Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ішкі істер министрінің м.а. 2014.09.19 № 622 (01.01.2015 ж. бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық-атқару жүйесі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 26 наурыздағы Заңына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Жазасын өтеуден мерзiмiнен бұрын-шартты түрде босатылған адамдардың мінез-құлқын бақылауды жүзеге асыру ережесі (бұдан әрі - Ереже) бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Техникалық қызмет департаменті (М.Б. Тимохович) жазаны өтеуден мерзiмiнен бұрын-шартты түрде босатылған адамдарды орталықтандырылған есепке алуды қамтамасыз етсін.
3. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Тыл департаменті (М.Т. Былқылов) Ереженің қосымшаларына сәйкес құжаттама бланкілерін дайындауды қамтамасыз етсін.
4. Облыстардың, Астана, Алматы қалаларының ішкі істер департаменттерінің бастықтары осы бұйрық талаптарының орындалуын қамтамасыз етсін.
5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер вице-министрі полиция генерал-майоры А.Ж. Шпекбаевқа және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Әкімшілік полиция комитетіне (Ғ.А. Алпысбаев) жүктелсін.
6. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Әкімшілік полиция комитеті осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізуге жіберсін және мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
7. Осы бұйрық ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Министр
Келісілген
Қазақстан Республикасының
Бас прокуроры
2007 жылғы 28 тамыз
Келісілген
Қазақстан Республикасы
Жоғарғы Сотының төрағасы
2007 жылғы 4 қыркүйек
Келісілген
Қазақстан Республикасының
Әділет министрі
2007 жылғы 26 қыркүйек
Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2007 жылғы 21 тамыздағы
N 340 бұйрығымен бекітілген
Жазасын өтеуден мерзiмiнен бұрын-шартты түрде босатылған
адамдардың мінез-құлқын бақылауды жүзеге асыру
Ережесі
1. Жалпы ережелер
1. Осы Жазасын өтеуден мерзiмiнен бұрын-шартты түрде босатылған адамдардың мінез-құлқын бақылауды жүзеге асыру ережесі (бұдан әрі - Ереже) жазасын өтеуден мерзiмiнен бұрын-шартты түрде босатылған (бұдан әрі - мерзімінен бұрын-шартты түрде босатылған) адамдарды есепке алу және оларға жүктелген міндеттердің орындалуын бақылау тәртібін айқындайды.
2. Жазасын өтеуден мерзімінен бұрын-шартты түрде босатылған адамдар тұрғылықты жеріне келген соң ол ішкі істер органдарының профилактикалық есебіне қойылып және оған бақылау ісі (Ережеге 1-қосымша) ашылып, тіркеуге жатады.
3. Соттың адамды жазасын өтеуден мерзімінен бұрын-шартты түрде босату туралы қаулысы бақылау ісін ашуға негіз болып табылады.
4. Ішкі істер органдары:
1) мерзімінен бұрын-шартты түрде босатылған адамдар таңдап алған тұрғылықты жеріне келген күні бақылау істерін ашады және профилактикалық есепке қояды;
2) тұрғылықты жері бойынша профилактикалық жұмысты жүзеге асырады;
3) мерзімінен бұрын-шартты түрде босатылған адамдардың құқық бұзушылықтар, сот жүктеген міндеттерді орындаудан жалтаруы, қылмыстық пиғылдары, дайындап жатқан немесе жасаған қылмыстары туралы ақпаратты дер кезінде алу үшін жедел-іздестіру және өзге де мүмкіндіктерді қолданады;
4) мерзімінен бұрын-шартты түрде босатылған адам туралы ақпарат алу мақсатында Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі қылмыстық - атқару жүйесінің мекемелері және органдарымен өзара іс-қимыл жасасады.
5. Бақылау істерін сақтау қоғамдық қауіпсіздік бөлімшелерінің немесе ішкі істер органдары учаскелік полиция пункттерінің қызметтік үй-жайларында құпия емес құжаттаманы сақтау жағдайларына сәйкес қамтамасыз етіледі.
Ескерту. 5-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Ішкі істер министрінің 2010.08.19 № 361 (ресми жарияланған күннен күнтізбелік он күн өткеннен соң күшіне енеді) бұйрығымен.
6. Қайта қылмыс жасағаны үшін бас бостандығынан айыру, мерзімінен бұрын-шартты түрде босатудың күшін жоя отырып, мерзімінен бұрын-шартты түрде босатылған адамның сотталуы, мерзімінен бұрын-шартты түрде босатылған жазасының өтелмеген мерзімінің аяқталуы, мерзімінен бұрын-шартты түрде босатудың күшінің жойылуы, мерзімінен бұрын-шартты түрде босатылған адамның өлімі бақылау ісін жүргізуді тоқтатуға негіз болып табылады.
7. Мерзімінен бұрын-шартты түрде босатылған адамдардың есепке алынуын қамтамасыз ету және олармен профилактикалық жұмысты бақылау қалалық (аудандық) ішкі істер органы (бұдан әрі - ҚАІІО) бастығының бір орынбасарына жүктеледі.
2. Мерзімінен бұрын-шартты түрде босатылған адамдарды есепке
алуды және олармен профилактикалық жұмысты ұйымдастыру
8. ҚАІІО-ның бастығы Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі қылмыстық-атқару жүйесінің органдары мен мекемелерінен мерзімінен бұрын-шартты түрде босатылған адамға қатысты хабарлама алған соң мерзімінен бұрын-шартты түрде босатылған адамның тұрғылықты жеріне келуін бақылауды қоғамдық қауіпсіздік бөлімшесіне тапсырады.
9. Мерзімінен бұрын-шартты түрде босатылған адам тұрғылықты жеріне келген соң ҚАІІО-ның бастығы:
1) ҚАІІО қоғамдық қауіпсіздік бөлімшесіне профилактикалық есепке алуды және ақпаратты полицияның кезекші бөлімдеріне, арнайы мекемелеріне, кешенді күштеріне жіберуді;
2) ҚАІІО-ның криминалдық полиция бөлімшесіне мерзімінен бұрын-шартты түрде босатылған адамды жедел есепке алуды тапсырады.
