"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы"»Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы
Заңының
11 бабына сәйкес, Арыс қаласының мәслихаты мен әкімиятының ұсынысын ескере отырып, Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихаты
ШЕШТІ
және Оңтүстік Қазақстан облысының әкімияты
ҚАУЛЫ ЕТТІ:
Арыс ауданының әкімшілік-аумақтық құрылысына келесі өзгертулер енгізілсін:
Ақдала ауылдық округінің аумағында Онтам атауы және Дәрмене ауылдық округінің аумағында Теміржолшы мен Шаян атаулары беріліп, аталған ауылдар құрылсын;
Байырқұм ауылдық округінің аумағында орналасқан Жаңа ферма, Қанқозы ауылдары, сондай-ақ Задария ауылдық округінің аумағында орналасқан Багара, Дәулетияр, Жанбас, Есқара, Степной ауылдары таратылсын;
Задария ауылдық округінің әкімшілік бағыныстығындағы 40 разъезд, Лесхоз ауылдарын Дәрмене ауылдық округінің әкімшілік бағыныстығына беріліп, Задария және Дәрмене ауылдық округтерінің шекаралары өзгертілсін.
Облыстық мәслихат
сессиясының төрағасы
Облыс әкімі
Облыстық мәслихаттың хатшысы