Көкшетау қаласындағы аз қамсыздандырылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үйді ұстауға (жекеменшік тұрғын үйді ұстаудан басқасы) және коммуналдық қызметтерді және байланыс қызметін пайдалануға төлем төлеуге тұрғын үй көмегін ұсыну Ережесін" бекіту туралы

Ақмола облысы Көкшетау қалалық мәслихатының 2007 жылғы 13 желтоқсандағы N С-6/13 шешімі. Ақмола облысы Көкшетау қаласының әділет басқармасында 2007 жылғы 29 желтоқсанда N 1-1-70 тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Көкшетау қалалық мәслихатының 2011 жылғы 7 сәуірдегі № С-45/6 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Көкшетау қалалық мәслихатының 2011.04.07 № С-45/6 шешімімен

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 6 бабы, Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 97 бабының 2 тармағы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 9 қыркүйектегі N 949 "Телефонның абоненттік ақысының тарифтерінің көтеруге жәрдемақы төлеудің кейбір мәселелері туралы" қаулысы (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 21188 болып тіркелген), 2006 жылғы 15 маусымдағы N 553 "Қазақстан Республикасының тұрғын үй-коммуналдық саласын дамытудың 2006-2008 жылдарға арналған Бағдарламасын бекіту туралы" қаулысы негізінде Көкшетау қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
      1. Көкшетау қаласындағы   аз қамсыздандырылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үйді ұстауға және коммуналдық қызметтерді және байланыс қызметтерін пайдалануға төлем төлеуге тұрғын үй көмегін ұсыну Ережесі»(қоса берілді) бекітілсін.
      2. Көкшетау қалалық мәслихатының 2001 жылғы 26 желтоқсандағы N С-20/5 "Аз қамсыздандырылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үйді ұстауға (жекеменшік тұрғын үйді ұстаудан басқасы) және коммуналдық қызметтерді пайдалануға төлем төлеуге тұрғын үй көмегін ұсыну тәртібі туралы Ережені бекіту туралы" (Ақмола облысының әділет басқармасында 2002 жылғы 10 қаңтарда N 901 болып тіркелген, 2002 жылғы 24 қаңтарда "Көкшетау" N 4 және  2002 жылғы 24 қаңтарда "Степной маяк" N 4 газеттерінде жарияланған Көкшетау қалалық мәслихатының шешімдеріне енгізілген кейінгі өзгерістермен: Көкшетау қалалық мәслихатының 2002 жылғы 25 маусымдағы N С-26/4 "Көкшетау қалалық мәслихатының 2001 жылғы 26 желтоқсандағы N С-20/5 "Аз қамсыздандырылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үйді ұстауға (жекеменшік тұрғын үйді ұстаудан басқасы) және коммуналдық қызметтерді пайдалануға төлем төлеуге тұрғын үй көмегін ұсыну тәртібі туралы Ережеге" өзгерістер енгізу туралы" шешімі, Ақмола облысының әділет басқармасында 2002 жылғы 27 шілдеде N 1222 болып тіркелген, 2002 жылғы 10 тамызда "Көкшетау" N 31 және 2002 жылғы 10 тамызда "Степной маяк" N 31 газеттерінде жарияланған; Көкшетау қалалық мәслихатының 2003 жылғы 26 наурыздағы N С-37/9 "Көкшетау қалалық мәслихатының 2001 жылғы 26 желтоқсандағы N С-20/5 "Аз қамсыздандырылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үйді ұстауға (жекеменшік тұрғын үйді ұстаудан басқасы) және коммуналдық қызметтерді пайдалануға төлем төлеуге тұрғын үй көмегін ұсыну тәртібі туралы Ережеге" өзгерістер енгізу туралы" шешімі, Ақмола облысының әділет басқармасында 2003 жылғы 21 мамырда N 1839 болып тіркелген, 2003 жылғы 22 мамырда "Көкшетау" N 21 және 2003 жылғы 22 мамырда "Степной маяк" N 21 газеттерінде жарияланған; Көкшетау қалалық мәслихатының 2004 жылғы 4 қазандағы N С-16/10 "Көкшетау қалалық мәслихатының 2001 жылғы 26 желтоқсандағы N С-20/5 "Аз қамсыздандырылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үйді ұстауға (жекеменшік тұрғын үйді ұстаудан басқасы) және коммуналдық қызметтерді пайдалануға төлем төлеуге тұрғын үй көмегін ұсыну тәртібі туралы Ережеге" өзгерістер енгізу туралы" шешімі, Ақмола облысының әділет департаментінде 2004 жылғы 19 қазанда N 2847 болып тіркелген, 2004 жылғы 25 қазанда "Көкшетау" N 46 және 2004 жылғы 25 қазанда "Степной маяк" N 46 газеттерінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
      3. Осы шешім Көкшетау қалалық әділет басқармасында мемлекеттік тіркелгеннен кейін күшіне енеді және 2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
      4. Осы шешім ресми баспасөзде жариялансын.

