Ескерту. Күші жойылды - Маңғыстау облысы әкімдігінің 2010.11.04 № 384 қаулысымен
"Білім туралы", "Мәдениет туралы", "Денсаулық сақтау жүйесі туралы" және " Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес мүгедектерді, сондай-ақ әлеуметтік осал санатындағы отбасыларының балаларын, ата-анасы мемлекеттік білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет және спорт мекемелерінің және мемлекеттік қазынашылық кәсіпорындардың қызметкерлері болып табылатын отбасылардың балаларын әлеуметтік қолдау мақсатында облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Өңірдің кадрға деген қажеттілігін қанағаттандыру үшін Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарында оқытуға әлеуметтік көмек белгіленсін (бұдан әрі - Әлеуметтік көмек).
2. Маңғыстау облысының әкімі жыл сайын өңірдің қажеттілігіне қарай мамандықтардың тізбесін және білім алушылар санын бекітеді.
3. Әлеуметтік көмек тағайындау үшін конкурсқа қатысуға құқылы үміткерлерді іріктеу жөніндегі облыстық конкурстық комиссияның (бұдан әрі - Комиссия) құрамы 1 қосымшаға сәйкес бекітілсін.
4. Конкурсқа жалпы білім беретін мектептерді, бастауыш және орта кәсіптік білім беру ұйымдарын бітірушілер, сондай-ақ Қазақстан Республикасының медициналық жоғары оқу орындарында оқитын студенттер (бұдан әрі - Үміткерлер) жіберіледі.
5. Комиссия конкурсқа қатысушы Үміткерлерді әрбір елді мекеннің мамандарға деген қажеттілігіне қарай, әлеуметтік мәртебесін, жалпы білім беретін мектеп түлектерінің Бірыңғай ұлттық тестілеу қорытындысын назарға ала отырып іріктейді.
6. Комиссия туралы Ереже бекітілсін (2 қосымша).
7. Комиссияның жұмыс органы (бұдан әрі - Жұмыс органы) "Маңғыстау облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар департаменті" мемлекеттік мекемесі болып табылады
8. "Жергілікті өкілетті органның шешімімен мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек" бюджеттік бағдарламасының әкімшісі (бұдан әрі - Әкімші) аудандық және қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдері болып табылады.
9. Комиссияның хаттамасы негізінде конкурстық іріктеуден ойдағыдай өткен Үміткерлерге әлеуметтік көмек тағайындалатын болып белгіленсін. Бұдан кейін Үміткерлер әлеуметтік көмек Алушы болып аталады.
10. Әлеуметтік көмек Үміткерлерге жоғары оқу орнының ақысын төлеу үшін белгіленген көлемде, бірақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысымен белгіленген оқу жылында бір студентті оқытудың орта шығынынан артық емес мөлшерде тағайындалады.
11. Әлеуметтік көмек Алушыға сонымен бірге бүкіл оқу кезеңіне тамақтануға және тұруына ай сайын бес мың теңге мөлшерінде Әлеуметтік төлем тағайындалады.
12. Үміткерлер конкурсқа қатысу үшін Әкімшіге 3 қосымшада көрсетілген құжаттардың салыстыру үшін түпнұсқасын және көшірмесін ұсынады, одан кейін түпнұсқа арыз иесіне қайтарылады.
13. Үлгі құжаттардың нысаны бекітілсін (4-6 қосымшалар).
14.Әкімшілер Үміткерлердің жеке істерін қалыптастырып, олардың әлеуметтік мәртебесіне сәйкес конкурсқа қатысуға жіберу жөнінде қорытынды шығаруға жұмыс органына кесім бойынша сараптауға береді.
15. Жұмыс органы үш күн ішінде сараптама жүргізеді және конкурсқа қатысуға жіберілген Үміткерлердің құжаттарын облыстық Комиссияның қарауына шығарады.
16. Комиссия Үміткерлердің құжаттарын үш күш ішінде қарап, ұсынылған құжаттар негізінде әрбір Үміткерге қатысты әлеуметтік көмек тағайындау туралы шешім қабылдайды.
17. Жұмыс органы екі күн ішінде Әлеуметтік көмек тағайындау үшін конкурстық іріктеуден ойдағыдай өткен Үміткерлердің құжаттарын кесім бойынша Әкімшіге береді.
18. Жұмыс органы Әлеуметтік көмек тағайындау үшін конкурстық іріктеуден өтпеген Үміткерлерді өтпеу негізін мазмұндай отырып хабардар етеді.
19. Әлеуметтік көмек әлеуметтік көмек Алушының екінші деңгейдегі банктердегі жеке есеп шотына Әкімші арқылы аударылады.
20. Әкімші Комиссия хаттамасының негізінде әлеуметтік көмек Алушымен Келісім шарт жасасады, Әлеуметтік көмектің, тамақтану мен тұруына ай сайынғы әлеуметтік төлемнің уақтылы аударылуын қамтамасыз етеді.
21. Білім, денсаулық сақтау департаменттері, мәдениет, дене тәрбиесі және спорт басқармалары елді мекендердің әкімдерімен бірлесіп:
1) жылына 2 рет (күнтізбелік және оқу жылының басында) әлеуметтік көмек Алушылардың оқуы туралы жұмыс органын хабардар етеді;
2) әлеуметтік көмек Алушыларға оқу кезеңінде өндірістік практикадан өтуге, каникул кезеңінде әлеуметтік көмек Алушылардың мүмкіндігінше және келісімімен жұмысқа орналасуына, мүмкіндігіне қарай, ықпал етеді;
3) толық оқу курсын аяқтап, тиісті мамандық пен мемлекеттік үлгідегі диплом берілгеннен кейін жұмысқа орналасуын қамтамасыз етеді.
22. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Г. Сейтмағанбетоваға жүктелсін.
23. "Маңғыстау облысының жалпы білім беретін мектептерінің түлектеріне Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарында оқу ақысын төлеу үшін әлеуметтік көмек тағайындау туралы" Маңғыстау облысы әкімдігінің 2006 жылғы 26 маусымдағы N 200 қаулысының, Маңғыстау облысы әкімдігінің 2006 жылдың 26 маусымындағы N 200 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы "Маңғыстау облысының жалпы білім беретін мектептерінің және бастауыш кәсіптік білім, орта кәсіптік білім ұйымдарының түлектеріне Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарында оқу ақысын төлеу үшін әлеуметтік көмек тағайындау туралы" 2007 жылдың 8 қаңтарындағы N3 қаулыларының күші жойылды деп табылсын.
24. Осы қаулы ресми жарияланғаннан он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімінің
міндетін атқарушы М.Бортник
Облыс әкімдігінің
2007 жылғы 6 тамыздағы
N 272 қаулысына 1 қосымша
Әлеуметтік көмек тағайындауға үміткерлерді іріктеу
жөніндегі облыстық конкурстық комиссияның
ҚҰРАМЫ
Комиссия төрағасы
Қараев облыс әкімінің орынбасары
Жауымбай Амантұрлыұлы
Комиссия төрағасының орынбасары
Қалмұратова жұмыспен қамтуды үйлестіру
Гүлмира Мұратқызы және әлеуметтік
бағдарламалар
департаментінің директоры
Комиссия хатшысы
Нұрмамедова облыстық жұмыспен қамтуды және
Қарашаш Ішбергенқызы әлеуметтік бағдарламалар
үйлестіру
департаменті директорының
орынбасары, комиссия хатшысы
Комиссия мүшелері:
Шелпеков облыстық мәслихаттың хатшысы
Бақтыбай Ақбердіұлы (келісім бойынша)
Айдарханов денсаулық сақтау
Арман Тергеуұлы департаментінің директоры
Әлібекова қаржы департаментінің
Марина Борисқызы директоры
Әбжаппаров Ш.Есенов атындағы Ақтау Әбдімүтәліп Әбжаппарұлы Мемлекеттік Университетінің
ректоры
Fұмарова мәдениет басқармасының
Майра Смайылқызы бастығы
Жұмашев білім департаментінің
Қаныбек Бекболатұлы директоры
Нұрғалиева экономика және бюджеттік
Халила Хабижанқызы жоспарлау департаментінің
директоры
Елизарова облыстық дене тәрбиесі және
Рушания Фаритовна спорт басқармасы бастығының міндетін атқарушы
Ескерту. 1-қосымшаға өзгерту енгізілді - Маңғыстау облысы әкімдігінің 2008.03.27 N 224 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Облыс әкімдігінің
2007 жылғы 6 тамыздағы
N 272 қаулысына 2-қосымша
Әлеуметтік көмек тағайындау үшін конкурсқа қатысуға құқылы
үміткерлерді іріктеу жөніндегі облыстық конкурстық
комиссия туралы 1. Жалпы ережелер
1. Осы Ереже әлеуметтік көмек тағайындау үшін конкурсқа қатысуға құқылы үміткерлерді іріктейтін облыстық конкурстық комиссияның мәртебесін, құру тәртібін және қызметін белгілейді (бұдан әрі - Комиссия).
