Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласы әкімдігінің 2009 жылғы 17 шілдеде N 824 Қаулысымен
Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы "Әкімшілік рәсімдер туралы" N 107 Заңының 1, 9-1, 15-1 баптарына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 маусымдағы "Мемлекеттік қызмет көрсетудің үлгі стандартын бекіту туралы" N 558, 2007 жылғы 30 маусымдағы "Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтер тізілімін бекіту туралы" N 561 қаулыларына сәйкес, қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Петропавл қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар" мемлекеттік мекемесінің "Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау" мемлекеттік қызмет көрсетуінің қоса берілген стандарты бекітілсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің бірінші орынбасары Ә.З. Сәрсембаевқа жүктелсін.
3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қала әкімі
Петропавл қаласы әкімдігінің
2007 жылғы 11 желтоқсан N 1975
қаулысымен бекітілген
"Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау
және төлеу" мемлекеттік қызмет көрсетудің стандарты
1. Мемлекеттік қызмет - Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау.
2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны - ішінара автоматтандырылған.
3. Мемлекеттік қызмет көрсетуге негіз - Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 17 шілдедегі "Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы" N 246-ІІІ заңының 4 бабы "Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындауды атаулы әлеуметтік көмек көрсетуге бюджетте қарастырылған сома шегінде уәкілетті орган жүргізеді".
4. Мемлекеттік қызметті "Петропавл қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі көрсетеді. Мекен-жайы: Петропавл қаласы, Казахстанская правда көшесі, 35.
5. Тұтынушы алатын көрсетілетін мемлекеттік қызметті көрсетуді аяқтау нысаны (нәтижесі): хабарлама (хат).
6. Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті алуға жан басына шаққандағы табысы кедейлік шегінен аспайтын Қазақстан Республикасының азаматтары, оралмандар, тұруға құқығы бар азаматтығы жоқ Қазақстан Республикасында тұрғылықты тұратын тұлғалар, босқын дәрежесі бар тұлғалар құқылы.
Стационарлық емделуде бір айдан артық болған мүгедектер мен тұлғалардан басқаларға, күндізгі оқу бөліміндегі оқушылар мен курсанттарға, магистратура мен аспирантураны қоса алғанда, сондай-ақ І және ІІ топ мүгедектерін, сексен жастан асқан және күтімінде жеті жасқа дейінгі балалары бар тұлғалардан басқа жұмыспен қамту мәселесі жөніндегі уәкілетті органдарда тіркелмеген жұмыссыздарға атаулы әлеуметтік көмек тағайындалмайды.
Ұсынылған жұмыстан немесе жұмысқа орналасудан себепсіз бас тартқан, өз еркімен қоғамдық жұмысқа қатысуға, оқудан және қайта оқудан бас тартқан жұмыссыздар атаулы әлеуметтік көмек көрсетуді алу құқығын алты айға жоғалтады.
7. Мемлекеттік қызмет көрсету кезіндегі уақыт бойынша шектеу мерзімдері:
1) мемлекеттік қызметті алу үшін қажетті құжаттарды тұтынушы тапсырған кезден (талон алуға тіркелген кезден және т.с.с.)мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі: 10 күні;
2) қажетті құжаттарды тапсырған кезде (талон алуға тіркелу кезінде және т.с.с.) кезекте күту уақытының барынша мүмкіндігі: 30 минут;
3) құжаттарды алу кезінде кезекте күту уақытының барынша мүмкіндігі, мемлекеттік қызмет алушы ретінде файл мөлшерінің барынша мүмкіндігі: 30 минут;
Ескерту. 7 тармақшаға өзгерту енгізілді - Петропавл қаласы әкімдігінің 2008.09.08 N 1525 Қаулысымен
8. Мемлекеттік қызмет: мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек көрсету тегін беріледі.
9. Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау мемлекеттік қызмет көрсету стандарты "Петропавл қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі стендінде орналастырылған, мекен-жайы: Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласы, Казахстанская правда көшесі, 35 үй, 31, 32 кабинеттер.
10. Өтініш берушілерді қабылдау кестесі: сейсенбіден жұмаға дейін; сағат 9.00- ден сағат 13.00-ге дейін, үзіліс сағат 13.00-ден сағат 14.00-ге дейін.
11. Қызмет көрсетілетін орын: "Петропавл қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі ғимаратында арбашадағы мүгедектердің кіруі үшін пандус, күту залында отыру орындары, құжаттар дайындау үшін үстелдер, ақпараттық стенд.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
12. Мемлекеттік қызметті алу үшін, оның ішінде жеңілдіктері бар адамдар үшін қажетті құжаттар мен талаптардың тізбесін көрсету:
Өтініш.
