Ескерту. Күші жойылды - Алматы қалалық мәслихатының 2009.10.30 № 253 шешімімен.
Қазақстан Республикасының "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Кодексінің 394 бабына сәйкес III сайланған Алматы қаласының мәслихаты ШЕШIМ ЕТТІ:
1. II-сайланған Алматы қаласы мәслихатының ХIII сессиясының "Төлемдердің ставкаларын бекіту туралы" 2001 жылғы 5 желтоқсандағы шешімінің N 2 қосымшасы (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізіліміне 2001 жылғы 19 желтоқсанда N 414 рет санымен тіркеліп, 2001 жылғы 25 желтоқсанда - "Алматы Ақшамы", 2001 жылғы 8 желтоқсанда - "Вечерний Алматы" газеттерінде жарияланған; өзгерістер енгізілген - 2004 жылғы 26 наурыздағы V сессияның N 39 шешімімен, 2004 жылғы 1 сәуірде N 588 рет санымен тіркеліп, 2004 жылғы 8 сәуірде - "Алматы Ақшамы" N 39, 2004 жылғы 6 сәуірде - "Вечерний Алматы" N 64 газеттерінде жарияланған; 2005 жылғы 18 қарашадағы ХІХ сессияның N 194 шешімімен, 2005 жылғы 9 желтоқсанда N 681 рет санымен тіркеліп, 2005 жылғы 27 желтоқсанда - "Алматы Ақшамы" N 147, 2005 жылғы 22 желтоқсанда - "Вечерний Алматы" N 258-260 газеттерінде жарияланған) осы шешімнің қосымшасында берілген жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы шешім 2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау экономика және бюджет бойынша тұрақты комиссияға (А.И.Шелипанов) және Алматы қаласы бойынша салық комитетінің төрағасы Қ.Е.Баеділовке жүктелсін.
ІІІ сайланған Алматы қаласы
мәслихаты ХХVІІ сессиясының
төрағасы, хатшысы Т. Мұқашев
III сайланған Алматы қаласы
мәслихатының ХХVІІ сессиясының
2006 жылғы 21 желтоқсандағы
N 317 шешіміне қосымша
"II-сайланған Алматы қаласы
мәслихатының ХIII сессиясының
2001 жылғы 5 желтоқсандағы«"Төлемдердің
ставкаларын бекіту туралы"
шешіміне N 2 қосымша"
Тіркелген жиынтық салық ставкалары
Салық салынатын объекті лердің атауы |
Тіркелген жиынтық салық ставкалары бір жылғы айлық есептік көрсеткіш т ерімен |
---|---|
Ойын үстелі |
5000 |
Бір ойыншымен ойын өткізугеарналған, ақшалай ұтысы баройын автоматы |
130 |
Біреуден артық ойыншылардыңқатысуымен ойын өткізуге |
180 |
Электрондық рулетка |
250 |
Тотализатор кассасы |
575 |
Букмекерлік кеңсе кассасы |
390 |
Бір ойыншымен ойын өткізугеарналған, ақшасыз ұтыс ойынавтоматы |
140 |
Біреуден артық ойыншылардыңқатысуымен ойын өткізуге |
140 |
Ойын өткізу үшін |
50 |
Боулинг ойын жолы |
500 |
Карт |
115 |
Бильярд үстелі |
275 |
Лото ұйымдастырушы |
155 |
Айлық есептік көрсеткіш - Қазақстан Республикасының "Республикалық бюджет туралы" заңына сәйкес бекітіледі.
ІІІ сайланған Алматы қаласы
мәслихаты ХХVІІ сессиясының
төрағасы, хатшысы Т. Мұқашев