БҰЙЫРАМЫН:
1. "Салық органдарында мүлікті жария ету жүргізудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2006 жылғы 11 шілдедегі N 253 бұйрығына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4288 болып тіркелген, "Заң газетінде" 2006 жылғы 19 шілдеде N 132 (938) жарияланған, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4387 болып тіркелген, "Заң газетінде" 2006 жылғы 22 қыркүйекте N 170 (976) жарияланған "Салық органдарында мүлікті жария ету жүргізудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2006 жылғы 11 шілдедегі N 253 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2006 жылғы 29 тамыздағы N 331 бұйрығымен және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4470 болып тіркелген, "Ресми газетте" 2007 жылғы 6 қаңтарда N 1 (314) жарияланған "Салық органдарында мүлікті жария ету жүргізудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2006 жылғы 11 шілдедегі N 253 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2006 жылғы 23 қарашадағы N 454 бұйрығымен енгізілген өзгерістермен және толықтырулармен) мынадай өзгерістер енгізілсін:
6-тармақтағы "шілдеге" деген сөз "қарашаға" деген сөзбен ауыстырылсын;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Салық органдарында мүлікті жария етуді жүргізу жөніндегі нұсқаулықта:
7-тармақтағы "сәуірде" деген сөз "тамызда" деген сөзбен ауыстырылсын;
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті (Н.Қ.Рахметов) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге жіберсін.
3. Осы бұйрық ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі