Ескерту. Күші жойылды - Шымкент қалалық мәслихатының 2008.04.14 N 9/78-4с Шешімімен.
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 6 бабы 1-тармағының 8) тармақшасына және Қазақстан Республикасының "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Кодексінің 3 бабына сәйкес қалалық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Қалалық мәслихаттың 2006 жылғы 24 наурыздағы N 27/238-3с "Шымкент қаласын көркейту, санитарлық жағдайын қамтамасыз ету және жасыл желектерді қорғау Қағидасы туралы" (Шымкент қаласы әділет басқармасында N 14-1-26 10.04.2006 жылы тіркелген, "Панорама Шымкента", "Шымкент келбеті" газеттерінде 21.04.2006 жылы жарияланған) шешіміне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) 1-бөлім мына мазмұндағы 12-1 тармағымен толықтырылсын:
"12 - 1. Сыртқы (көрнекі) ақпарат және безендіру - кез-келген түрде орналастырылатын және таратылатын, кез-келген ақпараттардың көмегімен тұлғалардың анықталмаған ортасы үшін белгіленген және жеке немесе заңды тұлғаларға деген тауар, тауар белгісі, жұмыс, қызмет пен оларды өткізуге мүмкіндік жасауға деген қызығушылықты қолдау және қалыптастыруға бейімделген".
2) 3-бөлім мына мазмұндағы 18-1 және 28-1 тармақтарымен толықтырылсын:
"18-1. Егер жолаушылар павильондарының иелері бар жағдайда, жолаушылар павильондары мен оларға іргелес жатқан қоғамдық жолаушылар тасымалдау көлігі аялдамаларын тазарту және жуу жұмыстары олардың иелерімен жүргізіледі. Отырғызу алаңшаларын тазарту жөніндегі жұмыстардың шекарасы сызба карталарда көрсетіледі. Отырғызу алаңдары толығымен топырақ-құмнан, әртүрлі қоқыстан тазартылуы қажет".
"28-1. Көп уақыт бойы пайдаланылмаған және игерілмеген аумақтарды, ғимараттарды бұзғаннан кейінгі аумақты тазарту мен күту жұмыстарын, осы аумақ бөлініп берілген жер пайдаланушылар немесе тапсырысшы, немесе шарт бойынша ғимараттарды бұзу жұмысымен айналысқан мердігер кәсіпорындар жүргізеді".
3) 4-тарау мына мазмұндағы 32-1 тармағымен толықтырылсын:
"32-1. Әр арнайы мамандандырылған кәсiпорынға жергілікті атқарушы органның шешімімен белгіленген, қалдықтарды жинау және шығару жұмыстарын жүргiзу аумақтары бекiтiлуi мүмкін";
4) 7-бөлімнің атауы келесі редакцияда баяндалсын "Қала аумақтарында кіші сәулеттендіру түрлері мен сыртқы (көрнекі) ақпарат және безендіруді орнату мен ұстау тәртібі туралы";
5) 50-тармақтағы "жарнама стендтері" сөздері "сыртқы (көрнекі) ақпарат және безендіру", "қалалық сәулет және қала құрылысы басқармасымен" сөздері "қалалық сәулет және қала құрылыс бөлімімен" сөздерімен ауыстырылсын;
6) 7-бөлім мына мазмұндағы 50-1 тармағымен толықтырылсын:
"50-1. Сыртқы (көрнекі) ақпарат және безендіру құралдарына меншіктің барлық түріндегі жеке және заңды тұлғаларға тиісті қала кеңістігіндегі көрнекі қабылдауға көзделген және Шымкент қаласында орналастырылған әртүрлі жарнамалық және ақпараттық хабарламаларды тарату жатады. Сыртқы (көрнекі) ақпарат және безендіру құралдары келесі типтерге бөлінеді:
