Салық салу объектілері мен салық салуға байланысты объектілерді жанама әдістер (активтер, міндеттемелер, айналымдар, шығындар, шығыстар) негізінде айқындау ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 2007 жылғы 6 желтоқсандағы N 445 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2007 жылғы 26 желтоқсанда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5069 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2009 жылғы 9 қаңтардағы N 5 бұйрығымен.

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Қаржы министрінің 2009.01.09 N 5 бұйрығымен.

      -------------------- Бұйрықтан үзінді -------------------

      БҰЙЫРАМЫН:
      1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес кейбір нормативтік құқықтық актілердің күші жойылды деп танылсын.
      2. ...
      3. ...
      4. Осы бұйрық 2009 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді.

      Министр                                        Б.Жәмішев

Қазақстан Республикасы
Қаржы Министрдің   
2009 жылғы 9 қаңтардағы
№ 5 бұйрығына қосымша

Күші жойылған кейбір нормативтік құқықтық актілерінің тізбесі

      1. ....
      .........
      27. "Салық салу объектілері мен салық салуға байланысты объектілерді жанама әдістер (активтер, міндеттемелер, айналымдар, шығындар, шығыстар) негізінде айқындау ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің м.а. 2007 жылғы 6 желтоқсандағы № 445 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5069 болып тіркелді, "Заң газеті" газетінде 2008 жылғы 18 қаңтардағы № 8, "Ресми газет" газетінде 2007 жылғы 2 ақпандағы № 5 жарияланды).

      Қолданушылардың назарына!!!
      Қаулының қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз.

      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 76-бабы 1-тармағын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса берілген Салық салу объектілері мен салық салуға байланысты объектілерді жанама әдістер (активтер, міндеттемелер, айналымдар, шығындар, шығыстар) негізінде айқындау ережесі бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Салық комитеті (Н.Қ. Рахметов) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге жіберсін және осы бұйрықты Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауға шаралар қабылдасын.

      3. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министрдің м.а.

      "Келісілді"
      Қазақстан Республикасының
      Экономика және бюджеттік
      жоспарлау министрі
      2007 жылғы 12 желтоқсан

Қазақстан Республикасы    
Қаржы министрінің м.а.    
2007 жылғы 6 желтоқсандағы  
N 445 бұйрығымен       
бекітілген          

САЛЫҚ САЛУ ОБЪЕКТІЛЕРІ МЕН САЛЫҚ САЛУҒА БАЙЛАНЫСТЫ ОБЪЕКТІЛЕРДІ ЖАНАМА ӘДІСТЕР (АКТИВТЕР, МІНДЕТТЕМЕЛЕР, АЙНАЛЫМДАР, ШЫҒЫНДАР, ШЫҒЫСТАР) НЕГІЗІНДЕ АЙҚЫНДАУ ЕРЕЖЕСІ

1. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

      1. Осы Ереже "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексі (Салық кодексі) 76-бабының 1-тармағына сәйкес әзірленген. Ереже есеп жүргiзу тәртiбi бұзылған жағдайда салық қызметi органдарының есеп құжаттамалары жоғалған немесе жойылған кезде салық тексеруi барысында салық салу объектiлерi мен салық салуға байланысты объектiлердi жанама әдiстер (активтер, мiндеттемелер, айналымдар, шығындар, шығыстар) негiзiнде айқындау тәртібін белгілейді.

      2. Осы Ереженің мақсаты үшін есепті жүргiзу тәртiбiнің бұзылуы, есеп құжаттамаларының жоғалуы немесе жойылуы деп салық салу объектілері мен салық салуға байланысты объектілерді айқындау үшін, сондай-ақ салық міндеттемелерін есептеу үшін негіз болып табылатын құжаттардың болмауы ұғынылады.

      3. Салық төлеушiнің салық міндеттемелерін есептеу үшін салық салу объектілері мен салық салуға байланысты объектілерді айқындауға негіз болып табылатын құжаттарды, сондай-ақ Салық кодексі 535-бабының 4-тармағына сәйкес салық қызметі органдарының талаптары негізінде сұрау салынған құжаттарды табыс етпеуі осы Ереженің мақсаты үшін құжаттар болмаған (жоғалған) деп танылады.

      4. Салық салу объектілері мен салық салуға байланысты объектілерді айқындаудың жанама әдiстері деп салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің сомаларын активтерді, міндеттемелерді, айналымды, шығыстарды бағалау, сондай-ақ Салық кодексіне сәйкес нақты салыққа және бюджетке төленетін басқа міндетті төлемге қатысты салық міндеттемелерін есептеу үшін қабылданған басқа салық салу объектілері мен салық салуға байланысты объектілерді бағалау негізінде айқындау ұғынылады. Салық салу объектілері мен салық салуға байланысты объектілерді бағалау салық есептілігі немесе алғашқы есеп құжаттарынан өзге көздерден алынған мәліметтер негізінде жүзеге асырылады.

2. АҚПАРАТ КӨЗДЕРІ

      5. Салық салу объектiлерi мен салық салуға байланысты объектiлердi жанама әдiстер негізінде айқындау үшін салық қызметi органдары жағдайларға, тексерілетін салық төлеуші қызметінің сипаты мен тегіне байланысты мыналарға:
      1) банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдарға;
      2) тиісті уәкiлеттi мемлекеттік органдарға, мемлекеттiк емес ұйымдарға, жергiлiктi атқарушы органдарға ресми сұрау салу жібереді.

      6. Ақпарат көздері жағдайларға, тексерілетін салық төлеуші қызметінің сипаты мен тегіне байланысты әрбір нақты жағдайда ерекшеленуі мүмкін.

3. САЛЫҚ САЛУ ОБЪЕКТІЛЕРІ МЕН САЛЫҚ САЛУҒА БАЙЛАНЫСТЫ
ОБЪЕКТІЛЕРДІ АЙҚЫНДАУ

      7. Салық төлеуші алған табыстардың көрсеткішін айқындау Қазақстан Республикасының аумағында және одан тысқары жерлерде орналасқан банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардан алынған банк құжаттамасы немесе басқа да ақпарат, сондай-ақ осы Ереженің 2-бөліміне сәйкес жіберілген сұрау салулар бойынша алынған ақпарат бойынша жүргізіледі.

      8. Табыс көрсеткішін есептеу үшін банктік көшірме жазбалармен расталған салық төлеушінің банктік шоттарына ақшаның түскені туралы ақпарат, төлем карточкалары, сондай-ақ басқа да төлем және есеп айырысу құжаттары және салық төлеушінің ақшаны алу фактісін растайтын басқалай ақпарат (құжаттар) пайдаланылады.

      9. Осы Ережелердің 2-бөлімінде айқындалған ұйымдар тексерілетін салық төлеушіде басқа да алынған (алынуы тиіс) табыстары бар екендігі туралы ақпарат берген кезде аталған табыстардың шамасы табыстың жалпы сомасына (салық салынатын айналымға) енгізілуге жатады.

      10. Қазақстан Республикасының кеден органдары берген ақпараттың негізінде салық төлеушінің эскпорт операцияларынан валюталық түсiм сомасы бар екені анықталған жағдайда аталған валюталық түсiм сомасы өткізу бойынша айналымдар мөлшеріне және жылдық жиынтық табыс құрамына енгізіледі.

      11. Тұрлаулы акциз ставкалары белгiленген акцизделетiн тауарлар бойынша салық салынатын базаны анықтау кезінде салық базасы заттай нысанда өндiрiлген, өткiзiлген акцизделетiн тауарлар көлемi ретiнде айқындалады, ал адвалорлық акциз ставкалары белгiленген акцизделетiн тауарлар бойынша салық базасы өндiрушi осы тауарды акциздер мен қосылған құн салығын енгiзбей беретiн бағалар бойынша анықталатын өндiрiлген, өткiзiлген акцизделетiн тауарлар құны ретiнде айқындалады.

      12. Салық төлеушінің негізгі құралдарының, оның ішінде аяқталмаған құрылыс объектілерінің, көлік құралдарының, жер учаскелерінің, материалдық емес активтерінің, инвестициялық жылжымайтын мүлкінің бастапқы құнын растайтын құжаттары болмаған (жоғалған) кезде салық төлеушінің жиынтық табысына аталған мүліктің нарықтық құны қосылады.

