Орал қаласында иттер мен мысықтарды ұстаудың ережесі туралы

Батыс Қазақстан облысы Орал қаласы мәслихаттың 2006 жылғы 21 желтоқсандағы № 39-16 шешімі. Батыс Қазақстан облысы Орал қаласының әділет басқармасында 2007 жылғы 12 қаңтарда № 7-1-58 тіркелді. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Орал қаласы мәслихаттың 2012 жылғы 28 мамырдағы № 5-6 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Орал қаласы мәслихаттың 2012.05.28 № 5-6 Шешімімен

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 6-бабы, 1-тармағы, 8-тармақшасына және Қазақстан Республикасының "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Кодексінің 311-бабына сәйкес Орал қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. "Орал қаласында иттер мен мысықтарды ұстаудың ережесі" 1 қосымшаға сәйкес бекітілсін.
      2. Орал қалалық мәслихатының кейбір шешімдерінің 2 қосымшаға сәйкес күші жойылды деп танылсын.
      3. Осы шешім ресми жарияланған күннен бастап күшіне енеді.

      Орал қалалық мәслихатының кезекті
      ХХХІХ сессиясының төрағасы
      Орал қалалық мәслихатының хатшысы

Орал қалалық мәслихатының
2006 жылғы 21 желтоқсандағы
N 39-16 шешімімен бекітілді
№ 1 қосымша

Орал қаласында иттер мен мысықтарды ұстау
Ережесі

1. Жалпы ережелер

      1. Осы ереже Орал қаласы аумағындағы иті пен мысығы бар барлық жеке  және заңды тұлғаларға таралады.
      2. Осы ережеде мынадай ұғымдар пайдаланылады:
      1) ит - көлемі, түсі және өзге да белгілеріне қарамастан ит тұқымдасына жататын кез келген жануарлар;
      2) мысық - көлемі, түсі және өзге да белгілеріне қарамастан мысық тұқымдасына жататын кез келген жануарлар;
      3) ит пен мысықтың иесі - жеке  немесе басқа да иелігінде иті немесе мысығы бар жеке немесе заңды тұлға.
      3. Байлауда қалдырып кеткендерден басқа, қоғамдық орындарда (көшелерде, аула аумақтарында, саябақтарда, тынымбақтарда және өзге де орындарда) иелерінсіз жүрген иттер мен мысықтар қаңғыбастар деп саналып, қаңғыбас жануарларды аулау мен өлген жануарлардың өлімдіктерін жинау бойынша мамандандырылған мекемелердің міндетті аулауына және оларды жеті тәулік бойы арнайы торларда ұстауға жатады. Қаңғыбас жануарларды кез-келген тәсілмен өлтіруге, оларға аулау кезінде зақым келтіруге тыйым салынады.
      Аулау уақыты болып қаңғыбас жануарларды аулау бойынша мамандандырылған мекемелер мен "Орал қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің тіркеу журналында тіркелген жануарлардың аулану уақыты саналады. Тіркеу журналында жануардың түрі, оның жынысы, түсі, кескінінің фото суреті (электронды түрде болуы мүмкін) және жануарларға жасалған іс-әрекеттер туралы мәліметтер болуы қажет.
      Жеті тәулік ішінде иттер мен мысықтардың иелері қаңғыбас жануарларды аулау бойынша мамандандырылған мекемелерге немесе "Орал қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесіне жануарларды ақысыз кері қайтарып алуы үшін хабарласуына болады.