10. Мерзімінен бұрын-шартты түрде босатылған адамды профилактикалық есепке қойғаннан кейін ҚАІІО-ның бастығы:
1) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі қылмыстық-атқару жүйесінің органдары мен мекемелеріне хабарлайды;
2) ҚАІІО криминалдық полиция, кезекші бөлімдеріне, арнайы мекемелеріне және полицияның кешенді күштеріне мерзімінен бұрын-шартты түрде босатылған адамның тарапынан құқық бұзушылық және оларға сот жүктеген міндеттерді орындаудан жалтару фактілерін анықтаған жағдайда дер кезінде ҚАІІО-ның қоғамдық қауіпсіздік бөлімшелеріне ақпарат беруді тапсырады;
3) анықталған кемшіліктерді жою және ішкі істер органдарының жеке профилактикалық жұмысының тиімділігін арттыру бойынша шаралар қабылдай отырып, мерзімінен бұрын-шартты түрде босатылған адам қасақана жасаған қылмыстың әрбір фактісі бойынша қызметтік тексеріс жүргізеді.
Ескерту. 10-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Ішкі істер министрінің 2010.08.19 № 361 (ресми жарияланған күннен күнтізбелік он күн өткеннен соң күшіне енеді) бұйрығымен.
11. Учаскелік полиция инспекторы немесе кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі учаскелік полиция инспекторы
(бұдан әрі – учаскелік полиция инспекторы) мерзімінен бұрын-шартты түрде босатылған адаммен әңгімелеседі, тұрғылықты жері бойынша тіркеу ережелерін сақтау туралы және оның уақтылы тіркеуге алынуын бақылайды, бас бостандығынан айыру орындарынан алынған ақпараттық-іздеу картасында (бұдан әрі - Т-АІК) көрсетілген деректердің дұрыстығын тексереді.
Ескерту. 11-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Ішкі істер министрінің 2010.08.19 № 361 (ресми жарияланған күннен күнтізбелік он күн өткеннен соң күшіне енеді) бұйрығымен.
12. Бақылау ісі мерзімінен бұрын-шартты түрде босатылған адамдардың бақылау істерін тіркеу журналының (Ережеге 2-қосымша) бірінші бөлігінде тіркеледі.
13. Бақылау ісі жазаның өтелмеген барлық мерзімі бойы жүргізіледі.
14. Мыналар:
1) аса қауіпті түрде қайталанып жасалған қылмыстар үшін, сондай-ақ экстремизм белгілері бар қылмыстар үшін;
2) ауыр және аса ауыр қылмыстар жасағаны үшін немесе қасақана қылмыстар жасағаны үшін бас бостандығынан айыруға екі немесе одан да көп мәрте сотты болған жазасын өтеген мерзімінен бұрын-шартты түрде босатылған адамдар жазаның өтелмеген мерзімі аяқталғаннан кейін "Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды әкімшілік қадағалау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының әрекетіне түсетін адамдар санатына ауыстырылады.
15. Мерзімінен бұрын-шартты түрде босатылған адамдарға қатысты, осы Ереженің 14-тармағында көрсетілген қылмыстары үшін жазасын өтеген адамдарды қоспағанда, жазаның өтелмеген мерзімі аяқталғаннан кейін бақылау ісін жүргізу тоқтатылады.
Ескерту. 15-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Ішкі істер министрінің 2010.08.19 № 361 (ресми жарияланған күннен күнтізбелік он күн өткеннен соң күшіне енеді) бұйрығымен.
16. Бақылау ісіне бас бостандығынан айыру орындарынан босатылғаны туралы анықтаманың, сот үкімдерінің (олар болмаған жағдайда учаскелік инспектор түзеу мекемесіне сұрау салады), мерзімінен бұрын-шартты түрде босату туралы қаулының көшірмелері, соттылығын тексеру талабы және мерзімінен бұрын-шартты түрде босатылған адамға Т-АІК, оның өмірбаяны, соттылығы туралы толыққанды түсініктемесі және байланыстарының сызбасы (Ережеге 3-қосымша) тігіледі.
17. Бақылау ісін ашқаннан кейін учаскелік полиция инспекторы мерзімінен бұрын-шартты түрде босатылған адамға облыстық мекенжай бюросына күзет карточкасын (Ережеге 4-қосымша) жібереді.
18. Мерзімінен бұрын-шартты түрде босатылған адамның облыстан (республикадан) тыс жаңа тұрғылықты жерге көшкені, қайта қылмыс жасағаны үшін мерзімінен бұрын-шартты түрде босатылуы күшін жойып, бас бостандығынан айыруға сотталғаны, өтелмеген жаза мерзімінің аяқталғаны және қайтыс болғаны туралы хабарлама алынған жағдайда күзет карточкасы алынып қойылуы тиіс.
3. Мерзімінен бұрын-шартты түрде босатылған адамдарға қатысты
сот қаулыларының орындалуын бақылауды қамтамасыз ету
19. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі қылмыстық-атқару жүйесінің органдары мен мекемелерінен мерзімінен бұрын-шартты түрде босатылған адамдар тұрғылықты жеріне келгеннен кейін учаскелік полиция инспекторы үш тәулік ішінде ҚАІІО-ның бастығына оларға Қазақстан Республикасы ҚАК-нің 178-2-бабына сәйкес сот жүктеген міндеттер бойынша шектеулер белгілеу туралы қаулы (Ережеге 5-қосымша) енгізеді.
Ескерту. 19-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ішкі істер министрінің 2010.08.19 № 361 (ресми жарияланған күннен күнтізбелік он күн өткеннен соң күшіне енеді) бұйрығымен.
