Қазақстан Республикасы әдiлет вице-министрi С.П.Нұғымановтың 2006 жылғы 4 шiлдедегi Оңтүстiк Қазақстан облыстық мәслихатының және Оңтүстiк Қазақстан облысы әкiмiнiң, әкiмиятының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы мәселелерi жөнiндегi бiрлескен бiрқатар шешiмдерiн қайта бекiту қажеттiгi туралы хатына сәйкес, Оңтүстiк Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШТІ және Оңтүстiк Қазақстан облысының әкiмияты ҚАУЛЫ ЕТТІ:
1. Оңтүстiк Қазақстан облыстық мәслихатының және Оңтүстiк Қазақстан облысы әкiмiнiң бiрлескен 1997 жылғы 17 сәуiрдегi N 11/145-І "Түлкiбас ауданы Төменгi-Машат ауылдық округiнiң қысқартылуы және "Еңбек" елдi мекенiн Машат ауылдық округiнiң, "Ынтымақ" және "Қызыл-Ту" елдi мекендерiн Састөбе поселкалық округiнiң бағыныстығына берiлуi туралы" бiрлескен шешiмiн қайта бекiту мақсатында:
Түлкiбас ауданы бойынша
Төменгi-Машат ауылдық округi таратылсын;
Еңбек елдi мекенi Машат ауылдық округiнiң бағыныстығына;
Ынтымақ және Қызыл-Ту елдi мекендерi Састөбе поселкелiк округiнiң бағыныстығына берiлсiн;
аталған округтердiң шекараларына тиiстi өзгертулер енгiзiлсiн.
2. Оңтүстiк Қазақстан облыстық мәслихатының және Оңтүстiк Қазақстан облысы әкiмiнiң бiрлескен 1997 жылғы 11 сәуiрдегi N 11/146-І "Түлкiбас ауданының Иiрсу, Түлкiбас-ІІ елдi мекендердi беру және Ванновка, Кемербастау ауылдық және Түлкiбас поселкелiк округтерiнiң шекараларын өзгерту туралы" шешiмiн қайта бекiту мақсатында:
Түлкiбас ауданы бойынша
Ванновка ауылдық округiнiң "Иiрсу" ауылын және Кемербастау ауылдық округiнiң, П-Түлкiбас ауылының бiр бөлiгiн (М.Пошақаев, Қ.Сәтбаев, Жаңалы-би көшелерiнiң шегiнде) Түлкiбас поселкелiк округiнiң бағыныстығына берiлсiн;
аталған округтердiң шекараларына тиiстi өзгертулер енгiзiлсiн.
3. Оңтүстiк Қазақстан облыстық мәслихатының және Оңтүстiк Қазақстан облысы әкiмiнiң бiрлескен 1997 жылғы 17 сәуiрдегi N 11/147-І "Мақтаарал ауданындағы селолық округтердi қосу туралы" шешiмiн қайта бекiту мақсатында:
Мақтаарал ауданы бойынша
Абай ауылдық округi Жамбыл ауылдық округiнiң құрамына;
Алғабас ауылдық округi Бiрлiк ауылдық округiнiң құрамына;
Жеңiс ауылдық округi Жаңажол ауылдық округiнiң құрамына берiлсiн;
аталған округтердiң шекараларына тиiстi өзгертулер енгiзiлсiн.
4. Оңтүстiк Қазақстан облыстық мәслихатының және Оңтүстiк Қазақстан облысы әкiмiнiң бiрлескен 1997 жылғы 17 сәуiрдегi N 11/148-І "Жетiсай ауданы аумағындағы әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктердi қайта құру туралы" шешiмiн қайта бекiту мақсатында:
Жетiсай ауданы бойынша
Абай, Достық ауылдық округтерi бiрiктiрiлсiн және құрамына Интернационал ауылдық округiнiң Интернационал мен Водное ауылдары қосылып, Абай ауылдық округi болып қайта құрылсын;
Тельман және Жаңаауыл ауылдық округтерi бiрiктiрiлсiн және құрамына Интернационал ауылдық округiнiң Гвардейское ауылы, Қарақай ауылдық округiнiң Ынтымақ пен Красная звезда ауылдары қосылып, Жаңаауыл ауылдық округi болып қайта құрылсын;
Қараөзек ауылдық округi, Қарақай ауылдық округi аймағында орналасқан Сәтбаев, Целинное және Қарақай ауылдары бiрiктiрiлiп, Қарақай ауылдық округi болып қайта құрылсын;
Ленин ауылдық округi және Жаңаауыл ауылдық округiнiң Прогресс ауылы бiрiктiрiлiп, Жылысу ауыл округi болып қайта құрылсын;
аталған округтердiң шекараларына тиiстi өзгертулер енгiзiлсiн.
5. Оңтүстiк Қазақстан облыстық мәслихатының және Оңтүстiк Қазақстан облысы әкiмiнiң бiрлескен 1997 жылғы 30 қазандағы N 13/176-І "Қазығұрт ауданы Жаңабазар ауылдық округiн бөлу және "Үшбұлақ" елдi мекенiн Қарабау ауылдық округiнiң бағыныстығына беру туралы" шешiмiн қайта бекiту мақсатында:
Қазығұрт ауданы бойынша
Жаңабазар ауылдық округiнiң Айнатас, Жигерген, Көкебел, Қызылата, Қызылбұлақ, Майбұлақ, Тесiктөбе, Өгем ауылдарының бөлiнуi есебiнен жаңа Көкебел ауылдық округi құрылсын;
Үшбұлақ ауылды Қарабау ауылдық округiнiң бағыныстығына берiлсiн;
аталған округтердiң шекараларына тиiстi өзгертулер енгiзiлсiн.
6. Оңтүстiк Қазақстан облыстық мәслихатының және Оңтүстiк Қазақстан облысы әкiмiнiң бiрлескен 1997 жылғы 30 желтоқсандағы N 14/184-І "Қаратас, Теректi елдi мекендерiн Боралдай ауылдық округiнiң бағыныстығына беру туралы" шешiмiн қайта бекiту мақсатында:
Бәйдiбек ауданы бойынша
Қаратас және Теректi елдi мекендерi Ақбастау ауылдық округiнен Боралдай ауылдық округiнiң бағыныстығына берiлсiн;
аталған округтердiң шекараларына тиiстi өзгертулер енгiзiлсiн.
