"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы", "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңдарына сәйкес және Зеленов ауданы мәслихаты мен әкімдігінің 2006 жылғы 18 қыркүйектегі N 28-8 "Январцев ауылдық округінің Рожков ауылын тарату туралы" бірлескен шешімі және әкімдігінің 2006 жылғы 18 қыркүйектегі N 371 қаулысы негізінде облыстық мәслихат пен әкімдігі ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Тұрғындарының көшірілуіне байланысты Зеленов ауданы Январцев ауылдық округінің Рожков ауылы таратылсын.
2. Осы шешімі және қаулысы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы Облыс әкімі
Облыстық мәслихат хатшысы