20. Тұрғылықты жерінен, жұмыс және оқу орнынан кетпеуге қатысты Қазақстан Республикасы ҚАК-нің 178-2-бабы 1-тармағының
2) тармақшасында көзделген міндеттер бойынша белгіленген шектеулерді ҚАІІО бастығы жұмыс, оқу режиміне байланысты өзгерте алады.
Ескерту. 20-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ішкі істер министрінің 2010.08.19 № 361 (ресми жарияланған күннен күнтізбелік он күн өткеннен соң күшіне енеді) бұйрығымен.
21. Есепке қойғаннан кейін учаскелік полиция инспекторы мерзімінен бұрын-шартты түрде босатылған адамға, егер ол бірнеше рет әкімшілік құқық бұзушылық не болмаса әкімшілік қамауға тартылатын құқық бұзушылық жасаған не болмаса Қазақстан Республикасы ҚАК-нің 178-2-бабында көзделген міндеттерді орындаудан қасақана жалтарған жағдайда, ішкі істер органдары сотқа жазасын өтеуден мерзімінен бұрын-шартты түрде босатудың күшін жою туралы ұсыныс енгізетінін түсіндіреді.
Ескерту. 21-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ішкі істер министрінің 2010.08.19 № 361 (ресми жарияланған күннен күнтізбелік он күн өткеннен соң күшіне енеді) бұйрығымен.
22. Мерзімінен бұрын-шартты түрде босатылған адамға шектеулер белгілеу туралы қаулы бақылау ісі материалдарына тігіледі. Қаулының көшірмесі мерзімінен бұрын-шартты түрде босатылған адамға түпнұсқасына қол қою арқылы тапсырылады.
Ескерту. 22-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ішкі істер министрінің 2010.08.19 № 361 (ресми жарияланған күннен күнтізбелік он күн өткеннен соң күшіне енеді) бұйрығымен.
23. Мерзімінен бұрын-шартты түрде босатылған адам дәлелсіз себептер бойынша 5 тәуліктен астам уақыт тұрғылықты жеріне келмеген және міндеттерін орындаудан қасақана жалтару фактілері анықталған жағдайда, учаскелік полиция инспекторы бұл туралы ҚАІІО-ның бастығына жазбаша баянатпен баяндайды және оның жүрген жері мен жалтару себептерін анықтау бойынша алғашқы іс-шараларды жүргізеді.
Ескерту. 23-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ішкі істер министрінің 2010.08.19 № 361 (ресми жарияланған күннен күнтізбелік он күн өткеннен соң күшіне енеді) бұйрығымен.
24. Мерзімінен бұрын-шартты түрде босатылған адам бірнеше (екі немесе одан да көп) әкімшілік құқық бұзушылық не болмаса әкімшілік қамауға тартылатын құқық бұзушылық жасаған немесе Қазақстан Республикасы ҚАК-нің 178-2-бабында көзделген міндеттерді орындаудан қасақана жалтарған жағдайда, ҚАІІО-ның бастығы сотқа мерзімінен бұрын-шартты түрде босатылған адамның жеке басын, мінез-құлқын сипаттайтын деректер мен бақылау ісі материалдарын қоса отырып, жазасын өтеуден мерзімінен бұрын-шартты түрде босатудың күшін жою туралы дәлелді ұсыным (Ережеге 6-қосымша) жолдайды.
Ескерту. 24-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ішкі істер министрінің 2010.08.19 № 361 (ресми жарияланған күннен күнтізбелік он күн өткеннен соң күшіне енеді) бұйрығымен.
4. Жазасын өтеуден мерзімінен бұрын-шартты түрде босатылған
адамдарды бақылауды жүзеге асыру
25. Мерзімінен бұрын-шартты түрде босатылған адамдарды бақылау олардың тұрғылықты жері бойынша жүзеге асырылады. Егер мерзімінен бұрын-шартты түрде босатылған адам дәлелді себептер бойынша аталған мекенжайда тұра алмаса, ішкі істер органының бастығы оның арызына сәйкес оған қалалық, аудандық ішкі істер органы қызмет көрсететін аумақтың шегіндегі басқа жерде уақытша тұруға рұқсат беруі мүмкін.
26. Мерзімінен бұрын-шартты түрде босатылған адамдардың сот жүктеген міндеттерін орындауын толыққанды бақылау мақсатында ішкі істер органдарының қызметкерлері:
1) мерзімінен бұрын-шартты түрде босатылған адамның мінез-құлқы туралы жұмыс орны және тұрғылықты жері бойынша азаматтардан және меншік нысанына қарамастан ұйымдардың әкімшіліктерінен мәліметтер сұрауға және алуға;
2) мерзімінен бұрын-шартты түрде босатылған адамды әңгімелесуге ішкі істер органына шақыруға, қажет болған жағдайда мұндай әңгімелерді туыстарының келісімі бойынша оларды қатыстыра отырып өткізуге;
3) мерзімінен бұрын-шартты түрде босатылған адамдардан сот жүктеген міндеттердің орындалуына байланысты мәселелер бойынша ауызша және жазбаша түрде түсініктерді талап етуге құқылы.
Ескерту. 26-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Ішкі істер министрінің 2010.08.19 № 361 (ресми жарияланған күннен күнтізбелік он күн өткеннен соң күшіне енеді) бұйрығымен.
27. Учаскелік полиция инспекторы мерзімінен бұрын-шартты түрде босатылған адаммен тұрғылықты жері бойынша сот жүктеген міндеттерді орындаудан жалтару және оның құқық бұзушылық жасау оқиғаларына жол бермеуі жөнінде ескерту жұмысын жүргізуге міндетті.
Ескерту. 27-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Ішкі істер министрінің 2010.08.19 № 361 (ресми жарияланған күннен күнтізбелік он күн өткеннен соң күшіне енеді) бұйрығымен.
28. Мерзімінен бұрын-шартты түрде босатылған адамның тұрғын үйіне барудың нәтижелері бойынша учаскелік полиция инспекторы немесе оны ҚАІІО бастығының нұсқауымен тексерген полиция қызметкері бақылау парағына (Ережеге 7-қосымша) тиісті белгі қояды.