2. Иттер мен мысық иелерінің міндеттері мен құқықтары

      4. Кез келген ит пен мысық иесінің меншігі болып табылады және кез келген меншік сияқты заңмен қорғалады.
      5. Иттер мен мысықтардың иелері еркін және қадағалаусыз серуенге шығаруға құқылы:
      1) иттерді жеке иеліктегі үйде тек жақсы қоршалған аумақта, қоршау жануарлардың қашып кетпеуін, өтіп бара жатқандарды тістеп алмауын қамтамасыз етуі қажет, иттің болуы туралы кіреберісте көлемі 20х30 сантиметрден кем болмайтын, иттің суреті көрсетілген, "Ит күзетеді!" жазуы бар ескерту кесте жасалып, ілінуі қажет;
      2) иттер мен мысықтарды "зообұрыштарында", жазғы және қысқы сауықтыру санаториялық-курорттық мекемелерінің (санаториялар, демалыс үйлері, пансионаттар), санитарлық-эпидемиологиялық және ветеринарлық қызметтердің рұқсатымен ұстауға.
      6. Иттер мен мысық иелері міндетті:
      1) cатып алған күннен бастап екі апталық мерзімде өздерінің жануарларын Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылық министрлігінің Орал қалалық аумақтық инспекциясының   ветеринарлық бөлімінде тіркетуге;
      2) иттер мен мысықтарды ұстау, өсіру және пайдалануды ветеринарлық (ветеринарлық-санитарлық) норматив пен ережелерге сәйкес жүзеге асыруға;
      3) иттер мен мысықтардың адамдарды және басқа да жануарларды тістеп алуы, жарақаттау жағдайлары туралы медициналық мекемелерге, қалалық ветеринарлық станцияларға тез хабарлауға;
      4) ветеринарлық мекемелер мамандарының талаптары бойынша қарсылықсыз жануарларды тексеруге, диагностикалық зерттеулер жүргізуге және емдеу-профилактикалық өңдеу үшін әкелуге;
      5) үнемі иттерінің мойнына жақсы көрінетін, иттің аты, оның тұқымы, иесінің мекен-жайы мен телефоны, (созылмалы, қауіпті) аурулардың бар болуы туралы жазылған сырға бекітілген қарғы тағуы қажет.
      6) иттің немесе мысықтың отбасында болуы жағдайында немесе кәмелетке толмаған балалардың жануарлармен бірге тұруы кезінде жануарларға ішек және тері паразиттерінен өңдеу жұмыстарын мерзімді жүргізуге.

3. Иттер мен мысықтарды ұстау

      7. Иттер мен мысықтардың иелеріне тыйым салынады:
      1) мас күйдегі адамдарға және 14 жастан төмен балаларға қоғамдық орындар мен   көліктерде жануарларды серуендетуге және олармен осы орындарда жүруіне;
      2) жануарларды қоғамдық тамақтану кәсіпорындарына, азық-түлік дүкендерінің сауда және өндірістік залдарына әкелуге және ұстауға;
      3) иттерді шылбырсыз және тұмылдырықсыз серуенге шығаруға;
      4) құтыруға қарсы вакцинадан өтпеген иттерді серуендетуге.

4. Иттер мен мысықтарды қоғамдық көліктерде тасымалдау

      8. Иттер мен мысықтарды қалалық көлікте тасымалдау келесі жағдайда рұқсат етіледі:
      1) тасымалданатын ит тұмылдырықта және қысқа тізгінде болуы қажет;
      2) тасымалданатын мысық жабық кәрзеңкеге немесе жәшікке салынуы қажет.

5. Тұрғын үй кооперативтерінің, пәтер иелері
кооперативтерінің, кондоминиумдардың иттер мен мысықтарды
ұстау ережесін қамтамасыз ету бойынша құқықтары

      9. Тұрғын үй кооперативтері, пәтер иелері кооперативтері, үй-жай  иелері кооперативтері, кондоминиумдар құқылы:
      1) пәтер иелерінің кооперативтеріне, тұрғын үй кооперативтеріне, кондоминиумдарға бекітілген аумақта немесе құрылыс салудан бос және кооперативке жапсарлас шағын ауданның
(махалланың) аумағында кестелер мен белгілерді орнатумен иттерді серуендету орындарын белгілеу;
      2) иттердің серуендеу орны белгіленген аула аумақтарын санитарлық жағдайда ұстау;
      3) иттер мен мысықтар кіре алмайтындай жер астына, шатырларға және тағы басқа да жабық күйдегі қосымша жайларға кіру есігін ұстау;
      4) жануарларды ұстаумен айналысатын ұйымдарға өзінің аумағында үйсіз қаңғыбас иттер мен мысықтардың болуын хабарлау.

