Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қатысушысы ретінде аккредиттеу Ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу агенттігінің 2007 жылғы 9 тамыздағы N 02-02/192 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2007 жылғы 27 тамызда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 4899 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу агенттігі Төрағасының 2009 жылғы 20 наурыздағы N 04.2-44/78 Бұйрығы.

      Күші жойылды - ҚР Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу агенттігі Төрағасының 2009.03.20 N 04.2-44/78 Бұйрығымен.

      Қолданушылардың назарына!!!
      Қаулының қолданысқа енгізілу тәртібін 5-тармақтан қараңыз.

      "Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 2-1) тармақшасын басшылыққа ала отырып, БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қосымша тіркелген Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қатысушысы ретінде аккредиттеу Ережесі бекітілсін.

      2. Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Заң басқармасы Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуі бойынша шаралар қабылдасын.

      3. Агенттіктің Даму департаменті Қазақстан Республикасы бұқаралық ақпарат құралдарында аталған бұйрықтың жариялануын қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме жүктеймін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жариялануынан он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Төраға м.а.

Қазақстан Республикасы    
Алматы қаласының өңірлік   
қаржы орталығының      
қызметін реттеу агенттігі  
Төрағасының м.а.      
2007 жылғы 9 тамыздағы   
N 02-02/192 бұйрығымен   
бекітілді        

Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қатысушысы
ретінде аккредиттеу туралы Ереже

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қатысушысы ретінде аккредиттеу туралы Ереже (бұдан әрі - Ереже) "Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығы туралы" Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес әзірленіп, Қазақстан Республикасы Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу агенттігінің (бұдан әрі - Уәкілетті орган) зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын банктік ұйымдарды, жинақтаушы зейнетақы қорларын, бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушыларын қоспағанда, қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі уәкілетті орган ұсынған брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асыруға құқық беретін лицензиясы бар бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушыларын (бұдан әрі - брокерлік және (немесе) дилерлік ұйымдар), аккредиттеуді  жүргізу тәртібін белгілейді.

      2. Аккредиттеудің мақсаты брокерлік және дилерлік ұйымдардың Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қатысушысы (бұдан әрі - қаржы орталығы қатысушысы) ретіндегі қызметін жүзеге асыру құқықтарын ресми мойындау болып табылады.

2. Аккредиттеуді жүргізу тәртібі

      3. Брокерлік және (немесе) дилерлік ұйымдар аккредиттеуге уәкілетті органға келесі құжаттарды ұсынады:
      1) 1-Қосымшаға сәйкес, белгіленген тәртіптегі өтініш (мемлекеттік және орыс тілдерінде);
      2) Жарғының нотариалды расталған көшірмесі;
      3) Мемлекеттік тіркеу куәлігінің, салық төлеуші куәлігінің және статистикалық картаның нотариалды расталған көшірмелері;
      4) Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі уәкілетті орган ұсынған брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асыруға құқық беретін лицензияның нотариалды расталған көшірмесі;
      5) осы Ереженің 3 қосымшасына сәйкес нысан бойынша шетел жұмыс күшінің бар болуы туралы мәлімет;
      6) заңды тұлғаның орналасқан жерін растайтын құжаттар (заңды тұлғаның орналасқан жерін растайтын құжаттар: жалға алудың, сатып алу-сату шартының, ғимаратқа деген құқықтың тіркелу куәлігі немесе азаматтық заңнамада қарастырылған басқа да құжаттың нотариалды көшірмесі болып саналады. Егер ғимараттың иесі жеке тұлға болған жағдайда, онда жеке тұлғаның заңды тұлғаның орналасқан жері ретінде ғимаратты беруге нотариалды расталған келісімі);
      7) бірінші басшымен қол қойылған және брокерлік және (немесе) дилерлік ұйымның мөрімен расталған (егер құжаттар оның өкілімен ұсынылған жағдайда), құжаттарды ұсыну және алуға сенімхат.
      Ескерту. 3-тармаққа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу агенттігі Төрағасының 2008.01.25. N 02-02/10 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз) Бұйрығымен.

      3-1. Уәкілетті органға осы Ереженің 3 тармағының 2)-4) тармақшасында көрсетілген құжаттармен бір уақытта олардың төлнұсқалары ұсынылып, салыстырып тексерілгеннен кейін арыз берушіге қайтарылады.
      Ескерту. 3-1-тармақпен толықтырылды - Қазақстан Республикасы Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу агенттігі Төрағасының 2008.01.25. N 02-02/10 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз) Бұйрығымен.

