Қазақстан Республикасының білім, ғылым органдары мен оқу орындарынан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою бойынша мемлекеттік қызмет көрсетудің стандартын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министірінің 2007 жылғы 30 қарашадағы N 591 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2007 жылғы 14 желтоқсандағы Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5042 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 қыркүйектегі № 433 Бұйрығымен.

      Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Білім және ғылым министрінің 2012.09.21 № 433 (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.

      "Мемлекеттік қызмет көрсетудің үлгі стандартын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 маусымдағы N 558 Қаулысына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының білім, ғылым органдары мен оқу орындарынан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою бойынша мемлекеттік қызмет көрсетудің стандарты бекітілсін.

      2. Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті(Н. Қалабаев) осы бұйрықты белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге ұсынсын.

      3. Осы бұйрық алғашқы арнайы жариялымнан кейін күнтізбелік он күн ішінде күшіне енеді.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Білім және ғылым вице-министрі К. Шәмшидиноваға жүктелсін.

       Министр

Қазақстан Республикасы     
Білім және ғылым министрінің  
2007 жылғы 30 қарашадағы    
N 591 бұйрығымен бекітілген  

Қазақстан Республикасының білім, ғылым органдары мен оқу орындарынан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою бойынша мемлекеттік қызмет көрсетулер
СТАНДАРТЫ 1. Жалпы ережелер

      1. Осы Стандарт ресми құжаттарға апостиль қою бойынша құжатқа қол қойған тұлғаның қолының түпнұсқасын куәландыратын және оның өкілеттіктерін, сондай-ақ осы құжат бекітілген мөрдің немесе мөртаңбаның түпнұсқалылығын растап, мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібін белгілейді. Апостильді қою құжаттарды дипломатиялық және консулдық заңдастыру қажеттілігінен босату мақсатында Гаага конвенциясына мүше-елдердің аумағында қолдануға арналған апостиленетін құжаттардың түпнұсқалылығы мен тиесілі ресімделінуіне кепілдікті қамтамасыз ету болып табылады (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет көрсету).

      2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: ішінара автоматтандырылған.

      3. Мемлекеттік қызмет көрсету "Шетелдік ресми құжаттарды
заңдастыруды талап етудің күшін жоятын конвенцияға қосылу туралы"
Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 30 желтоқсандағы N 11-II  Заңының , "Шетелдік ресми құжаттарды заңдастыруды талап етудің күшін жоятын конвенция (Гаага, 1961 жылғы 5 қазан) ережелерін іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Укіметінің 2001 жылғы 24 сәуірдегі  N 545 қаулысының, "Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарынан, сондай-ақ нотариустардан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою тәртібі мен шарттары туралы Бірыңғай қағиданы бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2001 жылғы 4 маусымдағы  N 67 бұйрығының (мемлекеттік құқықтық актілерді тіркеу тізілімінде N 1536 тіркелген) негізінде жүзеге асырылады.

      4. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті сыртқы емтихандар басқармасы көрсетеді (бұдан әрі - Комитет).

      5. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің қортындылану нысаны (нәтижесі) апостилденген құжатты беру болып табылады.

      6. Мемлекеттік қызмет көрсету жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі - талап етуші) көрсетіледі.

      7. Мемлекеттік қызмет көрсету кезіндегі уақыт бойынша шектеу мерзімдері:
      1) құжаттарды тапсыру кезінде кезек күту бір сағаттан аспауы керек;
      2) апостилденген құжатты алған кезде кезек күтуге рұқсат берілген ең ұзақ уақыт мерзімі бір сағаттан аспау керек;
      3) Құжаттар түскен кезден бастап 3 күн ішінде қаралады, тиісті құжаттарға қосымша тексеріс қажеттігі кезінде құжаттарды қарау 15 жұмыс күніне дейін ұзартылады.