      Төртінші шақырылған Көкшетау
      қалалық мәслихатының алтыншы
      сессияның төрағасы, Көкшетау
      қалалық мәслихатының хатшысы

                      Көкшетау қалалық мәслихатының
      2007 жылғы 13 желтоқсандағы
      N С-6/13 шешімімен бекітілген

Көкшетау қаласындағы аз қамсыздандырылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үйді ұстауға, (жекеменшік тұрғын үйді ұстаудан басқасы) коммуналдық қызметтерді және байланыс қызметін пайдалануға төлем төлеу үшін тұрғын үй көмегін ұсыну
ЕРЕЖЕСІ

1. Жалпы ережелер

      1. Осы ереже Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы"  Заңының 6 бабының, 1997 жылғы 16 сәуірдегі "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 97 бабының 2 тармағының, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 9 қыркүйектегі N 949 "Телефонның абоненттік ақысының тарифтерінің көтеруге жәрдемақы төлеудің кейбір мәселелері туралы" қаулысы (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 21188 болып тіркелген), 2006 жылғы 15 маусымдағы N 553 "Қазақстан Республикасының тұрғын үй-коммуналдық саласын дамытудың 2006-2008 жылдарға арналған Бағдарламасын бекіту туралы" қаулысы негізінде дайындалды.
      2. Көкшетау қаласындағы аз қамсыздандырылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын жайларын (жеке тұрғын үйді ұстаудан басқасына) ұстауға, коммуналдық қызметтерді тұтынуға және қалалық телекоммуникацияға  қосылған телефонға абоненттік ақының көтерілуіне байланысты көмек көрсетіледі (бұдан әрі - тұрғын үй көмегі).
      3. Тұрғын үй көмегі жергілікті жылу беретін жеке меншік үйде тұратын аз қамсыздандырылған отбасыларға (азаматтарға) беріледі.
      4. Тұрғын үйді ұстауға және коммуналдық қызметтерді
тұтыну белгіленген көлемнің нормасынан жоғары болса, төлем жалпыға бірдей негізде жүргізіледі. Жәрдемақы шараларымен қамтамасыз етілетін тұрғын үй көлемінің нормасы 1 адамға 18 шаршы метр. Жалғыз тұратын азаматтар үшін жәрдемақы шараларымен қамтамасыз етілетін тұрғын үй көлемінің нормасы 30 шаршы метр, алайда бір бөлмелі пәтердің көлемінен аз болмауға тиісті.
      5. Тұрғын үй көмегі қалада тұрақты тұратын тұрғын үйдің иесі немесе пайдаланушы (жалдаушы) болып саналатын тұлғаларға бюджет қаражаты есебінен көрсетіледі.
      6. Тұрғын үй көмегі тұрғын жайларын (жеке тұрғын үйді ұстаудан басқасына) ұстауға, коммуналдық қызметтерді тұтынуға және қалалық телекоммуникацияға қосылған телефонға абоненттік ақының көтерілу бөлігі бойынша байланыс қызметтеріне шығуға тиісті шығын үлесінің шегінен дәлелді шығатын шығын жоғары болған кезде тағайындалады.
      7. Тұрғын үйді ұстауға және коммуналдық қызметтерді тұтынуға ақы төлеуге шығуы мүмкін шығын үлесінің шегі - жалғыз тұратын зейнеткерлер, жалғыз басты аналар, І, ІІ, ІІІ топ мүгедектері, көп балалы аналар, оралмандар отбасылары, Чернобыль атомдық электростанцияның авариясын жоюға қатысқан қатысушылар мен интернационал жауынгерлері үшін отбасының жиынтық табысының 6 % (пайыз), ал басқа санаттағы азаматтар үшін 10 % (пайыз) мөлшері белгіленді.
      8. Осы Ереженің 2 тармағына сәйкес тұрғын үй көмегін алуға құқығы бар тұлғалар мен отбасылар Қазақстан Республикасының заңнамаларында көзделген жағдайларда, жөндеу жұмыстары аяқталғаннан кейін кондоминиумның жалпы мүлкі күрделі жөндеуге шыққан шығынына жәрдемақы алуға құқығы бар.
      9. Тұрғын үйді ұстау, коммуналдық қызметтерді тұтыну нормативтері (сумен жабдықтау, газбен жабдықтау, канализация, жылумен жабдықтау, қоқыс шығару) нақты пайдаланылған қызметтерден шыға отырып белгіленеді, бірақ ҚНмЕнің (құрылыс нормалары мен ережелері) есеп айырысуына сәйкес шекті көлем шамасынан асырылмайды.
      Электрлік қуаттың шығын нормасы айына бір адамға 150 (бір жүз елу) киловатт белгіленсін;
      Ескерту. Өзгертулер енгізілді - Көкшетау қалалық мәслихатының 2008 жылғы 4 қыркүйектегі N С-14/14 шешімімен.
      10. Егер тұрғын үйді ұстау және коммуналдық қызметтерді тұтынудың нормативтері мен тарифтері заңнамалық тәртіппен белгіленбеген жағдайда шығынның орнын толтыру дәлелді шыққан шығын бойынша төленеді, алайда ол коммуналдық қызметтерді тұтынудың белгіленген нормативтерінен жоғары болмауы керек. Коммуналдық қызметтерді тұтынуды есепке алу құралдары бар тұтынушылар үшін есептеулерге қосылатын шығындар өткен тоқсандағы немесе соңғы тоқсандағы қызметтер толық көлемде көрсетілген есептеу құралдарының негізінде белгіленеді, алайда ол коммуналдық қызметтерді тұтынудың белгіленген нормативтерінен аспауға тиіс.
       Ескерту. 10 тармаққа өзгерту енгізілді - Ақмола облысы Көкшетау қалалық мәслихатының 2009.10.07 № С-28/11 шешімімен.      
      11. Тұрғын үй көмегін есептеу үшін барлық коммуналдық қызметтер мен байланыс қызметтерінің тарифтерін және оларға өзгертулерді қызмет көрсетушілер ұсынады.