29. Мерзімінен бұрын-шартты түрде босатылған адамдардың ішкі істер органдарына келу міндеті бақылау жасау және профилактикалық сипатта әңгіме жүргізу мақсатында қолданылады. Мерзімінен бұрын-шартты түрде босатылған адамның келу сағаттары, оның жұмысы мен оқуына әсер етпейтіндей есеппен белгіленеді.
30. Мерзімінен бұрын-шартты түрде босатылған адамның ішкі істер органына келуін тіркеу қоғамдық қауіпсіздік бөлімшелерінде немесе учаскелік полиция пункттерінде жүзеге асырылады, бұл туралы арнайы тіркеу парағына (Ережеге 8-қосымша) белгі қойылады.
31. Учаскелік полиция инспекторы сот жүктеген міндеттерді бұзудың әрбір фактісі бойынша баянат (Ережеге 9-қосымша) толтырады және тиісті материалдарды мерзімінен бұрын-шартты түрде босатылған адамның келуін қамтамасыз ете отырып, белгіленген тәртіппен сотқа жібереді.
Ескерту. 31-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Ішкі істер министрінің 2010.08.19 № 361 (ресми жарияланған күннен күнтізбелік он күн өткеннен соң күшіне енеді) бұйрығымен.
32. Ішкі істер органының немесе соттың шақыртуы бойынша келмеген жағдайда мерзімінен бұрын-шартты түрде босатылған адамды мәжбүрлеп алып келу жүзеге асырылады.
33. Егер ішкі істер органының қызмет көрсету аумағында тұрмайтын мерзімінен бұрын-шартты түрде босатылған адамның сот жүктеген міндеттерді бұзғаны анықталса, әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама шара қолдану үшін сол адамға бақылауды жүзеге асыратын ішкі істер органына жіберіледі.
Ескерту. 33-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Ішкі істер министрінің 2010.08.19 № 361 (ресми жарияланған күннен күнтізбелік он күн өткеннен соң күшіне енеді) бұйрығымен.
34. Мерзімінен бұрын-шартты түрде босатылған адам тұрғылықты жерінен ауданнан (қаладан, облыстан) тысқары шығу туралы мәселелерді мерзімінен бұрын-шартты түрде босатылған адамның жазбаша арызының шығу себебін профилактикалық есепте тұрған кезеңдегі мінез-құлқын сипаттайтын деректер көрсетілген учаскелік инспектордың баянаты негізінде ҚАІІО-ның бастығы немесе оның орынбасары қарайды. Қабылданған шешім туралы арызға тиісті жазба жазылады.
35. Мерзімінен бұрын-шартты түрде босатылған адамға басқа жерге уақытша кетуге және онда бір тәуліктен артық болуға рұқсат берілген жағдайда қолхат арқылы бағыттық парақ (Ережеге 10-қосымша) беріледі, ол парақта басқа елді-мекенге шығуға рұқсат берілген күні, бару мақсаты мен болу мерзімі, мерзімінен бұрын-шартты түрде босатылған адамның ішкі істер органында тіркелуі, шақыру бойынша белгіленген уақытта ішкі істер органына келуі, тұрғылықты жері бойынша оны қадағалауды жүзеге асыратын учаскелік полиция инспекторына өзінің оралғаны туралы хабарлау міндеттері көрсетіледі. Учаскелік полиция инспекторы мерзімінен бұрын-шартты түрде босатылған адамның кеткені туралы ол келуге тиіс аумаққа қызмет көрсететін ішкі істер органына жазбаша түрде хабарлайды (Ережеге 11-қосымша).
36. Мерзімінен бұрын-шартты түрде босатылған адам басқа ішкі істер органы қызмет көрсететін аумаққа келісімен, қоғамдық қауіпсіздік бөлімшесінің қызметкері немесе учаскелік полиция инспекторы мерзімінен бұрын-шартты түрде босатылған адамдарды тіркеу журналының екінші бөліміне тіркейді және ішкі істер органы қызмет көрсететін аумаққа уақытша тұру үшін келген бағыттық парағына тиісті белгілер қойып, оларды ішкі істер органының мөрімен (мөртаңбасымен) растайды.
37. Учаскелік полиция инспекторы мерзімінен бұрын-шартты түрде босатылған адамның уақытша тұру мерзімі ішінде оның мінез-құлқы мен өмір сүру салтын қадағалауды жүзеге асырады, әңгімелесу үшін оның келу күндерін белгілейді, болу мерзімі аяқталғанда бағыттық парағына оның уақытша тұру жеріндегі мінез-құлқы туралы жазба енгізеді.
38. Мерзімінен бұрын-шартты түрде босатылған адам тұрғылықты жеріне оралған кезде бақылауды жүзеге асырушы учаскелік полиция инспекторы бағыттық парақтағы жазбалармен танысады, оған аталған адамның келгені туралы белгі қояды және бағыттық парақты бақылау ісіне тіркейді.
39. Мерзімінен бұрын-шартты түрде босатылған адам басқа елді мекенге тұрақты тұруға кеткен жағдайда:
1) бақылауды жүзеге асырушы ішкі істер органы мерзімінен бұрын-шартты түрде босатылған адамның тұратын аумақтағы ішкі істер органына ақпарат (Ережеге 12-қосымша) жібереді;
2) мерзімінен бұрын-шартты түрде босатылған адамның жаңа тұрғылықты мекенжайы бойынша келуін үш күн мерзімде тексереді және ақпарат жіберген органға хабарлайды;
3) мерзімінен бұрын-шартты түрде босатылған адамның таңдап алған тұрғылықты жері бойынша келгені туралы расталған қатынас хатты алған соң, оның бақылау ісін және криминалдық полициядағы бар ақпараттарды әрі қарай бақылауы үшін жаңа тұрғылықты жері бойынша ішкі істер органына жібереді;
4) бақылау ісін жолдаушы мерзімінен бұрын-шартты түрде босатылған адамның тұрғылықты жерін ауыстырғаны туралы үш күн мерзімде облыстық мекенжай бюросына хабарлайды ақпарат (Ережеге 13-қосымша). Осы тәртіппен мерзімінен бұрын-шартты түрде босатылған адам қайталап қылмыс жасағаны үшін мерзімінен бұрын-шартты түрде босатудың күші жойылып сотталғанда, мерзімінен бұрын-шартты түрде босатылған адам қайтыс болған кезде мекенжай бюросы хабарланады.
