Бір жолғы талондарды беру және бір жолғы талондарды сатудан түсетін сомалардың толық жиналуын қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты ұйымдастыру ережелерін бекіту туралы

Қарағанды облысының әкімдігінің 2007 жылғы 12 қыркүйектегі N 18/02 қаулысы. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2007 жылғы 19 қазанда N 1834 тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысының әкімдігінің 2013 жылғы 5 наурыздағы N 13/04 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысының әкімдігінің 05.03.2013 N 13/04 (алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" (Салық кодексі) Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 маусымдағы Кодексiнiң 21 бабы 4 тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27 бабының 1 тармағы  22-2) тармақшасына сәйкес Қарағанды облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
       1. Қоса берілген Бір жолғы талондарды беру және бір жолғы талондарды сатудан түсетін сомалардың толық жиналуын қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты ұйымдастыру ережелері бекітілсін.
       2. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің бірінші орынбасары Б.С. Камалиевке жүктелсін.
       3. Осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімі                                Н. Нығматулин

      КЕЛІСІЛДІ

      Қазақстан Республикасы
      Қаржы министрлігі
      Салық комитетінің Төрағасы
      ____________ Н.К. Рахметов
      01 тамыз 2007 ж.

Қарағанды облысы әкімдігінің
2007 жылғы 12 қыркүйектегі
N 18/02 қаулысымен бекітілді

Бір жолғы талондарды беру және бір жолғы талондарды сатудан түсетін сомалардың толық жиналуын қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты ұйымдастыру
ережелер

     1. Осы Ережелер "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" (Салық кодексі) Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 маусымдағы Кодексiнiң 21 бабы 4 тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27 бабының 1 тармағы  22-2) тармақшасына сәйкес әзiрленді, Қарағанды облысының аумағында бiр жолғы талондарды беру және бір жолғы талондарды сатудан түсетін сомаларды толық жинауды қамтамасыз ету тәртібін айқындайды.
       2. Бір жолғы талондарды беру және бір жолғы талондарды сатудан түсетін сомаларды толық жинауды қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты "Қарағанды облысының бір жолғы талондарды беру жөніндегі басқармасы" ММ, оның Теміртау, Жезқазған, Балқаш қалаларындағы филиалдары және жоғары аталған мекеменің қызметкерлері (бұдан әрі - уәкілетті тұлғалар) ұйымдастырады.
       3. Бір жолғы талондарды беру "Бір жолғы талондарды беру Ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кіріс министрінің 2001 жылғы 30 қазандағы N 1469 бұйрығымен белгіленген тәртіпте жүргізіледі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2001 жылғы 30 қарашада 1685 нөмірмен тіркелген).
      4. Уәкілетті тұлғалар:
      1) бiр жолғы талондардың түбiршектерiн толтырудың толықтығын, дұрыс толтыруын және сақталуын;
      2) Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi белгiлеген тәртiпте берiлген бiр жолғы талондардың сомасын бюджетке уақытында және толық аударуды;
      3) Бiр жолғы талондарды берудi (алуды) тiркеу журналында бiр жолғы талондарды берудің есебiн жүргiзудi;
      4) бір жолғы талондарды беру бланкілерінің және қолма-қол ақшаның сақталуын;
      5) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі белгілеген нысан бойынша есептiден кейiнгi айдың 5 күнiнен кешiктiрмей ай сайын салық органына мынадай мәлiметтердi берудi:
      кәсіпкерлік қызметі бір жылда 90 күннен асатын жеке тұлғалар бойынша;
      бiр жолғы талондардың пайдаланылған және бүлiнген бланкілері туралы;
      бір жолғы талондардың қалдығы туралы;
      бір жолғы талондарды беруден бюджетке аударылған сомалар туралы;
      жеке тұлғалар бір жолғы талондарды сатып алған 30 күннің аяқталатын күні туралы.
      6) есептіден кейінгі айдың 5 күнінен кешіктірмей ай сайын салық органына бір жолғы талондардың түбіршектерін, бүлінген және пайдаланылмаған бір жолғы талондардың бланкілерін тапсыруды.
      7) жыл сайын бір жолғы талондар бланкілерінің қажеттілігі туралы салық органдарына өтініш ұсынуды қамтамасыз етеді.
       5. Бір жолғы талондарды беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыруға қойылған талаптарды бұзғандары, бір жолғы талондарды белгіленген соманың мөлшерінен төмен беру немесе бермегендері үшін уәкілетті тұлғалар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жауапкершілік артады.