      8. Мемлекеттік қызмет көрсетілгені үшін "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Қазақстан Республикасының  Кодексіне сәйкес, мемлекеттік баж төленген күнге белгіленген ең төменгі есептік көрсеткіштің 20 пайызын құрайтын мемлекеттік баж төленеді.

      9. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы толық ақпарат Комитеттің ресми сайтында (www.educontrol.kz) орналастырылады.

      10. Мемлекеттік қызмет көрсету сенбі және жексенбіден басқа барлық күндері жүргізіледі. Құжаттар 9.00.-ден 11.00.-ге дейін қабылданады, 16.00.-ден 18.00.-ге дейін құжатты ұсынушы азаматтарға қайтарылып беріледі. Алдын ала жазылу немесе жедел жүзеге асыру қолданылмайды.

      11. Қызмет "Министрліктер үйі" ғимаратында көрсетіледі.

  2. Мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі

      12. Ресми құжатты апостилдеу үшін келесі құжаттарды ұсыну қажет:
      1) жеке басын куәландыратын құжат;
      2) білім туралы құжат (түпнұсқа);
      3) мемлекеттік баж салығын төленгендігі туралы түбіртек;
      4) өтініш беруші жеке өзі қатыса алмаған жағдайда нотариялды куәландырылған сенім хат.

      13. Мемлекеттік қызметті алу үшін бланк толтыру, өтініш беру талап етілмейді.

      14. Қызмет мынадай мекен-жай бойынша көрсетіледі: Астана қаласы, Есіл өзенінің сол жағалауы, N 35 көше "Министрліктер үйі" 11-кіреберіс, 833 кабинет. Телефондар: (8-7172) 74-23-72; 74-23-99; (www.educontrol.kz).

      15. Талап етушінің мемлекеттік қызмет үшін ұсынылған құжаттары "Қойылған апостильдерді тіркеу кітабында" тіркеледі.
      16. Құжаттарды беру осы Стандарттың 10 тармағында көрсетілген кесте бойынша жүзеге асырылады.
      Апостилденген құжатты алу үшін талап етушінің жеке өзі немесе сенім хаты бойынша өкілетті тұлға қатыстырылады.
      17. Апостиль қою үшін ұсынылған құжаттар анық және айқын жазылуы, лауазымды тұлғаның қолы және мөрінің таңбасы анық көрінуі керек.
      Апостиль Қазақстан Республикасының білім, ғылым органдары мен оқу орындарынан шығатын ресми құжаттардың көшірмелеріне қойылмайды.
      Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартуға:
      1) осы стандарттың 12 тармағында көрсетілген құжаттар пакеті толық болмағаны;
      2) апостиль қою үшін ұсынылған құжат дұрыс толтырылмағаны;
      3) білім беру ұйымдарынан шыққан білім туралы құжаттарды растау ұсынылмағаны негіз болады.
      Апостиль қоюдан бас тартылған жағдайда өтініш беруші тұлғаға құжат қабылдаған күннен 10 күн ішінде дәлелді себептері көрсетіліп, жазбаша түрде қайтарылады.
      Бас тартуға сотпен шағымдануы мүмкін.

3. Жұмыс қағидаттары

      18. Комитет қызметінде құралатын қағидаттар:
      1) конституциялық құқық пен адам еркіндігін сақтау;
      2) қызметті атқару барысындағы заңнамалылық;
      3) әдептілік;
      4) жеткілікті және толық ақпарат беру;
      5) құпия ақпараттар және оны қорғау.

4. Жұмыс нәтижелері

      19. Тұтынушыларға мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелері осы стандарттың 1-қосымшасына сәйкес сапа және қол жетімділік көрсеткіштерімен өлшенеді.
      20. Мемлекеттік қызмет көрсететін мемлекеттік органның, мекеменің немесе өзге де субъектілердің жұмысы бағаланатын мемлекеттік қызметтердің сапа және қол жетімділік көрсеткіштерінің нысаналы мәнін жыл сайын арнайы құрылған жұмыс топтары бекітеді.