2. Тұрғын үй көмегін ұсыну тәртібі

      12. Меншігінде 1 бірліктен көп тұрғын үйі (пәтер, үй) немесе тұрғын үйін жалға беретін тұлғалар тұрғын үй көмегін алу құқығынан айырылады.
      13. Еңбекке жарамды, бірақ жұмыс істемейтін, оқымайтын, әскер қатарында емес және "Көкшетау қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінде тіркелмеген тұлғалары бар отбасылардың 1,2 топтағы мүгедектерді, 16 жасқа дейінгі мүгедек балаларды күтуді жүзеге асыратын немесе 3 жасқа дейінгі балалардың тәрбиесімен айналысатындардан басқалары тұрғын үй көмегін алуға құқығы жоқ. Жедел қызметтегі әскери қызметкерлер отбасы құрамына есептелмейді.
      14. Тұрғын үй көмегі толық ағымдағы тоқсанға тағайындалады. Азаматтардан өтініш тоқсан бойы қабылданады. Бірінші рет өтініш берген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегі өтініш берген айдан тағайындалады.
      Ескерту. 14 тармақ жаңа редакцияда - Ақмола облысы Көкшетау қалалық мәслихатының 2009.10.07 № С-28/11 шешімімен.      
      15. Тұрғын үй көмегі тағайындалуға үміткер отбасыларға есептеулер жүргізілгенде келесі шектеулер есепке алынады:
      1) өтініш беруші заңды некеде тұрса, алайда жұбайы бұл мекен-жайда тіркелмеген болса да, екеуінің де табысы есепке алынады және тұрғын үй көмегі тұрғын үй көмегіне өтініш берген жұбайының мекен-жайы бойынша тағайындалады;
      2) өтініш беруші заңды некеде тұрса, жұбайының қайда екенін білмесе (көрсетпесе) және бұл жөнінде құқық қорғау органдарына хабарламаса, тұрғын үй көмегі тағайындалмайды.
      16. Тұрғын үй көмегін алатын немесе оның тағайындалуына үміткер отбасылар оны ресімдеу үшін өтінішпен бірге келесі құжаттарды (түпнұсқалары мен көшірмелері) ұсынуы қажет:
      1) Өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжат, салық төлеушінің тіркеу нөмірі бірінші рет өтініш берілген кезде;
      2) тұрғын үйге құқықтылығын белгілейтін (техникалық паспорт, ордер, ауыстырудың жекешелендіру шарттары, сатып алу, сыйға беру, жалға алу және т.б.) құжаттар, меншік құқығы бар тұрғын үй бірлігінің (пәтерлер, үйлер) саны туралы ақпараттық анықтама (жылына бір рет).
      3) азаматтарды тіркеу кітабы, бірінші рет өтініш берген және отбасы құрамы өзгерген жағдайда;
      4) отбасының табыстары және басқа да табыстар (өткен тоқсандағы) туралы мағлұмат;
      5) алып тасталды;
       6) жалғызбасты аналар үшін АХАЖ (Азаматтық хал актілерін жазу) органдарынан N 4 нысанды анықтама;
      7) өткен тоқсан үшін тұрғын үйді ұстау, коммуналдық қызметтерді тұтыну қызметтеріне ақы төленгендігі туралы, жұмыссыз ретінде есепте тұрғандығы туралы мәлімет, тұрғылықты емес газ плиталы үйлер үшін  газ балондарын сатып алғандығы туралы анықтама. Байланыс қызметтері үшін (телефон үшін) жоғарлаған абоненттік төлем тарифтерінің өтемақысы үшін абонент қалалық телекоммуникациялар желісінің абоненті болып табылу фактісін растайтын (шарт не түбіртек - телекоммуникация көрсеткен қызметтері үшін есеп) құжатты қоса береді;
      Ескерту. 16 тармақша жаңа редакцияда - Көкшетау қалалық мәслихатының 2008 жылғы 4 қыркүйектегі N С-14/14; 2009.10.07 № С-28/11 шешімдерімен.
      17. Кондоминиумның жалпы мүлкін күрделі жөндеуден өткізу шығынына жәрдемақы алуға құқығы бар тұлғалар мен отбасылар осы Ереженің 15 тарауында көрсетілген құжаттардан басқа қосымша ұсынады:
      1) кондоминиумның жалпы мүлкіне күрделі жөндеу жүргізуге жиналған мақсатты төлемдердің төленгендігі туралы түбіртек;
      2) кондоминиумның жалпы мүлкіне күрделі жөндеу жүргізу үшін тұрғын үй иесінің, тұрғын үй иелерінің кооперативтері мен жөндеу жұмыстарын жүзеге асыратын ұйым арасында жасалған шарттың көшірмесі;
      3) кондоминиумның жалпы мүлкіне күрделі жөндеу жүргізу бойынша атқарылған жұмыстар туралы тапсыру-қабылдап алу актісінің көшірмесі.
      18. Ұсынылған құжаттарды қараудың нәтижесі бойынша отбасының табысы және коммуналдық төлемдер енгізіліп, отбасына есептеулер жасалады. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің аяқталу нысаны болып тұрғын үй көмегі тағайындалғаны немесе бас тартылғаны туралы шешім қабылдау болып табылады.
      Ескерту. 18 тармақша жаңа редакцияда - 2009.10.07 № С-28/11шешімімен.
      19. Электрмен жабдықтау, газбен жабдықтау, пайдалану шығындары және байланыс қызметтері бойынша шығындарға өтініш берілгеннің алдындағы тоқсандағы газ алғандығы жөніндегі анықтаманың, түбіртектердің орташа шығыны бойынша есептеулер жасалады. Жылумен жабдықтау, сумен жабдықтау, канализация, қоқыс шығару бойынша шығындар коммуналдық қызметтерге толық ақы төлеу кезінде, есептеу құралдары бар болса, ақы төлеу дәлелі бойынша және қызмет көрсетушілердің коммуналдық қызметтерге қайта есептеулер жүргізген кездегі қызмет көрсетушілердің тарифтері бойынша алынады.
      20. Тұрғын үй көмегін алушылар тұрғын үй көмегі қызметіне өзінің меншігіндегі тұрғын үй нысанында қандай да болмасын өзгерістері туралы, отбасы құрамы және оның жиынтық табысы, сондай-ақ мәртебесі туралы 10 күн ішінде ақпарат беруге тиісті.
      21. Тұрғын үй көмегін көрсету қызметіне заңсыз немесе жоғары тұрғын үй көмегін тағайындау үшін әдейі жалған берілген мәліметтер бойынша заңсыз тағайындалған соманы меншік иесі (жалға алушы) өз еркімен қайтарады, ал ол бас тартқан жағдайда сот арқылы қайтарылады;
      Ескерту. 21 тармақша жаңа редакцияда - Көкшетау қалалық мәслихатының 2008 жылғы 4 қыркүйектегі N С-14/14 шешімімен.

