Ескерту. Күші жойылды - IV сайланған Алматы қаласы мәслихатының XXXXV сессиясының 2011 жылғы 8 шілдедегі N 456 шешімімен.
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 маусымдағы "Денсаулық сақтау жүйесі туралы" заңының 8-бабына сәйкес ІV сайланған Алматы қаласының мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
Қазақстан Республикасының бекітілген заңнамаларына сәйкес Алматы қаласының тұрғындарына қаладан тыс жерге Қазақстан Республикасы бойынша емделуге жіберілетін науқастарға бюджет қаражаты есебінен жол жүру ақысы төленсін.
Алматы қаласының тұрғындарына қаладан тыс жерге Қазақстан Республикасы бойынша емделуге жіберілетін науқастар мен оларға ілесуші тұлғалардың жол жүру ақысы қалалық бюджет қаражаты есебінен, науқастың арнайы медициналық мекемеде стационарлық емделгені туралы Денсалық сақтау департаментінен берілетін жолдамасымен, темір жолмен жүргені үшін - купелі вагон тарифі бойынша, қалааралық автомобиль жолдарымен болса - жергілікті жердегі жолақы нақты құны бойынша төленсін.
Осы шешім алғашқы ресми жарияланғаннан күннен кейінгі 10 күнтізбелік күннен кейін күшіне енеді.
Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы Әкімінің орынбасары С.Т.Сейдумановқа және экология, денсаулық сақтау және ТЖ мәселесі жөніндегі тұрақты комиссиясы (Ізмұхамбетов Т. А.) жүктелсін.
IV сайланған Алматы қаласы
мәслихаты VI сессиясының
төрағасы Қ. Баймұхамбетов
IV сайланған Алматы қаласы
мәслихатының хатшысы Т. Мұқашев