Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы"
Заңының
6-бабы 1-тармағының 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы"
Заңы
11-бабының 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 5 наурыздағы "Қазақстан Республикасындағы кәсiпорындарды, ұйымдарды, мекемелердi, темiр жол станцияларын, әуежайларды, сондай-ақ физикалық-географиялық объектiлердi атау мен қайта атаудың және олардың атауларының транскрипциясын өзгертудiң тәртiбiн бекiту туралы" N 281
қаулысына
, Ертiс ауданы мәслихаты мен әкiмдiгiнiң 2004 жылғы 18 тамыздағы "Ертiс ауданының кейбiр елдi мекендерiнiң атауларын қайта өзгерту туралы" N 38-8-3/17 бiрлескен шешiмiне, облыстық ономастика комиссиясының 2006 жылғы 19 сәуiрдегi қорытындысына сәйкес және бұл елдi мекендерi тұрғындарының пiкiрлерiн ескере отырып, облыстық мәслихат пен облыс әкiмдiгi ШЕШIМ қабылдады:
Ертiс ауданының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысына мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
Майқоңыр ауылдық округiндегi Кутузово ауылы Майқоңыр ауылына;
Луговой ауылдық округiндегi N 2 бөлiмше Ақбетей ауылына;
Ұзынсу ауылдық округiндегi Суворов ауылы Ұзынсу ауылына;
Ұзынсу ауылдық округiндегi Никаноровка ауылы Ақтайлақ ауылына;
Ағашорын ауылдық округiндегi Артемовка ауылы Бескепе ауылына;
Иса Байзақов ауылдық округiндегi Кайманачиха ауылы Иса Байзақов ауылына өзгертiлсiн.
Осы шешiмнiң орындалуын бақылау облыстық мәслихаттың азаматтардың құқығы мен заңды мүдделерiн қамтамасыз ету және ақпараттық саясат мәселелерi жөнiндегi тұрақты комиссиясына жүктелсiн.
Сессия төрағасы Р. Ғафуров
Облыс әкiмi Қ. Нұрпейiсов