      4. Өтінішті қарастыру нәтижелеріне байланысты, уәкілетті орган брокерлік және (немесе) дилерлік ұйымды аккредиттеу немесе одан бас тарту туралы бұйрық шығарады, аталған бұйрыққа уәкілетті органның басшысы немесе оның орынбасары қол қояды.
      Уәкілетті орган келесі жағдайларда брокерлік және (немесе) дилерлік ұйымды аккредиттеуден дәлелді жазбаша түрде бас тартады:
      1) осы Ереженің 3-тармағында қарастырылған құжаттардың тізімге сай толық ұсынылмауы;
      2) Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі уәкілетті орган ұсынған лицензияның уақытша тоқтатылуы, тәркіленуі немесе күшінің жойылуы.
      Брокерлік және (немесе) дилерлік ұйымның жоғарыда ұсынылған талап бұзушылықтарды жоюы жағдайында, аккредиттеу туралы өтініш ортақ негізде қарастырылады.
      Ескерту. 4-тармаққа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу агенттігі Төрағасының 2008.01.25. N 02-02/10 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз) Бұйрығымен.

      5. Уәкілетті орган аккредиттеуге ұсынылған құжаттарды олардың толық ұсынылу уақытынан бастап бес жұмыс күні ішінде қарастырады.

      6. Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қатысушысы ретінде аккредиттеу туралы куәлік (осы Ережеге 2-Қосымша) брокерлік және (немесе) дилерлік ұйымның қаржы орталығы қатысушысы ретінде аккредиттелуін растайтын ресми құжат болып табылады.

      7. Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығы қатысушысы ретінде аккредиттеу туралы куәлікке уәкілетті органның басшысы немесе оның орынбасары қол қояды.
      Ескерту. 7-тармаққа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу агенттігі Төрағасының 2008.01.25. N 02-02/10 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз) Бұйрығымен.

      8. Брокерлік және (немесе) дилерлік ұйым жабылған немесе қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі уәкілетті орган ұсынған лицензия тоқтатылған немесе күшін жойған жағдайда, қаржы орталығы қатысушысы ретінде аккредиттеу туралы куәліктің күші жойылады.

      9. Қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі уәкілетті орган ұсынған лицензия уақытша тоқтатылған жағдайда, Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығы қатысушысы ретінде аккредиттеу туралы куәліктің күші лицензияның қайта күшіне енуіне дейін уақытша тоқтатылады. Бұл уәкілетті органның басшысының немесе оның міндетін атқарушының тиісті бұйрығы түрінде рәсімделеді.

      10. Атауы (оның ішінде, құқықтық-ұйымдастыру формасы), мекен-жайы өзгерген жағдайда, брокерлік және (немесе) дилерлік ұйым бір айлық мерзімде уәкілетті органға мәлімдейді және қаржы орталығы қатысушысы ретінде аккредиттеу туралы куәліктің қайта рәсімделуі туралы еркін түрде өтініш береді, оған осы Ереженің 3-тармағының 2)-4) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды қосымша ұсынады.

      11. Брокерлік және (немесе) дилерлік ұйым Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығы қатысушысы ретінде аккредиттеу туралы куәлікті жоғалтқан жағдайда:
      1) нөмірі мен берілген уақыты көрсетілген Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қатысушысы ретіндегі аккредиттеу туралы куәліктің жоғалуы туралы Қазақстан Республикасының барлық аймақтарында таратылатын мерзімді баспасөз беттерінде хабарландыру беруі;
      2) нөмірі мен берілген уақыты көрсетілген Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығы қатысушысы ретінде аккредиттеу туралы куәліктің басшы немесе оның міндетін атқарушы тұлғаның қолы қойылған және брокерлік және (немесе) дилерлік ұйымның мөрі басылған дубликатын беру туралы еркін түрде уәкілетті органға өтініш жазуы қажет. Бұған осы тармақтың 1) тармақшасында ұсынылған хабарландыру жарияланған мерзімді баспасөз шығарылымының бір данасы қоса ұсынылуы шарт.

      12. Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қатысушысы ретінде аккредиттеу туралы куәлік дубликаты уәкілетті органның өтінішті қабылдаған күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде беріледі.

