"Адамның қорғаныш тапшылығы қоздырғышын жұқтырудың анықталуын медициналық  куәландырудың ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2002 жылғы 11 маусымдағы N 575 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2006 жылғы 26 желтоқсандағы N 648 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2007 жылғы 29 қаңтардағы Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 4532 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2010 жылғы 28 шілдедегі № 552 Бұйрығымен.

      Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2010.07.28 № 552 Бұйрығымен.

      АҚТҚ жұқтырған адамдарды уақтылы анықтау іс-шараларын жетілдіру мақсатында  БҰЙЫРАМЫН:
      1. "Адамның қорғаныш тапшылығы қоздырғышын жұқтырудың анықталуын медициналық куәландырудың ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2002 жылғы 11 маусымдағы N 575  бұйрығына (Мемлекеттік нормативтік құқықтық актілер тізілімінде N 1905 болып тіркелген, N 33 Қазақстан Республикасы орталық атқарушы органдарының және өзге де мемлекеттік  органдардың нормативтік құқықтық актілерінің бюллетенінде жарияланған, 2002 жылғы қыркүйек) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Адамның қорғаныш тапшылығы қоздырғышын жұқтыруды анықталуын медициналық куәландырудың ережесінде:
      4-тараудың тақырыбында "клиникалық"   деген   сөзден кейін "және эпидемиологиялық" деген   сөзбен толықтырылсын;

      8-тармақ мынадай мазмұндағы 24)-26) тармақшалармен толықтырылсын;
      "24) цитамегаловирустық, герпестік көз аурулары;
      25) жыныстық қатынас жолдарымен берілетін инфекциялармен ауырғандар;
      26) иммундық тапшылық жағдайы";

      9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "9. Басқа жағдайлар:
      1) жүкті әйелдер есепке алынған кезде және 30 апталық мерзімде, сондай-ақ тексерілмеген жүкті әйелдердің перзетханаға түскенінде немесе жүктілікті жасанды түрде үзу алдында;
      2) АҚТҚ жұқтырған аналардан туған балалар;
      3) қан, оның компоненттері және басқа биологиялық материалдар рецепиенттері гемотранфузиядан соң 6 айдан кейін.";

      мынадай мазмұндағы 9-1-тармақпен толықтырылсын:
      "9-1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті тергеу изоляторы мен түзету мекемелеріне түсетіндер эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша түскен кезде және 6 ай сайын тексеріледі.".

      2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитеті (А.А.Белоног) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге жіберсін.

      3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің  Ұйымдастыру-құқықтық жұмыс департаменті (Д.В.Акрачкова) осы бұйрық Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелгеннен кейiн оның ресми жариялануын қамтамасыз етсiн.

      4. Осы бұйрық ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Министр 

        "КЕЛІСІЛГЕН"
   Қазақстан Республикасының
      Әділет министрі
    2007 жылғы 12 қаңтар

О внесении изменений и дополнений в приказ Министра здравоохранения Республики Казахстан от 11 июня 2002 года N 575 "Об утверждении Правил медицинского освидетельствования на выявление заражения вирусом иммунодефицита человека"

Приказ Министра здравоохранения Республики Казахстан от 26 декабря 2006 года № 648. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 29 января 2007 года № 4532. Утратил силу приказом Министра здравоохранения Республики Казахстан от 28 июля 2010 года № 552

      Сноска. Утратил силу приказом Министра здравоохранения РК от 28.07.2010 № 552 (порядок введения в действие см. п. 6).

      В целях совершенствования мероприятий по своевременному выявлению ВИЧ-инфицированных лиц  ПРИКАЗЫВАЮ :

      1. Внести в  приказ Министра здравоохранения Республики Казахстан от 11 июня 2002 года N 575 "Об утверждении Правил медицинского освидетельствования на выявление заражения вирусом иммунодефицита человека" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под N 1905, опубликован в Бюллетене нормативных правовых актов  центральных исполнительных и иных государственных органов Республики Казахстан N 33, сентябрь 2002 г.) следующие изменения и дополнения:
      в Правилах медицинского освидетельствования на выявление заражения вирусом иммунодефицита человека, утвержденных указанным приказом:
      в заголовке главы 4 после слова "клиническим" дополнить словами "и эпидемиологическим";
      пункт 8 дополнить подпунктами 24) - 26) следующего содержания:
      "24) заболевания глаз цитамегаловирусной, герпетической природы;
      25) больные инфекциями, передающимися половым путем;
      26) иммунодефицитные состояния.";
      пункт 9 изложить в следующей редакции:
      "9. Другие состояния:
      1) беременные женщины при постановке на учет и в сроке 30 недель, а также необследованные беременные женщины при поступлении в роддом или перед искусственным прерыванием беременности;
      2) дети, родившиеся от ВИЧ-инфицированных матерей;
      3) рецепиенты крови, ее компонентов и других биологических материалов через 6 месяцев после гемотранфузии.";
      дополнить пунктом 9-1 следующего содержания:
      "9-1. По эпидемиологическим показаниям обследованию подлежат лица, поступающие в исправительные учреждения и следственные изоляторы Комитета уголовно-исполнительной системы Министерства юстиции Республики Казахстан при поступлении и через 6 месяцев".

      2. Комитету государственного санитарно-эпидемиологического надзора Министерства здравоохранения Республики Казахстан (Белоног А.А.) направить настоящий приказ на государственную регистрацию в Министерство юстиции Республики Казахстан.

      3. Департаменту организационно-правовой работы Министерства здравоохранения Республики Казахстан (Акрачкова Д.В.) после государственной регистрации настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан обеспечить его официальное опубликование.

      4. Настоящий приказ вводится в действие со дня официального опубликования.

       Министр

       "СОГЛАСОВАН"
       Министр юстиции
       Республики Казахстан
       12 января 2007 года