Күші жойылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2008.08.22 N 118 Қаулысымен.
----------------- Бұйрықтан үзінді -------------------
"Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 20 маусымдағы Заңының
57-бабына
,
"Бағалы қағаздар рыногы туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 2 шілдедегі Заңының
49-бабының
3-тармағына, "Қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды мемлекеттік реттеу және қадағалау туралы" Қазақстан Республикасы 2003 жылғы 4 шілдедегі Заңының
9-бабының
1-тармағының 5) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. ...
2. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы 2008 жылғы 1 қазаннан бастап қолданысқа енгізіледі.
4. ...
5. ...
6. ...
7. ...
Қазақстан Республикасы
Қаржы нарығын және қаржы
ұйымдарын реттеу мен қадағалау
агенттігі Басқармасының
2008 жылғы 22 тамыздағы
N 118 қаулысына қосымша
Күші жойылды деп танылатын нормативтік құқықтық
актілердің тізбесі
1. ...
2. ...
3. Агенттік басқармасының "Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдарға арналған пруденциалдық нормативтердің нормативтік мәндері, оларды есептеу әдістемесі туралы нұсқаулықты бекіту туралы" 2006 жылғы 27 қазандағы N 223 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2008 жылғы 25 қаңтардағы N 4
қаулысы
(Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 5161 тіркелген).
Қолданушылардың назарына!!!
Қаулының қолданысқа енгізілу тәртібін
2-тармақтан
қараңыз.
Зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдар қызметін пруденциалдық реттеу мәселелері жөніндегі нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің Басқармасы (бұдан әрі - Агенттік)
ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Агенттік Басқармасының»"Зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдарға арналған пруденциалдық нормативтердің нормативтік мәндері, оларды есептеу әдістемесі туралы нұсқаулықты бекіту туралы" 2006 жылғы 27 қазандағы N 223
қаулысына
(Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4480 тіркелген), Агенттік Басқармасының "Жинақтаушы зейнетақы қорларының және бағалы қағаздар рыногының кәсіби қатысушыларының қызметтерін пруденциалдық реттеу мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық кесімдеріне толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы" 2007 жылғы 23 ақпандағы N 40
қаулысымен
(Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4608 тіркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілері бюллетенінде жарияланған, 2007 жыл, N 5, 255-құжат), "Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқтық актілеріне бағалы қағаздар рыногының кәсіби қатысушыларын және жинақтаушы зейнетақы қорларын реттеу және қадағалау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2007 жылғы 16 шілдедегі N 211
қаулысымен
(Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4900 тіркелген) енгізілген өзгерістермен және толықтырулармен бірге мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
аталған қаулымен бекітілген Зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдарға арналған пруденциалдық нормативтердің нормативтік маңызы, олардың есебінің әдістемесі туралы нұсқаулықта:
5-тармақтың он алтыншы абзацы "және бағалы металдардың" деген сөздерден кейін "қолма-қол шетел валютасындағы" деген сөздермен толықтырылсын;
6-тармақта:
3) тармақшада ""Standard & Poor's"-тің ұлттық шәкілі бойынша" деген сөздерден кейін" немесе басқа рейтинг агенттіктерінің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі" деген сөздермен толықтырылсын;
13) тармақшада:
""Standard & Poor's"-тің ұлттық шәкілі бойынша" деген сөздерден кейін" немесе басқа рейтинг агенттіктерінің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі" деген сөздермен толықтырылсын;
"Қазақстан Республикасындағы "Standard & Poor's"-тің ұлттық шәкілі бойынша" деген сөздер ""Standard & Poor's"-тің ұлттық шәкілі бойынша немесе басқа рейтинг агенттіктерінің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі" деген сөздермен толықтырылсын;
15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"15. К
2
коэффициентін Ұйым тек зейнетақы активтерi осы немесе басқа ұйымдарда жиырма, отыз алты, алпыс және одан көп ай ішінде инвестициялық басқаруда болған қорларға ғана қатысты аталған мерзiм iшiнде есептейдi.";
26-тармақтың бесінші абзацындағы "бір-үш пайызға" деген сөздер "үштен аспайтын пайызға" деген сөздермен, "үш айдан аспайтын" деген сөздер "осы Нұсқаулықтың 30-тармағының талаптарын ескеріп, алпыс күннен аспайтын" деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 26-1-тармақпен толықтырылсын:
"26-1. Ұйымның Қазақстан Республикасының резиденті болып табылатын және Алматы қаласы Өңірлік Қаржы Орталығының арнайы сауда алаңының ресми тізімін қоспағандағы және меншікті және зейнетақы активтері есебінен сауда-саттықты ұйымдастырушының ресми тізіміне енгізілген басқарушы компанияның аралық пай инвестициялық қорының пайларына салатын инвестициясының жиынтықты мөлшері мынадай мәндерден аспауы тиіс:
зейнетақы активтері есебінен - әрбір фонд активтерінің он пайызынан артық емес;
меншікті активтер есебінен - әрбір фонд активтерінің он пайызынан артық емес;
жиынтықты түрде - осы аралық пай инвестициялық қорының активтерінің он пайызынан артық емес.