40. Мерзімінен бұрын-шартты түрде босатылған адамға тұрғылықты жеріне кеткен кезде бақылау парағы (Ережеге 14-қосымша) беріледі, онда кеткен күні, жаңа тұрғылықты жерінің мекенжайы және жаңа тұрғылықты жері бойынша ішкі істер органына тіркелуге келу мерзімі көрсетіледі.
Қазақстан Республикасы Ішкі істер
министрінің 2007 жылғы 21 тамыздағы
N 340 бұйрығымен бекітілген Жазасын
өтеуден мерзiмiнен бұрын-шартты түрде
босатылған адамдардың мінез-құлқын
бақылауды жүзеге асыру ережесіне
1-қосымша
N_________бақылау ісі
____________________________________________________________________
мерзімінен бұрын-шартты түрде босатылғанның тегі, аты, әкесінің аты
____________________________________________________________________
тұрғылықты мекенжайы
Бақылауды __________________________________________________________
ҚАІІО-ның атауы
учаскелік полиция инспекторы________________________________________
учаскелік полиция инспекторының атағы,
___________________________________________ жүзеге асырады
тегі және аты-жөні
Басталу күні:
200___жылғы "____" ______________
Жазаның өтелмеген бөлігі мерзімінің
аяқталу күні:
200___ жылғы "____" ______________
"Әкімшілік қадағалау туралы" Заңның
қолданысына түсетін адамдар санатына
өткізу күні
200___ жылғы "____" ______________
Бақылау ісін жүргізудің аяқталған
күні:
200___ жылғы "____" ______________
Іс 200____ жылғы "______" _____________ дейін мұрағатта сақталсын.
(есепке алу-қадағалау ісі мұқабасының ішкі жағына жазылады)
Бақылау ісіне тігілетін құжаттардың тізбесі
1. Іске тігілген құжаттардың тізімдемесі
2. Бас бостандығынан айыру орындарынан босату туралы анықтаманың
көшірмесі
3. Мерзімінен бұрын-шартты түрде босату туралы сот қаулысының
көшірмесі
4. Мерзімінен бұрын-шартты түрде бұрын босатылған адамның
байланыстар сызбасы
5. Есепке алынған адамды ҚСжАЕК-нің деректері бойынша арнайы
тексерудің талабы
6. Соңғы соттылығы бойынша аудандық (қалалық, облыстық) сот
үкімінің көшірмесі (үкімнен үзінді көшірме)
7. Өмірбаян
8. Соттылығы туралы түсініктері
9. Мерзімінен бұрын-шартты түрде босатылғанға міндеттерді белгілеу
туралы сотқа жолданған ұсынымхаттың көшірмесі
10. Міндеттерді белгілеу туралы соттың қаулысы
11. Күзет карточкаларының көшірмесі
12. Әкімшілік құқық бұзушылық және сот жүктеген міндеттерді бұзу
туралы хаттамалардың көшірмелері
13. Мерзімінен бұрын-шартты түрде босатылған адамды әкімшілік құқық
бұзушылық жасаған және жүктелген міндеттерді орындаудан
жалтарған жағдайда әкімшілік жауапқа тарту туралы ҚАІІО және
соттың қаулылары (оның ішінде әкімшілік айыппұлдарды төлеу
туралы түбіртек көшірмелері)
14. Мерзімінен бұрын-шартты түрде босатылған адамға сот белгілеген
міндеттердің сақталуын бақылау парағы
15. Тіркеу парағы
16. Мерзімінен бұрын-шартты түрде босатылған адаммен әңгімелер
өткізу туралы анықтамалар
17. Бағыттық және бақылау парақтарының түбіршектері, бағыттық және
бақылау парақтары
18. Мерзімінен бұрын-шартты түрде босатылған адамның өмір сүруін,
мінез-құлқын бақылауды жүзеге асыру үшін маңызы бар басқа да
құжаттар
Қазақстан Республикасы Ішкі істер
министрінің 2007 жылғы 21 тамыздағы
N 340 бұйрығымен бекітілген Жазасын
өтеуден мерзiмiнен бұрын-шартты түрде
босатылған адамдардың мінез-құлқын
бақылауды жүзеге асыру ережесіне
2-қосымша
Мерзімінен бұрын-шартты түрде босатылғандарға арналған
бақылау істерін тіркеу журналы
200 _____ жылғы "_____"___________ басталды
200 _____ жылғы "_____"___________ аяқталды
Журналдың ішкі мазмұны
Бірінші бөлім
Бақылау ісінің |
Мерзімінен бұрын-шартты |
Жазаның өтелмеген бөлігі мерзімінің басталған күні |
1 |
2 |
3 |
кестенің жалғасы
Жазаның өтелмеген |
Мекенжай бюросына |
Бақылауды жүзеге |
4 |
5 |
6 |
Екінші бөлім
N р/с |
Мерзімінен бұрын-шартты |
Тұрғылықты |
Мерзімінен бұрын-шартты түрде боса- |
1 |
2 |
3 |
4 |
кестенің жалғасы
Мерзімінен бұрын-шартты |
ҚАІІО-ға кезекті келетін |
Мерзімінен бұрын-шартты |
5 |
6 |
7 |
Қазақстан Республикасы Ішкі істер
министрінің 2007 жылғы 21 тамыздағы
N 340 бұйрығымен бекітілген Жазасын
өтеуден мерзiмiнен бұрын-шартты түрде
босатылған адамдардың мінез-құлқын
бақылауды жүзеге асыру ережесіне
3-қосымша
___________________________________________________________
| Мерзімінінен бұрын-шартты түрде босатылған адамның |
| байланыстар сызбасы |
|___________________________________________________________|
_______________________________________________________
| Мерзімінен бұрын-шартты түрде босатылған адамның |
| тегі, аты, әкесінің аты |
|_______________________________________________________|
|
|
V
_______________________________
| |
| |
_______ | _________ ________ | ___________________
| Әкесі |<_|_> | Жақын | | Алыс |<_|_>| Достары, таныстары|
|_______| | |туыстары | |туыстары| | (мекенжайлары |
| |_________| |________| | лақап аттары) |
| | | |___________________|
| V V |
_______ | ____________ ________ V
| Шешесі|<_| | Аға-інілері| | Немере | ___________________
|_______| |____________| | ағасы | | |
| |________| |___________________|
| | |
V V V
____________ ________ ___________________
| Апа-қарын- | | Немере | | |
| дастары | | әпкесі | |___________________|
|____________| |________|
Әр бөлімде тегі, аты, әкесінің аты, тұрғылықты мекенжайы, жұмыс орны, лақап аттары, сотты болғандығы көрсетіледі (сызбаға барлық достары, таныстары мен туыстары енгізіледі).
