Дәрігерге дейінгі медициналық көмек түрлерінің тізбесі мен көлемдерін бекіту туралы

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің 2007 жылғы 26 ақпандағы N 134 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2007 жылғы 16 наурыздағы Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 4575 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2009 жылғы 26 қарашадағы N 796 Бұйрығымен.

      Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2009.11.26 N 796 бұйрығымен.

      "Денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының  Заңын іске асыру мақсатында  БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған Дәрігерге дейінгі медициналық көмек түрлерінің тізбесі мен көлемдері бекітілсін.
      2. Облыстардың, Астана және Алматы қалалары денсаулық сақтау департаменттерінің (басқармаларының) директорлары (келісім бойынша) осы бұйрықты орындасын.
      3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Емдеу-алдын алу ісі департаментінің директоры (Ж.Қ.Исмаилов) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге жіберсін.
      4. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі ұйымдастыру-құқықтық қамтамасыз ету департаменті директорының міндетін атқарушы (Ж.М.Мұхамеджанов) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізгеннен кейін оны бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялауға жіберсін.
      5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Денсаулық сақтау вице-министрі Қ.Т.Омаровқа жүктелсін.
      6. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

       Министр

Қазақстан Республикасы    
Денсаулық сақтау министрінің 
2007 жылғы»26»ақпандағы   
N 137 бұйрығымен бекітілген 

  Дәрігерге дейінгі медициналық көмектің
түрлері мен көлемдері туралы тізбе 1. Дәрігерге дейінгі медициналық көмектің
түрлері мен көлемдері

      1. Диагностикалық іс-шаралар:
      1) медициналық құжаттарды ресімдеу;
      2) бойды, салмағын, бастың көлемін, кеуденің мөлшерін өлшеу;
      3) дененің температурасын, артериялық қан қысымын өлшеу, магистральдық тамырлардағы солқылдатуды анықтау;
      4) есту қабілетінің күштілігін, көрудің жітілігін, көз ішінің қысымын (тонометрия) анықтау;
      5) жүкті әйелдердің ішінің көлемін, жамбасының өлшемін, Соловьев индексін, жатыр түбінің орналасу биіктігін өлшеу;
      6) жүкті әйелдердің ұрықтың жақын жатуын, орналасуын, позицияларын, жүрек соғысын, жасырын ісіктерін анықтау;
      7) сырқаттарды диагностикалық ем-шараларға дайындау;
      8) тест-жүйелер (экспресс-диагностика) болған жағдайда клиникалық талдаулар мен биохимиялық зерттеулер;
      9) клиникалық, биохимиялық, бактериологиялық, бактериоскопиялық және басқа да зерттеулерді анықтау мақсатында орталықтандырылған зертханаға жіберу үшін материалдар жинау;
      10) электрокардиограмма-ЭКГ түсіру;
      11) функционалдық диагностика бөлімшелеріндегі (кабинеттеріндегі) жұмыс.

      2. Емдеу іс-шаралары:
      1) бұлшық етке, көктамырға салатын инъекциялар мен инфузияларды жүргізу;
      2) операциядан кейінгі жарақаттарды қайта таңуды, жараларды тазарту және асептикалық таңғыштарды таңу;
      3) жіті жағдайларда бастапқы медициналық көмек көрсету (анафилаксиялық шок, кардиогендік шок, жүректің қатты ауыруы, жүйкенің ауырсынуы, жүрек қызметінің тоқтауы, демалмау, ми қан айналымының жіті бұзылуы, гипертониялық күрт асқыну, қан кетулер, уланулар, күюлер, бронхтардың жиырылуы, гипер- немесе гипогликемияға байланысты жағдай, несептің жіті кідіруі, іш қатулар, жіті психикалық бұзылулар кезінде және басқа);
      4) сүйектер сынған жағдайда иммоблизациялау, шендеу, таңғыштар, қан тоқтататын бұраулар салу;
      5) дәрігердің тағайындауы бойынша емдік рәсімдерді өткізу;
      6) босандыруды жүргізу және қабылдау;
      7) массаждың негізгі және қосалқы тәсілдерін жүргізу;
      8) әртүрлі аурулары бар емделушілер үшін емдік дене шынықтырудың болжамды кешенін әзірлеу.

      3. Аурулардың алдын алу:
      1) халық арасында салауатты өмір салтын насихаттауды;
      2) жүкті әйелдерді босануға психопрофилактикалық даярлауды жүргізу.

  2. Дәрігерге дейінгі медициналық көмектің көлемдері

      4. Дәрігерге дейінгі медициналық көмектің көлемдері - профилактика мақсатында, сондай-ақ диагностика, емдеу және медициналық оңалту әдiстерiн дәрiгердiң қатысуымен пайдалануды талап етпейтiн аурулар кезiнде медициналық орта бiлiмi бар медицина қызметкерлерi көрсететiн көмек.

