Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Орал қаласы мәслихаттың 2012.05.28 № 5-6 Шешімімен
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 6-бабы, 1-тармағының 8-тармақшасына және Қазақстан Республикасының "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Кодексінің 3-бабының 2-тармағына, 300-бабына сәйкес Орал қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Қоса беріліп отырған "Орал қаласының жасыл желектерін күтіп ұстау мен қорғау Ережесі" бекітілсін.
2. Осы шешім ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Ескерту. 2 тармаққа өзгерту енгізілді - қалалық мәслихаттың 2008.09.29 № 11-17 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Шешімімен.
Орал қалалық мәслихатының кезекті
46-сессиясының төрайымы
Орал қалалық мәслихатының хатшысы
Орал қалалық мәслихатының
2007 жығы 13 маусымдағы
№ 46-15 шешімімен бекітілген
Орал қаласының жасыл желектерін
күтiп ұстау мен қорғау
Ережесi
Осы "Орал қаласының жасыл желектерін күтiп ұстау мен қорғау Ережесі" (әрі қарай - Ереже), Қазақстан Республикасының "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Кодексіне, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жасалған. Ереже Орал қаласының жасыл желектерін күтіп ұстау мен қорғау саласындағы қатынастарды реттейді және белгілейді, барлық заңды және жеке тұлғалардың меншік нысандарына қарамастан орындалуына міндетті болып табылады.
Орал қаласының аумағындағы жасыл желектерді күтіп ұстау мен қорғау бойынша жұмыстарды ұйымдастырып үйлестіруді қала әкімдігінің лауазымды тұлғалары, қаланы көгалдандырумен айналысатын уәкілетті басқару органдары, мекеме, кәсіпорын жетекшілері жүзеге асырады.
1. Жалпы ережелер
1. Осы Ережеде мынадай негізгі терминдер мен анықтамалар пайдаланылады:
1) дендрологиялық жоспар (дендрожоспар) - көкжелектердің, алаңқайлардың, жолдардың, су айдындарының ашық учаскелерімен үйлесімде өсіп тұрған жасыл желектердің және отырғызуға жоспарланған ағаш-бұтақ өсімдіктерінің түрлік және сандық құрамы көрсетілген қала аудандарының шегінде жасыл желектерді отырғызу жоспары;
2) жасыл желектерді қорғау - жасыл желектерді, көгалдандырылған аумақтар мен жасыл алқаптарды жасауға, сақтау мен төлетуге (оның ішінде жойылған немесе зақымдалған жасыл желектерді өтемдік қалпына келтіруге) бағытталған құқықтық, әкімшілік, ұйымдық және экономикалық шаралар жүйесі;
3) жасыл желектер - азаматтық заңнамаға сәйкес жылжымайтын мүлік болып табылатын және қаланың бірыңғай жасыл қорын құрайтын табиғи өскен және жасанды егілген ағаш бұтақты және шөпті өсімдік;
4) жасыл алқап - түрлік құрамына қарамастан кемінде 0,125 га кем емес аумақтағы 50 дана ағашы бар көгалдандырылған аумақ;
5) жалпы пайдаланылатын жерлер - алаңдар, көшелер, жаяужолдар, өтетін жерлер, жолдар, жағалаулар, саябақтар, бульварлар және қала мұқтажын қанағаттандыру мақсатындағы өзге де нысандар үшін алынған және арналған жерлер;
6) жасыл желектерді қырқу - жасыл желектерге белгілі бір әсемдік беру үшін бұталарды кесу;
7) көгалдандырылған аумақ - жасыл желектер орналастырылған жер учаскесі;
8) жасыл желектерді күтіп ұстау мен қорғау Ережелерін бұзғандығы үшін жауапкершілік - Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес заңды және жеке тұлғаларға әкімшілік және экономикалық шараларды қолдану;
9) жасыл желектерді зақымдау - ағаш-бұтақ өсімдіктерінің, тамырына, діңіне, бұтақтарына, шөпті өсімдіктердің жер үсті бөлігі мен тамыр жүйесіне өсімін тоқтатуға алып келмейтін залал келтіру. Тамыр жүйесінің механикалық зақымдануы, тамыр қырыс тұтастығының, топырақ үсті жамылғысы тұтастығының бұзылуы және залалдың өзге де түрі зақымдау болып табылады;
10) Орал қаласы жасыл желектерінің тізбесі - Орал қаласының аумағындағы жасыл желектердің түрі, түрлік құрамы, саны туралы мәліметтер жиыны;
11) санитарлық кесу - шіріген, зақымдалған, қураған, құрғақ бұтақтарды кесу;
12) жасыл желектердің мәні - жасыл желектерді, көгалдандырылған аумақ пен жасыл алқаптарды сақтауға және жасауға бағытталған жұмыстардың агротехникалық, шаруашылық шараларының жүйесі;
13) мамандандырылған ұйым - жасыл желектерді жасап, оған күтім көрсететін өзінің штатында осы саланың маманы, жұмысшылары бар, арнайы техникалармен жабдықталған (автокөтергіш, сутаситын, тракторлар немесе автокөліктер негізіндегі бұрғылау қондырғы, жүк тиейтін техникалар, жүк автокөліктері) кәсіпорын;
14) орманды (кеспеағашты) мөлшерлеу - орман ресурстарының, соның iшiнде кесу көзделетiн екпе ағаштардың сапалық және сандық сипаттамаларын анықтау, есепке алу, бағалау жөнiндегi iс-шаралар;
15) жасыл желектерді жою - өсуін тоқтатқан жасыл өсімдіктерді бұзу;
16) уәкілетті орган - жасыл желекті күтіп ұстау мен қорғау жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру үшін қала әкімдігінің қаулысымен бекітілетін орган.