7. Оңтүстiк Қазақстан облыстық мәслихатының және Оңтүстiк Қазақстан облысы әкiмiнiң бiрлескен 1998 жылғы 17 сәуiрдегi N 16/198-І "Байжансай жұмысшы поселкесiн ауыл санатына жатқызу туралы" шешiмiн қайта бекiту мақсатында:
Бәйдiбек ауданы бойынша
Байжансай жұмысшы поселкесi ауыл санатына жатқызылсын.
8. Оңтүстiк Қазақстан облыстық мәслихатының және Оңтүстiк Қазақстан облысы әкiмiнiң бiрлескен 1998 жылғы 11 тамыздағы N 17/209-І "Жекелеген әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктердiң атауын өзгерту туралы" шешiмiн қайта бекiту мақсатында:
Мақтаарал ауданы бойынша
келесi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiк атаулары:
Ильич кентi - Атакент кентi;
Еңбекшi ауылдық округi - Қызылқұм ауылдық округi деп қайта аталсын.
9. Оңтүстiк Қазақстан облыстық мәслихатының және Оңтүстiк Қазақстан облысы әкiмiнiң бiрлескен 1998 жылғы 11 тамыздағы N 17/210-І "Шардара ауданындағы Сырдарья ауылдық округiн тарату туралы" шешiмiн қайта бекiту мақсатында:
Шардара ауданы бойынша
Сырдария ауылдық округi таратылып, оның аумағы Көксу ауылдық округiне қосылсын;
Сырдария ауылы таратылып, оның аумағы Көксу селолық округiнiң Көксу ауылына қосылсын;
аталған округтердiң шекараларына тиiстi өзгертулер енгiзiлсiн.
10. Оңтүстiк Қазақстан облыстық мәслихатының және Оңтүстiк Қазақстан облысы әкiмiнiң бiрлескен 1998 жылғы 11 тамыздағы N 17/211-І "Отырар ауданы "Отырабад" ауылының бағыныстығын өзгерту туралы" шешiмiн қайта бекiту мақсатында:
Отырар ауданы бойынша
Отырар ауылдық округiнiң Отырабад ауылы Темiр ауылдық округiнiң бағыныстығына берiлсiн.
11. Оңтүстiк Қазақстан облыстық мәслихатының және Оңтүстiк Қазақстан облысы әкiмiнiң бiрлескен 1998 жылғы 11 тамыздағы N 17/212-І "Мақтаарал ауданының кейбiр ауылдық округтерiн тарату туралы" шешiмiн қайта бекiту мақсатында:
Мақтаарал ауданы бойынша
Қоғалы және Үтiртөбе ауылдық округтерi таратылсын;
Таратылған Қоғалы ауылдық округi Куйбышев ауылдық округiнiң шекарасына қосылсын;
Үтiртөбе ауылы - Арай ауылдық округiне;
Целина ауылы - Мақталы ауылдық округiне;
Қазақстанның 60 жылдығы ауылы - Еңбекшi ауылдық округiне берiлсiн;
аталған округтердiң шекараларына тиiстi өзгертулер енгiзiлсiн.
12. Оңтүстiк Қазақстан облыстық мәслихатының және Оңтүстiк Қазақстан облысы әкiмiнiң бiрлескен 1998 жылғы 30 желтоқсандағы N 18/224-І "Ордабасы ауданының жекелеген ауылдық округтерiн тарату және құру туралы" шешiмiн қайта бекiту мақсатында:
Ордабасы ауданы бойынша
Темiрлан және Қажымұқан ауылдық округтерi таратылып, олардың шекаралары шегiнде Қажымұқан ауылдық округi құрылсын.
13. Оңтүстiк Қазақстан облыстық мәслихатының және Оңтүстiк Қазақстан облысы әкiмiнiң бiрлескен 1998 жылғы 30 желтоқсандағы N 18/225-І "Түлкiбас ауданы Амангелдi ауылдық округiнiң қысқартылуы және "Жыланды", "Қарабастау" елдi мекендерiн Рысқұлов ауылдық округiнiң, "Амангелдi", "Тастұмсық" және "Қабанбай" елдi мекендерiн Мичурин ауылдық округiнiң бағыныстығына берiлуi туралы" шешiмiн қайта бекiту мақсатында:
Түлкiбас ауданы бойынша
Амангелдi ауылдық округi таратылсын;
Қарабастау және Жыланды елдi мекендерi - Рысқұлов ауылдық округiне;
Амангелдi, Тастұмсық және Қабанбай елдi мекендерi - Мичурин ауылдық округiне берiлсiн;
аталған округтердiң шекараларына тиiстi өзгертулер енгiзiлсiн.
14. Оңтүстiк Қазақстан облыстық мәслихатының және Оңтүстiк Қазақстан облысы әкiмiнiң бiрлескен 1999 жылғы 28 сәуiрдегi N 20/239-І "Мақтаарал ауданының жекелеген селолық округтерiн тарату және шекараларын өзгерту туралы" шешiмiн қайта бекiту мақсатында:
Абай ауылдық округi Плодовиноградное ауыл орталығымен, Жамбыл, Еңбекшi ауылдық округтерi Кеңесшiл ауыл орталығымен, Жаңажол, Ынтымақ ауылдық округтерi Қазыбек би ауыл орталығымен, Ынтымақ ауылдық округi Победа ауыл орталығымен және Атакент поселкелiк округтерi таратылсын;
Жаңаауыл ауылдық округiнiң Ынтымақ ауылының бөлiгi - Абай ауылдық округiне;
Мақталы ауылдық округiнiң Целина ауылы - Арай ауылдық округiне;
таратылған Ынтымақ ауылдық округiнiң ауылдары Победа ауыл орталығымен - Асықата ауылдық округiне;
таратылған Жамбыл ауылдық округiнiң ауылдары Кеңесшiл ауыл орталығымен - Бiрлiк ауылдық округiне;
Еңбек ауылы және Қарақай ауылдық округiнiң Қарақай ауылының бөлiгi - Жылысу ауылдық округiне;
Бiрлiк ауылдық округiнiң Алғабас және Жұлдыз ауылдары - Иiржар ауылдық округiне;
таратылған Абай ауылдық округiнiң ауылдары Плодовиноградное ауыл орталығымен - Қызылқұм ауылдық округiне;
таратылған Жаңажол ауылдық округiнiң Қарақожа ауылы және Атакент поселкесi - Мақтаарал ауылдық округiне;
таратылған Еңбекшi ауылдық округiнiң ауылдары және таратылған Жаңажол ауылдық округiнiң Жеңiс, Политотдел және Найман-Бұхарбай ауылдары - Мырзакент ауылдық округiне;
таратылған Жаңажол ауылдық округiнiң Фирдауси, Киров, Новый путь, Целинное ауылдары - Нұрлыбаев ауылдық округiне;
таратылған Ынтымақ ауылдық округiнiң ауылдары Қазыбек би ауыл орталығымен - Үлгiлi ауылдық округiне берiлсiн;
аталған округтердiң шекараларына тиiстi өзгертулер енгiзiлсiн.
15. Оңтүстiк Қазақстан облыстық мәслихатының және Оңтүстiк Қазақстан облысы әкiмiнiң бiрлескен 1999 жылғы 28 сәуiрдегi N 20/240-І "Созақ ауданының Терiскей ауылдық округiн тарату туралы" шешiмiн қайта бекiту мақсатында:
Терiскей ауылдық округi таратылып, оның аумағы Шолаққорған ауылдық округiне қосылсын;
аталған округтердiң шекараларына тиiстi өзгертулер енгiзiлсiн.
16. Оңтүстiк Қазақстан облыстық мәслихатының және Оңтүстiк Қазақстан облысы әкiмiнiң бiрлескен 1999 жылғы 28 сәуiрдегi N 20/241-І "Бәйдiбек ауданындағы "Бәйдiбек ата" ауылын Борлысай ауылдық округiнен Алмалы ауылдық округiне берiлуi және олардың шекарасын өзгерту туралы" шешiмiн қайта бекiту мақсатында:
Бәйдiбек ауданы бойынша
Борлысай ауылдық округiнiң Бәйдiбек ата ауылы Алмалы ауылдық округiне берiлсiн;
аталған округтердiң шекараларына тиiстi өзгертулер енгiзiлсiн.
17. Оңтүстiк Қазақстан облыстық мәслихатының және Оңтүстiк Қазақстан облысы әкiмiнiң бiрлескен 1999 жылғы 28 сәуiрдегi N 20/242-І "Облыстың жекелеген әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктерiне ат қою және атауларын өзгерту туралы" шешiмiн қайта бекiту мақсатында:
әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктердiң атаулары:
Арыс қаласы бойынша
Ақдала ауылдық округiндегi Еңбекшi ауылы - Пәкентай Арапов ауылы;
Шымкент қаласы бойынша
Қызылжар ауылдық округiндегi Киров ауылы - Ынтымақ ауылы;
Қызылжар ауылдық округiндегi Коммунизм ауылы - Қызылжар ауылы;
Қызылжар ауылдық округiндегi Калинин ауылы - Жиделi ауылы;
Қазығұрт ауданы бойынша
Қызылқия ауылдық округiндегi Новостройка ауылы - Қызылқия ауылы;
Мақтаарал ауданы бойынша
Куйбышев ауылдық округi - Атамекен ауылдық округi;
Ордабасы ауданы бойынша
Қажымұқан ауылдық округiндегi Ленин туы ауылы - Зерделi ауылы;
Қараспан ауылдық округiндегi Большевик ауылы - Ақжол ауылы;
Қараспан ауылдық округiндегi Комсомол ауылы - Төреарық ауылы;
Қараспан ауылдық округiндегi Пахташы ауылы - Мақташы ауылы;
Шұбар ауылдық округiндегi Октябрь ауылы - Сарытоғай ауылы;
Отырар ауданы бойынша
Талапты ауылдық округiндегi Ленин ауылы - Шытты ауылы;
Талапты ауылдық округiндегi Қызылту ауылы - Мыңшұңқыр ауылы;
Сайрам ауданы бойынша
Қызыләскер ауылдық округiндегi Қызыл октябрь ауылы - Ақарыс ауылы;
Жiбек жолы ауылдық округiндегi Притрактовое ауылы - Жiбек жолы ауылы;
Созақ ауданы бойынша
Созақ ауылдық округiндегi Ынтымақ ауылы Ыбырай Жәукебаев ауылы
деп қайта аталсын.
Қазығұрт ауданы бойынша
Қызылқия ауылдық округiнде жаңадан құрылған ауылға Қызылсеңгiр аты берiлсiн.
18. Оңтүстiк Қазақстан облыстық мәслихатының және Оңтүстiк Қазақстан облысы әкiмiнiң бiрлескен 1999 жылғы 2 қыркүйектегi N 22/254-І "Облыстық мәслихаттың және облыс әкiмiнiң 1997 жылғы 17 сәуiрдегi N 11/146-І "Түлкiбас ауданының Иiрсу, Түлкiбас-ІІ елдi мекендердi беру және Ванновка, Кемербастау ауылдық және Түлкiбас поселкелiк округтерiнiң шекараларын өзгерту туралы" шешiмiне өзгерiстер енгiзу туралы" шешiмiн қайта бекiту мақсатында:
Түлкiбас ауылдық округiне қарасты Иiрсу ауылы Ванновка ауылдық округiне берiлсiн;
аталған округтердiң шекараларына тиiстi өзгертулер енгiзiлсiн.
19. Оңтүстiк Қазақстан облыстық мәслихатының және Оңтүстiк Қазақстан облысы әкiмiнiң бiрлескен 1999 жылғы 15 желтоқсандағы N 2/20-ІІ "Облыстың жекелеген әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктерiне ат қою және атауларын өзгерту туралы" шешiмiн қайта бекiту мақсатында:
әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктердiң атаулары:
Түркiстан қаласы бойынша
Калинин ауылдық округi - Иасы ауылдық округi;
Ордабасы ауданы бойынша
Қажымұқан ауылдық округiндегi Коммунизм ауылы - Ынталы ауылы;
Қараспан ауылдық округiндегi Казарма ауылы - Ынтымақ ауылы;
Төрткүл ауылдық округiндегi Ленин ауылы - Көкарал ауылы;
Төрткүл ауылдық округiндегi Қызытту ауылы - Елшiбек батыр ауылы;
Шұбар ауылдық округiндегi Березовка ауылы - Береке ауылы;
Сайрам ауданы бойынша
Жұлдыз ауылдық округiндегi Ордженикидзе ауылы - Қарабастау ауылы деп қайта аталсын.
