Ескерту. Тақырыбында және бүкіл мәтін бойынша "селолық", "селосын", "селосы" сөздері "ауылдық", "ауылын", "ауылы" сөздерімен ауыстырылды - Ақтөбе облысының әкімдігінің 11.12.2015 № 452 қаулысымен және Ақтөбе облыстық мәслихатының 11.12.2015 № 359 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 11-бабының 4) тармақшасына сәйкес облыстық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ және облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Ескерту. Кіріспеге өзгерістер енгізілді - Ақтөбе облысының әкімдігінің 14.08.2017 № 280 қаулысымен және Ақтөбе облысының мәслихатының 14.08.2017 № 196 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).Хромтау аудандық мәслихаты мен әкімдігінің, облыстық ономастика комиссиясының Хромтау ауданы Қопа ауылдық округінің "Молодежное" ауылын - Тамды ауылы деп өзгерту туралы ұсыныстары қабылдансын.
Сессия төрағасы, облыстық мәслихаттың хатшысы |
Облыс әкімі |