Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы" Заңының 6-бабы 1-тармағының 4) тармақшасына, "Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы" Заңы 11 бабының 4) тармақшасына, Лебяжi аудандық мәслихаты мен Лебяжi ауданы әкiмдiгiнiң 2006 жылғы 26 қазандағы№N 3/25 бірлескен шешiмiне, облыс әкiмдiгiнiң 2007 жылғы 20 сәуiрдегi "Лебяжi ауданы Восточное селолық округi мен Восточное селосын қайта атау туралы"№N 112/5 қаулысына сәйкес және Восточное селолық округiнiң Восточное селосы тұрғындарының пiкiрлерiн ескере отырып, облыстық мәслихат пен облыс әкiмдiгi ШЕШIМ ЕТЕДI :
1. Лебяжi ауданының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысына мынадайөөзгерiстер енгiзiлсiн:
Восточное селолық округi мен Восточное селосы Баймолдин селолық округi мен Әбiлқайыр Баймолдин атындағы селосы болып қайта аталсын.
2 Осы шешiмнiң орындалуын бақылау облыстық мәслихаттың азаматтардың құқығы мен заңды мүдделерiн қамтамасыз ету және ақпараттық саясат мәселелерi жөнiндегi тұрақты комиссиясына жүктелсiн.
3. Осы шешiм ресми жарияланғаннан кейiн он күнтiзбелiк күн өткеннен соң қолданысқа енгiзiледi.
Сессия төрағасы Ю.Әлекпаров
Облыстық мәслихаттың хатшысы Р.Гафуров
Облыс әкiмi Қ.Нұрпейiсов