Ескерту. Күші жойылды Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 17.03.2014 N 62 Қаулысымен
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148 Заңы 27-бабы 1-тармағы 17) тармақшасына, "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы N 213 Заңы 28-бабына сәйкес облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Аз қамтамасыз етілген азаматтарға әлеуметтік көмек көрсету туралы"»облыс әкімдігінің 2007 жылғы 15 қазандағы N 239 қаулысына (2007 жылғы 19 қазан Солтүстік Қазақстан өңірлік мемлекеттік тіркеу тізілімінің бөлімшесінде N 1655 тіркелді, 2007 жылғы 24 қазан "Солтүстік Қазақстан" газетінде, 2007 жылғы 24 қазан "Северный Казахстан" газетінде жарияланды) мынадай өзгеріс енгізілсін:
1-тармақтағы "50 проценті" деген сөздер "бір" деген сөзбен ауыстырылсын;
3-тармақта "жергілікті бюджеттерді кезекті нақтылау кезінде" деген сөздер алып тасталсын.
2. Осы қаулы 2008 жылғы 1 қаңтардан қолданысқа енгізіледі.
Oблыс әкімі