Рейтинг агенттіктері мен банктер мәмілелерін жүзеге асыра алатын облигацияларға арналған ең төменгі талап етілетін рейтингін, сондай-ақ екiншi деңгейдегі банктер брокерлік және/немесе дилерлік қызметті жүзеге асырған кезде мемлекеттік бағалы қағаздарымен мәмілелер жасай алатын елдердің ең төменгі талап етiлетiн рейтингін белгілеу туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және Қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2007 жылғы 30 сәуірдегі N 128 Қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2007 жылғы 9 маусымда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 4717 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 28 сәуірдегі № 176 Қаулысымен.

      Ескерту. Қаулының күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.04.28 № 176 (қолданысқа енгізілу тәртібін 7-тармақтан қараңыз) Қаулысымен.

      Ескерту. Қаулының атауы жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2008.02.26 N 19 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз) Қаулысымен.

      "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 31 тамыздағы Заңының 8-бабының 5-тармағына және 30-бабының 12-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
      Ескерту. Кіріспеге өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2008.02.26 N 19 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз) Қаулысымен.

      1. Банктердің рейтингі"ВВВ-"-дан төмен емес ("Standard & Рооr's" және "Fіtсh" рейтинг агенттіктерінің жіктелімі бойынша) немесе "Ваа3" төмен емес ("Мооdу's Investors Service" рейтинг агенттіктерінің жіктелімі бойынша) рейтингі бар шетел эмитенттерінің облигацияларымен мәмілелерді жүзеге асыра алатындықтары белгіленсін.
      Банктер мәміле жасай алатын шетел эмитенттерінің облигацияларының рейтингін төмендету кезінде осы тармақта белгіленген деңгейден төмен мәмілелерді жүзеге асыра алады, аталған төмендету пайда болған айдан кейінгі алты күнтізбелік ай ішінде банктер өз қызметін осы тармақтың талаптарына сәйкестендіре жүргізеді.
      Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2008.02.26 N 19 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз), 2009.11.30 N 239 Қаулыларымен.

      2. Банктердің рейтингі"ВВ-"-дан төмен емес ("Standard & Рооr's" және "Fіtсh" рейтинг агенттіктерінің жіктелімі бойынша) немесе "ВаЗ" төмен емес ("Мооdу's Investors Service" рейтинг агенттіктерінің жіктелімі бойынша), не жоғарыда аталған рейтинг агенттіктерінің ұлттық шәкілі бойынша "кzВВВ" төмен емес рейтинг бағасы бар Қазақстан Республикасы эмитенттерінің облигацияларымен мәмілелерді жүзеге асыра алатындықтары белгіленсін.
      Банктердің мәмілелерді осы тармақта белгіленгеннен төмен деңгейде жүзеге асыра алатындай болып, Қазақстан Республикасы эмитенттерінің облигацияларының рейтингі төмендеген кезде, банктер аталған төмендету пайда болған айдан кейінгі алты күнтізбелік ай ішінде өз қызметін осы тармақтың талаптарына сәйкестендіре жүргізеді.
      Ескерту. 2-тармаққа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2009.11.30 N 239 Қаулысымен.
      2-1. Қазақстан Республикасының эмитентіне қатысты соттың қайтақұрылымдау жүргізу туралы шешімі бар болғанда, оның қайта құрылымдандырылатын облигациялары және өзге де міндеттемелері бар, осы қаулының 2-тармағының талаптарына сәйкес келмейтін банктер қайта құрылымдау тоқтатылған айдан кейінгі он екі ай ішінде өз қызметін осы қаулының 2-тармағының талаптарына сәйкестендіре жүргізеді.
      Ескерту. 2-1-тармақпен толықтырылды - Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2009.11.30 N 239 Қаулысымен.
      2-2. Осы қаулының талаптарына сәйкес келмейтін облигациялары бар банктер осы қаулының 2-1 және 3-тармақтарында көрсетілген жағдайларды қоспағанда, 2012 жылғы 1 қаңтарға дейінгі мерзімде аталған облигацияларды сатсын.
      Ескерту. 2-2-тармақпен толықтырылды - Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2009.11.30 N 239, өзгерту енгізілді - 2010.12.27 № 185 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) Қаулыларымен.
      2-3. «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 31 тамыздағы Заңына сәйкес қайта құрылымдауды жүзеге асыратын (жүзеге асырған), қайта құрылымдау аясында сатып алынған және осы қаулының 1 және 2-тармақтарының талаптарына сәйкес келмейтін облигациялары бар банктер аталған облигацияларды қайта құрылымдау аяқталған жылдан кейінгі бес жылға дейінгі мерзімде сатсын.
      Ескерту. 2-3-тармақпен толықтырылды - Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2010.12.27 № 185 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) Қаулысымен.