20. Оңтүстiк Қазақстан облыстық мәслихатының және Оңтүстiк Қазақстан облысы әкiмiнiң бiрлескен 1999 жылғы 15 желтоқсандағы N 2/21-ІІ "Мақтаарал ауданының селолық округтерiн қайта құру туралы" шешiмiн қайта бекiту мақсатында:
осы шешiмнiң 14 тармағының күшi жойылды деп саналсын;
Мақтаарал ауданының ауылдық округтерiне келесi ауылдар қосылып, шекаралары өзгертiлсiн:
Абай ауылдық округiне - Дружба народов, Плодововиноградное, Прибрежное, Степное, Строительное ауылдары;
Арай ауылдық округiне - Абай, Дихан, Амангелдi, Әуезов, Достық, Жамбыл, Жданов, Шұғыла, Қызыләскер, Мұратбаев, Арай, Үтiртөбе, Сейфуллин, Целинный ауылдары;
Атамекен ауылдық округiне - Әлiмбетов, Гагарин, Ғабдуллин, Жемiстi, Жiбекшi, Куйбышев, Қалпақсай, Қоғалы, Мақташы, Пiрәлi, Талапты, Целина, 40 лет Победы ауылдары;
Бiрлiк ауылдық округiне - Еркiнабад, Қоңырат, Құдайберген Пернебаев, Интернационал, Соцқұрылыс, Алғабас ауылдары;
Абай ауылдық округiне - Водное, Достық, Интернациональное, Красный луч, Советабад, Ш-Интернационал ауылдары;
Жамбыл ауылдық округiне - Большевик, Бiрлiк, Достық; Жамбыл, Жаңадала, Жданов, Жеңiс, Кәрiсауыл, Кирпичное, Қызылтаң, Ленинабад, Сайлау, Чкалов ауылдары;
Еңбекшi ауылдық округiне - Жантақсай, Жаңатұрмыс, Красный октябрь, Жайлыбаев, Фрунзе ауылдары;
Жамбыл ауылдық округiне - Абай, Тегiстiк, Кеңесшiл, Октябрь, Андреевка, Прогресс ауылдары;
Жаңаауыл ауылдық округiне - Тельман, Гвардейское, Қарой, Красная Звезда, Ынтымақ, ХХП-партсъезд ауылдары;
Жаңажол ауылдық округiне - Жеңiс, Найман-Бұхарбай, Политотдел, Достық, Киров, Новый путь, Фирдауси, Целинное ауылдары;
Жылысу ауылдық округiне - Минеральные воды, Прогресс, Әл-Фараби, Ушинское, Путь Ильича, Сейфуллин ауылдары;
Иiржар ауылдық округiне - Абай, Иiржар, Красный авангард, Мақтажан, Маяк, 1 Май, Победа, Рақымов, 15 лет Казахской ССР ауылдары;
Ынтымақ ауылдық округiне - Алғабас, Амангелдi, Әбиболла, Жамбыл, Карл Маркс, Құрбан ата, Қазыбек би ауылдары;
Қарақай ауылдық округiне - Сәтбаев, Қарақай, Целинное, Қараөзек, Батырхан, Серiкбай, Орысқұдық, Жорабек, Еңбек ауылдары;
Қызылқұм ауылдық округiне - Ақтөбе, Алғабас, Ворошилов, Ақжайлау, Еңбекшi, Киров, Қарасақал, Комсомол, Түркебай, Казахстанның 60 жылдығы, Қызылту, Ленин жолы, Мақталы, Первомайское, Көбек, Еңбекшi, 9 Май ауылдары;
Мақталы ауылдық округiне - Алтынсарин, Богарное, Жаңа дала, Железнодорожное, Киров, Коммунизм, Мақталы, Мұратбаев, Победа, Целинное, Чехов ауылдары;
Мақтаарал ауылдық округiне - Ақалтын, Амангелдi, Әл-Фараби, Дзержинский, Дружба, Еңбекшi, Жұлдыз, Интернациональное, Искра, Коминтерна, Октябрьская революция, 1 Май, Правда, Спутник, ХХІІ-партсъезд, 40 лет Казахской ССР ауылдары;
Нұрлыбаев ауылдық округiне - Қарақыр, Қызыл ту, Мақталы, Ленин, Юбилейное, 30 лет Казахской ССР ауылдары;
Үлгiлi ауылдық округiне - Үлгiлi, Жамбыл, Ленин, Победа, Прогресс, 30 лет Казахской ССР, 40 лет Октября ауылдары;
Ынтымақ ауылдық округiне - Еңбекшi, Жаңаауыл, Национальное, Победа, Социализм, Талапты, Фрунзе, Энгельс ауылдары.
21. Оңтүстiк Қазақстан облыстық мәслихатының және Оңтүстiк Қазақстан облысы әкiмiнiң бiрлескен 2000 жылғы 3 наурыздағы N 3/43-ІІ "Төлеби ауданында ауыл округiн құру туралы" шешiмiн қайта бекiту мақсатында:
Төлеби ауданының Қазығұрт ауылдық округiн бөлу жолымен жаңа ауылдық округi құрылсын.
22. Оңтүстiк Қазақстан облыстық мәслихатының және Оңтүстiк Қазақстан облысы әкiмiнiң бiрлескен 2000 жылғы 3 наурыздағы N 3/44-ІІ "Төлеби ауданы Ленгiр қаласының шекарасын өзгерту туралы" шешiмiн қайта бекiту мақсатында:
Қазығұрт ауылдық округiнiң аумағына қарасты Таскешу ауылын, Достық елдi мекенiндегi Новострой, Титов, Депутат, Мичурин көшелерiн және Аққұм ауылдық округiнiң Жаңа ұйым ауылына қарасты Қырықбаев пен Восточная көшелерiнiң бiр бөлiгiн Ленгiр қаласының аумағына қоса отырып, Төлеби ауданының Ленгiр қаласының шекарасы өзгертiлсiн.