2. Комиссия өз қызметін Қазақстан Республикасының заңнамасына және Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік-құқықтық актілеріне, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асыратын тұрақты жұмыс істейтін орган болып табылады.
3. Комиссияның жұмыс органы "Маңғыстау облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар департаменті" мемлекеттік мекемесі болып табылады.
4. Комиссияның дербес құрамын облыс әкімдігі бекітеді.
2. Комиссияның негізгі міндеттері мен қызметтері
5. Міндеттері:
Әлеуметтік көмек тағайындауға Үміткерлерді іріктеу жөнінде конкурс өткізу, білім беру ұйымдарында оқу кезінде танытқан қабілеті, үлгерімі мен Бірыңғай ұлттық тестілеу нәтижелері тұрғысынан Әлеуметтік көмек тағайындауды неғұрлым қажет ететін балаларды анықтау.
Өңірдің, оның ішінде ауылдық елді мекендердің денсаулық, білім, мәдениет, туризм және спорт ұйымдарына мамандар қажеттілігін қанағаттандыру.
6. Комиссияның функциялары:
1) Комиссия конкурсқа қатысушы Үміткерлерді әрбір елді мекеннің мамандарға қажеттілігіне қарай оның әлеуметтік мәртебесін назарға ала отырып іріктейді;
2)Әлеуметтік көмек алу конкурсына қатысуға құқылы Үміткерлердің: азаматтардың әлеуметтік қорғалатын тобына жататын балалардың, әсіресе жетім, ата-анасының бірінің қамқорлығынсыз қалған балалар, жетімдер үйінің түлектері, мүгедектер, бала жасынан мүгедектер, ата-анасы мүгедек, зейнеткер отбасылардың балалары, Маңғыстау облысына көшіп келген оралман отбасыларының балалары, кәмелетке толмаған төрт және одан көп бірге тұратын балалары бар отбасыларының жалпы білім беретін мектептерді, бастауыш кәсіптік және орта кәсіптік білім беру ұйымдарын бітірушілер, сондай-ақ Қазақстан Республикасының медициналық жоғары оқу орындарында оқитын студенттерінің құжаттарын қарау. Жоғары, бастауыш және орта кәсіптік оқу орындарының күндізгі бөлімінде оқитын жасы кәмелетке жеткен балалар балалар санына ескеріледі;
3) комиссия әлеуметтік мәртебесі бойынша әлеуметтік көмек алуға құқылы Үміткерлер болмаған жағдайда, тиісті Департаменттің, басқарманың жолдамасымен мамандығы бойынша 3 жыл ауылдық елді мекенде жұмыс істеуге тиіс Әлеуметтік көмек алушының міндеттемесінің орындалуын назарға ала отырып, ата-аналары білім, денсаулық сақтау және мәдениет, әлеуметтік қорғау және спорт мемлекеттік мекемелері мен мемлекеттік қазыналық кәсіпорындарында жұмыс істейтін балаларға әлеуметтік көмек тағайындауға құқылы.
4) комиссия үміткерлердің құжаттарын қарайды, ұсынылған құжаттар негізінде әрбір Үміткерге қатысты шешім қабылдайды;
5) комиссия қабылданған шешім туралы Жұмыс органын хабардар етеді;
6) әлеуметтік көмектің осы жүйесін жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізеді.