5. Шағымдану тәртібі

      21. Уәкілетті лауазымды тұлғалардың әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану қажеттілігі кезінде талап етуші Комитет басшысына бара алады (тел: (8-7172) 74-23-49, imankul@educontrol.kz).
      Талап етуші қабылданған шараларға қанағаттанбаса немесе мәселе жоғары тұрған органның қарауын қажет етсе Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министріне жазбаша шағым хат жолдауына болады.
      22. Шағым жазбаша түрде поштамен немесе Білім және ғылым министрлігінің кеңсесі арқылы қолма-қол мына мекен-жай бойынша жұмыс күндері қабылданады: Астана қаласы, Есіл өзенінің сол жағалауы, N 35 көше "Министрліктер үйі" 11 кіреберіс, 801 кабинет.
      23. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігіне келіп түскен шағымды қарау белгіленген тәртіппен және мерзімінде Қазақстан Республикасының заңнамаларымен сәйкес қаралады.
      Заңнамада белгіленген тәртіппен ұсынылған өтініштер міндетті түрде қабылдауға, тіркелуге, есепке алынуға және қарауға жатады.

6. Байланыс ақпараты

      24. Талап етушіні қабылдау Комитеттің жұмысының белгіленген кестесіне сәйкес жүзеге асады.
      Облыстық және Астана, Алматы қалаларының білім департаменттерімен байланысу мәліметтері осы стандарттың 2-қосымшасында көрсетілген.

                                   Қазақстан Республикасы білім,
                               ғылым органдары мен оқу орындарынан
                                 шығатын ресми құжаттарға апостиль
                                  қою бойынша мемлекеттік қызмет
                               көрсетулер стандартының 1-қосымшасы

Кесте. Сапа және қол жетімділік көрсеткіштерінің мәні

Сапа және қол
жетімділік
көрсеткіштері

Көрсеткіш-
тің норма-
тивтік
мәні

Көрсеткіш-
тің келесі
жылдағы
нысаналы
мәні

Көрсеткіш-
тің есепті
жылдағы
ағымдағы
мәні

1

2

3

4

1. Уақтылығы

1.1. құжаттарды тапсырған сәттен бастап белгіленген мерзімде қызметті ұсыну оқиғаларының %(үлесі)




1.2. қызмет алуды кезекте қырық минуттан аспайтын уақыт күткен тұтынушылардың %(үлесі)




2. Сапасы

2.1. қызметті ұсыну үдерісінің сапасына қанағаттанған тұтынушылардың % (үлесі)




2.2. құжаттарды лауазымды тұлға дұрыс ресімдеген жағдайдың (жүргізілген төлемдер, есеп айырысулар және т.б.)
% (үлесі)




3. Қол жетімділігі

3.1. қызметті ұсыну тәртібі туралы сапаға және ақпаратқа
қанағаттанған
тұтынушылардың %
(үлесі)




3.2. тұтынушы құжаттарды толтырған және бірінше рет тапсырған оқиғалардың % (үлесі)




3.3. Интернет арқылы қолжетімді қызметтері-
нің ақпарат % (үлесі) 




4. Шағымдану үдерісі

4.1. қызметтің осы түрі бойынша қызмет көрсетілген тұтынушылардың жалпы санына негізделген шағымдардың % (үлесі)




4.2. белгіленген мерзімде қаралған және қанағаттандырыл-
ған негізделген
шағымдардың % (үлесі)




4.3. шағымданудың қолданыстағы тәртібіне
қанағаттанған тұтыну-
шылардың % (үлесі)




4.4. шағымдану мерзі-
міне қанағаттанған
тұтынушылардың %
(үлесі)




5. Сыпайылық

5.1. қызметкерлердің сыпайылығына қанағат-
танған тұтынушылардың
% (үлесі)




