) ықтимал донор алуға қарсылық білдірмейді.

      9. Донор тегін медициналық көмектің кепілді көлемінің шеңберінде денсаулық сақтау ұйымында жүргізілген тіндерді және (немесе) органдарды (органдардың бөлігін) алу бойынша хирургиялық әрекеттерге байланысты ем алуға, оның ішінде дәрі-дәрмектік ем алуға құқылы.

      10. Қайтыс болған адамнан транспланттау мақсатында органдар мен тіндерді алу сол адамның тірі кезінде берген немесе органдарды және (немесе) тіндерді алу сәтінде оның күйеуінің (әйелінің), жақын туыстарының және (немесе) заңды өкілдерінің мұндай алуға жазбаша келіспеушілігі болмаған кезде жүргізілуі мүмкін.

      11. Органдарды және тіндерді алу мен консервациялау асептика мен антисептиканың ережелері қатаң сақтала отырып, медициналық ұйымдарда жүргізіледі.

      12. Сот-медициналық және патологиялық анатомиялық мекемелерде консервациялау және транспланттау мақсатында мәйіттерден органдар мен тіндерді алуға, егер ол қайтыс болу себебін дұрыс диагностикалауға кедергі жасамайтын болса ғана жол беріледі.

      13. Адамға транспланттау мақсатында жануарлардан органдар мен тіндерді алуға оларды жол беріледі.

      14. Жануардан адамға органдарды және (немесе) тіндерді ауыстырып қондыру қатаң медициналық айғақтар бойынша жүргізіледі және егер дәрігер-мамандар консилиумының қорытындысы бойынша адамның денсаулығына зиян келтірмейтін болса ғана жол беріледі.

      15. Органдарды және тіндерді дайындауды, оларды одан әрі транспланттауды бейін бойынша қажетті мамандандырудан өткен және бұған денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен арнайы рұқсаты (маман сертификаты) бар дәрігерлер жүзеге асырады.

      16. Донор, реципиент және органдарды транспланттау, донорлық органдарды алу, дайындау және консервациялау бойынша жүргізілген операциялар туралы мәлімет жарияланбауы тиіс.

      17. Реципиент тегін медициналық көмектің кепілді көлемінің шеңберінде жүргізілген хирургиялық әрекеттерге байланысты денсаулық сақтау ұйымында ем алуға, оның ішінде дәрі-дәрмектік ем алуға құқылы.

  2. Донор-мәйіттерден органдар мен
тіндерді алу тәртібі

      18. Органдар мен тіндерді клиникалық транспланттау үшін құрамына сот-медициналық сарапшы кіруі тиіс және алу мен транспланттауды жүргізетін адамдар кіре алмайтын дәрігер-мамандар консилиумы белгілеген биологиялық өлімі анықталған адам донор болуы мүмкін.

      19. Биологиялық өлімді анықтағаннан кейін донор-мәйіттен органдар мен тіндерді алу жүргізілуі мүмкін.

      20. Клиникалық бөлімшелердің, оның ішінде анестезиология және реанимация бөлімшелерінің басшылары мен дәрігерлері қысқа мерзімде ықтимал донордың бар-жоғы туралы донорлық органдарды дайындау мен типтеу қызметін хабардар етуі тиіс.

      21. Донорлық органдар мен тіндерді алу кезінде сот-медициналық нормативтердің сақталуына жауапты сот-медициналық сарапшының қатысуы міндетті. Донор зорлықпен өлтірілген жағдайда, органдар мен тіндерді алуға қатысқан сот-медициналық сарапшы мәйітті сот-медициналық союды жүргізеді.

      22. Донорлық органдар мен тіндерді алу осы Ереженің қосымшасына сәйкес транспланттауға арналған донор-мәйіттен органдар мен тіндерді алу туралы актімен ресімделеді. Актіге дәрігер-реаниматолог, сот-медициналық сарапшы, сондай-ақ алуды жүргізген дәрігер-хирург қол қоюы тиіс. Донорлық органдар мен тіндерді алу туралы қайтыс болған адамның сырқатнамасына және мәйіттің сот-медициналық сараптама актісіне жазылады.

      23. Органдар мен тіндерді алу кезінде донор-мәйітті қалпына келмейтіндей етіп бұзуға тыйым салынады.

                                  Тіндерді және (немесе) мүшелерді
                                    (мүшелердің бөліктерін) алу,
                                   консервациялау, адамнан адамға,
                                   мәйіттен адамға және жануардан
                                     адамға ауыстырып қондыруды
                                      жүргізу ережесіне қосымша

       Трансплантациялау үшін донор мәйіттен мүшелер
               мен тіндерді алу туралы акт

      1. Донорлық мүшелер мен тіндерді (бүйректі, жүректі, өкпені,
бауырды және т.б.) алу ____________________________________________
___________________________________________________________________
cырқат қайтыс болғаннан кейін (мидың өлуі) ________________________
_______________________________________ рұқсаты бойынша жүргізілді. 

