Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 13 бабы 4 тармағына сәйкес және тиісті аумақ халқының пікірін ескере отырып, Шымкент қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ және Шымкент қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТТІ :
1. Абай ауданындағы Қатынкөпір шағын ауданы мен Қошқар ата өзенінің ортасында орналасқан тұрғын жай аумағы Шұғыла шағын ауданы деп аталсын.
2. Абай ауданындағы Самал-1 шағын ауданының атауы жоқ көшесіне Нұршуақ;
Абай ауданындағы Самал-1 шағын ауданының атауы жоқ көшесіне Ырыс- бақ;
Абай ауданындағы Қатынкөпір шағын ауданының атауы жоқ көшесіне Егемен ел деген атаулар;
Абай ауданындағы Шұғыла шағын ауданының атауы жоқ көшесіне Жолбарыс Қалшораевтың;
Абай ауданындағы Қатынкөпір шағын ауданының атауы жоқ көшесіне Жұмабике Серікбаеваның есімдері берілсін.
3. Еңбекші ауданының Берута көшесінің атауы Мұстафа Өзтүрік көшесі;
Еңбекші ауданының Аварийный көшесінің атауы Мұсабек батыр көшесі болып қайта аталсын.
4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қалалық мәслихат
сессиясының төрағасы
Қалалық мәслихат хатшысы
Шымкент қаласының әкімі