Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 28.07.2015 № 809 бұйрығымен.
"Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. "Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігінің Көліктік бақылау комитеті және оның аумақтық органдарының әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы іс жүргізу жөніндегі нұсқаулығын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігінің Көліктік бақылау комитеті төрағасының 2004 жылғы 23 ақпандағы N 13-2-Ө (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2005 жылғы 25 қарашада 3946 нөмірмен тіркелген, "Заң газеті" газетінің 2005 жылғы 23 желтоқсандағы 176 (177) нөмірінде жарияланған "Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігінің Көліктік бақылау комитеті және оның аумақтық органдарының әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы іс жүргізу жөніндегі нұсқаулығын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігінің Көліктік бақылау комитеті төрағасының 2004 жылғы 23 ақпандағы N 13-2-Ө бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" 2005 жылғы 11 қарашадағы N 79-ө , Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2006 жылғы 15 сәуірде 4189 нөмірмен тіркелген, "Заң газеті" газетінің 2006 жылғы жылғы 12 мамырдағы 84-85 (891) нөмірінде, "Ресми газет" газетінің 2006 жылғы 21 мамырдағы 21 (282) нөмірінде жарияланған "Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігінің Көліктік бақылау комитеті және оның аумақтық органдарының әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы іс жүргізу жөніндегі нұсқаулығын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігінің Көліктік бақылау комитеті төрағасының 2004 жылғы 23 ақпандағы N 13-2-Ө бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2006 жылғы 17 наурыздағы N 21-2-ө Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Көліктік бақылау комитеті төрағасының бұйрықтарымен енгізілген өзгерістер мен толықтырулармен бірге Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2748 нөмірмен тіркелген, "Ресми газет" газетінің 2004 жылқы 10 сәуірдегі 15 (171) нөмірінде жарияланған) бұйрығына мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігінің Көліктік бақылау комитеті және оның аумақтық органдарының әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы іс жүргізу жөніндегі нұсқаулығында:
13-тармақтың екінші абзацы "жазбаша түрде" деген сөздерден кейін "осы Нұсқаулықтың 14-қосымшасына сәйкес" деген сөздермен толықтырылсын;
39-тармақтың бірінші абзацындағы "Комитет орталықтандырылған тәсілмен" деген сөздер "Комитет және оның аумақтық органдары" деген сөздермен ауыстырылсын;
6-қосымшадағы "М.О." деген сөздер алынып тасталсын;
көрсетілген Нұсқаулық 14-қосымшамен толықтырылсын және осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес редакцияда жазылсын.
2. Заң және кадр қызметі бөлімі (С.С.Жарылғасов) белгіленген тәртіппен осы бұйрықты мемлекеттік тіркеу үшін Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне жіберсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Көліктік бақылау комитеті төрағасының орынбасары Қ.Б.Есжановқа жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Төраға
Қазақстан Республикасы
Көлік және коммуникация
министрлігінің
Көліктік бақылау комитеті
төрағасының
2007 жылғы»28»наурыздағы
N 52-ө бұйрығына қосымша
Қазақстан Республикасы
Көлік және коммуникация
министрлігінің
Көліктік бақылау комитетімен
және оның аумақтық органдарымен
әкімшілік құқық бұзушылықтар
туралы іс жүргізу жөніндегі
нұсқаулыққа 14-қосымша
Әкімшілік құқық бұзушылық фактісі бойынша
ЕСКЕРТУ
20 __ жылғы "____" ______________ _________________________
(елді мекен)
____________________________________________________________________
(ескерту берген қызметкердің лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты)
____________________________________________________________________
Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің
639-бабының 1-бөлігін басшылыққа ала отырып, азамат:
Т.А.Ә.а_____________________________________________________________
Азаматтығы__________________________________________________________
Туған жылы және жері________________________________________________
____________________________________________________________________
Отбасы жағдайы _________________________________________ асырауында
Жеке басын куәландыратын құжаты_____________________________________
(нөмірі, сериясы, кім және қашан берген)
____________________________________________________________________
Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы
кодексінің _________________ бабында көзделген әкімшілік құқық
бұзушылық жасағаны үшін ескерту жасады______________________________
____________________________________________________________________
(әкімшілік құқық бұзушылық жасаған жері, уақыты және мән-жайы)
____________________________________________________________________
Азаматқа ескерту жасалды
Ескерту жасаған_________________________ ________________________
(лауазымы, Т.А.Ә.а) (қызметкердің қолы)
Қабылданған шешіммен таныстым және бұдан әрі құқыққа қарсы
мінез-құлыққа жол бермеу туралы ескертілдім_________________________
____________________________________________________________________
_________________________________________ __________________________
(Т.А.Ә.а) (құқық бұзушының қолы)