2. Жасыл желектерді күтіп ұстау
мен қорғаудың басты қағидалары
2. Орал қаласының барлық жасыл желектері, жеке үй құрылыстары мен саяжайларда өсіп тұрған жасыл желектерді қоспағанда, қол сұғылмайтын қалалық жасыл қорды құрайды.
3. Жасыл желектерді сақтау мен қорғау жөніндегі шаралар кешенін азаматтар, лауазымды және заңды тұлғалар меншік нысанына қарамастан жүзеге асырады.
4. Жобалық, құрылыс және шаруашылық қызмет Қазақстан Республикасының заңнамасына және осы Ережелерде белгіленген жасыл желектерді қорғау жөніндегі талаптарды сақтай отырып, жүзеге асырылады. Құрылыс, шаруашылық және өзге қызметтерді ұйымдастыруға арналған жоба алдындағы және жобалық құжаттамада топографиялық түсірілімге енгізілген жасыл желектердің күйі туралы толық және шынайы мәліметтер болуға тиіс.
5. Белгіленген тәртіппен келісілген елді мекенді дамытудың бас жоспарымен салыну көзделген учаскелерді қоспағанда, қала аумағының шегінде орналасқан жасыл алқаптар (саябақтар, тынымбақтар, тоғайлар, аллеялар, т.с.с.) құрылыс жүргізуге жатпайды.
6. Жалпы пайдаланылатын жерлердегі көгалдандырылған аумақтарды дамыту уәкілетті органдардың келісімімен сәулет және қала құрылысы органдары қорытындысының негізінде қаланы көгалдандырудың ұзақ мерзімді кешенді сызбасына сәйкес жүргізіледі.
3. Жасыл желектерді күтіп ұстау
мен қорғау бойынша уәкілетті
органның құзыреті
7. Жасыл желектерді күтіп ұстау мен қорғау бойынша уәкілетті органның құзырына енеді:
1) Орал қаласының аумағында жасыл желектерді санитарлық кесуге, түрлі үлгілерде қысқартуға, қайта отырғызуға, бұзуға немесе бұзбауға рұқсат ету және рәсімдеу (2, 3 қосымша);
2) жасыл желектерді күту, ұстау, қалпына келтіру бойынша шараларды орындау үшін бақылау;
3) Қазақстан Республикасының қолданыстағы белгіленген заңнамалары шегіндегі өкілеттілікпен мемлекеттік бақылау функциясын жүзеге асырады.
4. Жасыл желектерді есепке алу,
қорғау және күтіп ұстау
8. Орал қаласында жасыл желектерді есепке алу Тізілімге енгізіліп есепке алынатын нысан шекарасында орналасқан жасыл желектерді техникалық түгендеу арқылы жүргізіледі (4 қосымша).
9. Есепке жасыл желектердің барлық түрлері алынады: ағаштар, талдар, гүлзарлар. Жасыл желектерге түгендеу жүргізу тендерлік негізде мамандандырылған ұйымдармен, санитарлық жағдайды және санаттары деңгейін (тұрақтылық сатысы) ескере отырып жүргізіледі.