       3. Банктер осы қаулы қолданысқа енген күнде осы қаулының 1 және 2 тармақтарының талаптарына сәйкес келмеген облигациялары қолда бар болған жағдайда 2012 жылғы 1 маусымға дейінгі мерзімде аталған облигацияларды іске асырсын.

      3-1. Екiншi деңгейдегi банктердiң ("Standard & Poor`s" немесе "Fitch" рейтинг агенттiктерiнiң жіктелуі бойынша) "ВВВ-"-дан төмен емес немесе ("Moody`s Investors Service" рейтинг агенттiгiнiң жіктелуі бойынша) "Ваа3"-тен төмен емес шетел валютасында тәуелсiз ұзақ мерзiмдi рейтингi бар елдердiң мемлекеттiк бағалы қағаздарымен брокерлiк және (немесе) дилерлiк қызметтi жүзеге асыра алатындықтары белгiленсiн.
      Ескерту. 3-1-тармақпен толықтырылды - Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2008.02.26 N 19 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз) Қаулысымен.

      3-2. Екiншi деңгейдегi банктер мемлекеттiк бағалы қағаздарымен брокерлiк және (немесе) дилерлiк қызметтi осы қаулының 3-1-тармағында айқындалған деңгейден төмен жүзеге асыра алатын елдердiң шетел валютасында тәуелсiз ұзақ мерзiмдi рейтингi төмендеген кезде брокерлiк және (немесе) дилерлiк қызметтi жүзеге асыратын екiншi деңгейдегi банктер көрсетiлген төмендеу орын алған айдан кейiн келетiн үш күнтiзбелiк айдың iшiнде өз қызметiн осы қаулының 3-1-тармағының талаптарына сәйкес келтiредi.
      Ескерту. 3-2-тармақпен толықтырылды - Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2008.02.26 N 19 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз) Қаулысымен.

      4. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
      1) Облигациялармен екінші деңгейдегі банктер мәмілелерді жүзеге асыра алатын халықаралық қаржы ұйымдарының және шетел эмитенттеріне арналған ең төменгі рейтингтің тізбесін белгілеу туралы Қазақстан Республикасының Қаржы рыногын және қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі басқармасының 2004 ж. 9 ақпандағы N 25 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2740 тіркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілері бюллетенінде жарияланған, 2004 жыл, N 37-40, 1004-құжат);

      2) "Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Облигациялармен екінші деңгейдегі банктер мәмілелерді жүзеге асыра алатын халықаралық қаржы ұйымдарының тізбесін белгілеу туралы" 2004 жылғы 9 ақпандағы N 25 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 25 ақпандағы N 45 Қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4151 тіркелген);

      5. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін қолданысқа енеді.

      6. Стратегия және талдау департаменті (М.С. Бөбеев):
      1) Заң департаментімен (Байсынов М.Б.) бірлесіп, осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қолға алсын;
      2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он күндік мерзімде оны Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне, екінші деңгейдегі банктерге, "Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігіне мәлімет үшін жіберсін.

      7. Агенттіктің Халықаралық қатынастар және жұртшылықпен байланыс бөлімі осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау жөнінде шаралар қабылдасын.

      8. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрағасының орынбасары Е.Л.Бахмутоваға жүктелсін.

      Төраға

Об установлении рейтинговых агентств и минимального требуемого рейтинга для облигаций, с которыми банки могут осуществлять сделки, а также минимального требуемого рейтинга стран, с государственными ценными бумагами которых банки могут совершать сделки при осуществлении брокерской и (или) дилерской деятельности

Постановление Правления Агентства Республики Казахстан по регулированию и надзору финансового рынка и финансовых организаций от 30 апреля 2007 года № 128. Зарегистрировано в Министерстве юстиции Республики Казахстан 9 июня 2007 года № 4717. Утратило силу постановлением Правления Национального Банка Республики Казахстан от 28 апреля 2012 года № 176

      Сноска. Утратило силу постановлением Правления Национального Банка РК от 28.04.2012 № 176 (вводится в действие по истечении четырнадцати календарных дней после дня его первого официального опубликования и распространяется на отношения, возникшие с 01.01.2012).