3. Тұрғын үй көмегінің мөлшері

      22. Тұрғын үй көмегінің мөлшері - меншік иесінің (жалға алушының) үйді ұстауға және жәрдемақы шараларымен қамтамасыз етілетін норма шегінде коммуналдық қызметтерді тұтынуға және бұл отбасының осы мақсатқа шығуға тиісті шығын деңгейі шегінің арасындағы айырмашылығы есептеледі.

4. Тұрғын үй көмегін алуға үміткер азаматтардың (отбасылардың) жиынтық табысын есептеу

      23. Тұрғын үй көмегін алуға үміткер азаматтардың (отбасылардың) жиынтық табысын, отбасының табысын анықтау үшін тұрғын үй көмегін тағайындауды іске асыратын уәкілді орган есептейді.
      24. Отбасының жиынтық табысын есептеу кезінде тұрғын үй, атаулы әлеуметтік көмек, жергілікті бюджеттен берілген біржолғы төлемдер, қайтыс болған адамды жерлеуге және бала тууына байланысты берілетін біржолғы төлемдерден басқа, тұрғын үй көмегіне өтініш берген тоқсанның алдындағы тоқсандағы алынған нақтылы табыстың барлық түрлері есептеледі:
      1) еңбекақы түріндегі табыстар (еңбек ақының барлық түрлері, соның ішінде: сыйақы, қосымша ақы, ақшалай және заттай түрдегі әлеуметтік жеңілдіктер мен қосымша ақылар, сондай-ақ негізгі және қосалқы жұмыс орындарында Қазақстан Республикасының еңбек заңына сәйкес жұмыс істеген уақытқа қызметкерлерге төленген ақша сомасы енгізіледі);
      2) зейнетақының барлық түрлері; шәкіртақылар; мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік төлемдер; мемлекеттік әлеуметтік төлемдер; заң және басқа да нормативтік құқықтық актілермен белгіленген тәртіпте, сондай-ақ жұмыс берушілер мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарының шешімдерімен тағайындалған жәрдемақылық төлемдер;
      3) балаларға және басқа да асырауындағы адамдарға төленетін алименттер;
      4) жарақат алу немесе денсаулыққа басқа да зардаптар алғанда шығынның орнын толтыру тәртібінде алынған біржолғы сомалар;
      5) жеке қосалқы шаруашылықтан алынған табыстар;
      6) кәсіпкерлік және басқа да қызмет түрлерінен алынған табыстар;
      7) азаматтардың өз еріктерімен айтқан басқа да табыстары;
      Ескерту. 24 тармақша жаңа редакцияда - Көкшетау қалалық мәслихатының 2008 жылғы 4 қыркүйектегі N С-14/14 шешімімен.
      25. Қалалық және ауылдық жерлерде тұратын тұрғындар үшін жеке қосалқы шаруашылықтан түсетін есептік көрсеткіш шамасының бес есе мөлшеріндегі кіріс (саяжай учаскесінен, үйдің жанындағы учаскеден, бақшадан түскен табыстардан басқалары) есептеледі.
      26. Кәсіпкерлік қызметтен, мүлік және жер пайынан алынған табыс, өздері көрсеткен табыс ретінде есептеледі.

