Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 13 бабы 4 тармағына сәйкес, Павлодар қаласының әкімдігімен бірлесіп қалалық мәслихат ШЕШІМ/ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
1. Энгельс көшесінің аты Яков Геринг көшесіне қайта өзгертілсін.
2. Шешiмнiң/қаулының орындалуын бақылау қалалық мәслихаттың азаматтардың құқығын және заңдылықтарын сақтау жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсiн.
3. Осы шешім/қаулы алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы О. Костенко
Павлодар қаласының әкімі Б. Демеуов
Қалалық мәслихаттың хатшысы В. Лебедь