Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласы әкімдігінің 2009.07.17 N 824 Қаулысымен
Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы "Әкімшілік рәсімдер туралы" N 107 Заңының 1, 9-1, 15-1 баптарына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 маусымдағы "Мемлекеттік қызмет көрсетудің үлгі стандартын бекіту туралы" N 558, 2007 жылғы 30 маусымдағы "Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтер тізілімін бекіту туралы" N 561 қаулыларына сәйкес қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Петропавл қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар" мемлекеттік мекемесінің "Сурдо-тифлотехникалық құралдармен және міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз ету үшін мүгедектерге құжаттар ресімдеу" мемлекеттік қызмет көрсетуінің қоса берілген стандарты бекітілсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің бірінші орынбасары Ә.З. Сәрсембаевқа жүктелсін.
3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қала әкімі
Петропавл қаласы әкімдігінің
2007 жылғы 11 желтоқсан N 1969
қаулысымен бекітілген
"Сурдо-тифлотехникалық құралдармен және міндетті гигиеналық
құралдармен қамтамасыз ету үшін мүгедектерге құжаттар
ресімдеу" мемлекеттік қызметін көрсету стандарты
1. Сурдо-тифлотехникалық құралдармен және міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз ету үшін мүгедектерге құжаттар ресімдеу.
2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны - ішінара автоматтандырылған.
3. Мемлекеттік қызмет көрсету Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 20 шілдедегі "Мүгедектерді оңалтудың кейбір мәселелері туралы" N 754 қаулысымен бекітілген Мүгедектерді протездік-ортопедиялық көмекпен және техникалық көмекші (компенсаторлық) құралдармен қамтамасыз ету ережелерінің 66, 84 тармақтары негізінде жасалады;
"Сурдотехникалық құралдарға мұқтаж тұлғалар тұрғылықты жері бойынша қалалық, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдеріне өтініштер береді".
"Тифлотехникалық құралдарға мұқтаж бірінші және екінші топтағы мүгедектер, мүгедек балалар тұрғылықты жері бойынша қалалық, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдеріне өтініштер береді".
4. Мемлекеттік қызметті "Петропавл қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі ұсынады.
5. Тұтынушы алатын көрсетілетін мемлекеттік қызметті аяқтау нысаны (нәтижесі) - хабарлама.
6. Мемлекеттік қызмет көрсетіледі:
Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері, сондай-ақ жеңілдіктері мен кепілдіктері бойынша Ұлы Отан соғысының мүгедектеріне теңестірілген тұлғаларға;
І, ІІ, ІІІ топ мүгедектеріне
мүгедек балаларға.
7. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі - отыз күнтізбелік күннен аспау.
Мүгедектерге міндетті гигиеналық құралдар беру туралы шешімді барлық қажетті құжаттар болған жағдайда, құжаттар қабылданған күннен бастап он жұмыс күн ішінде қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі қабылдайды.
Ескерту. 7-тармақшаға өзгерту енгізілді - Петропавл қаласы әкімдігінің 2008.09.08 N 1529 қаулысымен
8. Мемлекеттік қызмет көрсету тегін.
9. Мемлекеттік қызмет көрсету стандартын орналастыру орны "Петропавл қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі, мекенжайы: Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қ., Казахстанская правда көшесі, 35.
10. Жұмыс кестесі: дүйсенбіден бастап жұмаға дейін сағат 9.00- ден сағат 18.00-ге дейін, үзіліс сағат 13.00-ден сағат 14.00-ге дейін.
11. Қызмет көрсетілетін орынның шарттарын - күту залы, мүмкіндіктері шектеулі адамдар үшін - пандус, орындықтар.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
12. Мемлекеттік қызмет алу үшін қажетті құжаттар тізбесі:
1) өтініш бланкісі;
2) Ұлы Отан соғысына қатысушылары - паспорты немесе жеке куәлігі, Ұлы Отан соғысына қатысушының куәлігі, мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасы;
3) Ұлы Отан соғысының мүгедектері - паспорт немесе жеке куәлігі, Ұлы Отан соғысына қатысушының куәлігі, мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасы;
4) жеңілдіктері мен кепілдіктері бойынша Ұлы Отан соғысының мүгедектеріне теңестірілген тұлғалар - паспорт немесе жеке куәлігі, жеңілдікке құқығы бар болуы туралы белгісімен зейнетақы куәлігі, мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасы;
5) мүгедек балалар - паспорты немесе жеке куәлігі, кәмелетке толмағандар - тууы туралы куәлік, немесе ата-аналары бірінің (қорғаншысының, қамқоршысының) жеке куәлігі, мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасы;
6) бірінші, екінші, үшінші топтағы мүгедектер - паспорты немесе жеке куәлігі, зейнеткерлік куәлік, мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасы;
7) міндетті гигиеналық құралдарға мұқтаж мүгедектер - мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасынан жазып алған көшірме; өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжат; мүгедек балалар - жеке басын куәландыратын құжат, кәмелет жасқа толмағандар - баланың тууы туралы куәлігі және ата-аналары бірінің (қорғаншысының, қамқоршысының) жеке басын куәландыратын құжаты; мүгедектігі туралы анықтама.