3. Комиссияның құқығы
7. Комиссия заңнамамен белгіленген тәртіп бойынша жүктелген міндеттерді іске асыру барысында:
1) Қазақстан Республикасы қалаларының жоғарғы оқу орындарынан мамандықтардың тізбесі мен құны туралы мәліметтерді сұрауға;
2) Департаменттерден және басқа да мүдделі құрылымдардан нақты осы немесе өзге де мамандықтарға оқыту қажеттілігі туралы қорытынды сұрауға;
3) Әлеуметтік көмек алуға үміткерлерді Комиссия отырысына шақыруға құқығы бар.
4. Комиссия отырысын қалыптастыру және өткізу тәртібі
8. Комиссия отырыстарын Комиссия төрағасы, ол болмаған жағдайда төраға орынбасары өткізеді.
9. Комиссия отырысы 25 тамыздан кешікпей өткізілуі тиіс. Комиссияның ағымдағы отырыстары қажеттілік туған жағдайда өткізіледі.
10.Комиссияның отырысына жергілікті атқарушы органдардың өкілдері, Әкімшілердің жауапты қызметкерлері шақырылады.
11. Комиссия хатшысы әлеуметтік көмек алуға үміткерлердің құжаттарын комиссия отырысына тапсырады. Шақырылғандар Үміткерлердің құжаттарын талқылау барысына қатыса алады.
12. Комиссия ашық дауыспен мүшелерінің кемінде үштен екісі қатысқан жағдайда шешім қабылдайды. Комиссия хатшысы дауыс беруге құқығы жоқ.
13. Комиссияның қатысқан мүшелерінің жартысынан астамы дауыс берген жағдайда шешім қабылданды деп саналады. Дауыстар тең болған жағдайда, төрағаның дауысы шешуші болып табылады.
14. Комиссия шешімі комиссияның хатшысы жүргізетін хаттамамен рәсімделеді. Комиссия мүшелері отырыс өткізілген күні хаттамаға қол қояды.
15. Комиссия мүшелерінің ерекше пікір білдіруге құқығы бар және білдірген жағдайда оны жазбаша түрде мазмұндап, хаттамаға түсірілуі тиіс.
16. Комиссия мүшелері қабылданған шешімге жауапты.
Облыс әкімдігінің
2007 жылғы 6 тамыздағы
N 272 қаулысына 3-қосымша
Әлеуметтік көмекке Үміткерлер ұсынатын
құжаттар тізбесі
1. Белгіленген үлгідегі арыз.
2. Жеке тұлғаның куәлігі.
3. Тұрақты мекен-жайын тіркеу кітабы
4. Ұлттық бірыңғай тестілеу нәтижесі туралы сертификат.
5. Орта білімі туралы аттестат,бастауыш және орта кәсіптік білімі туралы диплом.
6. Тұлдыр жетімдер үшін ата-анасының қайтыс болғандығы туралы куәлік.
7. Көп балалы отбасылары үшін балалардың туу туралы куәлігі.
8. Мүгедектер мен бала жастан мүгедектер үшін мүгедектігі туралы анықтама.
9. Оралман куәлігі.
10. Ата-анасының жұмыс орнынан анықтама.
11. Медициналық жоғары оқу орнының жоғары курсында оқитындығы туралы анықтама.
12. Екінші деңгейдегі банктен ашылған есеп шоты.
13. Салық төлеушінің тіркелу нөмірі.
14. Әлеуметтік жеке коды туралы мәліметтер.
Облыс әкімдігінің
2007 жылғы 6 тамыздағы
N 272 қаулысына 4-қосымша
Үлгі шарт
______________________ қ. " ____" ___________200 ____ жыл
Мемлекеттік мекеме ________________________________________
____________________________________________________________________
(жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің аты)
бастығы ____________________________________________________________
(бөлім бастығының А.Ә.Т.)
одан әрі "Әкімші" деп аталатын, бір жағынан, әлеуметтік көмекті
алушы ______________________________________________________________
(әлеуметтік көмек алушының А.Ә.Т.)
