Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы" Заңының 6-бабы 1-тармағының 4)тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы" Заңы 11-бабының 2, 3) тармақшаларына, Ертiс ауданының мәслихаты мен әкiмдiгiнiң (III сайланған ХХХIV сессиясы) 2006 жылғы 13 желтоқсандағы N 162-34-3/18, 161-34-3-19 бiрлескен шешiмдерiне, Қызылқақ ауылдық округiнiң және Сiлетi ауылдық округiнiң Сладководск ауылы тұрғындарының пiкiрiн ескере отырып, облыстық мәслихат пен облыс әкiмдiгi ШЕШIМ ЕТЕДI:
1. Ертiс ауданының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысына мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
Ертiс ауданының Қызылқақ ауылдық округi кейiннен есептiк деректерден шығарылып, таратылсын және оның аумағы Ертiс ауданының Қызылқақ ауылдық округiнiң құрамына қосылсын.
Ертiс ауданының Сiлетi ауылдық округiнiң Сладководск ауылы Сiлетi ауылы болып қайта аталсын.
2. Осы шешiмнiң орындалуын бақылау облыстық мәслихаттың азаматтардың құқығы мен заңды мүдделерiн қамтамасыз ету және ақпараттық саясат мәселелерi жөнiндегi тұрақты комиссиясына жүктелсiн.
3. Осы шешiм ресми жарияланғаннан соң он күн өткен мерзiмде күшiне енедi.
Сессия төрағасы Л. Белогривый
Облыс әкiмi Қ. Нұрпейiсов
Облыстық мәслихаттың хатшысы Р. Гафуров