Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 03.07.2013 N 12/139-V шешімімен.
Қазақстан Республикасы Су кодексінің 92-бабына , "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына сәйкес Шығыс Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. "Шығыс Қазақстан облысының халқын орталықтандырылмаған ауыз су және шаруашылық-тұрмыстық сумен жабдықтау кезінде жер үсті және жер асты су объектілерінен су алу ережесін бекіту туралы" Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2007 жылғы 17 шілдедегі N 24/385-ІІІ шешіміне (N 2455 нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде тіркелген, "Дидар" газетінің 2007 жылғы 4 қыркүйектегі N 107, "Рудный Алтай" газетінің 2007 жылғы 4 қыркүйектегі N 132 сандарында жарияланды) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген Шығыс Қазақстан облысының халқын орталықтандырылмаған ауыз су және шаруашылық-тұрмыстық сумен жабдықтау кезінде жер үсті және жер асты су объектілерінен су алу ережесіндегі:
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Ереже халықты орталықтандырылмаған сумен жабдықтау бойынша қызметті жүзеге асыратын заңды және жеке тұлғаларға, сондай-ақ жеке мұқтаждықтарына ауыз су және шаруашылық-тұрмыстық сумен жабдықтау үшін су объектілерін пайдаланатын заңды және жеке тұлғаларға да таралады.";
6-тармақтың 5) тармақшасы алынып тасталсын;
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"8. Халықты орталықтандырылмаған ауыз су және шаруашылық-тұрмыстық сумен жабдықтау кезінде тәулігіне елу текше метрге дейінгі көлемде су алған кезде Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Су ресурстары жөніндегі комитет төрағасының 2006 жылғы 17 ақпандағы N 29 бұйрығымен бекітілген, N 4124 нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде тіркелген Халықты орталықтандырылмаған ауыз су және шаруашылық-тұрмыстық сумен жабдықтау кезінде заңды және жеке тұлғалармен пайдаланылатын су объектілерін тіркеу ережелеріне сәйкес су объектісін тіркеу жүргізіледі.";
12-тармақтағы:
"2005 жылғы 13 мамырдағы N 229" сөздерінен кейін мынадай мазмұндағы сөздермен толықтырылсын:
", N 3720 нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде тіркелген.";
13-тармақ алынып тасталсын;
14-тармақтағы "тиіс" сөзі алынып тасталсын, "орнатылуы" сөзі "орнатылады" сөзімен ауыстырылсын;
15, 16, 20, 25-тармақтар алынып тасталсын.
2. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессияның төрағасы
Шығыс Қазақстан облыстық
мәслихатының хатшысы