5. Жергілікті жылу берілетін жекеменшік үйлерде тұратын аз қамсыздандырылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін ұсыну тәртібі

       27. Жергілікті жылу берілетін жекеменшік үйлерде тұратын аз қамсыздандырылған отбасыларға тұрғын үй көмегі тұрғын үйдің иесіне, жалға алушыларға тұрғын үйді жалға алғандығы туралы жалға алу шарты болған кезде ұсынылады.
      28. Жергілікті жылу берілетін жекеменшік үйлерде тұратын аз қамсыздандырылған отбасыларға тұрғын үй көмегін есептеу үшін әлеуметтік тұрғын үй нормасына сәйкес, бірақ бір отбасыға жылына 5 (бес) тонна көмірден  артық болмасын, отын шығыны 1 шаршы метрге 49,75 килограмм мөлшері есепке алынады.
      Ескерту. Өзгертулер енгізілді - Көкшетау қалалық мәслихатының 2008 жылғы 4 қыркүйектегі N С-14/14 шешімімен.
      29. Көмірдің құнын есептеу үшін тұрғын үй көмегі есептелген алдыңғы тоқсандағы (наурыз, маусым, қыркүйек, желтоқсан), тоқсанның соңғы айындағы жағдай бойынша қалалық ақпарат және статистика басқармасының ұсынған қала бойынша орташа баға пайдаланылады.
      30. Жергілікті жылу берілетін жекеменшік үйлерде пайдаланылатын отынның басқа түрлерінің құны мен шығын нормасы тұрғын үй көмегін есептеген кезде көмірдің құны мен шығын нормасына сәйкес есептеледі.
      31. Көмір сатып алудың маусымдылығына байланысты, тұрғын үй көмегі есептелген кезде тұрғын үйге шығатын барлық әлеуметтік шығындар нормасы (көмірдің құны) өтініш берілген тоқсанның үш айы есепке алынады.
      32. Тұрғын үй көмегін тағайындау кезінде жекеменшік үйде тұратын отбасының орташа табысы өтініш берілген тоқсанның алдындағы тоқсанына есептеледі.
      33. Электрмен жабдықтау, газбен жабдықтау, сумен жабдықтау, қоқыс шығару бойынша шығындар өтініш берілген тоқсанның алдындағы тоқсандағы түбіртектер бойынша есептеледі.

6. Тұрғын үй көмегін қаржыландыру және төлеу

       34. Әр түрлі меншік нысанындағы үйлерде тұратын тұлғаларға тұрғын үй көмегін төлемі қалалық бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылады.
      35. Ұстауға және коммуналдық қызметтерді ұсынудың есептеу-нормативтік шығындарын анықтау өкілетті органдардың бақылауымен жүргізіледі.
      36. Тұрғын үй көмегіне үміткерлердің жеке өтінішіне сәйкес тұрғын үй көмегіне бөлінген қаражаттарды аудару коммуналдық қызметтерді жеткізушілеріне беріледі, телефон үшін өтемақы және тұрғын үйді күрделі жөндеуден өткізу үшін берілетін өтемақы, отынның (көмірдің) құны үшін берілетін өтемақы өтініш берушілердің екінші деңгейлі банктердегі есепшоттарына аударылады.
      Ескерту. Өзгертулер енгізілді - Көкшетау қалалық мәслихатының 2008 жылғы 4 қыркүйектегі N С-14/14 шешімімен.

Об утверждении "Правил предоставления жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданом) на оплату содержания жилища (кроме содержания индивидуального жилого дома) и потребления коммунальных услуг и услуг связи в городе Кокшетау"

Решение Кокшетауского городского маслихата Акмолинской области от 13 декабря 2007 года N С-6/13. Зарегистрировано управлением юстиции города Кокшетау Акмолинской области 29 декабря 2007 года N 1-1-70. Утратило силу - решением Кокшетауского городского маслихата Акмолинской области от 7 апреля 2011 года № С-45/6

      Сноска. Утратило силу - решением Кокшетауского городского маслихата Акмолинской области от 7.04.2011 № С-45/6

      На основании статьи 6  Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении в Республике Казахстан", пункта 2 статьи 97  Закона Республики Казахстан от 16 апреля 1997 года "О жилищных отношениях", Постановления Правительства Республики Казахстан от 9 сентября 2004 года N 949 "О некоторых вопросах компенсации повышения тарифов абонентской платы за телефон» (зарегистрированное в реестре государственной регистрации нормативных правовых актов 21188),  Постановления Правительства Республики Казахстан от 15 июня 2006 года N 553 "Об утверждении Программы развития жилищно-коммунальной сферы в Республике Казахстан на 2006-2008 годы", Кокшетауский городской маслихат РЕШИЛ:

      1. Утвердить (прилагаемые) "Правила предоставления жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам) на оплату содержания жилища (кроме содержания индивидуального жилого дома) и потребления коммунальных услуг и услуг связи".