      13. Осы Ереженің 12-тармағында көрсетілген объектілердің нарықтық құны салық қызметі органдары "Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметі туралы" Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 30 қарашадағы Заңына сәйкес қызметін жүзеге асыратын бағалаушыны тартатын есеп негізінде айқындалады.

      14. Банк шотынан жалақы төлеуге ақша алу және (немесе) банк шотынан жеке тұлғалардың карт-шоттарына ақша аудару фактілері анықталған кездегі ақшалар да жеке табыс салығын, әлеуметтік салық салу объектілері болуы мүмкін. Бұл ретте салық мiндеттемесі банк салық төлеушінің салық төлеушіге немесе үшiншi тұлғаларға тиісті ақша сомаларын аудару (беру) туралы өкімін орындаған кезде туындайды.

      15. Осы Ережеде көрсетілмеген салық салу объектiлерi мен салық салуға байланысты объектiлердi айқындау Салық кодексінде белгіленген тәртiппен жүзеге асырылады.

Об утверждении Правил определения объектов налогообложения и объектов, связанных с налогообложением, на основе косвенных методов (активов, обязательств, оборота, затрат, расходов)

Приказ и.о. Министра финансов Республики Казахстан от 06 декабря 2007 года N 445. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 26 декабря 2007 года N 5069. Утратил силу приказом Министра финансов Республики Казахстан от 9 января 2009 года № 5

 
       Сноска. Утратил силу приказом Министра финансов РК от 09.01.2009 № 5.

      В целях реализации пункта 1 статьи 76 Кодекса Республики Казахстан "О налогах и других обязательных платежах в бюджет" (Налоговый кодекс) ПРИКАЗЫВАЮ :

      1. Утвердить прилагаемые Правила определения объектов налогообложения и объектов, связанных с налогообложением, на основе косвенных методов (активов, обязательств, оборота, затрат, расходов).

      2. Налоговому комитету Министерства финансов Республики Казахстан (Рахметов Н.К.) направить настоящий приказ на государственную регистрацию в Министерство юстиции Республики Казахстан и принять меры к опубликованию настоящего приказа в средствах массовой информации Республики Казахстан.

      3. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      И.о. Министра

      "Согласовано"
      Министр экономики и
      бюджетного планирования
      Республики Казахстан
      12 декабря 2007 года

Утверждены приказом      
и.о. Министра финансов    
Республики Казахстан     
от 06 декабря 2007 года N 445 

ПРАВИЛА
ОПРЕДЕЛЕНИЯ ОБЪЕКТОВ НАЛОГООБЛОЖЕНИЯ
И ОБЪЕКТОВ, СВЯЗАННЫХ С НАЛОГООБЛОЖЕНИЕМ,
НА ОСНОВЕ КОСВЕННЫХ МЕТОДОВ
АКТИВОВ, ОБЯЗАТЕЛЬСТВ, ОБОРОТА, ЗАТРАТ, РАСХОДОВ) 1. Общие положения

      1. Настоящие Правила разработаны в соответствии с пунктом 1 статьи 76 Кодекса Республики Казахстан "О налогах и других обязательных платежах в бюджет" (Налоговый кодекс). В случае нарушения порядка ведения учета, при утрате или уничтожении учетной документации органы налоговой службы определяют объекты налогообложения и объекты, связанные с налогообложением, на основе косвенных методов (активов, обязательств, оборота, затрат, расходов) в порядке, определенном настоящими Правилами.

      2. Для целей настоящих Правил под нарушением порядка ведения учета, утратой или уничтожением учетной документации понимается отсутствие документов, являющихся основанием для определения объектов налогообложения и объектов, связанных с налогообложением, а также для исчисления налоговых обязательств.

      3. Непредставление налогоплательщиком документов, являющихся основанием для определения объектов налогообложения и объектов, связанных с налогообложением, для исчисления налоговых обязательств, а также документов, запрашиваемых на основании требований органов налоговой службы в соответствии с пунктом 4 статьи 535 Налогового кодекса, для целей настоящих Правил признается отсутствием (утратой) документов.

