Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Екінші деңгейдегі банктердің қаржылық қызмет бойынша сыйақы шегі туралы ақпаратты тарату кезіндегі сыйақы мөлшерлемесінің деңгейін есептеу Ережесін бекіту туралы" 2006 жылғы 23 қыркүйектегі N 215 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2007 жылғы 16 шілдедегі N 206 Қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2007 жылғы 27 тамыздағы Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 4893 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 26 наурыздағы № 137 Қаулысымен.

      Ескерту. Қаулының күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.03.26 № 137 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      Қолданушылардың назарына!!!
      Қаулының қолданысқа енгізілу тәртібін  2-тармақтан қараңыз.

      Екінші деңгейдегі банктердің және банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру мақсатында, Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Агенттік Басқармасының "Екінші деңгейдегі банктердің қаржылық қызмет бойынша сыйақы шегі туралы ақпаратты тарату кезіндегі сыйақы мөлшерлемесінің деңгейін есептеу Ережесін бекіту туралы" 2006 жылғы 23 қыркүйектегі  N 215 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4444 тіркелген, "Заң газеті" газетінде 2006 жылғы 17 қарашада N 201 (1181) жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      атауында және 1-тармақта "Екінші деңгейдегі банктердің" деген сөздер алынып тасталсын;
      кіріспеде "32-бабының 4-тармағын" деген сөздер мен цифрлар "39-бабының 2-тармағын" деген сөздермен және цифрлармен ауыстырылсын;

      көрсетілген қаулымен бекітілген ЕкіншІ деңгейдегі банктердің қаржылық қызмет бойынша сыйақы шегі туралы ақпаратты тарату кезіндегі сыйақы мөлшерлемесінің деңгейін есептеу Ережесінде:
      атауындағы "Екінші деңгейдегі банктердің" деген сөздер алынып тасталсын;

      кіріспеде:
      "32-бабының 4" деген сөздер мен цифрлар "39-бабының 2" деген сөздермен және цифрлармен ауыстырылсын;
      "екінші деңгейдегі банктердің" деген сөздерден кейін "және банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың" деген сөздермен толықтырылсын;

      1-тармақта:
      2) тармақша "заеммен байланысы бар депозит -" деген сөздерден кейін "заемшының атына ашылған және" деген сөздермен толықтырылсын;
      4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "4) қызмет - банктердің банктік заем операцияларын және (немесе) депозиттерді қабылдау бойынша операцияларды жүзеге асыруы;";
      мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:
      "5) заем - уәкілетті органның лицензиясы негізінде банктің төлемділік, мерзімділік және қайтарымдылық шарттарымен ақшалай нысандағы кредиттерді беруі.";

      2-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      "2. Банктер тиімді жылдық сыйақы мөлшерлемесін басқа сыйақы мөлшерлемелерімен шрифті ресімдеу нысаны, көлемі және стилі (курсив, жартылай қара әріппен жазылған, түспен бөлініп көрсетілген, мөлшері) бойынша бірдей бірыңғай форматта көрсетеді:";

      4-тармақтың алтыншы абзацындағы "банктік" деген сөз алынып тасталсын;

      5-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      "Клиент төлемдерінің жалпы сомасына банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым берген заемдар бойынша сыйақы сомасын қоспағанда, осы заемдарға қызмет ету бойынша қызметті ұсынатын банктің комиссиясы кіреді.";

      10-тармақтың үшінші абзацындағы "қолданыстағы шарт бойынша" деген сөздерден кейін "шартқа өзгерістер енгізген жағдайда, оның ішінде клиенттің өтініші бойынша, банк өзгерістерді енгізгенде шартта жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесін көрсетуді көздеуі тиіс.";

      11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "11. Кредиттік желі бойынша заемдар беру кезінде жылдық тиімді мөлшерлеме кредиттік желіні ашу туралы келісімде және осы келісім аясында жасалған әр шартта белгіленген талаптар негізінде көрсетіледі.";

      12-тармақ:
      мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      "Кредиттік желі туралы келісімде жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесін есептеу үшін қажетті мәндер жоқ болған жағдайда, банк оны келісім аясында жасалған шарттарда көрсетеді.";

      мынадай мазмұндағы 12-1-тармақпен толықтырылсын:
      "12-1. Тартылатын депозиттер бойынша жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесін есептеуде мынадай талаптар ескеріледі:
      1) егер шартта депозитті қайтарудың мерзімі белгіленбеген болса, депозит шартты жасасқан сәттен бастап бір жыл мерзімге енгізілген деп есептеледі;
      2) егер шарт талаптарында депозит бойынша сыйақы мөлшерлемесі жоқ болса, жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі банктің комиссияларын ескеріп есептеледі, және шартта көрсетіледі.";

      мынадай мазмұндағы 13-1-тармақпен толықтырылсын:
      "13-1. Қызмет бойынша сыйақы мөлшерлемесі туралы ақпаратты әр таратуда міндетті түрде осы қызметтерді (комиссиялар мен кепіл түрлері) ұсынудың талаптары болуы тиіс.".

      2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

      3. Қаржылық қызмет көрсетуді тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті (Л.Е. Үсенбекова):
      1) Заң департаментімен (М.Б. Байсынов) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қолға алсын;
      2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он күндік мерзімде осы қаулыны Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне, "Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігіне, екінші деңгейдегі банктерге және банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға мәлімет үшін жіберсін.

      4. Төраға қызметі осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды қамтамасыз етсін.

      5. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрағасының орынбасары Е.Л. Бахмутоваға жүктелсін.