одан әрі "Әлеуметтік көмек алушы" деп аталатын, екінші жағынан, өзара келісілген төмендегідей міндеттелген осы шартты жасасты:
1. Шарттың мәні
Екі жақты өзара түсінікпен келісілген жауапкершілікті ескере отырып, ешкімнің мәжбүрінсіз қабылданған міндеттеме барлық жағынан орындалуы керек, соның ішінде:
Әкімші конкурстық іріктеумен өткен облыстық комиссияның шешімі негізінде (200__ жылғы "___" __________N ___шешім), Әлеуметтік көмек алушыға жоғары оқу орнындағы оқу жылында әлеуметтік көмекті оның жеке шотына аударуға, сондай-ақ тамақтану мен тұруына ай сайын 5000 (бес мың) теңге әлеуметтік төлемді аударуға міндеттеме алады.
Әлеуметтік көмекті алушы оқуын аяқтаған соң, жоғары оқу орнында оқып келген мамандығы бойынша Маңғыстау облысының ауылдық жерінде үш жыл жұмыспен өтеуге міндеттенеді.
2. Екі жақтың міндеттері
Әлеуметтік көмек алушы міндеттенеді:
1) жеке есеп шотына қаржы сомасы түскеннен кейін оқу ақысын төлеуге және жеті күн ішінде төлем жөніндегі түбіртекті Әкімшіге тапсыруға;
2) оқу жоспарын меңгеруге, жоғары оқу орнының оқу жоспарын сақтауға, келесі курсқа көшкендігі жөнінде бұйрық көшірмесін Әкімшіге ұсынуға;
3) оқу орнының оқу Жарғысын бұзған немесе сыйыспаушылық кінәсінен оқуын жалғастыруға болмайтындай басқа себептермен оқудан шыққан Әлеуметтік көмек алушы оқудан шығып қалғандығы жөнінде бұйрықтың көшірмесін бес күн мерзімде Әкімшіге тапсыруға міндетті.
Әкімші құқылы:
Әлеуметтік көмек алушыдан осы келісім-шартта өзіне жүктелген міндеттемені тиісті және әділ орындауын талап етуге.
Осы шарт бірдей заң күші бар _______ данада жасалып, тараптар өз міндеттемелерін толық орындағанша әрекет ету күшін сақтайды.
Шарттың іс-қимылының басталуы 200___жылғы "____" ________.
Шарттың іс-қимылының аяқталуы: Маңғыстау облысының ауылдық елді мекенінде жұмыс істеген үш күнтізбелік жылдың 200___жылғы "____" __________ кезеңін қамтиды.
3. Тараптардың заңды мекен-жайы
Әкімші Әлеуметтік көмек алушы
__________________________ ___________________________
__________________________ ___________________________
__________________________ ___________________________
__________________________ ___________________________
Облыс әкімдігінің
2007 жылғы 6 тамыздағы
N 272 қаулысына 5-қосымша
Облыстық конкурстық комиссияның төрағасы ___________________________
мекен - жай бойынша тұратын: ______________________________________
___________________________________
(үміткердің аты-жөні, тегі)
телефон ______________________________
Өтініш
Сізден ____________________________________________________________
(жоғары оқу орнының атын көрсету)
______________________________________________________факультетінің
__________________________________________________ мамандығы бойынша
(мамандықтың атын көрсету)
оқу ақысын төлеуге әлеуметтік көмек тағайындауға конкурсқа қатысуға
жіберуіңізді сұраймын.
Әлеуметтік мәртебе _________________________________________________
Келесі құжаттарды ұсынамын:
1. __________________________________
2. ___________________________________
3. ___________________________________
4. ___________________________________
5. __________________________________
Күні __________________ Қолы _________________________
Облыс әкімдігінің
2007 жылғы 6 тамыздағы
N 272 қаулысына 6-қосымша
Қорытынды N "___ " ______________200 ___ жыл
"Білім ұйымдарының түлектеріне Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарында оқу ақысын төлеу үшін әлеуметтік көмек тағайындау туралы" Маңғыстау облысы әкімдігінің 200 ___жылдың "___" ________________ N ____ қаулысына сәйкес, ұсынылған құжаттардың негізінде анықталды:
А.Ә.Т. _____________________________________________________________
Мекен-жайы _________________________________________________________
Үміткердің әлеуметтік мәртебесі ____________________________________
Таңдаған мамандығы _________________________________________________
ҰБТ қорытындысы ____________________________________________________
Қорытынды:
________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
Департамент директоры А.Ә.Т.
Жұмыс органының маманы А.Ә.Т.