Ескерту. Мерзімінің өтуіне байланысты өз қызметін тоқтатқан (Қарағанды қалалық мәслихатының 2012.04.20 N 2-34/165 хатымен).
Қазақстан Республикасының "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiне және соларға теңестiрiлген адамдарға берiлетiн жеңiлдiктер мен оларды әлеуметтiк қорғау туралы" Заңына сәйкес және Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс Күнін мерекелеуге байланысты, Қарағанды қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Азаматтардың келесі санаттарына біржолғы материалдық көмек көрсетілсін:
1) Ұлы Отан соғысына қатысушыларға, мүгедектеріне - 3000 теңге мөлшерінде;
2) қорғанысына қатысу майдандағы армия бөлiмдерiнiң әскери қызметшiлерi үшiн белгiленген жеңiлдiк шарттарымен зейнетақы тағайындау үшiн еңбек өткерген жылдарына 1998 жылғы 1 қаңтарға дейiн есептелдi қалаларда Ұлы Отан соғысы кезiнде қызмет атқарған әскери қызметшiлер, сондай-ақ бұрынғы КСР Одағы iшкi iстер және мемлекеттiк қауiпсiздiк органдарының басшы және қатардағы құрамының адамдарға - 1000 теңге мөлшерінде;
3) Ұлы Отан соғысы кезiнде майдандағы армия құрамына кiрген әскери бөлiмдерде, штабтарда, мекемелерде штаттық қызмет атқарған Совет Армиясының, Әскери-Теңiз Флотының, бұрынғы КСР Одағының iшкi iстер және мемлекеттiк қауiпсiздiк әскерлерi мен органдарының ерiктi жалдама құрамаларының адамдарға - 1000 теңге мөлшерінде;
4) екiншi дүниежүзiлiк соғыс кезiнде фашистер мен олардың одақтастары құрған концлагерлердiң, геттолардың және басқа да ерiксiз ұстау орындарының жасы кәмелетке толмаған бұрынғы тұтқындарына - 1000 теңге мөлшерінде;
5) қоршаудағы кезеңiнде Ленинград қаласының кәсiпорындарында, мекемелерi мен ұйымдарында жұмыс iстеген және "Ленинградты қорғағаны үшiн" медалiмен әрi "Қоршаудағы Ленинград тұрғыны" белгiсiмен наградталған азаматтарға - 1000 теңге мөлшерінде;
6) Ұлы Отан соғысында қаза тапқандардың (хабарсыз кеткен, қайтыс болған) қайта некеге тұрмаған әйелдеріне (ерлеріне) - 1000 теңге мөлшерінде;
7) жалпы ауруға шалдығу, еңбек ету кезінде зақымдану нәтижесінде қайтыс болған соғыс мүгедектері мен қатысушыларының қайта некеге тұрмаған әйелдеріне (ерлеріне) - 1000 теңге мөлшерінде;
8) Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендері және медальдарымен марапатталған тұлғаларға - 1000 теңге мөлшерінде;
9) 1941 жылдың 22 маусымы мен 1945 жылдың 9 мамыры аралығында алты айдан кем емес жұмыс істеген (қызмет еткен) және Ұлы Отан соғысы жылдары тылда ерен еңбегі мен қалтқысыз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен марапатталған тұлғаларға - 1000 теңге мөлшерінде.
2. Уәкілетті орган болып табылатын "Қарағанды қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Бөлім):
1) бөлім тізімдері бойынша жоғарыда көрсетілген санаттарға біржолғы материалдық көмектің тағайындалуын және есеп-шоттарға төленуін қамтамасыз етсін, ал біржолғы материалдық көмекті алуға құқығы бар, Бөлім тізімдерінде жоқ тұлғаларға белгіленген тәртіп бойынша тұлғаның белгілі бір санатқа жататындығын растайтын құжатқа сәйкес, банк операцияларын жүзеге асыруға тиісті лицензиясы бар ұйымдарда ашылған зейнетақы мен жәрдемақы алушының жеке шотының нөмірі көрсетілген өтініш тапсырады.
2) біржолғы материалдық көмек сомасының төленуі, банктік операцияларды жүзеге асыруға тиісті лицензиясы бар ұйымдардағы есеп-шоттарға 1 шілдеге дейін қамтамасыз етілсін;
3) материалдық көмек көрсету шығындары "Жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша азаматтардың жекелеген топтарына әлеуметтік көмек" 007 бағдарламасында қаралған қаражат есебінен қаржыландырсын.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау еңбек, әлеуметтік саланы дамыту және халықты әлеуметтік қорғау мәселесі бойынша тұрақты комиссияға жүктелсін (төрайымы Майра Мәжікенқызы Оспанова).
4. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
ІІІ шақырылған қалалық
мәслихаттың кезекті XLV
сессиясының төрайымы М. Оспанова
Қалалық мәслихат хатшысы Қ. Бексұлтанов