23. Оңтүстiк Қазақстан облыстық мәслихатының және Оңтүстiк Қазақстан облысы әкiмiнiң бiрлескен 2000 жылғы 3 наурыздағы N3/45-ІІ "Мақтаарал ауданының жекелеген әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктерiнiң атауларын өзгерту туралы" шешiмiн қайта бекiту мақсатында:
әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктердiң атаулары:
Мақтаарал ауданы бойынша
Абай ауылдық округiндегi Красный луч ауылы - Бостандық ауылы;
Абай ауылдық округiндегi Ш-Интернационал ауылы - Бескетiк ауылы;
Абай ауылдық округiндегi Советабад ауылы - Гүлiстан ауылы;
Атамекен ауылдық округiндегi Целина ауылы - Тыңдала ауылы;
Атамекен ауылдық округiндегi Куйбышев ауылы - Атамекен ауылы;
Бiрлiк ауылдық округiндегi Соцқұрылыс ауылы - Табысты ауылы;
Бiрлiк ауылдық округiндегi Интернационал ауылы - Өркениет ауылы;
Жаңаауыл ауылдық округiндегi Тельман ауылы - Жаңаауыл ауылы;
Жаңаауыл ауылдық округiндегi Гвардейское ауылы - Мырзашөл ауылы;
Жылысу ауылдық округiндегi Путь Ильича ауылы - Мырзашоқы ауылы;
Жылысу ауылдық округiндегi Прогресс ауылы - Байқоныс ауылы;
Жылысу ауылдық округiндегi Ушинское ауылы - Баққоныс ауылы;
Иiржарауылдық округiндегi Победа ауылы - Алаш ауылы;
Абай ауылдық округiндегi Дружба народов ауылы - Халықтар достығы ауылы;
Абай ауылдық округiндегi Строительное ауылы - Бейбiтшiлiк ауылы;
Абай ауылдық округiндегi Степное ауылы - Отан ауылы;
Мақталы ауылдық округiндегi Целинный ауылы - Тың ауылы;
Мақталы ауылдық округiндегi Киров ауылы - Жiбек жолы ауылы;
Мақталы ауылдық округiндегi Коммунизм ауылы - Алмалы ауылы;
Мақтаарал ауылдық округiндегi 1 Май ауылы - Көкарал ауылы;
Мақтаарал ауылдық округiндегi ХХII партсъезд ауылы - Мәдениет ауылы;
Мақтаарал ауылдық округiндегi Правда ауылы - Азаттық ауылы;
Мақтаарал ауылдық округiндегi Коминтерн ауылы - Игiлiк ауылы;
Мырзакент ауылдық округiндегi Фрунзе ауылы - Нұрлы таң ауылы;
Үлгiлi ауылдық округiндегi 30 лет Казахской ССР ауылы - Жаңа жол ауылы деп қайта аталсын.
24. Оңтүстiк Қазақстан облыстық мәслихатының және Оңтүстiк Қазақстан облысы әкiмiнiң бiрлескен 2000 жылғы 15 маусымдағы N 4/59-ІІ "Облыстың жекелеген әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктерiне ат қою және атауларын өзгерту туралы" шешiмiн қайта бекiту мақсатында:
әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктердiң атаулары:
Мақтаарал ауданы бойынша
Ж.Нұрлыбаев ауылдық округiндегi Ленин ауылы - Ырысты ауылы;
Ордабасы ауданы бойынша
Қараспан ауылдық округiндегi Социализм ауылы - Сарыарық ауылы;
Сайрам ауданы бойынша
Қайнарбұлақ ауылдық округiндегi Крупская ауылы - Асыларық ауылы деп қайта аталсын.
Төлеби ауданының Қазығұрт ауылдық округi аумағында құрылған жаңа ауылдық округ Кемеқалған ауылдық округi деп аталсын.
25. Оңтүстiк Қазақстан облыстық мәслихатының және Оңтүстiк Қазақстан облысы әкiмiнiң бiрлескен 2000 жылғы 15 маусымдағы N 4/60-ІІ "Бәйдiбек ауданы Байжансай ауылдық округын жою және Алмалы ауылдық округының шекарасын өзгерту туралы" шешiмiн қайта бекiту мақсатында:
Бәйдiбек ауданы Байжансай ауылдық округы жойылып, оның аумағы Алмалы ауылдық округының шекарасына қосылсын.
26. Оңтүстiк Қазақстан облыстық мәслихатының және Оңтүстiк Қазақстан облысы әкiмiнiң бiрлескен 2000 жылғы 15 маусымдағы N 4/61-ІІ "Бәйдiбек ауданындағы Алмалы ауылдық округының Қызыл Октябрь ауылы жою туралы" шешiмiн қайта бекiту мақсатында:
Бәйдiбек ауданындағы Алмалы ауылдық округының Қызыл Октябрь ауылы жойылсын.
27. Оңтүстiк Қазақстан облыстық мәслихатының және Оңтүстiк Қазақстан облысы әкiмiнiң бiрлескен 2000 жылғы 27 қыркүйектегi N 5/74-ІІ "Облыстың жекелеген әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктерiнiң атауларын өзгерту туралы" шешiмiн қайта бекiту мақсатында:
әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктердiң атаулары:
Сарыағаш ауданы бойынша
Ленин жолы ауылдық округi - Алпамыс батыр ауылдық округi;
Қазығұрт ауданы бойынша
Қызылқия ауылдық округiндегi Комсомол ауылы - Айнатас ауылы;
Шарбұлақ ауылдық округiндегi Қызылту ауылы - Ащыбұлақ ауылы;
Шарбұлақ ауылдық округiндегi Крупская атындағы ауыл - Ақбастау ауылы;
Шарбұлақ ауылдық округiндегi Ленин жолы ауылы - Ақбастау ауылы;
Шарбұлақ ауылдық округiндегi Ленин атындағы ауыл - Молбұлақ ауылы;
Сайрам ауданы бойынша
Қайнарбұлақ ауылдық округiндегi Ленин атындағы ауыл - Сарыарық ауылы;
Төлеби ауданы бойынша
Қазығұрт ауылдық округiндегi Қызылқанат ауылы - Ақайдар ауылы;
Қазығұрт ауылдық округiндегi Қызыл Октябрь ауылы - Киелi тас ауылы;
Қаратөбе ауылдық округiндегi Қызыл жалау ауылы - Қостөбе ауылы
деп қайта аталсын.
