1. Халқының саны 50 адамнан кем Хромтау ауданының Құдықсай ауылдық округінің Кеной ауылы, Шалқар ауданының Айшуақ ауылдық округінің Қосқақ ауылы, Қауылжар ауылдық округінің Сарышоқы ауылы, Мөңке би ауылдық округінің Әбді және Алгелді ауылдары;
Шалқар ауданының Ақтоғай ауылдық округінің Шахты ауылы, Шалқар ауылдық округінің Көктымақты ауылы тұрғындары көшіп кетуіне байланысты таратылсын.
2. Хромтау және Шалқар аудандарының әкімдері таратылған ауылдардың жерлерін одан әрі пайдалануға байланысты мәселелерді шешу үшін шаралар қабылдасын.
3. "Ақтөбе облысының статистика басқармасы" ММ (А.Д.Мұқаев) жоғарыда аталған елдi мекендерді есептi деректерден шығарсын.
4. "Ақтөбе облысының жер қатынастары басқармасы" ММ (М.Н.Жекеев) жер-кадастр құжаттарына тиісті өзгерістер енгізсін.
5. Осы қаулы және шешім ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізілсін.
Облыс әкiмi |
Облыстық мәслихаттың сессия төрағасы |