Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласы әкімдігінің 2009.07.17 N 824 Қаулысымен
Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы "Әкімшілік рәсімдер туралы" N 107 Заңының 1, 9-1, 15-1 баптарына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 маусымдағы "Мемлекеттік қызмет көрсетудің үлгі стандартын бекіту туралы" N 558, 2007 жылғы 30 маусымдағы "Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтер тізілімін бекіту туралы" N 561 қаулыларына сәйкес, қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Петропавл қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар" мемлекеттік мекемесінің "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне әлеуметтік жеңілдіктердің жекеленген түрлерін тағайындау және төлеу" мемлекеттік қызмет көрсетуінің қоса берілген стандарты бекітілсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің бірінші орынбасары Ә.З. Сәрсембаевқа жүктелсін.
3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қала әкімі
Петропавл қаласы әкімдігінің
2007 жылғы 11 желтоқсандағы
N 1967 қаулысымен
бекітілген
Мемлекеттік қызмет көрсетудің стандарты
"Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне әлеуметтік жеңілдіктердің жекеленген түрлерін тағайындау және төлеу"
1. Жергілікті уәкілетті органдардың шешімі бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау және төлеу.
2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны - ішінара автоматтандырылған
3. Мемлекеттік қызмет көрсетуге негіз - Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласы әкімдігінің 2007 жылғы 14 маусымдағы "Әлеуметтік көмекті тағайындауды "Петропавл қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі жүзеге асырады" N 750 қаулысымен енгізілген өзгертулерімен "Мемлекеттік дәрігерлік- әлеуметтік мекемеде әлеуметтік қызмет көрсету бағытында облыстық (республикалық маңызы бар қала, астана) уәкілетті орган жүзеге асырады" Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласы әкімдігінің 2004 жылғы 10 қыркүйектегі N 549 қаулысымен бекітілген (2007 ж. 18.07. мемлекеттік тіркеу N 13-1-79) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне әлеуметтік жәрдемақының жекелеген түрлерін көрсету ережесінің 2 тармағы.
"Әлеуметтік көмек тағайындауды "Петропавл қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі жүргізеді".
4. Мемлекеттік қызметті "Петропавл қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі ұсынады.
5. Тұтынушы алатын көрсетілетін мемлекеттік қызметті аяқтау нысаны (нәтижесі) - хабарлама.
6. Мемлекеттік қызмет Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері көрсетіледі.
7. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері - 30 күнтізбелік күннен кем емес.
8. Мемлекеттік қызмет көрсету тегін.
9. Мемлекеттік қызмет көрсету стандартын міндетті түрде орналастыру орны:
"Петропавл қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі, мекенжайы Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласы, Казахстанская правда көшесі, 35 үй.
10. Жұмыс кестесі: дүйсенбіден бастап жұмаға дейін сағат 9.00- ден сағат 18.00-ге дейін, үзіліс сағат 13.00-ден сағат 14.00-ге дейін.
11. Қызмет көрсетілетін орынның шарттары - күту залы, мүмкіндіктері шектелген адамдар үшін - пандус, отыру орындары.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
12. Мемлекеттік қызметті алу үшін, оның ішінде жеңілдіктері бар адамдар үшін қажетті құжаттар мен талаптардың тізбесін көрсету:
1) Өтініш бланкісі;
2) Өтініш берушінің жеке куәлігі;
3) Ұлы Отан соғысының қатысушысы мен мүгедегі куәлігі;
4) Зейнетақы кітапшасы;
5) зейнетақы аударылатын жинақ кітапшасының есеп-шотына;
"Петропавл қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі, жұмыс және қабылдау кестесі: дүйсенбіден жұмаға дейін, жұмыс уақыты сағат 9-дан бастап 18 сағатқа дейін, түскі үзіліс 13 сағаттан 14 сағатқа дейін, мекен-жайы: Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласы, Казахстанская правда көшесі, 35 үй, N 10, N 11, N 12 кабинеттер, телефондар: 34-45-70 31-11-27.