10. Жасыл желектердің есебін бейнелейтін құжат - жасыл желектердің тізімдемесі және Орал қаласының дендрожоспары болып табылады, ол 10 жыл ішінде 1 рет жаңартылады.
11. Орал қаласының жасыл желектерінің есебі мына мақсаттарда жүргізіледі:
Орал қаласында жасыл желектердің саны мен сапасы және жәй-күйі туралы шынайы мәліметтерді алу және есебін жүргізу;
қаланың аумағындағы жасыл желектерді қорғау, сақтау және көгалдандырылған аумақтарды дамыту саласындағы қала саясатының негізгі бағыттарын анықтау;
халықты, билік пен басқару органдарын қаладағы жасыл желектердің саны мен жағдайы туралы шынайы ақпаратпен қамтамасыз ету.
12. Жасыл желектер тізілімін жүргізуді ұйымдастыру жұмыстары табиғат қорғау қаражаты есебінен жүргізіледі.
13. Жасыл желектерді көгалдандырылған аумақтарды жалға алған және меншік иеліктері, жеке және заңды тұлғалар міндетті:
1) аумағына жататын жер учаскелеріне, өз учаскелеріне жасыл желектерді қорғап және күтіп ұстауды қамтамасыз етуге;
2) белгіленген үлгі бойынша жасыл желектерді түгендеу материалдарында өзгерістер туралы (бұзу, қайта ретке келтіру, қайта отырғызу, отырғызу) ақпараттарды, жасыл желектердің жетекші тізілімін, жасыл желектер бойынша уәкілетті органға жыл сайын жіберіп отыру;
3) Орал қаласының жасыл желектерін қорғау бойынша өкілетті органның нұсқаулық-әдістемелік нұсқауларға сәйкес гүлзарларды шабу зиянкестер мен аурулар, арамшөптермен күрес, соның ішінде гүлзарлармен ағаш және шіліктерді суару, бүкіл кешенді агротехникалық шараларды әрдайым жүргізіп тұру;
4) өз есебінен санитарлық-гигиеналық, экологиялық, калақұрылысы нормаларына сәйкес жасалған, дендрологиялық жоба бойынша бекітілген аумақтық жасыл желектердің ағымдағы жөндеуі мен көгалдандыруын жүргізу;
5) жасыл желектерді бұзу (қайта отырғызу) осы Ережеде көрсетілген тәртіпте рәсімделсін;
6) ағаштарды жасартуға әсері бар, ағаш-шілікті өсімдіктерді кесу жүргізілсін;
7) бақылау аумағында (радиусы 1 метр) ток сымдары өтетін, және көше көрсеткіштерін жауып тұратын, үй нөмірлерін көрсетпейтін бұтақтарды кесу өз уақытында жүргізілсін. Бұталарды кесу кесте бойынша электр желілерінің иелері келісімімен, олардың бақылауы бойынша техника қауіпсіздігінің ережесін сақтай отырып атқарылсын;
8) сынған ағаштармен шіліктерді алып тастау, аумақтың санитарлық тазалауы өткізіліп отырсын;
9) саябақтарға, бақтарға, тынымбақтарға, алаңдарға барғандар жасыл желектерді қорғау бойынша талаптарды сақтаулары міндетті;
10) жер учаскелерін жалға беру, сатып алу, беру, сыйға беруде жасыл желектермен бірге кететін жағдайда, басқа да жер айналымдарында көрсетілген жер заңдылықтарына орай, жаңа жер иелеріне, жалға алушыларға жасыл желектерді сақтау және қорғау талаптары, міндеттері мен құқықтары бірге өтеді.
14. Жалпы пайдаланылатын жерлерде жүргізілетін жасыл желектерді күту мен қорғау жұмыстарын арнайы ұйымдар тендерлік негізде жүргізеді.
Мамандандырылған ұйымдар ағаш-шілікті өсімдіктерді жою, отырғызу, қайта отырғызу, санитарлық, түрлі үлгілерде кесу жұмыстарын тек қана уәкілетті органның жазбаша рұқсатымен, санитарлық-гигиеналық, экологиялық қала құрылысы нормаларын сақтай отырып жүргізіледі.
15. Уәкілетті органның рұқсатына сәйкес жүргізілген өтемдік қалпына келтіру жер учаскесінің сол аумағында үш есе көлемде биіктігі кемінде 2 метр жапырақ тұқымдас, ал қылған жапырақтылар үшін кемінде 2 метр көшеттер отырғызу жолымен жүргізіледі. Отырғызу үшін бос алаң болмаған жағдайда уәкілетті орган жасыл желектің қалпына келтіру құнына есеп жүргізеді; оның бір есе көлеміндегі төлемін заңды және жеке тұлғалар жергілікті бюджетке төлейді.