         Көрсеткіштер Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының бұйрығымен бекітілген мемлекеттік қызмет стандарттарының көрсеткіштерін анықтау жөніндегі модельдік әдістемелік ұсынымдарға сәйкес есептеледі(сайт www. kyzmet.kz)

                                  Қазақстан Республикасы білім,
                               ғылым органдары мен оқу орындарынан
                                 шығатын ресми құжаттарға апостиль
                                  қою бойынша мемлекеттік қызмет
                               көрсетулер стандартының 2-қосымшасы

       Облыстық және Астана, Алматы қалаларының білім
               департаменттері туралы мәлімет

N Атауы Орналасқан мекен-жайы Байланыс телефондары

1

Астана қаласының білім департаменті

Астана қ. Бейбітшілік көшесі N 11 үй 708 кабинет

(87172) 75-26-55

2

Алматы қаласының білім департаменті

Алматы қаласы, Республика алаңы, N 4 үй 431 кабинет

(87272)272-11-00

3

Ақмола облысының
білім департаменті

Көкшетау қаласы, Сәтпаев көшесі, N 1 үй 305
кабинет

(87162) 25-32-95

4

Алматы облысының
білім департаменті

Талдықорған қаласы, Қабанбай батыр көшесі, N 26 үй

(87282) 27-25-91

5

Ақтөбе облысының
білім департаменті

Ақтөбе қ., Әбілқайырхан даңғылы, N 40 үй

(87132)56-04-61
(87132)56-44-21

6

Атырау облысының білім департаменті

Атырау қаласы, Әйтеке би көшесі,
N 77 үй

(87122)35-43-27

7

Шығыс Қазақстан облысының білім департаменті

Өскемен қ., Карл Либкнехт көшесі,
N 19 үй

(87132)570-144
(87132)570-150
(87132)570-156
(87132)570-154
(87132)570-158

8

Жамбыл облысының білім департаменті

Тараз қаласы, Бектұрғанов көш.
N 6 үй,
инд: 080012

(87262)45-23-34

9

Батыс Қазақстан
облысының білім
департаменті

Орал қаласы, С.Есқалиев көшесі, 72 үй

(87112)260-474

10

Қарағанды облысының
білім департаменті

Қарағанды қ., А.Әлиханов көш., N 19 үй

(87212)412-243

11

Қостанай облысының
білім департаменті

Қостанай қ., Әл-Фараби даңғылы, N 56 үй

(87142)57-53-17

12

Қызылорда облысының
білім департаменті

Қызылорда қ., Қорқыт ата, N 24 А үй


13

Маңғыстау облысының
білім департаменті

Ақтау қаласы, 13 шағын аудан, N 47 үй

(87292)42-14-60
(87292)43-51-15

14

Павлодар облысының
білім департаменті

Павлодар қаласы, Қайрбаев көшесі, N 32 үй

(87182)32-01-61
(87182)32-35-00

15

Солтүстік Қазақстан
облысының білім
департаменті

Петропавл қаласы,
Қазақстан Конституциясы көшесі, N 58 үй

(87152)36-06-81
(87152)46-94-66

16

Оңтүстік Қазақстан
облысының білім
департаменті

Шымкент қаласы, Республика даңғылы, N 12 "а" үй, 9 қабат

(87252)50-05-65

Об утверждении Стандарта оказания государственной услуги по апостилированию официальных документов, исходящих из органов образования, науки и учебных заведений Республики Казахстан

Приказ Министра образования и науки Республики Казахстан от 30 ноября 2007 года № 591. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 14 декабря 2007 года № 5042. Утратил силу приказом Министра образования и науки Республики Казахстан от 21 сентября 2012 года № 433

      Сноска. Утратил силу приказом Министра образования и науки РК от 21.09.2012 № 433 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      В соответствии с  постановлением Правительства Республики Казахстан от 30 июня 2007 года N 558 "Об утверждении Типового стандарта оказания государственной услуги" ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Утвердить прилагаемый Стандарт оказания государственной услуги по апостилированию на официальных документах, исходящих из органов образования, науки и учебных заведений Республики Казахстан.