Об утверждении Правил организации работы по выдаче разовых талонов и обеспечению полноты сбора сумм от реализации разовых талонов

Постановление акимата Карагандинской области от 12 сентября 2007 года N 18/02. Зарегистрировано Департаментом юстиции Карагандинской области 19 октября 2007 года N 1834. Утратило силу постановлением акимата Карагандинской области от 5 марта 2013 года N 13/04

      Сноска. Утратило силу постановлением акимата Карагандинской области от 05.03.2013 N 13/04 (вводится в действие со дня официального опубликования).

      В соответствии с пунктом 4 статьи 21 Кодекса Республики Казахстан от 12 июня 2001 года "О налогах и других обязательных платежах в бюджет" (Налоговый кодекс), подпунктом 22-2) пункта 1 статьи 27 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении в Республике Казахстан" акимат Карагандинской области ПОСТАНОВЛЯЕТ:
       1. Утвердить прилагаемые Правила организации работы по выдаче разовых талонов и обеспечению полноты сбора сумм от реализации разовых талонов.
       2. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на первого заместителя акима Карагандинской области Камалиева Б.С.
       3. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Аким области                               Н. Нигматулин

      СОГЛАСОВАНО

      Председатель
      Налогового комитета
      Министерства финансов
      Республики Казахстан
      1 августа 2007 г.

Утверждены         
постановлением акимата  
Карагандинской области  
от 12 сентября 2007 года 
N 18/02          

Правила
организации работы по выдаче разовых талонов и обеспечению полноты сбора сумм от реализации разовых талонов

      1. Настоящие Правила разработаны в соответствии с пунктом 4 статьи 21 Кодекса Республики Казахстан от 12 июня 2001 года "О налогах и других обязательных платежах в бюджет" (Налоговый кодекс), подпунктом 22-2) пункта 1 статьи 27 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении в Республике Казахстан", определяют порядок организации работы по выдаче разовых талонов и обеспечению полноты сбора сумм от реализации разовых талонов на территории Карагандинской области.
       2. Организация работы по выдаче разовых талонов и обеспечению полноты сбора сумм от их реализации обеспечивается государственным учреждением "Управление по выдаче разовых талонов Карагандинской области", его филиалами в городах Темиртау, Жезказган, Балхаш и работниками (агентами) вышеназванного учреждения (далее - уполномоченные лица).
       3. Выдача разовых талонов производится в порядке  установленном приказом Министра государственных доходов Республики Казахстан от 30 октября 2001 года N 1469 "Об утверждении Правил выдачи разовых талонов" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов от 30 ноября 2001 года под N 1685).
       4. Уполномоченные лица обеспечивают:
      1) полноту, правильность заполнения и сохранность корешков разовых талонов;
      2) своевременное и полное зачисление в бюджет сумм от выданных разовых талонов в порядке, установленном Министерством финансов Республики Казахстан;
      3) ведение учета выдачи разовых талонов в журнале регистрации выдачи (получения) разовых талонов;
      4) сохранность бланков разовых талонов и наличных денег;
      5) ежемесячное представление не позднее 5 числа месяца, следующего за отчетным, в налоговые органы по форме, установленной Министерством финансов Республики Казахстан сведений:
      по физическим лицам, предпринимательская деятельность которых превысила 90 дней в году;
      об использованных и испорченных бланках разовых талонов;
      об остатках разовых талонов;
      о суммах, перечисленных в бюджет от выдачи разовых талонов;
      о дате истечения 30 дней, на которые приобретались разовые талоны физическими лицами;
      6) ежемесячную, не позднее 5 числа месяца, следующего за отчетным, сдачу в налоговый орган корешков разовых талонов, испорченных и неиспользованных бланков разовых талонов;
      7) ежегодное предоставление в налоговые органы заявления о потребности бланков разовых талонов.
       5. За нарушение требований, предъявленных к организации работы по выдаче разовых талонов, невыдача и (или) выдача разовых талонов ниже установленной суммы, уполномоченные лица несут ответственность в соответствии с действующим законодательством Республики Казахстан.