Отбасы құрамы туралы мәлімет.
Өтініш берушінің және оның отбасы мүшелерінің алған табыстары туралы мәлімет.
Қосалқы шаруашылық болуы туралы мәліметтер.
Ескерту. 12 тармақшаға өзгерту енгізілді - Петропавл қаласы әкімдігінің 2008.09.08 N 1525 Қаулысымен
13. Бланктер "Петропавл қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінде беріледі; мекен-жайы: Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласы, Казахстанская правда көшесі, 35 үй,N 31,N 19 кабинеттер.
14. Мемлекеттік қызметті алу үшін қажетті сайтқа сілтемені не толтырылған бланкілерді, нысандарды, өтініштерді және басқа да құжаттарды тапсыратын жауапты адамның мекен-жайын және кабинетінің нөмірін көрсету:
Қажетті толық құжаттар топтамасымен өтініш "Петропавл қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесіне беріледі, мекен-жайы: Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласы, Казахстанская правда көшесі, 35 үй,N 31,N 19 кабинеттер, телефон 340055.
15. Тұтынушы мемлекеттік қызметті алу үшін тұтынушының мемлекеттік қызметті алған күні бар барлық қажетті құжаттарды тапсырғанын растайтын құжат өтініш бар талон.
16. Хабарлама почта арқылы жіберіледі немесе мекен-жайы: Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласы, Казахстанская правда көшесі, 35 үй,N 31,N 19 кабинеттерге жеке бару.
17. Мемлекеттік қызмет көрсетуді тоқтата тұру немесе мемлекеттік қызметті ұсынудан бас тарту негіздерінің толық тізбесі:
өтініш беруші мәліметтерінің жалғандығы;
ұсынылған құжаттардың сәйкессіздігі;
айдағы жан басына шаққанда сәйкес кезеңдегі орташа табыстың кедейлік шегінен асуы.
18. Мемлекеттік қызмет көрсетуге өтінгенде азаматтар:
1) бөлім мамандарының әдептілігіне, жауапкершілігіне және кәсібилігіне;
2) белгіленген үлгіде тегін өтініш алуға;
3) банк шотына тағайындалған төлемдерді ай сайын аударуға сенім білдіреді.
Ескерту. 18 тармақшаға өзгерту енгізілді - Петропавл қаласы әкімдігінің 2008.09.08 N 1525 Қаулысымен
19. Тұтынушыларға мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелері осы Үлгі стандартқа қосымшаға сәйкес сапа және қол жетімділік көрсеткіштерімен өлшенеді.
20. Мемлекеттік қызмет көрсететін мемлекеттік органның, мекеменің немесе өзге де субъектілердің жұмысы бағаланатын мемлекеттік қызметтердің сапа және қол жетімділік көрсеткіштерінің нысаналы мәнін жыл сайын арнайы құрылған жұмыс топтары бекітеді.
21. Лауазымдық тұлғаның іс-әрекетіне шағымдану "Петропавл қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысына (24 кабинет) немесе әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасарына (27 кабинет) тікелей жүгіну арқылы жүргізіледі.
22. Шағымдар беріледі:
"Петропавл қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" ММ бастыққа немесе орынбасарына беріледі, мекен-жайы: Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласы, Казахстанская правда көшесі, 35 үй,N 24,N 27 кабинеттер, телефондары: 34-47-18, 31-11-35;
"Солтүстік Қазақстан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі, Петропавл қаласы, Абай көшесі, 64.
23. Шағымның қабылданғанын растайтын және берілген шағымға жауап алатын мерзім мен орынды көздейтін құжат - кесілген талон.
24.»"Петропавл қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығы, мекен-жайы: Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласы, Казахстанская правда көшесі, 35 үй,N 24 кабинет, телефоны: 34-47-18 электрондық почтаның адресі:gu pavl@mail.online.kz.
"Петропавл қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі бастығының орынбасарлары, N 28 кабинет, телефоны: 34-08-01, N 27 кабинет, телефоны 311135.
"Петропавл қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек бөлімінің бастығы телефоны 340055, N 32 каб.
"Петропавл қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек бөлімі N 19, N 31, N 32 кабинеттер.
"Солтүстік Қазақстан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар" мемлекеттік мекемесінің бастығы, мекен-жайы: Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласы, Абай көшесі, телефон 465648,N 213 кабинет.