Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы" Заңының 27-бабы 1-тармағының 21-3) тармақшасына, 2-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 5 наурыздағы "Қазақстан Республикасының ұйымдарын, темiржол станцияларын, әуежайларын, сондай-ақ физикалық-географиялық объектiлерiне атау беру және қайта атау, олардың атауларын транскрипцияларын өзгерту тәртiбiн бекiту туралы" N 281 қаулысына сәйкес облыс әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI :
1. Павлодар облысы әкiмдiгiнiң 2007 жылғы 29 маусымдағы "Павлодар облысының аумағындағы елдi мекендердiң құрамдас бөлiктерiне атаулар беру және қайта атау тәртiбiн, жер учаскелерiне, ғимараттар мен имараттарға реттiк нөмiрлер беруге қойылатын талаптарды жүргiзу жөнiндегi ереженi бекiту туралы" N 179/7 қаулысына (Павлодар облысы әдiлет департаментiнiң тiзiлiмiнде 2007 жылғы 18 маусымда N 3091 болып тiркелдi, 2007 жылғы 28 шiлдедегi "Звезда Прииртышья" N 87 газетiнде жарияланды) мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Павлодар облысының аумағындағы елдi мекендердiң құрамдас бөлiктерiне атаулар беру және қайта атау тәртiбiн, жер учаскелерiне, ғимараттар мен имараттарға реттiк нөмiрлер беруге қойылатын талаптарды жүргiзу жөнiндегi ережедегi 82, 83, 84-тармақтар мынадай редакцияда баяндалсын:
"82. ғимараттар мен имараттардың меншiк иелерiне (баланс ұстаушыларға) көшелер мен шағын аудандар атауларының көрсеткiштерiн, ғимараттар мен имараттар реттiк нөмiрлерiнiң көрсеткiштерiн дұрыс қалпында ұстау ұсынылады.
83. Көшелер мен шағын аудандар атауларының көрсеткiштерi қолданыстан шыққанда, жоғалғанда, бұзылып, ескiргенде ғимараттар мен имараттардың меншiк иелерiне (баланс ұстаушыларға) реттiк нөмiрлерiнiң көрсеткiштерiн ауыстыру ұсынылады.
84. Ғимараттар мен имараттардың меншiк иелерiне (баланс ұстаушыларға) көрсеткiштер орнатылған объектiге көрсеткiштердi орнатуды, ұстауды және пайдалануды жүзеге асыратын мемлекеттiк органдар қызметкерлерiнiң кедергiсiз қол жетiмдiлiгiн қамтамасыз ету ұсынылады".
2. Осы қаулы ресми жарияланғаннан бастап он күнтiзбелiк күн өткеннен кейiн күшiне енедi.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкiмiнiң бiрiншi орынбасары А.Ф. Вербнякқа жүктелсiн.
Облыс әкiмi |