28. Оңтүстiк Қазақстан облыстық мәслихатының және Оңтүстiк Қазақстан облысы әкiмiнiң бiрлескен 2000 жылғы 26 желтоқсандағы N7/88-ІІ "Облыстың жекелеген әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктерiнiң атауларын өзгерту туралы" шешiмiн қайта бекiту мақсатында:
әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктердiң атаулары:
Мақтаарал ауданы бойынша
Жаңажол ауылдық округiндегi Новый путь ауылы - Арайлы ауылы;
Жаңажол ауылдық округiндегi Политотдел ауылы - Ақжол ауылы;
Жаңажол ауылдық округiндегi Киров атындағы ауыл - Өргебас ауылы;
Жаңажол ауылдық округiндегi Целинное ауылы - Нұрлыжол ауылы;
Қызылқұм ауылдық округiндегi Ворошилов ауылы - Қосқұдық ауылы;
Қызылқұм ауылдық округiндегi Ленин жолы ауылы - Молшылық ауылы;
Еңбекшi ауылдық округiндегi Красный Октябрь ауылы - Шұғыла ауылы;
Сайрам ауданы бойынша
Қызыләскер ауылдық округi - Құтарыс ауылдық округi;
Қызылқұм ауылдық округi - Көлкент ауылдық округi;
Қарасу ауылдық округiндегi Қызыл ту ауылы - Ақбастау ауылы;
Қарасу ауылдық округiндегi Покатиловка ауылы - Береке ауылы;
Қарасу ауылдық округiндегi Новоселовка ауылы - Жаңатұрмыс ауылы;
Сайрам ауылдық округiндегi Пахтокор ауылы - Қаражол ауылы;
Тассай ауылдық округiндегi Лапшино ауылы - Тассай ауылы;
Қызыләскер ауылдық округiндегi Қызыләскер ауылы - Құтарыс ауылы;
Қызылқыстақ ауылдық округiндегi Қызылқыстақ ауылы - Көлкент ауылы;
Жұлдыз ауылдық округiндегi Ворошилов атындағы ауыл - Қаратөбе ауылы;
Қаратөбе ауылдық округiндегi Коммунизм ауылы - Базарқақпа ауылы
деп қайта аталсын.
29. Оңтүстiк Қазақстан облыстық мәслихатының бiрлескен 2001 жылғы 27 қыркүйектегi N 12/139-ІІ шешiмiн және Оңтүстiк Қазақстан облыстық әкiмиятының "Облыстың жекелеген әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктерiнiң атауларын өзгерту туралы" қаулысын қайта бекiту мақсатында:
әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктердiң атаулары:
Арыс қаласы бойынша
Байырқұм ауылдық округiндегi Полевод ауылы - Көкжиде ауылы;
Задария ауылдық округiндегi Подхоз ауылы - Шөгiрлi ауылы;
Мақтаарал ауданы бойынша
Куйбышев ауылдық округi - Атамекен ауылдық округi;
Қарақай ауылдық округiндегi Целинный ауылы - Кетебай ауылы;
Арай ауылдық округiндегi Амангелдi ауылы - Жазықсай ауылы;
Арай ауылдық округiндегi Достық ауылы - Жағажай ауылы;
Арай ауылдық округiндегi Целинный ауылы - Жаңадәуiр ауылы;
Арай ауылдық округiндегi Шұғыла ауылы - Көктөбе ауылы;
Жаңаауыл ауылдық округiндегi ХХII партсъезд ауылы - Атақоныс ауылы;
Иiржар ауылдық округiндегi 1Май ауылы - Наурыз ауылы;
Иiржар ауылдық округiндегi Қазақ ССР-нiң 15 жылдығы ауылы - Шапағат ауылы;
Иiржар ауылдық округiндегi Абай ауылы - Азат ауылы;
Иiржар ауылдық округiндегi Красный Авангард ауылы - Азамат ауылы;
Иiржар ауылдық округiндегi Маяк ауылы - Диқан ауылы;
Мақтаарал ауылдық округiндегi Искра ауылы - Тұлпар ауылы;
Мақтаарал ауылдық округiндегi Әл-Фараби ауылы - Елқоныс ауылы;
Мақтаарал ауылдық округiндегi Спутник ауылы - Бақыт ауылы;
Мақтаарал ауылдық округiндегi Октябрь Революциясы атындағы ауыл - Береке ауылы;
Мақтаарал ауылдық округiндегi Дружба ауылы - Шаттық ауылы;
Мақталы ауылдық округiндегi Победа ауылы - Сарқырама ауылы;
Мақталы ауылдық округiндегi Багарное ауылы - Жайлаукөл ауылы;
Мақталы ауылдық округiндегi Жаңа дала ауылы - Шолпанқұдық ауылы;
Ынтымақ ауылдық округiндегi Фрунзе ауылы - Ақниет ауылы;
Ынтымақ ауылдық округiндегi Победа ауылы - Өркендi ауылы;
Ынтымақ ауылдық округiндегi Национальное ауылы - Үшкөпiр ауылы;
Ынтымақ ауылдық округiндегi Жаңа ауыл ауылы - Ағынсай ауылы;
Ынтымақ ауылдық округiндегi Еңбекшi ауылы - Көрiктi ауылы;
Ынтымақ ауылдық округiндегi Энгельс ауылы - Нұрауыл ауылы;
Ордабасы ауданы бойынша
Бадам ауылдық округiндегi 1 Май ауылы - Мамыр ауылы;
Бадам ауылдық округiндегi Панфилов ауылы - Ақбұлақ ауылы;
Бадам ауылдық округiндегi Қызылту ауылы - Дербес ауылы;
Қажымұқан ауылдық округiндегi Зерделi ауылы - Қажымұқан ауылы;
Төлеби ауданы бойынша
Алатау ауылдық округiндегi Карл Маркс ауылы - Қайнар ауылы;
Алатау ауылдық округiндегi Скреплевка ауылы - Бiркөлiк ауылы;
Аққұм ауылдық округiндегi Қызыл әскер - Аққұм ауылы;
Қасқасу ауылдық округiндегi Қасқасу - Жоғарғы Қасқасу ауылы;
Қасқасу ауылдық округiндегi Вторая Пятилетка ауылы - Қасқасу ауылы;
Қаратөбе ауылдық округiндегi Советское ауылы - Қаратөбе ауылы;
Галкино ауылдық округi - Зертас ауылдық округi;
Верхний Ақсу ауылдық округi - Жоғарғы Ақсу ауылдық округi;
Сайрам ауданы бойынша
Белые Воды ауылдық округi - Ақсукент ауылдық округi;
Жаңаталап ауылдық округiндегi Плодовоягодный ауылы - Игiлiк ауылы;
Жаңаталап ауылдық округiндегi Фабричное ауылы - Қызылжар ауылы;