а)стационарлық құралдар (билборд, стэлла, пилон, лайтбокс, тақтайша, шатырлы кондырғылар, брандмауэр, электронды экран, витрина (терезе), транспарант (тартпа) және басқа да құрылғылар);
б) уақытша құралдар (шығармалы тақта құрылғысы (штендер), құрылыс объектілерінің қоршауындағы және бөлшек сауда ақпараттары; транспорт құралдарындағы ақпарат; қол шатыр, арба және дүңгіршектегі ақпарат)";
7) 55-тармақ мына мазмұнда баяндалсын:
"Сыртқы (көрнекі) ақпарат және безендіру құралдарын орналастыруға немесе таратуға рұқсат алу үшін өтініш беруші өкілетті органға келесі құжаттардың тізімін ұсынады:
- өкілетті орган белгілеген үлгі бойынша өтініш;
- сәулет және қала құрылысы бөлімімен бекітілген және " ҚР тілдері туралы ", " Жарнама туралы " Қазақстан Республикасының заң ережелері мен талаптарын бұзбай, қаладағы мәдениет және тілдерді дамыту бөлімімен келісе отырып, өлшемдері көрсетілген (жалпы түрі фотоқұрастырма үлгісінде орындалуы қажет) нобай жобасы;
- егер өкілетті орган оңды шешім қабылдаса өтініш берушіге келісім актісі беріледі. Берілген актіге қаланың жол қауіпсіздігі шеңберінде өмірмен қамтамасыз ету жүйесі, телекоммуникация және барлық мүдделі мекемелермен қол қойылады.
- сыртқы (көрнекі) ақпарат және безендіру құралдарын орнатуға ғимараттың, құрылғының және құрылыстың иесімен жасалған келісім-шарт;
- стационарлық құралдардың құрылысына жергілікті атқарушы орган берген рұқсат.
Орналастырудан бас тартқан жағдайда өтініш берушіге тиісінше хабарлама беріледі.
Өтініш беруші мен өкілетті орган арасында сыртқы (көрнекі) ақпарат және безендіру құралдарын пайдалану мазмұны туралы келісім жасалады, соған сәйкес өтініш беруші құрылғы мазмұны және оны пайдалану бойынша өзіне міндеттеме алады. Содан кейін өтініш берушіге өкілетті органның меншігіндегі объектінің нөмірі көрсетілген техникалық жоба беріледі.
Құрылыс-монтаж жұмыстарының орындалу мерзімі отыз күнтізбелік күннен аспауы тиіс. Құрылыс-монтаж жұмысының мерзімі өткен жағдайда орналастыру рұқсатының күші жойылады.
Берілген өкілетті органның рұқсатынсыз сыртқы (көрнекі) ақпарат және безендіу құралдарын пайдалануға және таратуға тиым салынады.
Өкілетті орган салық қызметі органына Қазақстан Республикасының салық заңында белгіленген тәртіппен рұқсаты бар және рұқсаты жоқ құжаттардың берілгені туралы мәліметтерді өткізіп отыруы тиіс";
8) 7-бөлім мына мазмұндағы 55-1 тармағымен толықтырылсын:
"55-1. Сыртқы (көрнекі) ақпарат және безендіру құралдары инженерлік-техникалық шешімі әсер етудің әрбір түрі үшін бекітілген нормативтер және шекті мүмкін деңгейімен (жүктеме) сәйкес пайдаланудың барлық мерзімінде құрылғының мықтылығын, беріктігін, тұрақтылығын және қауіпсіздігін қамтамасыз етуі тиіс, сондай-ақ жарнама тасушы бекітілетін ғимараттар мен үй-жайлардың тірек бола алатын бөліктерінің мүмкіндігін есептеу керек және пайдалану сапасының жоғалуына жол бермеу керек.
Сыртқы (көрнекі) ақпарат және безендіру құралдары объектісін жасаушы құрылғыны монтаждау және пайдалану шартының бұзылуынан пайда болған кез-келген қауіпсіздік ережелердің бұзылуы, сондай-ақ, қалпына келмейтін және төтенше жағдайларға жауап береді.