                                                 Алматы қаласының
                                             өңірлік қаржы орталығы
                                                қатысушысы ретінде
                                                аккредиттеу туралы
                                                      Ережеге
                                                     1-Қосымша

                 Аккредиттеу туралы өтініш

      Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қатысушысы ретінде қызмет атқаруға _____________________________________ аккредиттеуді
                   (заңды тұлғаның толық атауы)
                                                          өтінемін.
Заңды тұлғаның мекен-жайы:
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
    (қала, пошталық индекс, қаладағы аудан, көше, шағын аудан, үй
                      нөмірі, телефон, факс)
Қызметінің негізгі түрі:
____________________________________________________________________
Заңды тұлға құрылтайшыларының құрамы:
____________________________________________
Заңды тұлғаның басшысы туралы мәлімет
Аты-жөні ___________________________________________________________
Жеке басын куәландыратын
құжат___________________________________________________________________________________________________________________________________
            (нөмірі, берілген күні, берген мекеме)

ЖИН_________________________________________________________________
Телефон нөмірі:_____________________________________________________
Факс нөмірі:________________________________________________________
Е-mail:_____________________________________________________________

Заңды тұлғаның басшысының аты-жөні және қолы

"____" ________________ 20__ жыл.

                                                Алматы қаласының
                                             өңірлік қаржы орталығы
                                                қатысушысы ретінде
                                                аккредиттеу туралы
                                                      Ережеге
                                                     2-Қосымша

                  Қазақстан Республикасы
         Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының
                 қызметін реттеу агенттігі

         Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының
           қатысушысы ретінде аккредиттеу туралы
                           Куәлік

                   ____________________________
                               Нөмір

          Алматы қаласы                "___" __________ 20__ жыл

          Заңды тұлғаның атауы:

            Куәлік Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қатысушысы
ретінде Қазақстан Республикасы заңнамасы шегінде қызмет атқаруға құқық береді.

     басшы                қолы                     аты-жөні
                           М.О.

                                      Алматы қаласының өңірлік қаржы
                                     орталығының қатысушысы ретінде
                                     аккредиттеу Ережесіне 3-қосымша

      Ескерту. 3-қосымшамен толықтырылды - Қазақстан Республикасы Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу агенттігі Төрағасының 2008.01.25. N 02-02/10 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз) Бұйрығымен.

      Шетелдік жұмыс күшінің бары туралы мәліметтер

р/б
N

Заңды
тұлға-
ның
атауы

Аты-
жөні,
әкесі-
нің
аты,
туыл-
ған
күні

Аза-
мат
тығы

Тұ-
рақты
тұра-
тын
елі

Маман-
дығы
және
білімі

Классифи-
каторлық
қызмет
немесе
білікті-
лік анық-
тамаға
сәйкес
ұйымдағы
лауазымы

Еңбек
қызметін
жүзеге
асырудың
басталуы
(еңбек
шартының
жасалған
күні)









Об утверждении Правил аккредитации в качестве участника регионального финансового центра города Алматы

Приказ и.о. Председателя Агентства Республики Казахстан по регулированию деятельности регионального финансового центра города Алматы от 9 августа 2007 года N 02-02/192. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 27 августа 2007 года N 4899. Утратил силу приказом Председателя Агентства Республики Казахстан по регулированию деятельности регионального финансового центра города Алматы от 20 марта 2009 года № 04.2-44/78

       Сноска. Утратил силу приказом Председателя Агентства РК по регулированию деятельности регионального финансового центра города Алматы от 20.03.2009 № 04.2-44/78 (порядок введения в действие см. п. 5 ).

      Руководствуясь подпунктом 2-1) статьи 6 Закона Республики Казахстан "О региональном финансовом центре города Алматы", ПРИКАЗЫВАЮ :

      1. Утвердить прилагаемые Правила аккредитации в качестве участника регионального финансового центра города Алматы.

      2. Юридическому управлению Агентства по регулированию деятельности регионального финансового центра города Алматы (далее - Агентство) принять меры по государственной регистрации приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан.

      3. Департаменту развития Агентства обеспечить официальное опубликование приказа в средствах массовой информации.

      4. Контроль за исполнением приказа оставляю за собой.

      5. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      и.о. Председателя

Утверждены приказом и.о. 
Председателя Агентства   
Республики Казахстан по  
регулированию деятельности
регионального финансового
центра города Алматы     
от 9 августа 2007 года   
N 02-02/192              

Правила аккредитации в качестве участника регионального
финансового центра города Алматы

1. Общие положения

      1. Настоящие Правила аккредитации в качестве участника регионального финансового центра города Алматы (далее - Правила) разработаны в соответствии с Законом Республики Казахстан "О региональном финансовом центре города Алматы" и устанавливают порядок проведения Агентством Республики Казахстан по регулированию деятельности регионального финансового центра города Алматы (далее - уполномоченный орган) аккредитации профессиональных участников рынка ценных бумаг, обладающих лицензией на осуществление брокерской и (или) дилерской деятельности, выданной уполномоченным государственным органом по регулированию и надзору финансового рынка и финансовых организаций (далее - брокерские и (или) дилерские организации), за исключением банковских организаций, накопительных пенсионных фондов и профессиональных участников рынка ценных бумаг, осуществляющих деятельность по инвестиционному управлению пенсионными активами.