      2. Признать утратившим силу решение маслихата города Кокшетау от 26 декабря 2001 года N С-20/5 "Об утверждении Правил о порядке оказания помощи малообеспеченным семьям (гражданам) на оплату содержания жилища, (кроме содержания индивидуального жилого дома) и потребления коммунальных услуг" (зарегистрированное в Управлении юстиции Акмолинской области от 10 января 2002 года N 901, опубликованного в газетах: от 24 января 2002 года "Кокшетау" N 4, от 24 января 2002 года "Степной маяк" N 4, с внесенными изменениями в решения сессий маслихата города Кокшетау: решением Кокшетауского городского маслихата от 25 июня 2002 года N С-26/4 "О внесении изменений в Правил о порядке оказания помощи малообеспеченным семьям (гражданам) на оплату содержания жилища, (кроме содержания индивидуального жилого дома) и потребления коммунальных услуг", зарегистрированное в Управлении юстиции Акмолинской области от 27 июня 2002 года N 1222, опубликованного в газетах: от 10 августа  2002 года N 31 "Кокшетау" и от 10 августа 2002 года N 31 "Степной маяк"; решением Кокшетауского городского маслихата от 26 марта 2003 года N С-37/9 "О внесении изменений в Правил о порядке оказания помощи малообеспеченным семьям (гражданам) на оплату содержания жилища, (кроме содержания индивидуального жилого дома) и потребления коммунальных услуг", зарегистрированное в Управлении юстиции Акмолинской области от 21 мая 2003 года N 1839, опубликованного в газетах: от 22 мая 2003 года "Кокшетау" N 21 и от 22 мая 2003 года "Степной маяк" N 21; решением Кокшетауского городского маслихата от 4 октября 2004 года N С-16/10 "О внесении изменений в Правил о порядке оказания помощи малообеспеченным семьям (гражданам) на оплату содержания жилища, (кроме содержания индивидуального жилого дома) и потребления коммунальных услуг", зарегистрированное в Департаменте юстиции Акмолинской области от 19 октября 2004 года N 2847, опубликованного в газетах: от 25 октября 2004 года "Кокшетау" N 46, от 25 октября 2004 года "Степной маяк" N 46).

      3. Настоящее решение вступает в силу после государственной регистрации в Управлении юстиции города Кокшетау и вводится в действие с 1 января 2008 года.

      4. Опубликовать данное решение в официальных печатных изданиях.

       Председатель шестой сессии
      Кокшетауского городского маслихата,
      секретарь Кокшетауского городского
      маслихата четвертого созыва

    Утверждены          
      решением Кокшетауского     
      городского маслихата     
      от 13 декабря 2007 года N С-6/13

ПРАВИЛА
предоставления жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам) на оплату содержания жилища (кроме содержания индивидуального жилого дома) и потребления коммунальных услуг и услуги связи в городе Кокшетау 1. ОБЩИЕ ПОЛОЖЕНИЯ

      1. Настоящие правила разработаны на основании статьи 6 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении в Республике Казахстан", пункта 2 статьи 97 Закона Республики Казахстан от 16 апреля 1997 года "О жилищных отношениях", Постановления Правительства Республики Казахстан от 9 сентября 2004 года N 949 "О некоторых вопросах компенсации повышения тарифов абонентской платы за телефон"»(зарегистрированное в реестре государственной регистрации нормативных правовых актов N 21188),  Постановления Правительства Республики Казахстан от 15 июня 2006 года N 553 "Об утверждении Программы развития жилищно-коммунальной сферы в Республике Казахстан на 2006-2008 годы".

      2. Малообеспеченным семьям (гражданам) оказывается помощь на оплату содержания жилища (кроме содержания индивидуального жилого дома), потребления коммунальных услуг и услуг связи в части увеличения абонентской платы за телефон, подключенный к городской сети телекоммуникаций (далее жилищная помощь).

      3. Жилищная помощь оказывается малообеспеченным семьям (гражданам), проживающим в частном домостроении с местным отоплением.

      4. Оплата на содержание жилища и потребление коммунальных услуг сверх установленной нормы площади производится на общих основаниях. За норму площади жилья, обеспечиваемую компенсационными мерами принимается 18 квадратных метров на человека. Для одиноко проживающих граждан за норму площади жилья, обеспечиваемую компенсационными мерами принимается 30 квадратных метров, но не менее площади однокомнатной квартиры.

      5. Жилищная помощь оказывается за счет бюджетных средств лицам, постоянно проживающим в данной местности и являющимся собственниками или нанимателями (арендаторами) жилища.

      6. Жилищная помощь назначается при превышении фактических расходов семьи на оплату содержания жилища и потребления коммунальных услуг и услуг связи в части увеличения абонентской платы за телефон, подключенный к городской сети телекоммуникаций, над долей предельно допустимых затрат на эти цели.

      7. Доля предельно допустимых расходов на оплату содержания жилища и потребления коммунальных услуг устанавливается к совокупному доходу семьи в размере 6 % (процентов) одиноко проживающим пенсионерам, одиноким матерям, инвалидам 1,2,3 группы, многодетным семьям, участникам ликвидации аварии Чернобыльской атомной электростанции, воинам интернационалистам, для остальных категорий граждан - 10 % (процентов).

      8. Семьи и лица, имеющие право на получение жилищного пособия согласно пункта 2 настоящих Правил, в случаях, предусмотренным законодательством Республики Казахстан, имеют право на компенсацию затрат на капитальный ремонт общего имущества кондоминиума после завершения ремонтных работ.

      9. Нормативы потребления коммунальных услуг (водоснабжение, газоснабжение, канализация, теплоснабжение, мусороудаление), устанавливаются исходя из фактического потребления, но не более предельных величин согласно расчетов по СНиПу (строительные нормы и правила).
      Установить норму расхода электрической энергии не более 150 (сто пятьдесят) киловатт на одного человека в месяц.
      Сноска. Пункт 9 с изменениями, внесенными решением Кокшетауского городского маслихата Акмолинской области от 04.09.2008 № С-14/14.