Өндірісте қолданылатын сыртқы (көрнекі) ақпарат және безендіру құралдары материалдары қазіргі заманғы сапа және қауіпсіздік талаптарына, экологиялық және санитарлық-гигиеналық нормаларына, аумақтың табиғи-климаттық жағдайларына жауап беруі тиіс.
Бір бағытта орнатылған сыртқы (көрнекі) ақпарат және безендіру құралдарының кез-келген түрі арасындағы қашықтық берілген өкілетті органның техникалық жобасының әрекет ету мерзімі шегінде ертерек орнатылған құрылғыларды есептемегенде жүз метрден кем болмауы тиіс.
Сыртқы (көрнекі) ақпарат және безендіру құралдарының немесе оның бекітуші құрылғысының төменгі жағы автомобиль жолының жүріп өтетін бөлігінің немесе көшенің деңгейінен төрт жарым метр биіктікте орналасуы тиіс. Одан төменгі биіктікте орналасқан жағдайда жүріп өтетін бөлік шетінен жарнамалық құрылғыға дейінгі аралық бес метрден кем болмауы тиіс.
Сыртқы (көрнекі) ақпарат және безендіру құралдары екі мезгілде (күндіз, түнде) пайдаланылуы, яғни оның қосылуы көшені жарықтандырудың жұмыс мерзімінің кестесіне сәйкес ақпараттық алаңды жарықтандыруы қарастыруылуы қажет.
Ерекше тасымалдаушыны құрайтындар техникалық жағынан жарықтандырылуы немесе мақсатты емес (транспаранттар ("көшірме")), жалау композициялары, тіреулер, жер бетіндегі панно, сервисті жол белгілері және жарық беретін жамылғысы бар бағыттың бағдарлы белгілері.
Сыртқы (көрнекі) ақпарат және безендіру құралдары объектісін жасайтын құрылғыны, ол құрылғы орнатылғанға дейінгі түрінде орнатылғаннан кейін аумақты қалпына келтіру мерзімі:
екі тәуліктен аспайды - жол жиек, жол, жасыл желек үшін;
бес тәуліктен аспайды - ғимарат фасадтары мен шатыры үшін.
Санитарлық нормаларды бұзатын шу, вибрация, күшті жарық, электромагнитік және басқа да сәулелер мен өрістерді құрайтын сыртқы (көрнекі) ақпараттар және безендіруді стационарлық құралдарды тұрғын үйлерге жақын орналастыруға рұқсат берілмейді.
Сыртқы (көрнекі) ақпарат және безендіру құралдарының барлық элементтері жарамды жағдайда, күтіп ұсталуы тиіс. Жерде орналасқан жеке тұрған құрылғыға рұқсат бір жылға берілді.
Уақытша сыртқы (көрнекі) ақпарат және безендірудің құралдарының өкілетті органмен келісілген нөмірі болуы тиіс.
Осы тәртіп барлық заңды тұлғаларға, олардың меншігіне және қызметтегі бағынушылық түріне тәуелсіз, сондай-ақ сыртқы (көрнекі) ақпарат және безендіру құралдарын орналастыру мен пайдаланудағы жеке тұлғаларға таратылады.
Осы тәртіппен қамтылмаған қатынастар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңымен реттеледі".