       Төраға

О внесении изменений и дополнений в постановление Правления Агентства Республики Казахстан по регулированию и надзору финансового рынка и финансовых организаций от 23 сентября 2006 года № 215 "Об утверждении Правил исчисления банками второго уровня ставок вознаграждения при распространении информации о величинах вознаграждения по финансовым услугам"

Постановление Правления Агентства Республики Казахстан по регулированию и надзору финансового рынка и финансовых организаций от 16 июля 2007 года № 206. Зарегистрировано в Министерстве юстиции Республики Казахстан 27 августа 2007 года № 4893. Утратило силу постановлением Правления Национального Банка Республики Казахстан от 26 марта 2012 года № 137

      Сноска. Утратило силу постановлением Правления Национального Банка РК от 26.03.2012 № 137 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого опубликования).

      В целях совершенствования нормативных правовых актов, регулирующих деятельность банков второго уровня и организаций, осуществляющих отдельные виды банковских операций, Правление Агентства Республики Казахстан по регулированию и надзору финансового рынка и финансовых организаций (далее - Агентство)  ПОСТАНОВЛЯЕТ :

      1. Внести в постановление Правления Агентства от 23 сентября 2006 года  N 215 "Об утверждении Правил исчисления банками второго уровня ставок вознаграждения при распространении информации о величинах вознаграждения по финансовым услугам" (зарегистрированное в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под N 4444, опубликованное в газете "Юридическая газета" от 17 ноября 2006 года N 201 (1181)) следующие изменения и дополнения:
      в наименовании и пункте 1 слова "банками второго уровня" исключить;
      в преамбуле слова и цифры "пункта 4 статьи 32" заменить словами и цифрами "пункта 2 статьи 39";
      в  Правилах исчисления банками второго уровня ставок вознаграждения при распространении информации о величинах вознаграждения по финансовым услугам, утвержденных указанным постановлением:
      в наименовании слова "банками второго уровня" исключить;
      в преамбуле:
      цифры и слова "4 статьи 32" заменить цифрами и словами "2 статьи 39";
      после слов "второго уровня" дополнить словами "и организациями, осуществляющими отдельные виды банковских операций,";
      в пункте 1:
      подпункт 2) после слова "который" дополнить словами "открыт на имя заемщика и";
      подпункт 4) изложить в следующей редакции:
      "4) услуги - осуществление банками банковских заемных операций и (или) операций по приему депозитов;";
      дополнить подпунктом 5) следующего содержания:
      "5) заем - предоставление банком кредитов в денежной форме на условиях платности, срочности и возвратности, на основании лицензии уполномоченного органа.";
      абзац первый пункта 2 изложить в следующей редакции:
      "2. Банки указывают годовую эффективную ставку вознаграждения в едином формате, одинаковом по форме, величине и стилю (курсив, полужирный, выделение цветом, размер) оформления шрифтов с другими ставками вознаграждения:";
      в абзаце шестом пункта 4 слово "банковских" исключить;
      пункт 5 дополнить абзацем следующего содержания:
      "Общая сумма платежей клиента, за исключением сумм вознаграждения по займам, выданным организацией, осуществляющей отдельные виды банковских операций, включает в себя также комиссию банка, предоставляющего услуги по обслуживанию данных займов.";
      в абзаце третьем пункта 10 слова "при обращении клиента в банк для внесения изменений в договор" заменить словами "в случае внесения изменений в договор, в том числе по обращению клиента";
      пункт 11 изложить в следующей редакции:
      "11. При предоставлении займов по кредитным линиям годовая эффективная ставка указывается в соглашении об открытии кредитной линии и в каждом договоре, заключенном в рамках данного соглашения, исходя из установленных в нем условий.";
      в пункте 12:
      дополнить абзацем следующего содержания:
      "В случае отсутствия в соглашении о кредитной линии значений, необходимых для расчета годовой эффективной ставки вознаграждения, банк указывает ее в договорах, заключенных в рамках соглашения.";
      дополнить пунктом 12-1 следующего содержания:
      "12-1. При исчислении годовой эффективной ставки вознаграждения по привлекаемым депозитам учитываются следующие условия:
      1) если договором не определен срок возврата депозита, депозит считается внесенным сроком на один год с момента заключения договора;
      2) если по условиям договора ставка вознаграждения по депозиту отсутствует, годовая эффективная ставка вознаграждения рассчитывается с учетом комиссий банка, и указывается в договоре.";
      дополнить пунктом 13-1 следующего содержания:
      "13-1. Любое распространение информации о ставках вознаграждения по услугам в обязательном порядке должно содержать условия предоставления данных услуг (виды комиссии и залога).".

      2. Настоящее постановление вводится в действие по истечении четырнадцати дней со дня его государственной регистрации в Министерстве юстиции Республики Казахстан.

      3. Департаменту защиты прав потребителей финансовых услуг (Усенбекова Л.Е.):
      1) совместно с Юридическим департаментом (Байсынов М.Б.) принять меры к государственной регистрации в Министерстве юстиции Республики Казахстан настоящего постановления;
      2) в десятидневный срок со дня государственной регистрации настоящего постановления в Министерстве юстиции Республики Казахстан довести его до сведения заинтересованных подразделений Агентства, Объединения юридических лиц "Ассоциация финансистов Казахстана", банков второго уровня и организаций, осуществляющих отдельные виды банковских операций.

      4. Службе Председателя Агентства обеспечить публикацию настоящего постановления в средствах массовой информации Республики Казахстан.
      5. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на заместителя Председателя Агентства Бахмутову Е.Л.

      Председатель