      2. Донорлық мүшелер мен тіндерді алуды дәрігер(лер)
хирург(тер) _______________________________________________________
___________________________________________________________________
_________________________________________________________ жүргізді.
                (ұйымның атауы, лауазымы, Т.А.Ә.)

      3. Донорлық мүшелерді алу тәсілі (аспаптық әрекеттер мен
операцияларды сипаттау) ___________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________

      4. Донорлық мүшелер мен тіндерді алу кезінде қатысқандар:
      сот-медициналық сарапшы _____________________________________
      реаниматолог ________________________________________________
      5. Донорлық мүшелер мен тіндер қайда орналастырылды және
кімге берілді _____________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________

      6. Алудың басталған уақыты __________________________________
      7. Алудың аяқталған уақыты __________________________________

      Қолдары: Реаниматолог
      Сот-медициналық сарапшы
      Дәрігер(лер) хирург(тер)

Об утверждении правил изъятия, консервации, проведения трансплантации тканей и (или) органов (части органов) от человека к человеку, от трупа к человеку и от животного к человеку

Приказ Министра здравоохранения Республики Казахстан от 19 сентября 2006 года N 415. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 24 октября 2006 года N 4429. Утратил силу приказом Министра здравоохранения Республики Казахстан от 30 октября 2009 года N 623

      Сноска. Утратил силу приказом Министра здравоохранения РК от 30.10.2009 N 623 (порядок введения в действие см. п. 5).

      В соответствии с  Законом Республики Казахстан "Об охране здоровья граждан"  ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Утвердить Правила изъятия, консервации, проведения трансплантации тканей и (или) органов (части органов) от человека к человеку, от трупа к человеку и от животного к человеку согласно приложению к настоящему приказу.

      2. Руководителям департаментов здравоохранения областей, городов Астана и Алматы (по согласованию), республиканских организаций здравоохранения:
      1) обеспечить порядок изъятия и трансплантации органов и тканей от человека к человеку, от трупа к человеку и от животных к человеку в соответствии вышеуказанными правилами;
      2) создать группы забора и консервации донорских органов в областных (городских) многопрофильных больницах, имеющих отделения реанимации и интенсивной терапии и создать соответствующие условия для их работы;
      3) обеспечить группы забора органов дежурной автомашиной скорой медицинской помощи на время забора и транспортировки органов, экспресс-диагностическими тестами для диагностики сифилиса, ВИЧ инфекции и гепатитов;
      4) обеспечить своевременное оповещение руководителями медицинских организаций Республиканского центра трансплантации при РГКП "Национальный научный центр хирургии им. А.Н. Сызганова" о наличии потенциального донора;
      5) обеспечить дальнейшее лечение больных после пересадки почки в медицинских организациях, имеющих отделения гемодиализа.

      3. Департаменту лечебно-профилактической работы Министерства здравоохранения Республики Казахстан (Байсеркин Б.С.) направить настоящий приказ на государственную регистрацию в Министерство юстиции Республики Казахстан.

      4. Департаменту организационно-правовой работы Министерства здравоохранения Республики Казахстан (Акрачкова Д.В.) направить настоящий приказ на официальное опубликование после его государственной регистрации в Министерстве юстиции Республики Казахстан.

      5. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на вице-министра здравоохранения Аканова А.А.

      6. Настоящий приказ вводится в действие со дня официального опубликования.

      Министр

Приложение                 
к приказу Министра здравоохранения    
Республики Казахстан           
от 19 сентября 2006 года N 415      

  Правила изъятия, консервации, проведения трансплантации
тканей и (или) органов (части органов) от человека к человеку,
от трупа к человеку и от животного к человеку

   1. Общие положения

      1. Настоящие правила разработаны в целях реализации  Закона Республики Казахстан "Об охране здоровья граждан" (далее - Закон). K090193

      2. Трансплантация (пересадка) органов и (или) тканей человека является средством спасения жизни и восстановления здоровья граждан и должна осуществляться на основе соблюдения законодательства Республики Казахстан и прав человека.

      3. Определение показаний и противопоказаний к трансплантации органов и тканей проводится консилиумом врачей соответствующей организации, исходя из характера основного заболевания, степени функциональной недостаточности пораженных органов и тканей, наличия осложнений, сопутствующих заболеваний.

      4. Трансплантация тканей и органов осуществляется строго по показаниям с письменного согласия реципиента, либо законного представителя несовершеннолетнего реципиента, либо реципиента, признанного судом недееспособным.

      5. Живым донором по трансплантации может быть лицо, находящееся с реципиентом в генетической связи или имеющее с ним тканевую совместимость, прошедшее всестороннее медицинское обследование и получившее заключение консилиума врачей-специалистов о возможности изъятия у него тканей и (или) органов (части органа). Исключения могут иметь место в случае пересадки костного мозга.

      6. Изъятие органов и (или) тканей у живого донора допустимо только в случае, если его здоровью по заключению консилиума врачей-специалистов не будет причинен значительный вред.