      Сноска. Заголовок в редакции постановления Правления Агентства РК по регулированию и надзору финансового рынка и финансовых организаций от 26.02.2008  N 19 (порядок введения в действие см.  п.3 ).

      В соответствии с пунктом 5  статьи 8 и пунктом 12 статьи 30 Закона Республики Казахстан от 31 августа 1995 года "О банках и банковской деятельности в Республике Казахстан", Правление Агентства Республики Казахстан по регулированию и надзору финансового рынка и финансовых организаций (далее - Агентство)  ПОСТАНОВЛЯЕТ:
       Сноска. Преамбула с изменениями, внесенными постановлением Правления Агентства РК по регулированию и надзору финансового рынка и финансовых организаций от 26.02.2008  N 19 (порядок введения в действие см.  п.3 ).

      1. Установить, что банки могут осуществлять сделки с облигациями иностранных эмитентов, имеющими рейтинг не ниже "ВВВ-" (по классификации рейтинговых агентств "Standard & Poor's" и "Fitch") или не ниже "Ваа3" (по классификации рейтингового агентства "Moody's Investors Service").
      При понижении рейтинга облигаций иностранных эмитентов, с которыми банки могут осуществлять сделки, ниже уровня, определенного в настоящем пункте, банки в течение шести календарных месяцев, следующих за месяцем, в котором произошло указанное понижение, приводят свою деятельность в соответствие с требованиями настоящего пункта.
       Сноска. Пункт 1 с изменениями, внесенными постановлениями Правления Агентства РК по регулированию и надзору финансового рынка и финансовых организаций от 26.02.2008 N 19 (порядок введения в действие см. п. 3); от 30.11.2009 № 239 (порядок введения в действие см. п. 2).

      2. Установить, что банки могут осуществлять сделки с облигациями эмитентов Республики Казахстан, имеющими рейтинг не ниже "ВВ-" (по классификации рейтинговых агентств "Standard & Poor's" и "Fitch") или не ниже "Ва3" (по классификации рейтингового агентства "Moody's Investors Service"), либо рейтинговую оценку не ниже "kzBBB" по национальной шкале вышеуказанных рейтинговых агентств.
      При понижении рейтинга облигаций эмитентов Республики Казахстан, с которыми банки могут осуществлять сделки, ниже уровня, определенного в настоящем пункте, банки в течение шести календарных месяцев, следующих за месяцем, в котором произошло указанное понижение, приводят свою деятельность в соответствие с требованиями настоящего пункта.
      Сноска. Пункт 2 с изменениями, внесенными постановлением Правления Агентства РК по регулированию и надзору финансового рынка и финансовых организаций от 30.11.2009 № 239 (порядок введения в действие см. п. 2).
      2-1. Банки, имеющие в наличии реструктурируемые облигации и иные обязательства эмитента Республики Казахстан, в отношении которого имеется решение суда о проведении реструктуризации, не соответствующие требованиям пункта 2 настоящего постановления, в течение двенадцати месяцев, следующих за месяцем, в котором была прекращена реструктуризация, приводят свою деятельность в соответствие с требованиями пункта 2 настоящего постановления.
      Сноска. Постановление дополнено пунктом 2-1 в соответствии с постановлением Правления Агентства РК по регулированию и надзору финансового рынка и финансовых организаций от 30.11.2009 № 239 (порядок введения в действие см. п. 2).
      2-2. Банкам, имеющим в наличии облигации, не соответствующие требованиям настоящего постановления, за исключением случаев, указанных в пунктах 2-1 и 3 настоящего постановления, в срок до 1 января 2012 года реализовать указанные облигации.
      Сноска. Постановление дополнено пунктом 2-2 в соответствии с постановлением Правления Агентства РК по регулированию и надзору финансового рынка и финансовых организаций от 30.11.2009 № 239 (порядок введения в действие см. п. 2); с изменениями, внесенными постановлением Правления АФН РК от 27.12.2010 № 185 (вводится в действие по истечении четырнадцати календарных дней со дня государственной регистрации в Министерстве юстиции Республики Казахстан и распространяется на отношения, возникшие с 1 января 2011 года).
      2-3. Банкам, осуществляющим (осуществившим) реструктуризацию в соответствии с Законом Республики Казахстан от 31 августа 1995 года "О банках и банковской деятельности в Республике Казахстан", имеющим в наличие облигации, приобретенные в рамках реструктуризации и не соответствующие требованиям пунктов 1 и 2 настоящего постановления, в срок до пяти лет после года завершения реструктуризации реализовать указанные облигации.
      Сноска. Постановление дополнено пунктом 2-3 в соответствии с постановлением Правления АФН РК от 27.12.2010 № 185 (вводится в действие по истечении четырнадцати календарных дней со дня государственной регистрации в Министерстве юстиции Республики Казахстан и распространяется на отношения, возникшие с 1 января 2011 года).

