Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 27.03.2015 № 23-14 шешімімен.
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасы Конституциясының 61 бабына сәйкес және Қазақстан Республикасының "Автомобиль көлігі туралы" Заңының 14 бабын іске асыру мақсатында облыстық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Облыстық мәслихаттың 2006 жылғы 11 желтоқсандағы N 33-8 "Облыстың шалғайдағы елді мекендерінде тұратын балаларды жалпы білім беретін мектептерге тасымалдаудың тәртібі туралы" шешіміне (2006 жылғы 23 желтоқсандағы тіркеу N 2981, "Орал өңірі" газетінде 2007 жылы 9 қаңтардағы N 4 жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
Облыстық мәслихаттың 2006 жылғы 11 желтоқсандағы N 33-8 "Облыстың шалғайдағы елді мекендерінде тұратын балаларды жалпы білім беретін мектептерге тасымалдаудың тәртібі туралы" шешімінің қосымшасындағы 3 бөлім алынып тасталсын.
2. Осы шешім ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы
Облыстық мәслихат хатшысы