      2. Целью аккредитации является официальное признание прав брокерских и (или) дилерских организаций на осуществление деятельности в качестве участника регионального финансового центра города Алматы (далее - участника финансового центра).

2. Порядок проведения аккредитации

      3. Брокерские и (или) дилерские организации для аккредитации представляют в уполномоченный орган следующие документы:
      1) заявление об аккредитации установленного образца согласно  приложению 1 (на государственном и русском языках);
      2) нотариально засвидетельствованная копия Устава;
      3) нотариально засвидетельствованные копии свидетельства о государственной регистрации, свидетельства налогоплательщика и статистической карты;
      4) нотариально засвидетельствованная копия лицензии на осуществление брокерской и (или) дилерской деятельности, выданной уполномоченным органом по регулированию и надзору финансового рынка и финансовых организаций;
      5) сведения о наличии иностранной рабочей силы по форме согласно приложению 3 к настоящим Правилам;
      6) документы, подтверждающие место нахождения юридического лица (документами, подтверждающими место нахождения юридического лица, могут быть: нотариально удостоверенные копии договора аренды, купли-продажи, свидетельства о регистрации права на помещение и иной документ, предусмотренный гражданским законодательством. В случае если владельцем помещения является физическое лицо, то предоставляется нотариально засвидетельствованное согласие физического лица о предоставлении помещения в качестве места нахождения юридического лица);
      7) доверенность на право сдачи и получения документов, подписанная первым руководителем и заверенная печатью брокерской и (или) дилерской организации (в случае если документы подаются ее представителем).
      Сноска. Пункт 3 с изменениями, внесенными приказом Председателя Агентства РК по регулированию деятельности регионального финансового центра города Алматы от 25 января 2008 года N 02-02/10 (вводится в действие по истечении 14 календарных дней со дня его государственной регистрации в МЮ РК).

      3-1. Одновременно с документами, указанными в подпунктах 2)-4) пункта 3 настоящих Правил, в уполномоченный орган представляются их оригиналы, которые после сверки возвращаются заявителю.
       Сноска. Правила дополнены пунктом 3-1 - приказом Председателя Агентства РК по регулированию деятельности регионального финансового центра города Алматы от 25 января 2008 года N 02-02/10 (вводится в действие по истечении 14 календарных дней со дня его государственной регистрации в МЮ РК).

           4. По результатам рассмотрения заявления об аккредитации, уполномоченный орган готовит приказ об аккредитации брокерской и (или) дилерской организации или мотивированный отказ в аккредитации, который подписывает руководитель уполномоченного органа либо его заместитель.
      Уполномоченный орган выносит письменный мотивированный отказ в аккредитации брокерской и (или) дилерской организации в случае, если:
      1) не представлен полный перечень документов, предусмотренных пунктом 3 настоящих Правил;
      2) лицензия, выданная уполномоченным органом по регулированию и надзору финансового рынка и финансовых организаций приостановлена, или установлено лишение или прекращение действия лицензии.
      При устранении брокерской и (или) дилерской организацией указанных нарушений заявление об аккредитации рассматривается на общих основаниях.
      Сноска. Пункт 4 с изменениями, внесенными приказом Председателя Агентства РК по регулированию деятельности регионального финансового центра города Алматы от 25 января 2008 года N 02-02/10 (вводится в действие по истечении 14 календарных дней со дня его государственной регистрации в МЮ РК).

      5. Документы, представленные для аккредитации, рассматриваются уполномоченным органом в течение пяти рабочих дней с момента представления полного пакета документов.

      6. Свидетельство об аккредитации в качестве участника регионального финансового центра города Алматы ( приложение 2 к настоящим Правилам) является официальным документом, удостоверяющим аккредитацию брокерской и (или) дилерской организации в качестве участника регионального финансового центра города Алматы.

      7. Свидетельство об аккредитации в качестве участника регионального финансового центра города Алматы подписывает руководитель уполномоченного органа либо его заместитель.
      Сноска. Пункт 7 с изменениями, внесенными приказом Председателя Агентства РК по регулированию деятельности регионального финансового центра города Алматы от 25 января 2008 года N 02-02/10 (вводится в действие по истечении 14 календарных дней со дня его государственной регистрации в МЮ РК).