      2. Комитету по контролю в сфере образования и науки (Н. Калабаев) представить настоящий приказ в установленном порядке на государственную регистрацию в Министерство юстиции Республики Казахстан.

      3. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального публикования.

      4. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на вице-министра образования и науки Республики Казахстан К. Шамшидинову.

      Министр

Утвержден приказом        
Министра образования и науки   
Республики Казахстан       
от 30 ноября 2007 года N 591   

  СТАНДАРТ
оказания государственной услуги
по апостилированию официальных документов, исходящих из органов
образования и науки, учебных заведений Республики Казахстан

  1. Общие положения

      1. Данный Стандарт определяет порядок оказания государственной услуги по апостилированию официальных документов - удостоверение подлинности подписи лица, подписавшего документ, и подтверждение его полномочий, а также подлинность печати или штампа, которыми скреплен этот документ. Проставление апостиля является обеспечением гарантии подлинности и надлежащего оформления апостилируемых документов, предназначенных для действия на территории стран-участниц Гаагской конвенции с целью освобождения документов от необходимости дипломатической или консульской легализации (далее - государственная услуга).

      2. Форма оказываемой государственной услуги: частично автоматизированная.

      3. Государственная услуга осуществляется на основании  Закона Республики Казахстан "О присоединении Республики Казахстан к Конвенции, отменяющей требование легализации иностранных официальных документов",  постановления Правительства Республики Казахстан от 24 апреля 2001 года N 545 "О мерах по реализации положений Конвенции, отменяющей требование легализации иностранных официальных документов (Гаага, 5 октября 1961 года)", приказа Министра юстиции Республики Казахстан от 4 июня 2001 года  N 67 "Об утверждении Единых правил о порядке и условиях проставления апостиля на официальных документах, исходящих из государственных органов, а также от нотариусов Республики Казахстан" (зарегистрированный в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за N 1536).

      4. Государственная услуга оказывается Управлением внешних экзаменов Комитета по контролю в сфере образования и науки Министерства образования и науки Республики Казахстан (далее - Комитет).

      5. Формой завершения оказываемой государственной услуги является выдача заапостелированных документов.

      6. Государственная услуга оказывается физическим и юридическим лицам (далее - потребители).

      7. Сроки ограничений по времени при оказании государственной услуги:
      1) ожидание в очереди при сдачи документов - не более одного часа;
      2) при выдаче апостилированных документов максимально допустимое время ожидания в очереди - не более одного часа;
      3) рассмотрение документов осуществляется в течение 3-х дней с момента их поступления, при необходимости дополнительной проверки соответствующих документов рассмотрение документов продлевается до 15 дней.

      8. За оказание государственной услуги взимается государственная пошлина, которая в соответствии с  Кодексом Республики Казахстан "О налогах и других обязательных платежах в бюджет (Налоговый кодекс)" составляет 20 процентов от минимального расчетного показателя установленного на день уплаты государственной пошлины.

      9. Полная информация о порядке оказания государственной услуги располагается на официальном сайте Комитета (www.educontrol.kz).

      10. Государственная услуга предоставляется ежедневно, за исключением субботы и воскресенья. Прием документов осуществляется с 9 00 до 11 00 часов, выдача документов производится с 16 00 до 18 00 часов.
      Предварительная запись и ускоренное оформление услуги не ведется.

      11. Услуга оказывается в здании "Дом Министерств".

  2. Порядок оказания государственной услуги

      12. Для апостилирования официальных документов представляются:
      1) документ удостоверяющий личность;
      2) документы об образовании (оригинал);
      3) квитанцию об оплате государственной пошлины;
      4) доверенность, засвидетельствованная нотариально, в случае, если заявитель не может обратиться лично.

      13. Для получения государственной услуги заполнение бланков, заявлений не требуется.