Тассай ауылдық округiндегi Калинин ауылы - Таскен ауылы;
Бадам ауылдық округiндегi Лесхоз ауылы - Орманшы ауылы;
Қарасу ауылдық округiндегi Қызылқыстау ауылы - Ынтымақ ауылы;
Көлкент ауылдық округiндегi Жданов ауылы - Ақсуабад ауылы;
Көлкент ауылдық округiндегi Мәдени ауылы - Ханқорған ауылы;
Қайнарбұлақ ауылдық округiндегi Прудхоз ауылы - Тоған ауылы;
Қайнарбұлақ ауылдық округiндегi Карл Маркс ауылы - Таскешу ауылы;
Бәйдiбек ауданы бойынша
Боралдай ауылдық округiндегi Верхний Боралдай ауылы - Жоғарғы Боралдай ауылы;
Боралдай ауылдық округiндегi Қызыларық ауылы - Сарыбұлақ ауылы;
Сарыағаш ауданы бойынша
Ақтөбе ауылдық округiндегi ХХII партсъезд ауылы - Жуантөбе ауылы;
Ақтөбе ауылдық округiндегi Ленин ауылы - Бозсу ауылы;
Ақтөбе ауылдық округiндегi Социалистiк Қазақстан ауылы - Көкбұлақ ауылы;
Қапланбек ауылдық округiндегi Қазақ ССР-нiң ХХ жылдығы ауылы - Ақниет ауылы;
Қапланбек ауылдық округiндегi Ленин жолы ауылы - Қанағат ауылы;
Қапланбек ауылдық округiндегi Горное ауылы - Қапланбек ауылы
деп қайта аталсын.
30. Оңтүстiк Қазақстан облыстық мәслихатының бiрлескен 2001 жылғы 27 қыркүйектегi N 12/145-ІІ шешiмiн және Оңтүстiк Қазақстан облыстық әкiмиятының "Шұбарсу" саяжайының аумағында елдi мекен - ауыл құру туралы" қаулысын қайта бекiту мақсатында:
Ордабасы ауданының Шұбар ауылдық округiндегi Шұбарсу саяжайының аумағында елдi мекен - ауыл құрылсын.
31. Оңтүстiк Қазақстан облыстық мәслихатының бiрлескен 2002 жылғы 28 наурыздағы N 18/187-ІІ шешiмiн және Оңтүстiк Қазақстан облыстық әкiмиятының 2002 жылғы 26 наурыздағы N 132 "Шымкент қаласының шекарасын өзгерту туралы" қаулысын қайта бекiту мақсатында:
Шымкент қаласының әкiмшiлiк шекарасына Сайрам ауданы жерiнiң жалпы ауқымы 27 485 гектар бiр бөлiгiн қосу арқылы, оның iшiнде Шымкент облыстық халық депутаттар Кеңесiнiң атқару комитетiнiң бұрынғы жылдардағы шешiмдерiмен және Оңтүстiк Қазақстан облысы әкiмшiлiк басшысының қаулысының негiзiнде Шымкент қаласының жер балансына кiргiзiлген, Шымкент қаласы мен Сайрам ауданының шекараларына өзгерiстер енгiзiлсiн.
32. Оңтүстiк Қазақстан облыстық мәслихатының бiрлескен 2002 жылғы 26 маусымдағы N 20/197-ІІ шешiмiн және Оңтүстiк Қазақстан облыстық әкiмиятының 2002 жылғы 6 маусымдағы N 222 "Облыстың жекелеген әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктерiне ат қою және атауларын өзгерту туралы" қаулысын қайта бекiту мақсатында:
Ордабасы ауданындағы Шұбар ауылдық округiндегi Шұбарсу саяжайының аумағында жаңадан құрылған ауылға - Шұбарсу ауылы атауы берiлсiн;
әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктердiң атаулары:
Сарыағаш ауданы бойынша
Ақтөбе ауылдық округiндегi Октябрь ауылы - Құйған ауылы;
Ақтөбе ауылдық округiндегi Киров ауылы - Ескiқорған ауылы;
Ақтөбе ауылдық округiндегi Ворошилов ауылы - Жаңадәуiр ауылы;
Бiрлесу ауылдық округiндегi Садовое ауылы - Диқан ауылы;
Бiртiлек ауылдық округiндегi Буденный ауылы - Жабайытөбе ауылы;
Жылға ауылдық округiндегi Северная Казарма ауылы - Нұрауыл ауылы;
Жылға ауылдық округiндегi Қызылабад ауылы - Қызыласу ауылы;
Ұшқын ауылдық округiндегi Комсомол ауылы - Ұшқын ауылы;
Ошақты ауылдық округiндегi Коминтерн ауылы - Береке ауылы;
Ошақты ауылдық округiндегi Большевик ауылы - Атақоныс ауылы;
Ошақты ауылдық округiндегi Хлоппункт ауылы - Жиделi ауылы
деп қайта аталсын./
33. Оңтүстiк Қазақстан облыстық мәслихатының бiрлескен 2002 жылғы 24 қыркүйектегi N 23/214-ІІ шешiмiн және Оңтүстiк Қазақстан облыстық әкiмиятының 2002 жылғы 22 тамыздағы N 299 "Облыстың жекелеген әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктерiне ат қою және атауларын өзгерту туралы" қаулысын қайта бекiту мақсатында:
Сарыағаш ауданындағы Жiбек жолы ауылдық округiндегi Социализм және Калинин ауылдарының бiрiктiрiлуiне байланысты жаңадан құрылған ауылға - Диқан баба ауылы атауы берiлсiн;
әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктердiң атаулары:
Сарыағаш ауданы бойынша
Қошқарата ауылдық округiндегi Клим ауылы - Қарабура әулие ауылы;
Қошқарата ауылдық округiндегi Коммуна ауылы - Қошқарата ауылы;
Қошқарата ауылдық округiндегi ІІ бесжылдық ауылы - Аманжар ауылы;
Ошақты ауылдық округiндегi Фрунзе ауылы - Ынталы ауылы;
Бiртiлек ауылдық округiндегi Қызыл Октябрь ауылы - Керегетас ауылы;
Ошақты ауылдық округiндегi Қызыл Жұлдыз ауылы - Бақышсай ауылы;
Шымкент қаласы бойынша
Қатынкөпiр ауылдық округiндегi Пригородное ауылы - Қатынкөпiр ауылы;
Қазығұрт ауданы бойынша
Қарабау ауылдық округiндегi Жаңатұрмыс ауылы - Сынтас ауылы;
Сайрам ауданы бойынша
Қайнарбұлақ ауылдық округiндегi Октябрьдiң 40 жылдығы ауылы - Құрлық ауылы
деп қайта аталсын.