      5. Дәрігерге дейінгі медициналық көмектің көлемдері денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен диагностика мен емдеудің стандарттарына (хаттамаларына) сәйкес айқындалады. Стандарттар (хаттамалар) болмаған жағдайда диагностикалық және емдік іс-шаралардың көлемі көпшілік мақұлдаған тәсілдерге сәйкес медициналық айғақтар бойынша айқындалады.

Об утверждении Перечня видов и объема доврачебной медицинской помощи

Приказ Министра здравоохранения Республики Казахстан от 26 февраля 2007 года N 134. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 16 марта 2007 года N 4575. Утратил силу приказом и.о. Министра здравоохранения Республики Казахстан от 26 ноября 2009 года № 796.

      Сноска. Утратил силу приказом и.о. Министра здравоохранения РК от 26.11.2009 № 796 (порядок введения в действие см. п.6).

      В целях реализации  Закона Республики Казахстан "О системе здравоохранения",  ПРИКАЗЫВАЮ :

      1. Утвердить прилагаемый Перечень видов и объемы доврачебной медицинской помощи.

      2. Директорам департаментов (управлений) здравоохранения областей и городов Астаны и Алматы (по согласованию) принять к исполнению настоящий приказ.

      3. Директору Департамента лечебно-профилактической работы Министерства здравоохранения Республики Казахстан (Исмаилов Ж.К.) направить настоящий приказ на государственную регистрацию в Министерство юстиции Республики Казахстан.

      4. И.о. директора Департамента организационно-правового обеспечения Министерства здравоохранения Республики Казахстан (Мухамеджанов Ж.М.) направить настоящий приказ на официальное опубликование после его государственной регистрации в Министерстве юстиции Республики Казахстан.

      5. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на вице-министра здравоохранения Омарова К.Т. 

      6. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней со дня его первого официального опубликования.

      Министр

Утвержден              
приказом Министра здравоохранения 
Республики Казахстан       
от 26 февраля 2007 года N 134  

  Перечень видов и объемы доврачебной медицинской помощи

1. Перечень видов доврачебной медицинской помощи

      1. Диагностические мероприятия:
      1) оформление медицинской документации;
      2) измерение роста, веса, окружности головы, окружности груди;
      3) измерение температуры тела, артериального давления, определение пульсации на магистральных сосудах;
      4) определение остроты слуха, остроты зрения, внутриглазного давления (тонометрия);
      5) измерение у беременных женщин окружности живота, размеров таза, индекса Соловьева, высоты стояния дна матки;
      6) определение у женщин срока беременности, предлежания, положения, позиции, сердцебиения плода, скрытых отеков;
      7) подготовка больных к проведению диагностических процедур;
      8) взятие клинических анализов и выполнение биохимических исследований при наличии тест-систем (экспресс-диагностика);
      9) забор материала для отправки в централизованные лаборатории с целью определения клинических, биохимических, бактериологических, бактериоскопических исследований;
      10) снятие электрокардиограммы - ЭКГ;
      11) работа в отделениях (кабинетах) функциональной диагностики.

      2. Лечебные мероприятия:
      1) проведение внутрикожных, подкожных, внутримышечных, внутривенных инъекций и инфузий;
      2) перевязка послеоперационных ран, обработка ран и наложение аклюзионных и асептических повязок;
      3) оказание первой медицинской помощи при коллаптоидных, шоковых состояниях (анафилактическом, кардиогенном, септическом, травматическом), острых болях в сердце, невралгиях, остановке сердечной деятельности, остановке дыхания, остром нарушении мозгового кровообращения, гипертоническом кризе, кровотечениях, отравлениях, ожогах, бронхоспазме, состояниях связанных с гипер- или гипогликемией, острой задержке мочеиспускания, запорах, острых психических расстройствах);
      4) иммобилизация при травмах конечностей и позвоночного столба, шинирование при переломах костей, наложение повязок, кровоостанавливающих жгутов;
      5) проведение лечебных процедур по назначению врача;
      6) ведение и прием родов;
      7) проведение основных и вспомогательных приемов массажа;
      8) составление примерного комплекса лечебной физкультуры для пациентов с различными заболеваниями.

      3. Профилактика заболеваний:
      1) пропаганда здорового образа жизни среди населения;
      2) проведение психопрофилактической подготовки беременных к родам.

2. Объемы доврачебной медицинской помощи

      4. Объемы доврачебной медицинской помощи - комплекс мероприятий, оказываемый медицинскими работниками со средним медицинским образованием в целях профилактики, а также при заболеваниях, не требующих использования методов диагностики, лечения и медицинской реабилитации с участием врача.

      5. Объемы доврачебной медицинской помощи определяются в соответствии со стандартами (протоколами) диагностики и лечения, утвержденными уполномоченным органом в области здравоохранения. При отсутствии стандартов (протоколов), объем диагностических и лечебных мероприятий определяется по медицинским показаниям в соответствии с общепринятыми подходами.