Сызбаны жасаған:
____________________ ______________________
лауазымы, атағы тегі және аты-жөні
200_____ жылғы "_______" _____________
Қазақстан Республикасы Ішкі істер
министрінің 2007 жылғы 21 тамыздағы
N 340 бұйрығымен бекітілген Жазасын
өтеуден мерзiмiнен бұрын-шартты түрде
босатылған адамдардың мінез-құлқын
бақылауды жүзеге асыру ережесіне
4-қосымша
Күзет карточкасы
Тегі _______________________________________________________________
Аты ________________________________________________________________
Әкесінің аты _______________________________________________________
Туған күні мен туған жері __________________________________________
Мекенжайы __________________________________________________________
____________________________________________________________________
Паспорты (куәлігі)____________N _____________________________
____________________________________________________ берілген
Бас бостандығынан айыру орындарынан мерзімінен бұрын-шартты түрде
босатылған.
Аталған адамның мінез-құлқын бақылауды _____________________________
ішкі істер органы
__________________________________________________ жүзеге асырады.
қызметкерінің лауазымы, атағы, тегі және аты-жөні
_____________________________________________________ бастығы
ішкі істер органы
____________________________________________________________________
атағы, қолы, тегі және аты-жөні
200____ жылғы "_______" ________________
Күзет карточкасы адамның облыстан (республикадан) тыс, жаңа тұрғылықты жерге қоныс аударған, қайта қылмыс жасап, мерзімінен бұрын-шартты түрде босату шарасы өзгертілгені, жазаның өтелмеген бөлігінің мерзімі аяқталғаны, қайтыс болғаны туралы хабарлама алған кезде алынып тасталуы тиіс.
(көлемі 100х140 мм)
Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2007 жылғы 21 тамыздағы
N 340 бұйрығымен бекітілген
Жазасын өтеуден мерзімінен
бұрын-шартты түрде
босатылған адамдардың мінез
құлқын бақылауды жүзеге
асыру ережесіне 5-қосымша
Ескерту. 5-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Ішкі істер министрінің 2010.08.19 № 361 (ресми жарияланған күннен күнтізбелік он күн өткеннен соң күшіне енеді) бұйрығымен.
Бекітемін
______________________бастығы
ҚАІІБ-нің атауы
_____________________________
атағы, Т.А.Ә. қолы
20__жылғы «____»_____________
Мерзімінен шарты-түрде босатылған адамға қатысты
міндеттерді белгілеу туралы
қаулы
______________________________________________учаскелік полиция
(ҚАІІО-ның атауы)
инспекторы __________________________________________________________
(Т.А.Ә., атағы)
_____________________________________________________________________
(соттың толық атауы)
20__ жылғы «__»____________сот қаулысын қарап, оған сәйкес __________
______________________________________________________жазасын өтеуден
(шартты мерзімінен бұрын босатылған адамның Т.А.Ә.)
шартты мерзімінен бұрын босатылды және оған мынадай міндеттер жүктелді:
1.__________________________________________________________________
2.__________________________________________________________________
3.__________________________________________________________________
Ескертпе: Егер сот қаулысында тек Қазақстан Республикасы ҚАК-нің 178-2-бабына сілтеме жасалған жағдайда «ҚАК-нің 178-2-бабында көзделген......... міндеттер жүктелді».
20___ «____»___________ сот қаулысы күшіне енгеннен соң шартты мерзімінен бұрын босатылған ________________________________________
_____________________________________________ мына мекен-жай бойынша тұруға келді.
Қазақстан Республикасы ҚАК-нің 178-2-бабына сәйкес тиісті бақылауды қамтамасыз ету мақсатында шартты мерзімінен бұрын босатылғанға сот жүктеген міндеттерді белгілеу қажет.
Баяндалғанның негізінде, Қазақстан Республикасы ҚАК-нің 178-2-бабын басшылыққа ала отырып,
Қаулы етемін:
____________________________________________________қатысты мынадай
тегі, аты-жөні
міндеттер белгіленсін:
1. __________________________________________________________________
2. __________________________________________________________________
3. __________________________________________________________________
Ескертпе: Шектеулер тізімі шартты мерзімінен бұрын босатылған адамға Қазақстан Республикасы ҚАК-нің 178-2-бабына сәйкес сот жүктеген міндеттермен қатаң сәйкестікте белгіленеді.
___________________________________учаскелік полиция инспекторы
ҚАІІБ-нің атауы
_______________________________________________________________
атағы, Т.А.Ә.