16. Рұқсатсыз кесу жүргізілген өтемдік қалпына келтіру жер учаскесінің сол аумағында он есе көлемде биіктігі кемінде 2 метр жапырақ тұқымдас, ал қылған жапырақтылар үшін кемінде 2 метр көшеттер отырғызу жолымен жүргізіледі немесе жасыл желектің қалпына келтіру құны анықталады, оның он есе көлемінде төлемін заңды және жеке тұлғалар жергілікті бюджетке төлейді. Жергілікті бюджетке аударылатын жасыл желектің қалпына келтіру құнының мөлшері қала әкімдігімен бекітіледі.
17. Жасыл желектерді қалпына келтіру мүдделеріне орай кесу жүргізілген заңды және жеке тұлғалардың қаражаты есебінен жүргізіледі.
18. Жасыл желектерді өтемдік қалпына келтіруді заңды және жеке тұлғалар өз бетінше немесе шарт бойынша арнайы ұйымдар оларды одан әрі күтудің міндетті шарттарын сақтай отырып жүргізе алады.
19. Кінәлі адамды анықтау мүмкін емес жағдайда жасыл желектің табиғи өлуі, жойылуы, заңсыз кесілу дерегі бойынша жасыл желекті қалпына келтіру қала бюджеті есебінен жүргізіледі.
20. Отырғызылған жасыл желек солған жағдайда мүддесіне орай кесу жүргізілген тұлғалар жасыл желекті қайта отырғызады және оның одан әрі күтілуін қамтамасыз етеді.
5. Жасыл желектерді кесу
және қайта отырғызу
21. Жасыл желекті кесу, қайта отырғызу (қысқы тыныштық күйінде) осы Ережеде белгіленген тәртіппен ресімделеді, жер пайдалану немесе учаскені жалдау құқығын анықтайтын құжаттарды көрсету бойынша уәкілетті органның ресми рұқсатымен ғана жүргізіледі.
Көгалдандырылған аумақтың жалға алушылары, жалпы пайдаланылатын жерлерде иеліктері, пайдаланушылары, азаматтармен заңды тұлғалардың өтініші бойынша Орал қаласының жасыл желектерді қу ағаштар мен шіліктердің есебі мен таңбалау жұмыстарын жүргізеді.
22. Ереженің күші азаматтардың жеке үй құрылысы үшін пайдаланатын аумақ пен саяжай учаскелеріне қолданылмайды. Жасыл желектерді кесу мен қайта отырғызу рұқсатты ресімдеусіз жалпы табиғат пайдалану тәртібімен олардың өз ұйғарымдары бойынша жүргізіледі.
23. Жалпы пайдаланатын жерлерде ағаштар мен бұталарды кесуді уәкілетті органның міндетті рұқсатты ресімдеуімен тендерлік негізде арнайы ұйымдар жүргізеді.
24. Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын қала құрылысы жұмысы жүргізілген кезде, жасыл желекті қалпына келтіру бюджет қаражаты есебінен жүргізіледі.
25. Төтенше және апатты жағдайларда ағаштың құлауы адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп туғызатын, ғимараттар мен құрылыстың, коммуникациялардың зақымдалуына, жол қозғалысы қауіпсіздігінің бұзылуына алып келетін жайттарда аталған жасыл желектерді кесу шұғыл ретте жүргізіліп, артынша уәкілетті органға хабарланады. Кесу дерегі куәландыру актісімен айғақталады, уәкілетті орган жұмыс басталған сәттен бастап 72 сағат бойы жасайды (1 қосымша).
26. Кесілген жасыл желек пен кесілген қалдықтарды жұмыс жүргізілген жерде жинау мен сақтауға тыйым салынады. Кесілген қалдықтарды үю, буып-түю және тасымалдау бойынша барлық жұмыстар техника қауіпсіздігі талаптарына сәйкес жүргізілуі тиіс.
27. Жасыл желектерді отырғызу бойынша жұмыс жүргізілгеннен кейін тапсырысшы олардың одан әрі күтілуін қамтамасыз етуге міндетті.
