Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 6 бабы 1 тармағының 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңы 11 бабының 2-3)тармақшаларына, Ертіс ауданы мәслихаты мен әкімдігінің 2005 жылғы 12 желтоқсандағы "Ертіс ауданының әкімшілік-аумақтық құрылымдарындағы өзгерістер туралы" N 105-23-3/22 және 2006 жылғы 23 қаңтардағы "Аққуатқан ауылын және Майқоңыр ауылдық округін ыдырату туралы" N 115-25-3/2, 2006 жылғы 23 қаңтардағы "Бұланбай ауылын құру туралы" N 114-25-3/3 бірлескен шешімдеріне сәйкес, аталған елді мекендер тұрғындарының пікірлерін ескере отырып, облыстық мәслихат пен облыс әкімдігі ШЕШІМ ЕТЕДІ:
1. Ертіс ауданының әкімшілік-аумақтық құрылымына мынадай өзгерістер енгізілсін:
аумағы Панфилов ауылының шекарасына қосылып Панфилов ауылдық округі;
аумағы Тоқта ауылының шекарасына қосылып Тоқта ауылдық округі;
аумағы Амангелді ауылының шекарасына қосылып Амангелді ауылдық округі;
аумағы Қоскөл ауылының шекарасына қосылып Қоскөл ауылдық округі;
аумақтары Майқоңыр ауылының шекарасына қосылып Аққуатқан ауылы мен Майқоңыр ауылдық округі таратылсын.
Бұланбай ауылы құрылып, Сілеті ауылдық округінің құрамына енгізілсін.