Ескерту. 12 тармақшаға өзгерту енгізілді - Петропавл қаласы әкімдігінің 2008.09.08 N 1531 Қаулысымен.
13. Барлық қажетті өтініш бланкілері қабылдау бөлмесіндегі маманда болады.
14. Мемлекеттік қызметті алу үшін қажетті құжаттар "Петропавл қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесіне тапсырылады, мекен-жайы: Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласы, Казахстанская правда көшесі, 35 үй. N 11, N 12 кабинеттер.
15. Тұтынушы қажетті құжаттарды тапсырғаннан соң мемлекеттік қызметті алу үшін тұтынушыға қабылдау уақыты мен орындау мерзімі көрсетілген талон беріледі.
16. Қызмет көрсету тәсілі - жеке бару.
Мемлекеттік қызмет көрсетудің соңғы нәтижесі мына мекенжай бойынша беріледі: Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласы, Казахстанская правда көшесі, 35 үй, N 8 кабинет.
17. Мемлекеттік қызмет көрсетуді тоқтата тұруға негіз - қасақана жалған мәліметтер мен құжаттарды беру.
18. Мемлекеттік органның қызмет көрсетуді тұтынушыға қатысты басшылыққа алатын жұмыс қағидаттары:
1) қызмет көрсету тәртібі туралы толық және анық ақпарат алу;
2) мамандардың сыпайылығы, жауапкершілігі және кәсібилігі.
3) белгіленген үлгідегі өтінішті және оған қоса берілетін бланкіні тегін алу;
4) шешім қабылдау туралы хабарлама алу, қабыл алынбаған жағдайда қабыл алмау себептері хабарламада көрсетілетін болады.
19. Тұтынушыларға мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелері осы Үлгі стандартқа қосымшаға сәйкес сапа және қол жетімділік көрсеткіштерімен өлшенеді.
20. Мемлекеттік қызмет көрсететін мемлекеттік органның, мекеменің немесе өзге де субъектілердің жұмысы бағаланатын мемлекеттік қызметтердің сапа және қол жетімділік көрсеткіштерінің нысаналы мәнін жыл сайын арнайы құрылған жұмыс топтары бекітеді.
21. Уәкілетті лауазымды адамдардың әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібін алуға болады: "Петропавл қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығы, мекен-жайы: Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласы, Казахстанская правда көшесі, 35 үй, N 24 кабинет
22. Шағым беріледі:
1) "Петропавл қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығына немесе орынбасарына, мекен-жайы: Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласы, Казахстанская правда көшесі, 35 үй, N 24, N 28 кабинеттер, телефондары: 34-47-18, 34-08-01, электрондық почтаның мекенжайы: gu pavl@mail.online.kz.
2) жоғары тұрған ұйымдарға;
3) сот.
23. Шағымның қабылданғанын растайтын және берілген шағымға жауап алатын мерзім мен орынды көздейтін құжат: жүгінудің қабылданғаны туралы талон, азаматтардың жүгінулерін тіркеу журналы. Шағымға жауап алу орны: "Петропавл қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі, мекен-жайы: Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласы, Казахстанская правда көшесі, 35 үй, N 24, N 28 кабинеттер, телефондары: 34-47-18, 34-08-01, электрондық почтаның мекенжайы: gu pavl@mail.online.kz.
24. "Петропавл қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығы, мекен-жайы: Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласы, Казахстанская правда көшесі, 35 үй, N 24 кабинет, телефоны: 34-47-18 электрондық почтаның адресі:gu pavl@mail.online.kz
"Петропавл қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі бастығының орынбасары, мекенжайы: Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласы, Казахстанская правда көшесі, 35 үй, N 28 кабинет, телефоны: 34-08-01, электрондық почтаның адресі : gu pavl@mail.online.kz.
25. Тұтынушы үшін қосымша қызметтер туралы ақпарат - Ұлы Отан соғысының қатысушысы мен мүгедегіне ай сайын 230 теңге мөлшерінде әлеуметтік көмек алу мүмкіндігі.