Құжаттар көшірмесі тексеру үшін түпнұсқасымен бірге ұсынылады, содан кейін құжаттардың түпнұсқасы өтініш берушіге қайтарылып беріледі.
"Петропавл қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі, жұмыс және қабылдау кестесі: дүйсенбіден бастап жұмаға дейін сағат 9.00- ден сағат 18.00-ге дейін, үзіліс сағат 13.00-ден сағат 14.00-ге дейін, мекенжайы: Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қ., Казахстанская правда көшесі, 35 кабинеттер N 10, N 11, N 12, телефондар: 34-45-70, 31-11-27.
Ескерту. 12-тармақша жаңа редакцияда - Петропавл қаласы әкімдігінің 2008.09.08 N 1529 қаулысымен
13. Барлық қажетті өтініш бланкілері қабылдау бөлмесінің мамандарында.
14. Мемлекеттік қызметті алу үшін қажетті құжаттар "Петропавл қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесіне тапсырылады, мекен-жайы: Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласы, Казахстанская правда көшесі, 35 үй, N 11, N 12 кабинеттер.
15. Тұтынушы мемлекеттік қызметті алу үшін барлық қажетті құжаттарды тапсырғаннан кейін, мемлекеттік қызметті тұтынушыға қабылдау уақыты мен орындау уақыты көрсетілген талон беріледі.
16. Қызмет көрсету нәтижесін жеткізу тәсілі - өзінің баруы.
Мүгедектің өзі жүгінуге мүмкіндігі болмаған жағдайда, нотариалдық растауды қажет етпейтін сенімхат негізінде өтінішпен жүгінуге басқа тұлғаны уәкілетті ете алады
Мемлекеттік қызмет көрсетудің соңғы нәтижесі мына мекенжай бойынша беріледі: Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласы, Казахстанская правда көшесі, 35 үй, N 11, N 12 кабинеттер.
Ескерту. 16-тармақшаға өзгерту енгізілді - Петропавл қаласы әкімдігінің 2008.09.08 N 1529 қаулысымен
17. Мемлекеттік қызмет көрсетуді тоқтата тұруға негіз - қасақана жалған мәліметтер мен құжаттарды беру.
18. Мемлекеттік органның қызмет көрсетуді тұтынушыға қатысты басшылыққа алатын жұмыс қағидаттары:
қызмет көрсету тәртібі туралы толық және жан-жақты ақпарат алу;
сыпайылық, жауапкершілік және кәсібилік;
өтінішті және оған қоса берілетін белгіленген үлгідегі бланкілердің тегін алу;
қабылданған шешім туралы хабарлама алу, қабыл алмаған жағдайда хабарламада қабыл алмау себептері көрсетіледі.
19. Тұтынушыларға мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелері осы Үлгі стандартқа қосымшаға сәйкес сапа және қол жетімділік көрсеткіштерімен өлшенеді.
20. Мемлекеттік қызмет көрсететін мемлекеттік органның, мекеменің немесе өзге де субъектілердің жұмысы бағаланатын мемлекеттік қызметтердің сапа және қол жетімділік көрсеткіштерінің нысаналы мәнін жыл сайын арнайы құрылған жұмыс топтары бекітеді.
21.Уәкілетті лауазымды тұлғалардың әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібін алуға болады: "Петропавл қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі, мекенжайы: Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласы, Казахстанская правда көшесі, 35 үй,N 24 кабинет, телефон: 34-47-18, электронды почтаны мекенжайы: gu pavl@mail.online.kz.
22. Шағым беріледі:
"Петропавл қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығына немесе орынбасарына, мекен-жайы: Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласы, Казахстанская правда көшесі, 35 үй, N 24, N 28 кабинеттер, телефондары: 34-47-18, 34-08-01, электрондық почтаның мекенжайы: gu pavl@mail.online.kz.
жоғары тұрған ұйымдарға;
суд.
23. Шағымның қабылданғанын растайтын және берілген шағымға жауап алатын мерзім мен орынды көздейтін құжат: жүгінудің қабылданғаны туралы талон, азаматтардың жүгінулерін тіркеу журналы. Шағымға жауап алу орны: "Петропавл қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі, мекен-жайы: Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласы, Казахстанская правда көшесі, 35 үй, N 24, N 28 кабинеттер, телефондары: 34-47-18, 34-08-01, электрондық почтаның мекенжайы: gu pavl@mail.online.kz.
24. "Петропавл қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығы, мекен-жайы: Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласы, Казахстанская правда көшесі, 35 үй,N 24 кабинет, телефоны: 34-47-18 электрондық почтаның адресі:gu pavl@mail.online.kz
"Петропавл қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі бастығының орынбасары, мекенжайы: Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласы, Казахстанская правда көшесі, 35 үй,N 28 кабинет, телефоны: 34-08-01, электрондық почтаның адресі: gu pavl@mail.online.kz.
25. Тұтынушы үшін қосымша қызметтер туралы ақпарат - Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне Сурдо-тифлотехникалық құралдармен және міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз ету үшін құжаттар ресімдеу мүмкіндігі.