Орал қалалық мәслихатының
2006 жылғы 21 желтоқсандағы
№ 39-16 шешіміне 2 қосымша

Орал қалалық мәслихатының
күші жойылған шешімдерінің
тізімі

      1. Орал қалалық мәслихатының 2005 жылғы 20 желтоқсандағы № 29-13 "Орал қаласында иттер мен мысықтарды серуенге шығару ережесі туралы" шешімі (тіркеу № 7-1-27, 2006 жылғы 26 қаңтарда "Жайық үні" газетінің № 4 жарияланған).
      2. Орал қалалық мәслихатының 2006 жылғы 27 ақпандағы № 30-16 "2005 жылғы 20 желтоқсандағы № 29-13 "Орал қаласында иттер мен мысықтарды серуенге шығару ережесі туралы" мәслихаттың шешіміне өзгеріс енгізу туралы" (тіркеу № 7-1-30, 2006 жылғы 23 наурызда "Жайық үні" газетінің № 12 жарияланған).
      3. Орал қалалық мәслихатының 2006 жылғы 25 сәуірдегі № 32-4 "2005 жылғы 20 желтоқсандағы № 29-13 "Орал қаласында иттер мен мысықтарды серуенге шығару ережесі туралы" мәслихаттың шешіміне өзгерістер енгізу туралы" (тіркеу № 7-1-41, 2006 жылғы 11 мамырда "Жайық үні" газетінің № 19 жарияланған).
      4. Орал қалалық мәслихатының 2006 жылғы 12 қазандағы № 37-15 "2005 жылғы 20 желтоқсандағы № 29-13 "Орал қаласында иттер мен мысықтарды серуенге шығару ережесі туралы" мәслихаттың шешіміне өзгерістер енгізу туралы" (тіркеу № 7-1-53, 2006 жылғы 9 қарашада "Жайық үні" газетінің № 45 жарияланған).

О правилах cодержания собак и кошек в городе Уральске

Решение Уральского городского маслихата Западно-Казахстанской области от 21 декабря 2006 года № 39-16. Зарегистрировано Управлением юстиции города Уральска Западно-Казахстанской области 12 января 2007 года № 7-1-58. Утратило силу - решением Уральского городского маслихата Западно-Казахстанской области от 28 мая 2012 года № 5-6

      Сноска. Утратило силу - Решением Уральского городского маслихата Западно-Казахстанской области от 28.05.2012 № 5-6

      В соответствии с подпунктом 8 пункта 1 статьи 6 Закона Республики Казахстан "О местном государственном управлении в Республике Казахстан" и статьей 311 Кодекса Республики Казахстан "Об административных правонарушениях" Уральский городской маслихат РЕШИЛ:
      1. Утвердить "Правила содержания собак и кошек в городе Уральске" согласно приложению 1.
      2. Признать утратившими силу некоторые решения Уральского городского маслихата согласно приложению 2.
      3. Данное решение вступает в силу со дня официального опубликования.

      Председатель ХХХIX очередной сессии
      Уральского городского маслихата
      Секретарь Уральского городского маслихата

Приложение 1
Утверждено
решением Уральского
городского маслихата
от 21 декабря 2006 года № 39-16

Правила
содержания собак и кошек в городе Уральске

1. Общие положения

      1. Настоящие правила распространяются на всех юридических и физических лиц на территории города Уральска, имеющих собак и кошек.
      2. В настоящих правилах используются следующие понятия:
      1) собака - любые животные семейства собачьих, независимо от размеров, цвета, и иных признаков;
      2) кошка - любые животные семейства кошачьих независимо от размеров, цвета и иных признаков;
      3) владелец собаки и кошки - физическое или юридическое лицо, которое имеет в собственности или ином владении собаку или кошку.
      3. Собаки и кошки, находящиеся в общественных местах (улицах, дворовых территориях, парках, скверах и прочих местах) без сопровождающих лиц, кроме оставленных владельцами на привязи, считаются бродячими, подлежат обязательному отлову специализированными учреждениями по отлову бродячих и сбору трупов павших животных и содержанию их в вольерах в течение семи суток. Умертвление любым способом бродячих животных, нанесение им повреждений в момент отлова запрещено.
      Временем отлова считается время непосредственного отлова животного, зафиксированное в журнале регистрации специализированным учреждением по отлову бродячих животных и в государственном учреждении "Отдел жилищно-коммунального хозяйства, пассажирского транспорта и автомобильных дорог города Уральска". Журнал регистрации должен содержать сведения о виде животного, его пол, цвет, фотографию в профиль (возможно в электронном виде) и последующие действия, произведенные с животным.
      В течение семи суток со времени отлова владельцы собак и кошек могут обращаться в специализированные учреждения по отлову бродячих животных или в государственное учреждение "Отдел жилищно-коммунального хозяйства, пассажирского транспорта и автомобильных дорог города Уральска" для последующего бесплатного возврата животного.

