Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Орал қалалық мәслихаттың 2008.12.23 N 13-15 Шешімімен.
Қазақстан Республикасының "Ойын бизнесі туралы" Заңының 11-бабына сәйкес және Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 7-бабын басшылыққа алып, Орал қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Орал қалалық мәслихатының 2007 жылғы 27 ақпандағы N 40-9 "Орал қаласында төлем ставкаларын белгілеу туралы" (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімінде 7-1-62 нөмірмен тіркелген, "Жайық үні" газетінде 29.03.2007 жылы N 13 жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
1) шешімнің N 4 қосымшасының 1, 2, 9, 12 тармақтары және N 5 қосымшасының 1, 2 тармақтарының күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім 2007 жылғы 1 сәуірден күшіне енеді.
Орал қалалық мәслихатының кезекті
3-ші сессиясының төрағасы
Орал қалалық мәслихатының хатшысы