       10. В случае, если нормативы и тарифы на содержание жилища и потребление коммунальных услуг не определены в установленном законодательством порядке, возмещение затрат производится по фактическим расходам, но не более установленных нормативов потребления коммунальных услуг. Расходы, принимаемые к расчету для потребителей, имеющих приборы учета потребления коммунальных услуг, определяются по фактическим затратам за предыдущий квартал, или за последний квартал, в котором услуги оказывались в полном объеме, на основании показаний приборов учета, но не более установленных нормативов потребления коммунальных услуг.
      Сноска. Пункт 10 с изменением, внесенным решением Кокшетауского городского маслихата Акмолинской области от 07.10.2009 № С-28/11.

      11. Тарифы на все коммунальные услуги и услуги связи и их изменения для расчета жилищной помощи предоставляются услугодателями.

2. Порядок предоставления жилищной помощи

      12. Лица,   имеющие в частной собственности более одной единицы жилья (квартиры, дома) или сдающие жилые помещения в наем (аренду) или поднаем, утрачивают право на получение жилищной помощи.

      13. Не имеют право на получение жилищной помощи семьи, если в них имеются трудоспособные лица, которые не работают, не учатся, не служат в армии и не зарегистрированы в государственном учреждении "Отдел занятости и социальных программ   города Кокшетау", за исключением лиц, осуществляющих уход за инвалидами   1, 2 группы, уход за детьми-инвалидами в возрасте до 16 лет или занятых   воспитанием ребенка в возрасте до 3 лет. Военнослужащие срочной службы не учитываются в составе семьи.

      14. Жилищная помощь назначается на полный текущий квартал. Заявления от граждан принимаются в течение квартала. Впервые обратившимся семьям (гражданам) жилищная помощь назначается с месяца обращения.
      Сноска. Пункт 14 в редакции решения Кокшетауского городского маслихата Акмолинской области от 07.10.2009 № С-28/11.

      15. Семьям, претендующим на назначение жилищной помощи, при начислении в расчет принимаются следующие ограничения:
      1) заявитель находится в законном браке, но супруг не прописан по данному адресу - учитываются доходы обоих супругов и жилищная помощь назначается по адресу ходатайствующего о жилищной помощи супруга;
      2) заявитель находится в законном браке, не знает (не указывает) местонахождения супруга и не обращался по этому вопросу в правоохранительные органы - жилищная  помощь не назначается;

      16. Семьи, претендующие на назначение жилищной помощи или ее получающие, представляют для ее оформления заявление с приложением следующих документов (оригиналы и копии):
      1) Документ, удостоверяющий личность заявителя, регистрационный номер налогоплательщика при первичном обращении.
      2) правоустанавливающий документ на жилище (договор приватизации, договор дарения, договор купли-продажи и т.п.), информационная справка о количестве единиц жилья (квартиры, дома), находящихся на праве собственности (один раз в год);
      3) книга регистрации граждан, при первичном обращении и при изменении состава семьи;
      4) сведения о доходах семьи и прочие заявленные доходы (за предшествующий квартал);
      5) исключен;
      6) справка формы 4 из органов ЗАГСа (запись актов гражданского состояния) для одиноких матерей;
      7) сведения, за предшествующий квартал, об оплате  за содержание жилища, потребленные коммунальные услуги, о регистрации в качестве безработного, для домов с нестационарными газовыми плитами справку о приобретении газовых баллонов. Для компенсации повышения тарифов  абонентской платы за услуги связи (за телефон), абонент прилагает документ, подтверждающий факт того, что он является абонентом городской сети телекоммуникаций (договор либо квитанция - счет за услуги телекоммуникаций за предшествующий квартал).
      Сноска. Пункт 16 в редакции решении Кокшетауского городского маслихата Акмолинской области от 04.09.2008 № С-14/14; 07.10.2009 № С-28/11.

      17. Семьи и лица, имеющие право на компенсацию затрат на капитальный ремонт общего имущества кондоминиума, представляют документы, предусмотренные пунктом 16 (кроме подпункта 7) настоящих Правил, дополнительно:
      1) квитанции об оплате целевых сборов на проведение капитального ремонта общего имущества кондоминиума;
      2) копию договора на проведение капитального ремонта общего имущества кондоминиума, заключенного между собственником жилья, кооперативом собственников жилья и организацией, осуществляющей ремонтные работы;
      3) копию акта приема-передачи произведенных работ по капитальному ремонту общего имущества кондоминиума.

      18. По результатам рассмотрения представленных документов составляется расчет на семью, куда вносятся доход семьи и коммунальные платежи. Формой завершения оказываемой государственной услуги является принятие решения о назначении либо об отказе в назначении жилищной помощи.
       Сноска. Пункт 18 в редакции решении Кокшетауского городского маслихата Акмолинской области от 07.10.2009 № С-28/11.

      19. Расходы по электроснабжению, газоснабжению, эксплуатационным расходам и услугам связи берутся в расчет по квитанциям, справкам на газ, средние за квартал, предшествующий кварталу обращения. Расходы по теплоснабжению, водоснабжению, канализации, мусороудалению берутся по тарифам услугодателей при полной оплате коммунальных услуг и по факту оплаты при наличии счетчиков и перерасчете коммунальных услуг услугодателями.

