Нұра ауданы әкімдігінің жиналыстарды, митингілерді, шерулерді, пикеттер мен демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу ұсынысын қарастырып, Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңын, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасында жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар ұйымдастырудың тәртібі туралы" Заңын басшылыққа ала отырып, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын, қоғамдық қауіпсіздікті, сондай-ақ көліктің, өзге де инфрақұрылым объектілерінің қалыпты жұмыс істеуін, жасыл желектер мен шағын сәулет нысандарының сақталуын қамтамасыз ету мақсатында Нұра аудандық Маслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Нұра ауданында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу орындары:
1) Ленин және Абай көшелерінің қиылысындағы орталық алаңы, Сәкен Сейфуллин көшесіндегі Кәрім Мыңбаевтың ескерткіш мүсіні орналасқан алаңы тиісті мемлекеттік органдармен ұйымдастырылатын облыстық және жергілікті маңызды ресми шараларды және де мемлекеттің, облыстың жоғары тұлғалары және Нұра ауданы басшылығының қатысуымен өзге де шараларды өткізу үшін;
2) П. Резник пен А. Пушкин көшелеріндегі "Шағын сквері" қоғамдық-саяси тұрғыдағы мемлекеттік емес іс-шаралар өткізу үшін;
3) Басқа алаңдар мен гүлдарлар; олардың сәулеттік және қызметтік пайдалануына сай ресми және мәдени-сауық шараларды өткізуге үшін дер анықталсын.
2. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан күннен қолданысқа енгізіледі.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау адам құқықтары, заңдылық, құқық қорғау, жариялық, жастар ісі мәселелері бойынша тұрақты комиссиясына (төрағасы Сыздықов Дәулеткелді Сыздықұлы) жүктелсін.
Сессия төрағасы | Н. Сүлейменов |
Аудандық Мәслихаттың хатшысы | Т. Рақымбеков |