20____жылғы «____»______________
Қазақстан Республикасы Ішкі істер
министрінің 2007 жылғы 21 тамыздағы
N 340 бұйрығымен бекітілген Жазасын
өтеуден мерзiмiнен бұрын-шартты түрде
босатылған адамдардың мінез-құлқын
бақылауды жүзеге асыру ережесіне
6-қосымша
___________________ сотының төрағасы
_______________________ мырзаға
Ұсыныс
200___ жылғы "____" ___________бастап Қазақстан Республикасы ҚК "_____" бабы бойынша "____" жылға сотталған, бас бостандығынан
айыру орындарынан жазасын өтеуден мерзiмiнен бұрын-шартты түрде босатылған адамның "____" жазасын өтемеген мерзімі 200_______жылғы
"___"_____жылдан бастап__________мекенжайында тұратын_________жылы
туған азамат(ша)__________________________________________________
_____________________ профилактикалық есепте тұратынын хабарлаймын.
ҚАІІО атауы
Азамат (ша)_______________________жазасын өтеуден мерзімінен бұрын-шартты түрде босатылғаннан кейін ішкі істер органдарының ескертуіне қарамастан, түзелу жолына түспеді, құқыққа қарсы өмір сүруді жалғастыруда және (сот белгілеген міндеттерді) құқық бұзушылықтарға жол беруде.
____________________________________________________________________
(белгіленген міндеттерді бұзу) әкімшілік құқық бұзушылық жасаған
немесе жүктелген міндеттемелерді бұзу және олар
____________________________________________________________________
бойынша есептегі адамға қатысты қабылданған әкімшілік ықпал ету
шаралары көрсетіледі )
____________________________________________________________________
Алайда, қабылданған шараларға қарамастан, азамат (ша) тағы да құқық
бұзушылық жасады (сот белгілеген міндеттерді орындаудан жалтарды)
____________________________________________________________________
(жол берілген құқық бұзушылық немесе белгіленген міндеттерді
орындамауы көрсетіледі.)
Жоғарыда баяндалғанды ескере отырып және Қазақстан Республикасы ҚАК 178-2-бабы, және Қазақстан Республикасы ҚК 70-бабының "а" тармағын басшылыққа ала отырып,
Сізден азамат (ша) ______________________________жазадан мерзімінен
тегі, аты, әкесінің аты.
бұрын-шартты түрде босатуды алып тастау мәселесін шешуіңізді
сұраймын
____________________________бастығы
ҚАІІО атауы,
____________________________ 200____ жылғы "______ "______________
атағы, тегі, аты,
әкесінің аты, қолы
Қазақстан Республикасы Ішкі істер
министрінің 2007 жылғы 21 тамыздағы
N 340 бұйрығымен бекітілген Жазасын
өтеуден мерзiмiнен бұрын-шартты түрде
босатылған адамдардың мінез-құлқын
бақылауды жүзеге асыру ережесіне
7-қосымша
Мерзімінен бұрын-шартты түрде босатылған адамға қатысты
белгіленген міндеттердің сақталуын бақылау парағы
Тегі ________________________ Аты __________________________________
Әкесінің аты _______________________________________________________
Туған күні және туған жері _________________________________________
____________________________________________________________________
Тұрғылықты мекенжайы _______________________________________________
____________________________________________________________________
Бақылау мерзімі ________________бастап___________________ дейін
N р/с |
Мерзімінен бұрын-шартты түрде |
Тексеру күнімен уақыты |
Тексеру нәтижелері |
Белгіленген міндеттерді |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
Қазақстан Республикасы Ішкі істер
министрінің 2007 жылғы 21 тамыздағы
N 340 бұйрығымен бекітілген Жазасын
өтеуден мерзiмiнен бұрын-шартты түрде
босатылған адамдардың мінез-құлқын
бақылауды жүзеге асыру ережесіне
8-қосымша
Тіркеу парағы
Азамат (ша) ________________________________________________________
мерзімінен бұрын-шартты түрде босатылған адамның тегі,
аты және әкесінің аты
____________________________________________________________________
ҚАІІО ______________________________________________________________
ҚАІІО-ның толық атауы
Жазаның өтелмеген бөлігінің мерзімі _________________________ дейін
Тіркелу үшін белгіленген күні мен уақыты __________________________
N р/с |
Тіркеуді жүргізген |
Тіркелген |
Мерзімінен бұрын-шартты |
Ескерту |
Қазақстан Республикасы Ішкі істер
министрінің 2007 жылғы 21 тамыздағы
N 340 бұйрығымен бекітілген Жазасын
өтеуден мерзiмiнен бұрын-шартты түрде
босатылған адамдардың мінез-құлқын
бақылауды жүзеге асыру ережесіне
9-қосымша
_________________________________
ҚАІІО толық атауы
бастығы __________________________
Баянат
200___ жылғы "___" ___________ ҚР ҚК "_____" бабы бойынша "____" жылға сотталған, бас бостандығынан айыру орындарынан жазасын өтеуден мерзiмiнен бұрын-шартты түрде босап шыққан_________________ мекенжайында тұратын________жылы туған азамат(ша)__________________
тегі, аты, әкесінің аты
ішкі істер органдарының ескертуіне қарамастан, құқыққа қарсы өмір сүруін және сот белгілеген міндеттемелерді, құқық бұзушылығын әкімшілік жауапкершілікке тартылды, міндеттерді орындаудан жалтарды
____________________________________________________________________
(әкімшілік қадағалау ережесін немесе белгіленген шектеулерді бұзу
____________________________________________________________________
және олар бойынша қадағаланушыға қатысты қабылданған әкімшілік әсер
ету шаралары көрсетіледі)
Алайда, қабылданған шараларға қарамастан, азамат (ша) тағы да
құқық бұзушылық жасады _____________________________________________
(жол берілген құқық бұзушылық
____________________________________________________________________
немесе белгіленген міндеттемелерді орындамауы көрсетіледі.)