34. Оңтүстiк Қазақстан облыстық мәслихатының бiрлескен 2003 жылғы 26 наурыздағы N 28/255-ІІ шешiмiн және Оңтүстiк Қазақстан облыстық әкiмиятының "Облыстың жекелеген әкiмшiлiк-аумақтық атауларын өзгерту туралы" қаулысын қайта бекiту мақсатында:
әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктердiң атаулары:
Бәйдiбек ауданы бойынша
Боралдай ауылдық округiндегi Заречная ауылы - Ақжар ауылы;
Ордабасы ауданы бойынша
Жеңiс ауылдық округiндегi Целина ауылы - Диқан ауылы
деп қайта аталсын.
35. Оңтүстiк Қазақстан облыстық мәслихатының бiрлескен 2003 жылғы 26 желтоқсандағы N3/18-ІІІ шешiмiн және Оңтүстiк Қазақстан облыстық әкiмиятының "Оңтүстiк Қазақстан облысының жекелеген әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктерiн қайта атау туралы" қаулысын қайта бекiту мақсатында:
әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктердiң атаулары:
Мақтаарал ауданы бойынша
Арай ауылдық округi - Жолдасбай Ералиев ауылы;
Абай ауылдық округiнiң Бостандық ауылы - Хайдар ауылы;
Ынтымақ ауылдық округiнiң Социализм ауылы - Әден ата ауылы
деп қайта аталсын.
36. Оңтүстiк Қазақстан облыстық мәслихатының бiрлескен 2004 жылғы 26 наурыздағы N 5/53-ІІІ шешiмiн және Оңтүстiк Қазақстан облыстық әкiмиятының 2004 жылғы 22 ақпандағы N 13 "Оңтүстiк Қазақстан облысы Сайрам және Төлеби аудандарының шекарасын өзгерту туралы" қаулысын қайта бекiту мақсатында:
Сайрам ауданының әкiмшiлiк шекарасына Төлеби ауданының бiр бөлiк, жалпы 50,0 гектар аумақ жерiн қосып, Оңтүстiк Қазақстан облысы Сайрам және Төлеби аудандарының шекарасы өзгертiлсiн.
37. Оңтүстiк Қазақстан облыстық мәслихатының бiрлескен 2004 жылғы 29 маусымдағы N 7/69-ІІІ шешiмiн және Оңтүстiк Қазақстан облыстық әкiмиятының 2004 жылғы 26 мамырдағы N 30 "Оңтүстiк Қазақстан облысының Түлкiбас ауданында ауылдық округ құру туралы" қаулысын қайта бекiту мақсатында:
Түлкiбас ауданында, Мичурин ауылдық округiнен бөлiнетiн Тастұмсық, Амангелдi, Қабанбай және Рысқұлов ауыл округтерiнен бөлiнетiн Жыланды, Қарабастау ауылдарының шекараларында жаңа ауылдық округ құрылсын;
аталған ауылдық округтердiң шекаралары тиiсiнше өзгертiлсiн.
38. Оңтүстiк Қазақстан облыстық мәслихатының бiрлескен 2004 жылғы 9 қарашасындағы N10/99-ІІІ шешiмiн және Оңтүстiк Қазақстан облыстық әкiмиятының 2004 жылғы 27 қазандағы N486 "Шымкент қаласындағы ауыл округтерiн, поселкелер мен ауылдарды тарату туралы" қаулысын қайта бекiту мақсатында:
Шымкент қаласының құрамына кiруiне, олардың дербес әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiк мәртебесiн жоғалтуына байланысты Бозарық, Қатынкөпiр, Қызылжар ауыл округтерi, Наурыз, Тұрлан поселкелерi және Бозарық, Қайтпас-1, Қайтпас-2, Қатынкөпiр, Куйбышев, Ленин, Ақтас, Қызылжар, Жиделi, Ынтымақ ауылдары таратылсын.
39. Оңтүстiк Қазақстан облыстық мәслихатының бiрлескен 2004 жылғы 29 желтоқсандағы N 12/126-ІІІ шешiмiн және Оңтүстiк Қазақстан облыстық әкiмиятының 2004 жылғы 13 желтоқсандағы N582 "Ордабасы ауданындағы Шұбарсу ауылдық округiн құру туралы" қаулысын қайта бекiту мақсатында:
Ордабасы ауданында Шұбар ауылдық округiнiң құрамынан шығарылып, Шұбарсу ауылдық округi құрылсын.
Шұбар ауылдық округiнен 1491 га жер Шұбарсу ауылдық округiне берiлiп, шекаралары өзгертiлсiн.