2. Права и обязанности владельцев собак и кошек

      4. Любая собака и кошка является собственностью владельца и как всякая собственность, охраняется законом.
      5. Владельцы собак и кошек вправе свободно и безнадзорно выгуливать:
      1) собак в индивидуальных домовладениях только на хорошо огороженной территории, ограждение должно исключать побег животного, нанесение укусов прохожим, о наличии собаки должна быть сделана предупреждающая табличка при входе размером не менее 20 см на 30 см с изображением собаки, надписью "Охраняется собакой!";
      2) собак, кошек в "зооуголках", летних и зимних оздоровительных санаторно-курортных учреждениях (санатории, дома отдыха, пансионаты) с разрешения санитарно-эпидемиологической и ветеринарной служб.
      6. Владельцы собак и кошек обязаны:
      1) в двухнедельный срок с момента приобретения зарегистрировать своих животных в отделе ветеринарии Уральской городской территориальной инспекции Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан;
      2) осуществлять содержание, разведение и использование собак и кошек в соответствии с ветеринарными (ветеринарно-санитарными) правилами и нормативами;
      3) немедленно сообщать в медицинские учреждения, городские ветеринарные станции о случаях укусов собакой или кошкой человека и доставлять животных в ближайшее ветеринарное учреждение;
      4) по требованию специалистов ветеринарных учреждений беспрепятственно представлять собак и кошек для осмотра, диагностических исследований и лечебно-профилактических обработок;
      5) иметь на собаке хорошо видимый ошейник, с закрепленной биркой с указанием клички собаки, ее породы, адресом и телефонами владельца, наличия (хронических, опасных) заболеваний;
      6) при наличии в семье или при совместном проживании с собакой или кошкой несовершеннолетних детей регулярно проводить обработку животного от кишечных и кожных паразитов.

3. Содержание собак и кошек

      7. Владельцам собак и кошек запрещается:
      1) выгуливать собак и появляться с ними в общественных местах и в транспорте лицам в нетрезвом состоянии и детям младше 14 лет;
      2) приводить и содержать собак и кошек на предприятиях общественного питания, в торговых и производственных залах продовольственных магазинов;
      3) выгуливать собак без поводка и намордника;
      4) выгуливать собак, не прошедших вакцинацию от бешенства.

4. Перевозка собак и кошек в городском транспорте

      8. Перевозка собак и кошек в городском транспорте разрешается при следующих условиях:
      1) провозимая собака должна быть на коротком поводке и наморднике;
      2) перевозимая кошка должна быть помещена в закрытую корзину или ящик.

5. Права жилищных кооперативов, кооперативов
собственников квартир, кондоминиумов
по обеспечению правил выгула собак и кошек

      9. Кооперативы собственников квартир, жилищные кооперативы, кооперативы собственников помещений, кондоминиумы вправе:
      1) определить места для выгула собак на территории, закрепленной за кооперативом собственников квартир, жилищным кооперативом, кондоминиумом, либо на территории микрорайона (квартала) свободной от застройки и прилегающей к кооперативам, с установкой табличек, знаков;
      2) поддерживать санитарное состояние дворовых территорий, где определен выгул собак;
      3) содержать входы в подвалы, на чердаки и в другие подсобные помещения в закрытом состоянии, исключающие проникновение туда собак и кошек;
      4) сообщать организациям, занимающимся отловом животных, о наличии на своей территории бездомных кошек и собак.

Приложение 2
к решению Уральского
городского маслихата
от 21 декабря 2006 года № 39-16

Перечень
утративших силу некоторых решений
Уральского городского маслихата

      1. Решение Уральского городского маслихата от 20 декабря 2005 года № 29-13 "О правилах выгула собак и кошек в городе Уральске" (регистрационный № 7-1-27, опубликованное 9 февраля 2006 года в газете "Пульс города" № 6).
      2. Решение Уральского городского маслихата от 27 февраля 2006 года № 30-16 "О внесении изменения в решение маслихата от 20 декабря 2005 года № 29-13 "О правилах выгула собак и кошек в городе Уральске" (регистрационный № 7-1-30, опубликованное 23 марта 2006 года в газете "Пульс города" № 12).
      3. Решение Уральского городского маслихата от 25 апреля 2006 года № 32-4 "О внесении изменений в решение маслихата от 20 декабря 2005 года № 29-13 "О правилах выгула собак и кошек в городе Уральске" (регистрационный № 7-1-41, опубликованное 11 мая 2006 года в газете "Пульс города" № 19).
      4. Решение Уральского городского маслихата от 12 октября 2006 года № 37-15 "О внесении изменений в решение маслихата от 20 декабря 2005 года № 29-13 "О правилах выгула собак и кошек в городе Уральске" (регистрационный № 7-1-53, опубликованное 9 ноября 2006 года в газете "Пульс города" № 45).