Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласы әкімдігінің 07.11.2013 N 2103 қаулысымен
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" N 148 Заңының 31 бабы 1 тармағы 14) тармақшасына сәйкес, Петропавл қалалық мәслихатының 2007 жылғы 12 шілдедегі кезекті 34 сессиясының»"Петропавл қалалық мәслихатының»2007 жылға арналған Петропавл қаласының бюджеті туралы"»2006 жылғы 21 желтоқсандағы 29 сессиясының N 2 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы"»N 2 шешімін іске асыру мақсатында, қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 451-007-000 бағдарламасы бойынша Петропавл қаласына тұрақты жұмысқа келген дәрігерлерге және жоғары медициналық оқу орындарының түлектеріне 200 000 (екі жүз мың) теңге мөлшерінде біржолғы әлеуметтік көмек көрсетілсін.
2. Дәрігерлер мен жоғары медициналық оқу орындарының түлектері»"Петропавл қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі"»мемлекеттік мекемесіне (бұдан әрі - уәкілетті орган) біржолғы әлеуметтік көмек алу үшін тұрғылықты мекенжайы бойынша мынадай құжаттар тапсырады:
1) белгіленген нысандағы өтініш;
2) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
3) білімі туралы құжаттың көшірмесі;
4) медициналық жоғары оқу орындарының түлектері үшін жолдаманың көшірмесі;
5) жұмыс орнынан анықтама;
6) азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесі.
Біржолғы әлеуметтік көмек алуға қажетті құжаттарды салыстыру үшін түпнұсқасы мен көшірмесі бірге ұсынылады, содан кейін құжаттардың түпнұсқасы өтініш берушіге қайтарылып беріледі.
Уәкілетті органның қызметкерлері құжатттар көшірмесін растайды, ұсынылған құжаттарымен өтінішті тіркеу журналына тіркейді.
Уәкілетті орган істерді қалыптастырады және біржолғы әлеуметтік көмек тағайындау немесе одан бас тарту туралы шешім қабылдайды.
Әлеуметтік көмек көмектің басқа да түрлерінен байланыссыз бір мезгілде тағайындалады.
Уәкілетті орган біржолғы әлеуметтік көмек төлеуге 2 данада тізімдер-тізімдемелер жасайды.
Біржолғы әлеуметтік көмек төлеу Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің лицензиясы бар екінші деңгейлі банктердің филиалдары және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығы мен қаржылық ұйымдастыруды қадағалау және реттеу жөніндегі агенттігінің лицензиясы бар»"Казпочта"»АҚ арқылы азаматтардың есеп шоттарына аудару жолымен жүзеге асырылады.
Екінші деңгейлі банктер немесе»"Казпочта"»АҚ ақылы қызмет көрсетуге жасалған шарт негізінде алушылардың ашылған есеп шоттарына соманы аударуды жүзеге асырады.
Біржолғы әлеуметтік көмекті төлеу»"Жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек"»451-007-000 бюджеттік бағдарламасы бойынша жергілікті бюджеттің қаражаты есебінен жүргізіледі.
3.»"Петропавл қаласының қаржы бөлімі"»мемлекеттік мекемесі әлеуметтік көмекті 451-007-000 бағдарламасы бойынша бекітіліп бөлінген қаражат шегінде қаржыландыруды қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің бірінші орынбасары Ә.З. Сәрсембаевқа жүктелсін.
5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарыққа шыққан күнінен соң он күнтізбелік күн өткеннен кейін күшіне енеді.
Қала әкімі