28. Ұсақ жапырақты қарағаш пен ірі жапырақты үйеңкінің орнын басатын ағаштарды егуге тыйым салынады, соның ішінде егер көрсетілген ағаш тұқымдас екпе ағаштар кесуге жататын болса, олардың орнына арзан бальзамикалық терек пен шаған отырғызу ұсынылсын.
29. Ұсақ жапырақты (қарағашты) қарағаштардың "өздігімен" шығуын болдырмау мақсатында тек "тірі" қоршау немесе үнемі сәндік түр беру үшін егуге рұқсат етіледі.
30. Жасыл желекті кесуге, қайта отырғызуға рұқсатты ресімдеу үшін мынадай құжаттар тапсырылуы тиіс:
Заңды тұлғалар үшін:
уәкілетті орган басшысының атына өтініш;
жергілікті атқарушы орган шешімінің көшірмесі(нысандар мен ЖТҚ салу үшін жер учаскесін бөлген кезде);
жердің заңдық құжаттамасының көшірмесі;
мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысы (салынып жатқан және жаңартылатын нысандар үшін);
қайта салынған нысандар үшін Орал қаласы сәулет және қала құрылысы бөлімінің сәулеттік-жоспарламалық техникалық тапсырмасы бойынша қорытындысы.
Жеке тұлғалар үшін:
уәкілетті орган басшысының атына өтініш;
жер - заңдылық құжаттардың көшірмесі;
31. Осы Ережемен көгалдандырылған аумақтарда тыйым салынады:
1) жасыл желектерді зақымдауға немесе жоюға;
2) от жағуға, түскен жапырақтармен кепкен шөптерді өртеуге;
3) тұрмыстық және өнеркәсіп қалдықтарымен, лас сулармен ластауға;
4) ағаштан шырын өндіруге, жазулар, оюлар салуға, ағаштарға жарнама, хабарландыру, нөмірлік белгілер, әртүрлі көрсеткіштерді орналастыруға және ағашқа ілмек пен шеге қағуға;
5) автокөлік құралдарының, құрылыс және өзге техниканың, осы аумақты пайдалануға және жасыл желекті күтуге байланысты техниканы қоспағанда, өтуі мен тұруына;
6) автокөлік құралдарын жууға;
7) гүлзарларға автокөлік құралдарын қоюға;
8) мал жаюға;
9) әр түрлі жүктерді, соның ішінде құрылыс материалдарын үюге;
10) ағаштар мен бұталардың сақталуын қамтамасыз ететін шараларды сақтамай, жасыл желектер алып жатқан учаскелерге төбеден қар түсіруге;
11) жасыл желектерге зиян келтіретін басқа да әсер-әрекеттерді болдырмау.
6. Жасыл желектерді күтіп ұстау мен
қорғау саласындағы құқық бұзушылық
үшін әкімшілік жауапкершілік
32. Жеке, лауазымды және заңды тұлғалар осы Ережені бұзғанда, Қазақстан Республикасының қолданыстағы "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Кодексіне сәйкес жауапкершілікке тартылады.
Орал қаласының жасыл желектерін
күтіп ұстау мен қорғау Ережесіне
№ 1 қосымша
Жасыл желектерді зерттеу
АКТІСІ
"____""___________ 200___ж.
Көше____________________________________________________________
аудан ______________________________________________ Орал қаласы
Біз төменде қол қоюшы __________________________________________
(лауазымды адам)
________________________________________________________________
уәкілетті органның (қызметі аты, жөні)
________________________________________________________________
органның атауы
________________________________________________________________
және тапсырыс берушінің уәкілі зерттеу жүргіздік
________________________________________________________________
жасыл желекке жататын
________________________________________________________________
________________________________________________________________
Нәтижиесінде белгіленді:
Жасыл |
Жоюға |
Қайта |
Сақта- |
Сапалық |
||||||
саны |
саны |
саны |
жақсы |
қана- |
нашар |
|||||
1 |
||||||||||
2 |
||||||||||
3 |
||||||||||
4 |
||||||||||
5 |
||||||||||
6 |
||||||||||
7 |
||||||||||
8 |
||||||||||
9 |
||||||||||
10 |
Осы акт ______ парақ жасалды.
Ескерту: Зерттеу актісі жасыл желекті жоюға немесе қайта отырғызуға құқық беретін құжат емес.
Тапсырыс берушінің өкілі, алдым ___________________________
(аты, жөні)
Орал қаласының жасыл желектерін
күтіп ұстау мен қорғау Ережесіне
№ 2 қосымша
Жасыл желектерді қайта отырғызу,
кесуге РҰҚСАТ етіледі
1. Кәсіпорынның атауы (СТН) (тапсырыс беруші).