      3. Банкам, имеющим на дату вступления настоящего постановления в наличии облигации, не соответствующие требованиям пунктов 1 и 2 настоящего постановления, в срок до 1 июня 2012 года реализовать указанные облигации.

      3-1. Установить, что банки могут осуществлять брокерскую и (или) дилерскую деятельность с государственными ценными бумагами стран, имеющих суверенный долгосрочный рейтинг в иностранной валюте не ниже "ВВВ-" (по классификации рейтинговых агентств "Standard & Poor's" и "Fitch") или не ниже "Ваа3" (по классификации рейтингового агентства "Moody's Investors Service").
       Сноска. Постановление дополнено пунктом 3-1 в соответствии с постановлением Правления Агентства РК по регулированию и надзору финансового рынка и финансовых организаций от 26.02.2008 N 19 (порядок введения в действие см. п. 3).

       3-2. При понижении суверенного долгосрочного рейтинга в иностранной валюте стран, с государственными ценными бумагами которых банки могут осуществлять брокерскую и (или) дилерскую деятельность, ниже уровня, определенного в пункте 3-1 настоящего постановления, банки, осуществляющие брокерскую и (или) дилерскую деятельность, в течение трех календарных месяцев, следующих за месяцем, в котором произошло указанное понижение, приводят свою деятельность в соответствие с требованиями пункта 3-1 настоящего постановления.
      Сноска. Постановление дополнено пунктом 3-2 в соответствии с постановлением Правления Агентства РК по регулированию и надзору финансового рынка и финансовых организаций от 26.02.2008 N 19 (порядок введения в действие см. п. 3).

      4. Признать утратившими силу:
      1) постановление Правления Агентства от 9 февраля 2004 года N 25 "Об утверждении перечня международных финансовых организаций и минимального рейтинга для иностранных эмитентов, с облигациями которых банки второго уровня вправе совершать сделки" (зарегистрированное в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под N 2740, опубликованное в Бюллетене нормативных правовых актов центральных исполнительных и иных государственных органов Республики Казахстан, 2004 год, N 37-40, ст. 1004);
      2) постановление Правления Агентства от 25 февраля 2006 года N 45 "О внесении дополнений и изменения в постановление Правления Агентства Республики Казахстан по регулированию и надзору финансового рынка и финансовых организаций от 9 февраля 2004 года N 25 "Об утверждении перечня международных финансовых организаций, с облигациями которых банки второго уровня вправе совершать сделки" (зарегистрированное в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под N 4151).

      5. Настоящее постановление вводится в действие по истечении четырнадцати дней со дня его государственной регистрации в Министерстве юстиции Республики Казахстан.

      6. Департаменту стратегии и анализа (Бубеев М.С.):
      1) совместно с Юридическим департаментом (Байсынов М.Б.) принять меры к государственной регистрации в Министерстве юстиции Республики Казахстан настоящего постановления;
      2) в десятидневный срок со дня государственной регистрации в Министерстве юстиции Республики Казахстан довести настоящее постановление до сведения заинтересованных подразделений Агентства, банков второго уровня, Объединения юридических лиц "Ассоциация финансистов Казахстана".

      7. Отделу международных отношений и связей с общественностью принять меры к публикации настоящего постановления в средствах массовой информации Республики Казахстан.

      8. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на заместителя Председателя Агентства Бахмутову Е.Л.

       Председатель