Жоғарыда баяндалғанды ескере, Қазақстан Республикасы ҚАК-нің
178-2-бабын басшылыққа ала отырып, Сізден азамат (ша)_______________
тегі, аты, әкесінің аты
қатысты құжаттарды жазасын өтеуден мерзімінен бұрын-шартты түрде
босатуды алып тастау мәселесін шешу үшін аудандық, қалалық сотқа
жолдау мәселесін шешуіңізді сұраймын.
______________________________________
ҚАІІО-ның атауы, учаскелік полиция
______________________________________
инспектордың атағы, тегі, аты,
әкесінің аты, қолы
200_____ "______" ____________
Қазақстан Республикасы Ішкі істер
министрінің 2007 жылғы 21 тамыздағы
N 340 бұйрығымен бекітілген Жазасын
өтеуден мерзiмiнен бұрын-шартты түрде
босатылған адамдардың мінез-құлқын
бақылауды жүзеге асыру ережесіне
10-қосымша
Бағыт парағының түбіршегі |
БАҒЫТ ПАРАҒЫ |
Бағыт парағының сыртқы жағы |
|
200______жылғы "_____"_____________________ 1. 200___жылғы "_____"______________________ М.О. ______________________________________ |
Қазақстан Республикасы Ішкі істер
министрінің 2007 жылғы 21 тамыздағы
N 340 бұйрығымен бекітілген Жазасын
өтеуден мерзiмiнен бұрын-шартты түрде
босатылған адамдардың мінез-құлқын
бақылауды жүзеге асыру ережесіне
11-қосымша
Ішкі істер органының _____________________________
мөртаңбасы ҚАІІО-ның атауы
___________________ бастығына
Хабарлама
200____ жылғы "______" _____________ туған, ________________________
________________________________________ мекенжайы бойынша тұратын
тұрғылықты мекенжайы
мерзімінен бұрын-шартты түрде босатылған азамат (ша)
____________________________________________________________________
тегі, аты, әкесінің аты
200___ жылғы "______" ______________________________________________
сапардың мақсаты
____________________________________________________ тәулік мерзімге
елді мекеннің атауы
шығуға рұқсат етілді. Ол жерде _____________________________________
мекенжайы бойынша __________ бастап ___________________ дейін тұрады.
Жоғарыда баяндалғандарға байланысты уақытша тұратын жері бойынша
азамат (ша) ________________________________________________________
тегі, аты-жөні
мінез-құлқы мен өмір сүру салтын бақылауды ұйымдастыруды, оның
тарапынан болған құқық бұзушылықтар туралы _________________________
ішкі істер бөліміне хабарлауды сұраймын.
_________________________________________ бастығы
ҚАІІО атауы,
___________________________________________________
қолы, тегі, аты-жөні
200______ жылғы "_____"______________
Қазақстан Республикасы Ішкі істер
министрінің 2007 жылғы 21 тамыздағы
N 340 бұйрығымен бекітілген Жазасын
өтеуден мерзiмiнен бұрын-шартты түрде
босатылған адамдардың мінез-құлқын
бақылауды жүзеге асыру ережесіне
12-қосымша
Ішкі істер органының ___________________________
мөртаңбасы ҚАІІО-ның атауы
__________________бастығына
Профилактикалық есепте тұратын, бас бостандығын айыру орындарынан
мерзімінен бұрын-шартты түрде босатылған азамат(ша)
____________________________________________________________________
тегі, аты, әкесінің аты
_________________________________________________________ тұрғылықты
мекенжайын өзгерту және __________________________________ мекенжайы
бойынша шығу ниетінде екенін хабарлаймын.
Жоғарыда баяндалғандарға байланысты уақытша тұратын жері бойынша
азамат (ша) ________________________________________________________
тегі, аты-жөні
жаңа тұрғылықты жеріне уақтылы келуін бақылауды ұйымдастыруды сұраймын.
Бақылау ісі азамат (ша)_____________________________________________
тегі, аты-жөні
жаңа тұрғылықты жеріне келгені туралы растау қағаз алғаннан кейін
жіберіледі.
____________________________________________ бастығы
ҚАІІО атауы
___________________________________________________
қолы, тегі, аты-жөні
200 ___ жылғы "_________"_____________________
Қазақстан Республикасы Ішкі істер
министрінің 2007 жылғы 21 тамыздағы
N 340 бұйрығымен бекітілген Жазасын
өтеуден мерзiмiнен бұрын-шартты түрде
босатылған адамдардың мінез-құлқын
бақылауды жүзеге асыру ережесіне
13-қосымша
Ішкі істер органының ___________________________
мөртаңбасы бюросының атауы
___________________________
атауы
Бас бостандығын айыру орындарынан мерзімінен бұрын-шартты түрде
босатылған,
200_____жылғы "_______"____________________ күзет парағы ашылған
азамат (ша) ________________________________________________________
тегі, аты, әкесінің аты
____________________________________________________________________
туған күні, тұрғылықты мекенжайы
мекенжайы бойынша жаңа тұрғылықты жерге кетті, бас бостандығынан айыруға сотталған, жазадан мерзімінен бұрын-шартты түрде босату мерзімі аяқталғанына байланысты, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған күнінен бастап 3 жыл мерзімін өтеуіне не болмаса соты болуының өтелуіне немесе алынуына (керегін сызыңыз) байланысты қадағаланушы адамдар есебінен шығарылуы тиіс екенін хабарлаймын.
_________________________________________ бастығы
ҚАІІО-ның атауы
_________________________________________________
қолы, тегі және аты-жөні
200______ жылғы "______"______________
Қазақстан Республикасы Ішкі істер
министрінің 2007 жылғы 21 тамыздағы
N 340 бұйрығымен бекітілген Жазасын
өтеуден мерзiмiнен бұрын-шартты түрде
босатылған адамдардың мінез-құлқын
бақылауды жүзеге асыру ережесіне
14-қосымша
Бақылау парағының түбіршегі ________________________________ Азамат(ша)______________________ Ескертумен таныстым |
БАҚЫЛАУ ПАРАҒЫ Тегі______________Аты___________ |