2. Кәсіпорын жетекшісі (аты, жөні) (тапсырыс беруші).
3. Сұрайтын учаскенің мақсаты.
4. Тұрған орны.
5. Шаралар өткізу үшін негіздеме.
6. Жер учаскесінің меншік түрі (нөмірі,күні).
7. Уәкілетті органның жасыл желекті зерттеу актісі.
8. Ағашты, шілікті желектердің нақты жағдайы (сапалық, сандық).
9. Орал қаласының жасыл қорын өтемді қалпына келтіру бойынша (кепілдік хат) міндеттеме.
ҚОРЫТЫНДЫ
Уәкілетті орган (толық атауы) зерттеу актісіне сәйкес, жасыл желектердің жағдайын ескере отырып жоғарыда көрсетілген ағаштарды жоюға келіседі, осыған орай бірінші жетекшіге мынадай талаптар орындауға алдын ала беріледі:
Жасыл желектерді өтемді қалпына келтіру бойынша шаралар жер асты және аспандағы коммуникацияларды қорғау ережелері мен нормаларын сақтай отырып жүргізу қажет.
Жасыл желектерді сақтау және қорғау бойынша кешенді шаралар толық жүргізілсін.
Қосымша: ______________
Ескерту: ______________
Уәкілетті орган жетекшісі (аты жөні)
Орал қаласының жасыл желектерін
күтіп ұстау мен қорғау Ережесіне
№ 3 қосымша
Жасыл желектерді санитарлық кесу,
қырқу, түптерін тазалауға
РҰҚСАТ ЕТІЛЕДІ
1. Кәсіпорынның атауы (СТН) (тапсырыс беруші).
2. Кәсіпорын жетекшісі (аты, жөні) (тапсырыс беруші).
3. Сұрайтын учаскесінің мақсаты.
4. Тұрған орны.
5. Шаралар өткізуге негіздеме.
6. Жер учаскесінің меншік түрі (нөмірі, күні).
7. Өкілетті органның жасыл желекті зерттеу актісі.
ҚОРЫТЫНДЫ
Уәкілетті орган (толық атауы) зерттеу актісіне сәйкес, жасыл желектердің жағдайын ескере отырып жоғарыда көрсетілген ағаштарды санитарлық кесу, крониловкалау, түптерін тазалауға келіседі, осыған орай бірінші жетекшіге мынадай талаптар орындауға алдын ала беріледі:
Жасыл желектерді ұстау және баптау бойынша кешенді шаралар толық жүргізілсін.
Ескерту: _____________
Уәкілетті орган жетекшісі (аты жөні)
Орал қаласының жасыл желектерін
күтіп ұстау мен қорғау Ережесіне
№ 4 қосымша
Орал қаласының жасыл желектерінің
200__ жылдың 1 қаңтарына дейінгі
ТІЗІМІ
Жасыл желектердің жер санаты, өсімдік түрлері, қызметтік
мақсаттары бойынша нысандар (учаскелер) көлемінің бөлінуі
Орал қаласы
Әкімшілік аудан: (код) ____________________
Жауапты иегер: ____________________________
Жасыл желектер тізімдемесі
Кесте
№ р/с |
Жасылжелектердің |
Жіктелуі код |
Жасылжелек- тердің |
А |
Б |
В |
1 |
кестенің жалғасы
Жасыл желектердің парктік түрі |
||||||||
ағаштыөөсімдіктер, тек. м. га./сан. |
Шілікті, талды өсімдіктер |
|||||||
Жеке- |
Топ- |
Бақ- |
Аллей- |
Бар- |
Жеке- |
Тірі |
Қатар- |
Бар- |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
8 |
9 |
10 |
кестенің жалғасы
Ашық кеңістік |
||||||||
Гүлзарлар, га |
Газондар, га |
|||||||
Біржылдық |
Көп |
Аралас |
Кон- |
Бар- |
Пар- |
Кәдімгі |
Жер |
Бар- |
11 |
12 |
13 |
14 |
15 |
16 |
17 |
18 |
19 |
кестенің жалғасы
Парктү- ріндегі |
Табиғи түрдегі ағаштық өсімдіктер |
||
Табиғи және аралас ағаштар |
Түрлері |
Табиғи тастақтар, аралықтар |
|
20 |
21 |
22 |
23 |