Ескерту. Күші жойылды - Атырау облысы әкімдігінің 2011.06.03 N 162 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының 1992 жылғы 15 қаңтардағы "Діни сенім бостандығы және діни бірлестіктер туралы" Заңының 6-2 бабына сәйкес облыс әкімияты қаулы етеді :
1. Атырау облысы Ішкі саясат департаменті заңды тұлға белгілері жоқ, саны аз діни топтарды есептік тіркеуді жүзеге асыруға уәкілетті орган болып белгіленсін (бұдан әрі - уәкілетті орган), (бұдан әрі - діни топтар).
2. Уәкілетті орган діни топтардың есептік тіркеуге арналған құжаттарын зерделеу және ресімдеу кезінде құжаттарының Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкестігін тексеруді, діни топ туралы мәліметтерді есепке алу журналына енгізуді және есепке қойылғаны туралы анықтама беруді жүзеге асырсын.
3. Діни топтар:
1) есептік тіркелу үшін уәкілетті органға қосымшаға сәйкес құжаттарды ұсынсын;
2) уәкілетті органға тоқсан сайын өз қызметі туралы ақпарат берсін.
4. Уәкілетті орган есептік тіркеуді тиісті құжаттарды берген күннен бастап 15 күннен аспайтын мерзім ішінде жүргізсін және ұсынылған құжаттар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес болған жағдайда, діни топты есептік тіркеуге алынғаны туралы анықтама берсін.
5. Есепке алу қызметі тегін жүргізілсін.
6. Уәкілетті орган діни топты өз қызметін нақты тоқтатқан жағдайда немесе әділет органдарында заңды тұлға мәртебесі бар діни бірлестік немесе заңды тұлғаның филиалы ретінде заңды тіркеуден өткеннен кейін, есептік тіркеуден шығарсын.
7. Облыс әкімиятының 2005 жылғы 15 қыркүйектегі № 256 "Заңды тұлға белгілері жоқ, саны аз діни топтарды есептік тіркеуді ұйымдастыру туралы" қаулысының күші жойылды деп танылсын (Атырау облыстық әділет Департаментінде 2005 жылғы 4 қазанда № 2444 тіркелді, 2005 жылғы 15 қазандағы № 122 "Атырау" және 2005 жылғы 15 қазандағы № 122 "Прикаспийская коммуна" газеттерінде жарияланды).
8. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Қ.Қайненовке жүктелсін.
Облыс әкімі
Облыс әкімиятының
2006 жылғы 17 сәуір
N№115 қаулысына қосымша
Есептік тіркелу үшін заңды тұлға белгілері жоқ,
саны аз діни топтардың құжаттары
1. Заңды тұлға белгілері жоқ, саны аз діни топтарды есептік тіркеу туралы өтініш.
2. Заңды тұлға белгілері жоқ, діни топты құрайтын кәмелетке толған азаматтардың тізімі.
3. Топ мүшелері жиналысының хаттамасы.
4. Тіркелетін діни топ құрылымды жатқызылған заңды тұлға мәртебесі бар, діни бірлестік жарғысының көшірмесі.