Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" N 148 Заңының 6 бабына 1 тармағына сәйкес Петропавл қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Петропавл қалалық мәслихатының 2004 жылғы 14 шілдедегі кезектен тыс жетінші сессиясының "Аз қамтамасыз етілген азаматтарға пәтер үйді ұстауға және коммуналдық қызметтерді төлеуге тұрғын үй көмегін ұсыну ережелері туралы" N 6 шешіміне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
Аталған шешіммен бекітілген Аз қамтамасыз етілген азаматтарға пәтер үйді ұстауға және коммуналдық қызметтерді төлеуге тұрғын үй көмегін ұсыну ережелерінде:
3 тармақтағы:
Бірінші абзацтағы "Петропавл қаласының тұрғындары үшін 15 % мөлшерінде, ал Терізауыты мен Заречный кенттерінің тұрғындары үшін 10 % мөлшерінде" сөздері "Петропавл қаласының тұрғындарын үшін 20 % мөлшерінде, ал Терізауыты мен Заречный кенттерінің тұрғындары үшін 15 % мөлшерінде" сөздерімен ауыстырылсын.
2. Осы шешім бұқаралық ақпарат құралдарында бірінші жарияланған күннен соң он күн өткеннен кейін қолданысқа енеді.
Қалалық мәслихаты сесиясының төрағасы |
Қалалық мәслихат хатшысы |