9) 14-бөлім 105-тармақ мына мазмұнда баяндалсын:
"105. Рұқсат алғаннан кейін құрылыс жүргізуші-тапсырысшы (жөндеу, жаңғырту жұмысы кезіндегі объектінің иесі) қолданыстағы нормалар мен ережелерге сәйкес құрылыс алаңшасын мынадай қажетті талаптарды сақтай отырып, абаттандыруы керек:
1) қоршау металдан жасалған профильденген беттерден немесе қоршауға арналған темірбетон қабырғаларынан дайындалуы керек;
2) қоршау құрылғысы мықтап бекітіліп және ұзынынан, көлденеңінен түзетіліп, боялуы және ұқыпты түрде болулары керек;
3) шығатын жерлеріне ақпараттандыру тақталары орнатылады;
4) алаңшаішілік жолдар және құрылыс алаңшасына кіретін жолдардың қатты төсемі болуы керек, олардың қалалық асфальттанған жолдармен қиылысуын қамтамасыз ету қажет;
5) шығаберістерінде көлік құралдарының дөңгелектерін жуу (тазарту) бекеттері орналастырылады;
6) құрылыс алаңшаларының сыртына құрылыс материалдарының, қоқыстардың (синтетикалық пленкалардың, сүректер, жаңқалар, орау материалдары және т.б.) шығарылуына (желмен және басқа) жол бермеу шаралары қарастырылуы қажет; 7) жабық лотоктар мен жинағыш-қоймаларды қолданбай қалдықтар мен қоқыстарды тастауға жол берілмейді;
8) ғимараттар мен орын-жайлардың қасбеттерінде жұмыс жүргізген кезде, осы мақсаттарда қолдануға арналған, қасбетке бекітілген немесе орнатылған ағаш конструкцияларына бекіген, тордан жасалған торлы қоршау қарастырылуы қажет; қоршаулардың қисаюы мен салбырауына жол берілмейді;
9) қажет болған жағдайда жүргіншілер жолы, төсемдер, таяныштар, айналып өту және уақытша жүру жолдары жасалады және олар түзелген жағдайда ұсталады".
10) барлық материалдар мен топырақ тек қоршалған аумақ шегінде орналастырылады, шығарылған топырақ (құнарлы топырақтан басқа) тез арада қатты тұрмыстық қалдықтар полигонына немесе коммуналдық шаруашылықтың уәкілетті органының келісімімен бекітілген басқа учаскелерге шығарылады.
11) құрылыс жүргізуші немесе мердігер тиісті полигондарға уақытында тұрмыстық және құрылыс қоқыстарын, қар мен мұзды шығару жұмыстарын ұйымдастыру үшін құрылыс алаңшаларын жасауға рұқсат алған кезде осы жұмыс түрлерін жүргізуге рұқсат қағаздары бар, арнайыландырылған кәсіпорындармен шарт жасасады.
12) құрылыс аяқталғаннан кейін құрылыс жүргізуші құрылыс алаңшасына іргелес жатқан аумақтағы, сондай-ақ уақытша жүруге пайдаланылған, жүргіншілер өтетін жерлер, материалдарды қою үшін уақытша пайдаланылған орын-жайлар аумақтарының бұзылған абаттандыру жұмыстарын, инженерлік желілерін және басқа қажеттіліктерін қалпына келтіруге міндетті.
10). 14-бөлім мына мазмұндағы 105-1 және 105-2 тармақтарымен толықтырылсын:
"105-1. Өз еркімен ғимараттардың қасбеттері мен құрастыру элементтерін қайта жабдықтауға тыйым салынады".
"105-2. Сәулет, тарих немесе мәдениет ескерткіштері болып табылатын, ғимараттар мен орын-жайлардың қасбеттерін жөндеу, жаңғырту және жаңарту жұмыстары Қазақстан Республикасының және Астана қаласының құқықтық актілерімен бекітілген, қорғау міндеттемелеріне сәйкес Ескерткіштерді қорғау басқармасымен және Сәулет және қала құрылысы департаментінің келісімімен орындалады".
11). 14-бөлім 113 тармақтың 5) тармақшасы және 114 тармақтың 3) тармақшасы төмендегі редакцияда баяндалсын:
"5) көлік құралдарын тұрғын-жай орамдары ішінде және жалпы пайдаланылатын жерлерде, су жібергіш құдықтар, тоғандар, адамдардың демалу орындары, тұрғын үй алдында жууға, тазартуға және жөндеуге;".
"3) көлік құралдарын тұрғын-жай орамдары ішінде және жалпы пайдаланылатын жерлерде, су жібергіш құдықтар, тоғандар, адамдардың демалу орындары, тұрғын үй алдында жууға, тазартуға және жөндеуге".
2. Бұл шешім ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік мерзімнен соң қолданысқа енгізіледі.
Қалалық мәслихат
сессиясының төрайымы
Қалалық мәслихат
хатшысы