      14. Услуга оказывается по адресу г. Астана, Левый берег Реки Ишим, "Дом Министерств", N 35 подъезд 11, 833 кабинет.
      Телефон: (8-7172) 74-23-72; 74-23-99 (www.educontrol.kz).

      15. Документы потребителей, представленные для оказание государственной услуги регистрируются в "Книге регистрации документов проставления апостиля".

      16. Выдача документов производятся согласно графику, указанного в пункте 10 настоящего стандарта.
      Для получения апостилированных документов требуется личное посещение потребителя или лица, уполномоченного по доверенности потребителем.

      17. Документы, представляемые для проставления апостиля, должны быть написаны ясно и четко, подписи должностных лиц и оттиски печатей должны быть отчетливыми.
      Апостиль не проставляется на копиях официальных документов, исходящих из органов образования и науки, учебных заведений Республики Казахстан.
      Основанием для отказа в предоставлении государственной услуги является:
      1) непредоставление полного пакета документов указанных в пункте 12 настоящего стандарта;
      2) неправильное заполнение документов, представленных для проставления апостиля;
      3) непредставление подтверждения на документы об образовании, исходящие из организации образования.
      В случае отказа в проставлении апостиля, обратившемуся лицу в течение 10 дней со дня принятия документа дается мотивированный отказ с указанием причин в письменной форме.
      Отказ может быть обжалован в судебном порядке.

  3. Принципы работы

      18. Деятельность Комитета основывается на принципах:
      1) соблюдения конституционных прав и свобод человека;
      2) законности при исполнении служебного долга;
      3) вежливости;
      4) предоставления исчерпывающей и полной информации;
      5) защиты и конфиденциальности информации.

  4. Результаты работы

      19. Результаты оказания государственной услуги потребителям измеряются показателями качества и доступности в соответствии с  приложением 1 к настоящему стандарту.

      20. Целевые значения показателей качества и доступности государственных услуг, по которым оценивается работа государственного органа, учреждения или иных субъектов, оказывающих государственные услуги, ежегодно утверждаются специально созданными рабочими группами.

  5. Порядок обжалования

      21. При необходимости обжаловать действия (бездействие) уполномоченных должностных лиц потребитель может обратиться к председателю Комитета (тел: (87172) 74-23-49, imankul@educontrol.kz).
      Если потребитель не будет удовлетворен принятыми мерами или вопрос требует рассмотрения вышестоящей инстанцией, потребитель может направить жалобу письменно Министру образования и науки Республики Казахстан.

      22. Жалобы принимаются в письменном виде по почте либо нарочно через канцелярию Министерства образования и науки Республики Казахстан, по адресу г. Астана, Левый берег реки Ишим, "Дом Министерств", N 35 подъезд 11, 801 кабинет в рабочие дни.

      23. Рассмотрение жалоб, поступивших в Министерство образования и науки Республики Казахстан, осуществляется в порядке и сроки, предусмотренные законодательством Республики Казахстан.
      Обращения, поданные в порядке, установленном законодательством, подлежат обязательному приему, регистрации, учету и рассмотрению.

  6. Контактная информация

      24. Прием потребителей осуществляется в соответствии с установленным графиком работы Комитета.
      Контактные данные департаментов образования областей и городов Астаны, Алматы указаны в  приложении 2 к настоящему стандарту (www.educontrol.kz).

