Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облыстық мәслихатының 2010.06.18 № 4С-25-1 шешімімен
Қазақстан Республикасының Су кодексінің 38 бабына , Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 6 бабына сәйкес, Ақмола облысы әкімдігінің 2006 жылғы 25 тамыздағы N№А-7/281 қаулысына байланысты Ақмола облыстық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Ақмола облысында ортақ су пайдалану Ережесі осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін (қоса берілді).
2. Шешім Ақмола облысының әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күшіне енеді.
3. Осы шешім ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ақмола облыстық мәслихаты Ақмола облыстық
сессиясының төрағасы мәслихатының хатшысы
Ақмола облыстық мәслихатының
2006 жылғы 29 қыркүйектегі
N№3С-22-9 шешімімен
БЕКІТІЛГЕН
Ақмола облысында ортақ су пайдалану
ЕРЕЖЕЛЕРІ
Ақмола облысында ортақ су пайдалану Ережелері (әрі қарай - Ережелер) Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылық министрлігінің су ресурстары жөніндегі Комитетінің бұйрығымен бекітілген 2006 жылғы 9 ақпандағы N№18 Қазақстан Республикасында ортақ су пайдаланудың Тұрпатты ережелеріне сәйкес дайындалған және Ақмола облысының аумағында орналасқан су объектілерінің ортақ су пайдалану тәртібін белгілейді, меншік түрі мен азаматтығына қатыссыз барлық заңды және жеке тұлғалар орындау үшін міндетті.
1. Ортақ су пайдалануға су объектілерін пайдалану жатады:
1) жер үсті көздерінен техникалық құралдарды қолданусыз су алған кезде (тоғандарға жақын тұратын тұрғындардың суды шаруашылық мақсаттарға пайдалануы);
2) рекреациялық мақсаттағы жаппай дем алу, туризм және спорт мақсатында;
3) кіші өлшемді және желкенді қайықтармен жүзу үшін (рекреациалық тоғандарда, адамдардың демалысын ұйымдастыру үшін);
4) мал суару үшін (су ресурстарына жақын орналасқан елді мекендер үшін);
2. Ортақ су пайдалану ортақ пайдалану су объектілерінде де, ортақ су пайдалануға жатпайтын су объектілерінде де жүзеге асырыла алады және рұқсаттың болуын талап етпейді.
3. Азаматтардың денсаулығы мен өмірін қорғау мақсатында, жергілікті атқарушы органдар санитарлық-эпидемиологиялық және малдәрігерлік қадағалау төңірегіндегі өкілетті органдармен келісім бойынша суға түсуге, ішуге және тіршілік қажеттіктеріне су алуға, мал суаруға тиым салынатын жерлерді анықтайды.
4. Суда азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, су объектілері иелерінің, су пайдаланушылар мен ұжымдардың (меншік түріне қатыссыз) міндеттері мен жауапкершіліктері Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен анықталады.
2. Ерекше жағдайлар кезінде ортақ су пайдалану
5. Жеке су объектілерін немесе бөліктерін пайдалану елдің қауіпсіздігін қамтамасыз ету және мемлекеттің қауіпсіздігі, тұрғындардың денсаулығын, қоршаған табиғи ортаны және тарихи-мәдени мұраларды, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес басқа тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін сақтау мақсатында шектеле, тоқтатыла немесе тиым салына алады.
6. Ерекшеленген немесе бірігіп пайдалануға берілген тоғандарда, осы Ережелермен орнатылған, ортақ су пайдалану талаптары ескеріледі.
7. Жағдайды хабарлау немесе жаппай супайдалануға тиым салу үшін ерекшеленген немесе бірігіп су пайдалануды жүзеге асыратын су пайдаланушы облыстың жергілікті өкілетті органдарына оларды қолдану қажеттігі негізделген өтініш тапсырады.
8. Қауіпсіз жүзуді сақтау мақсатында ескекті және желкенді қайықтардың қозғалысын шектеу Қазақстан Республикасының заңдарымен регламенттеледі.
9. Ортақ су пайдалануға тиым салу немесе шектеу бойынша ақпаратты белгілер қою жөніндегі шығындарды су объектілері ерекшеленген немесе бірігіп су пайдалануға берілген заңды және жеке тұлғалар өтейді.
10. Бекітілмеген су объектілерінде Ережелерді бұзғандығы үшін айып көлемі туралы ескертетін плакаттар, тиым салатын белгілер орнату жергілікті атқарушы аудан, Көкшетау және Степногорск қаласы органдармен қамтамасыз етіледі.
11. Су объектілерін мал суару үшін жаппай супайдалану ретінде пайдалану ауыз сумен қамтамасыз ету көздерінің санитарлық күзет аймақтарынан тыс жерлерде және су объектілерінің ластануына жол бермейтін қондырғылар бар болған жағдайда мүмкін болады. Қарсы жағдайда жергілікті атқарушы аудан органдар Көкшетау және Степногорск қаласы мал суару алаңқайларын жасақтау жөніндегі шараларды жүргізеді.
12. Жабайы суда жүзетін құстар, терісі бағалы аңдардың құнды түрлері, балық ресурстары және басқа су жануарлары мекендейтін жерлер болып танылған су объектілерінде ортақ су пайдалану аңшылық және балық шаруашылықтарының ұйымдары мен кәсіпорындарымен келісілген жағдайда суды пайдаланудың кешендік талаптарын ескере отырып мүмкін болады.
13. Суға түсуге тиым салу және ортақ су пайдаланудың басқа жағдайлары туралы тұрғындар бұқаралық ақпарат құралдары, арнайы ақпараттық белгілер арқылы немесе басқа тәсілмен хабарландырылады.