      8. В случае ликвидации брокерской и (или) дилерской организации, лишения или прекращения действия лицензии, выданной уполномоченным органом по регулированию и надзору финансового рынка и финансовых организаций, действие свидетельства об аккредитации в качестве участника регионального финансового центра города Алматы прекращается.

      9. В случае приостановления действия лицензии, выданной уполномоченным органом по регулированию и надзору финансового рынка и финансовых организаций, действие свидетельства об аккредитации в качестве участника регионального финансового центра города Алматы приостанавливается до восстановления действия лицензии, что оформляется соответствующим приказом руководителя уполномоченного органа, либо лица его замещающего.

      10. В случае изменения наименования (в том числе организационно-правовой формы), местонахождения брокерская и (или) дилерская организация в месячный срок уведомляет об этом уполномоченный орган и подает заявление в произвольной форме о переоформлении свидетельства об аккредитации в качестве участника регионального финансового центра города Алматы с приложением к нему документов, указанных в подпунктах 2)-4) пункта 3 настоящих Правил.

      11. В случае утери брокерской и (или) дилерской организацией свидетельства об аккредитации в качестве участника регионального финансового центра города Алматы необходимо:
      1) опубликовать в периодических печатных изданиях, распространяемых на всей территории Республики Казахстан, объявление об утрате свидетельства об аккредитации в качестве участника регионального финансового центра города Алматы с указанием номера и даты его выдачи;
      2) подать заявление в произвольной форме в уполномоченный орган о выдаче дубликата свидетельства об аккредитации в качестве участника регионального финансового центра города Алматы, заверенное подписью руководителя либо лица, его замещающего и печатью брокерской и (или) дилерской организации, с приложением экземпляра периодического печатного издания, в котором было опубликовано объявление, указанное в подпункте 1) настоящего пункта.

      12. Дубликат свидетельства об аккредитации в качестве участника регионального финансового центра города Алматы выдается в течение пяти рабочих дней со дня принятия уполномоченным органом заявления.

Приложение 1            
к Правилам аккредитации 
в качестве участника    
регионального финансового
центра города Алматы    

                    Заявление об аккредитации

Прошу
аккредитовать_______________________________________________________
                 (полное наименование юридического лица)
для осуществления деятельности в качестве участника регионального
финансового центра города Алматы

Местонахождение юридического лица
____________________________________________________________________
             (город, почтовый индекс, район в городе, улица,
____________________________________________________________________
                 микрорайон, номер дома, телефон, факс)
Основной вид деятельности:
____________________________________________________________________
Состав учредителей юридического лица:
____________________________________________________________________
Сведения о руководителе юридического лица
Ф.И.О.
____________________________________________________________________
Документ, удостоверяющий личность
____________________________________________________________________
       (номер, дата выдачи документа, удостоверяющего личность,
____________________________________________________________________
                           кем выдан)
ИИН_________________________________________________________________
Номер телефона:_____________________________________________________
Номер факса:________________________________________________________
Е-mail:_____________________________________________________________

Ф.И.О. и подпись руководителя юридического лица_________________
"____" ________________ 20__ года.

Приложение 2            
к Правилам аккредитации 
в качестве участника    
регионального финансового
центра города Алматы    

  Агентство Республики Казахстан по регулированию деятельности
          регионального финансового центра города Алматы

                            Свидетельство
         об аккредитации в качестве участника регионального
                   финансового центра города Алматы
                       ____________________________
                                  номер

город Алматы                      "___" __________ 20__ года

Наименование юридического лица:

       Свидетельство дает право осуществлять деятельность
      в качестве участника регионального финансового центра
  города Алматы в рамках законодательства Республики Казахстан

     руководитель          подпись                    Ф.И.О.

М.П.

      Приложение 3                    
к Правилам аккредитации в качестве       
участника регионального финансового       
центра города Алматы               

      Сноска. Правила дополнены приложением 3 - приказом Председателя Агентства РК по регулированию деятельности регионального финансового центра города Алматы от 25 января 2008 года N 02-02/10 (вводится в действие по истечении 14 календарных дней со дня его государственной регистрации в МЮ РК).

Сведения о наличии иностранной рабочей силы

N
п/п

Наиме-
нование
юриди-
ческого
лица

ФИО,
Дата
рож-
дения

Граж-
дан-
ство

Страна
постоян-
ного
прожи-
вания

Специаль-
ность и
образо-
вание

Должность
в организа-
ции в соот-
ветствии с
Квалифика-
ционным
справочни-
ком или
Классифика-
тором
занятий

Начало
осуществле-
ния трудовой
деятельности
(дата
заключения
трудового
договора)