Приложение 1                 
к Стандарту оказания государственной    
услуги по апостилированию на        
официальных документах, исходящих из    
органов образования, науки и учебных    
заведений Республики Казахстан       

         Таблица. Значения показателей качества и доступности

Показатели качества и доступности

Нормативное
значение
показателя

Целевое
значение
показателя в
последующем
году

Текущее
значение
показателя
в отчетном
году

1. Своевременность

1.1. % (доля) случаев
предоставления услуги
в установленный срок
с момента сдачи документа




1.2. % (доля)
потребителей, ожидавших
получения услуги в очереди
не более 40 минут




2. Качество

2.1. % (доля)
потребителей,
удовлетворенных
качеством процесса
предоставления услуги




2.2. % (доля) случаев
правильно оформленных
документов должностным
лицом




3. Доступность

3.1. % (доля)
потребителей,
удовлетворенных
качеством и информацией
о порядке предоставления
услуги




3.2. % (доля) случаев
правильно заполненных
потребителем документов
и сданных с первого раза




3.3. % (доля) услуг,
информации о которых
доступно через Интернет




4. Процесс обжалования

4.1. % (доля)
обоснованных жалоб общему
количеству обслуженных
потребителей по данному
виду услуг




4.2. % (доля)
обоснованных жалоб,
рассмотренных и
удовлетворенных в
установленный срок




4.3. % (доля)
потребителей,
удовлетворенных с
существующим порядком
обжалования




4.4. % (доля)
потребителей,
удовлетворенных сроками
обжалования




5. Вежливость

5.1. % (доля)
потребителей,
удовлетворенных
вежливостью персонала




   Приложение 2                 
к Стандарту оказания государственной    
услуги по апостилированию на        
официальных документах, исходящих из    
органов образования, науки и учебных    
заведений Республики Казахстан       

               Контактные данные департаментов образования
                  областей и городов Астаны, Алматы

N
п/п

Наименование

Адрес расположения

Контактные
телефоны

1

Департамент
образования города
Астаны

г. Астана
ул. Бейбитшилик дом
N 11 каб. 708

(87172)75-26-55

2

Департамент
образования города
Алматы

г. Алматы
пр. Республика дом N 4
каб. 431

(8727)272-11-00

3

Департамент
образования
Акмолинской области

г. Кокшетау
ул. Сатпаева дом N 1
каб. 305

(87162)25-32-95

4

Департамент
образования
Алматинской области

г. Талдыкорган
ул. Кабанбай батыр,
дом N 26

(8-7282)27-25-91

5

Департамент
образования
Актюбинской области

г. Актобе
пр. Абылкайрхана,
дом N 40

(87132)56-04-61
(87132)56-44-21

6

Департамент
образования
Атырауской области

г. Атырау,
ул. Айтеке би,
дом N 77

(87122)35-43-27
(87122)35-49-65

7

Департамент
образования
Восточно-
Казахстанской
области

г. Усть-каменагорск
ул. Карл Либкнехт, N 19

(87232)570-144
(87232)570-150
(87232)570-156
(87232)570-154
(87232)570-158

8

Департамент
образования
Жамбылской области

г. Тараз,
ул. Бектурганова,
дом N 6 инд:080012

(87262)
45-23-34

9

Департамент
образования
Западно-
Казахстанской
области

г. Орал
ул. С. Ескалиева
дом N 72

(87112)260474

10

Департамент
образования
Карагандинской
области

г. Караганда
ул. А. Алиханова
дом N 19

(87212)412243

11

Департамент
образования
Костанайской
области

г. Костанай
пр. Аль-Фараби,
дом N 56

(87142)57-53-17

12

Департамент
образования
Кызылординской
области

г. Кызылорда
ул. Коркыт Ата
дом N 24 А

(87242)279238
(87242)279237

13

Департамент
образования
Мангистауской
области

г. Актау 13 м/р, N 47

(7292)42-14-60
(87292)43-51-15

14

Департамент
образования
Павлодарской
области

г. Павлодар,
ул. Кайырбаев,
дом N 32

(87182)32-01-61
(87182)32-35-00

15

Департамент
образования
Северо-Казахстанской
области

г. Петропавл
ул. Қазақстан
Конституциясы дом N 58

(7152)36-06-81
(7152)46-94-66

16

Департамент
образования
Южно-Казахстанской
области

г. Шымкент
пр. Республика,
дом N 12 "а", 9 этаж.

(87252)50-05-65