      7. У живого донора может быть изъят для трансплантации только один из парных органов, часть органа или ткань, отсутствие которых не влечет за собой необратимого расстройства здоровья.

      8. Изъятие органов и (или) тканей у живого донора, являющегося несовершеннолетним и (или) недееспособным лицом, возможно только при одновременном соблюдении следующих условий:
      1) согласие его законных представителей, получивших необходимую информацию о состоянии здоровья в соответствии со статьей 14 Закона; K090193
      2) отсутствие другого совместимого донора, способного дать соответствующее согласие;
      3) реципиент является братом или сестрой донора;
      4) трансплантация призвана сохранить жизнь реципиента;
      5) потенциальный донор не возражает против изъятия.

      9. Донор имеет право получать лечение, в том числе медикаментозное, в организации здравоохранения в связи с проведенным хирургическим вмешательством по изъятию тканей и (или) органов (части органов) в рамках гарантированного объема бесплатной медицинской помощи.

      10. Изъятие органов и тканей от умерших лиц для целей трансплантации может быть произведено при условии отсутствия письменного несогласия на такое изъятие, данного лицом при жизни или его супругом (супругой), близким родственником и (или) законным представителем на момент изъятия органов и (или) тканей.

      11. Изъятие и консервация органов и тканей проводятся в организациях здравоохранения со строгим соблюдением правил асептики и антисептики.

      12. Изъятие органов и тканей от трупов с целью консервации и трансплантации в судебно-медицинских и патологоанатомических учреждениях допускается в случаях, если оно не препятствует правильной диагностике причин смерти.

      13. Допускается изъятие органов и тканей у животных в целях их трансплантации человеку.

      14. Пересадка органов и (или) тканей от животного человеку производится по строгим медицинским показаниям и допустима только в случае, если здоровью человека, по заключению консилиума врачей-специалистов, не будет причинен вред.

      15. Заготовку органов и тканей, их дальнейшую трансплантацию осуществляют врачи, прошедшие необходимую специализацию по профилю и имеющие на это специальное разрешение (сертификат специалиста), утвержденное уполномоченным органом в области здравоохранения.

      16. Сведения о доноре, реципиенте и проведенных операциях - трансплантации органов, изъятию, заготовке и консервации донорских органов разглашению не подлежат.

      17. Реципиент имеет право получать лечение, в том числе медикаментозное, в организации здравоохранения в связи с проведенным хирургическим вмешательством в рамках гарантированного объема бесплатной медицинской помощи.

  2. Порядок изъятия органов и тканей у доноров-трупов

      18. Донорами для клинической трансплантации органов и тканей могут быть лица, у которых констатирована биологическая смерть, зафиксированная консилиумом врачей-специалистов, в состав которого должен входить судебно-медицинский эксперт и не могут входить лица, производящие изъятие и трансплантацию.

      19. После констатации биологической смерти возможно проведение изъятия органов и тканей у донора-трупа.

      20. Руководители и врачи клинических отделений, в том числе отделений анестезиологии и реанимации, в кратчайшие сроки информируют службу заготовок и типирования донорских органов о наличии потенциального донора.

      21. При изъятии донорских органов и тканей обязательно участие судебно-медицинского эксперта, который обеспечивает соблюдение судебно-медицинских нормативов. В случае насильственной смерти донора, судебно-медицинский эксперт, присутствующий при изъятии органов и тканей, производит судебно-медицинское вскрытие трупа.

      22. Изъятие донорских органов и тканей оформляется актом об изъятии органов и тканей у донора-трупа для трансплантации согласно приложению к настоящим Правилам. Акт должен быть подписан врачом-реаниматологом, судебно-медицинским экспертом, а так же врачом-хирургом, производившим изъятие. Об изъятии донорских органов и тканей делается запись в истории болезни умершего и в акте судебно-медицинской экспертизы трупа.

      23. При изъятии органов и тканей обезображивать донор-труп запрещается.

Приложение                   
к Правилам изъятия, консервации,       
проведения трансплантации тканей       
и (или) органов (части органов)        
от человека к человеку, от трупа       
к человеку и от животного           
к человеку                  

                               АКТ
             об изъятии органов и тканей у донора-трупа
                         для трансплантации

      1. Изъятие донорских органов и тканей (почки, сердца,
легкие, печень и т.д.) ___________________________________________
произведено после констатации смерти (смерть мозга) больного по
разрешении _______________________________________________________
      2. Производил (и) изъятие донорских органов и тканей врач
(и) - хирург (и) _________________________________________________
                   (наименование организации, должность, Ф.И.О.)
      3. Способ изъятия донорских органов (описание
инструментальных вмешательств и операции)_________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
      4. При изъятии донорских органов и тканей присутствовали:
      судебно-медицинский эксперт__________________________
      реаниматолог ________________________________________
      5. Куда помещен и кому переданы донорские органы и ткани ___
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
      6. Время начала изъятия ____________________________________
      7. Время окончания изъятия _________________________________
      Подписи: Реаниматолог
               Судебно-медицинский эксперт
               Врач(и) - хирург(и)