      20. Получатели жилищной помощи должны в течение 10 дней информировать службы жилищной помощи о любых изменениях формы собственности своего жилья, о составе семьи и ее совокупного дохода, а также статуса.

      21. При представлении в службу жилищной помощи заведомо недостоверных сведений, повлекших за собой назначение завышенной или незаконной жилищной помощи, собственник (наниматель) возвращает незаконно полученную сумму в добровольном порядке, а в случае отказа в судебном порядке.
      Сноска. Пункт 21 в редакции решения Кокшетауского городского маслихата Акмолинской области от 04.09.2008 № С-14/14.

3. Размер жилищной помощи

       22. Размер жилищной помощи рассчитывается как разница между физическим платежом собственника (нанимателя) за содержание жилья и потребление коммунальных услуг в пределах норм, обеспечиваемых компенсационными мерами и предельно допустимым уровнем расходов данной семьи на эти цели.

4. Исчисление совокупного дохода граждан (семьи),
претендующих на получение жилищной помощи

      23. Совокупный доход граждан (семьи), претендующих на получение жилищной помощи, исчисляется уполномоченным органом, осуществляющим назначение жилищной помощи для определения дохода семьи.

      24. При исчислении совокупного дохода семьи учитываются все виды доходов, кроме жилищной, государственной адресной социальной помощи, государственного детского пособия, семьям, имеющим детей до 18 лет, единовременных выплат на погребение умерших и при рождении ребенка, фактически полученных за квартал, предшествовавший кварталу обращения за жилищной помощью:
      1) доходы в виде оплаты труда (все виды заработков, а также премий, доплат, надбавок и социальных льгот в денежной и натуральной формах,   включая денежные суммы, выплачиваемые работникам в соответствии с трудовым законодательством Республики Казахстан за проработанное время, как по основному месту работы, так и по совместительству);
      2) все виды пенсий; стипендии; государственные социальные пособия по инвалидности, по случаю потери кормильца и по возрасту; специальные государственные пособия; государственные социальные пособия;   компенсационные выплаты, назначаемые в порядке, установленном законами и иными нормативными правовыми актами, а также решениями органов местного самоуправления и работодателями,
      3) алименты на детей и других иждивенцев;
      4) единовременные суммы, полученные в порядке возмещения ущерба, причиненного увечьем или иным повреждением здоровья;
      5) доходы от личного подсобного хозяйства;
      6) доходы от предпринимательской и других видов деятельности;
      7) другие доходы, заявленные гражданами добровольно.";
      Сноска. Пункт 24 в редакции решения Кокшетауского городского маслихата Акмолинской области от 04.09.2008 № С-14/14.

      25. Для жителей, проживающих в городской и  сельской местности доход от личного подсобного хозяйства (за исключением доходов от дачных участков, приусадебных участков, огородов) учитывается в размере пяти кратной величины расчетного показателя.

      26. Доход от предпринимательской деятельности, доход от полученного имущественного и земельного пая учитывается как заявленный.

5. Порядок предоставления жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам),
проживающим в частных домостроениях с местным отоплением

      27. Жилищная помощь малообеспеченным семьям, проживающим в частных домостроениях с местным отоплением, предоставляется собственникам жилого дома, нанимателям при наличии договора-аренды жилья.

      28. Для расчета жилищной помощи семьям, проживающим в частных домостроениях с местным отоплением, учитывать расхода топлива на 1 метр квадратный в размере 49, 75 килограмм, согласно социальной нормы жилья, но не более 5 (пяти) тонн угля на семью в год.
      Сноска. Пункт 28 с изменением, внесенным решением Кокшетауского  городского маслихата Акмолинской области от 04.09.2008 № С-14/14.

      29. Для расчета стоимости угля использовать средние цены по городу, предоставляемые городским управлением статистики и информации по состоянию на последний месяц квартала, предшествующего кварталу расчета жилищной помощи (март, июнь, сентябрь, декабрь).

      30. Норму расхода и стоимость другого вида топлива, используемого для местного отопления частного домостроения, при расчете жилищной помощи считать эквивалентной норме расхода и стоимости угля.

      31. В связи с сезонностью закупки угля, всю социальную норму расхода на жилой дом (стоимость угля) при начислении жилищной помощи учитывать за три месяца в квартал обращения.

      32. При начислении жилищной помощи средний доход семьи, проживающей в частном домостроении, рассчитывать за квартал, предшествующий кварталу обращения.

      33. Расходы по электроснабжению, газоснабжению, водоснабжению, мусороудалению берутся в расчет по квитанциям, средние за квартал, предшествующий кварталу обращения.

5. Финансирование и выплата жилищной помощи

      34. Финансирование выплат жилищной помощи, компенсации за телефон, капитального ремонта жилья лицам, проживающим в домах всех форм собственности, осуществляется за счет средств городского бюджета.

      35. Определение расчетно-нормативных затрат на содержание и предоставление коммунальных услуг проводится под контролем уполномоченных органов.

      36. Выплата жилищной помощи производится поставщикам коммунальных услуг согласно личного заявления претендента жилищной помощи, компенсация за телефон и компенсация затрат на капитальный ремонт жилья, компенсация затрат за стоимость топлива (угля) зачисляется на личные счета заявителей в Банках второго уровня.
      Сноска. Пункт 36 с изменениями, внесенными решением Кокшетауского городского маслихата Акмолинской области от 04.09.2008 № С-14/14.