      4. Под косвенными методами определения объектов налогообложения и объектов, связанных с налогообложением, понимается определение сумм налогов и других обязательных платежей в бюджет на основе оценки активов, обязательств, оборота, расходов, а также оценки других объектов налогообложения и объектов, связанных с налогообложением, принимаемых для расчета налогового обязательства относительно конкретного налога и другого обязательного платежа в бюджет в соответствии с Налоговым кодексом. Оценка объектов налогообложения и объектов, связанных с налогообложением, осуществляется на основании информации, полученной из источников, иных, нежели налоговая отчетность или первичные учетные документы.

2. Источники информации

      5. Для определения объектов налогообложения и объектов, связанных с налогообложением, на основе косвенных методов органы налоговой службы в зависимости от обстоятельств, характера и рода деятельности проверяемого налогоплательщика, направляют официальные запросы в:

      1) банки и организации, осуществляющие отдельные виды банковских операций;

      2) в соответствующие уполномоченные государственные органы, негосударственные организации, местные исполнительные органы.

      6. Источники информации могут различаться в каждом конкретном случае в зависимости от обстоятельств, характера и рода деятельности проверяемого налогоплательщика.

3. Определение объектов налогообложения и
объектов, связанных с налогообложением

      7. Определение показателя доходов, полученных налогоплательщиком, базируется на основании банковской документации или иной информации от банков и организаций, осуществляющих отдельные виды банковских операций, находящихся на территории Республики Казахстан и за ее пределами, а также информации, полученной по запросам, направленным в соответствии с Главой 2 настоящих Правил.

      8. Для расчета показателя доходов используется информация о поступлении денег на банковские счета, платежные карточки, а также иные платежные и расчетные документы налогоплательщика, которая подтверждается банковскими выписками, и другая информация (документы), подтверждающая факт получения денег налогоплательщиком.

      9. При представлении организациями, определенными Главой 2 настоящих Правил, информации относительно наличия у проверяемого налогоплательщика других полученных (подлежащих получению) доходов, величина данных доходов подлежит включению в общую сумму дохода (облагаемого оборота).

      10. В случае установления факта поступления сумм валютной выручки по экспортным операциям налогоплательщика на основании информации, представленной таможенными органами Республики Казахстан, данная сумма валютной выручки включается в размер оборота по реализации и в состав совокупного дохода.

      11. При определении налогооблагаемой базы по подакцизным товарам, в отношении которых установлены твердые ставки акцизов, налоговая база определяется как объем произведенных, реализованных подакцизных товаров в натуральном выражении, а по подакцизным товарам, в отношении которых установлены адвалорные ставки акцизов, налоговая база определяется как стоимость произведенных, реализованных подакцизных товаров, определяемая по ценам, не включающим акцизы и налог на добавленную стоимость, по которым производитель поставляет данный товар.

      12. При отсутствии (утрате) у налогоплательщика документов, подтверждающих первоначальную стоимость основных средств, в том числе объектов незавершенного строительства, транспортных средств, земельных участков, нематериальных активов, инвестиционной недвижимости, в совокупный доход данного налогоплательщика включается рыночная стоимость указанного имущества.

      13. Рыночная стоимость объектов, указанных в пункте 12 настоящих Правил, определяется на основании отчета привлекаемого органами налоговой службы оценщика, осуществляющего деятельность в соответствии с Законом Республики Казахстан от 30 ноября 2000 года "Об оценочной деятельности в Республике Казахстан".

      14. Объектом обложения индивидуальным подоходным налогом, социальным налогом также могут служить деньги, при установлении фактов снятия денег с банковского счета на выплату заработной платы и (или) перечисления денег с банковского счета на карт-счета физических лиц. При этом налоговое обязательство возникает в момент выполнения банком распоряжения налогоплательщика о переводе (выдаче) налогоплательщику или третьим лицам соответствующих сумм денег.

      15. Определение объектов налогообложения и объектов, связанных с налогообложением, не указанных в настоящих Правилах, осуществляется в порядке, установленном Налоговым кодексом .