Ұйымның "BBBm-"-дан кем емес "Standard & Poor's principal stability fund ratings" не "BBBf-"-дан кем емес "Standard & Poor's principal stability fund ratings" халықаралық рейтинг бағасы бар инвестициялық қордың пайына салынған инвестициясының жиынтық мөлшері мынадай мәндерден аспауы тиіс:
зейнетақы активтері есебінен - әрбір фонд активтерінің он пайызынан артық емес;
меншікті активтер есебінен - Ұйымның меншікті активтерінің он бес пайызынан артық емес;
жиынтықты түрде - осы инвестициялық қорының активтерінің он пайызынан артық емес.";
30-тармақтағы "банктің" деген сөзден кейін "ашық жинақтаушы зейнетақы қорының сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының" деген сөздермен толықтырылсын;
33-тармақтың бірінші сөйлеміндегі "оны алмастыратын тұлға, бас бухгалтер, сондай-ақ Ұйымның ішкі құжаттарына сәйкес көрсетілген ақпараттарға қол қою құқығына ие адам" деген сөздер "есепке қол қоюға уәкілетті, бас бухгалтер" деген сөздермен ауыстырылсын;
1-қосымшада:
"Кредиттік тәуекел" кестесіндегі:
"
Базалық активтері индекс болып табылатын
|
|
20 |
|
",
"
Базалық активтері индекс болып табылатын
|
|
100 |
|
",
"
Базалық активтері индекс болып табылатын
|
|
250 |
|
"
деген жолдар алынып тасталсын;
кестенің барлық мәтіні бойынша "Standard & Poor's ұлттық шәкілі бойынша" деген сөздерден кейін "немесе басқа рейтинг агенттіктерінің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі" деген сөздермен толықтырылсын;
кестені толтыру жөніндегі түсіндірулерде:
мынадай мазмұндағы бесінші-он бірінші абзацтармен толықтырылсын:
"Cвоп, фьючерс, опцион және форвард операциялары бойынша кредиттік тәуекел осы Нұсқаулықтың 1-1-қосымшасында көрсетілген қаржы құралдарының кредиттік тәуекел коэффициентіне номиналды құнды жүргізуі және аталған қаржы құралдарын өтеу мерзімін анықтау ретінде есептеледі.
Осы тармақта аталған қаржы құралдарының (өтеу құны) рыноктық құны мынаны білдіреді:
сатып алу мәмілесі бойынша - осы қаржы құралының ағымдағы рыноктық құнының осы қаржы құралының номиналдық келісім-шарттық құнынан артып кету шегін білдіреді. Егер қаржы құралының ағымдағы рыноктық құны оның номиналдық келісім-шарттық құнынан кем немесе тең болса, онда өтеу құны нөлге тең болады;
сату мәмілесі бойынша - осы қаржы құралының номиналдық келісім-шарттық құнының осы қаржы құралының ағымдағы рыноктық құнынан артып кету шегін білдіреді. Егер қаржы құралының номиналдық келісім-шарттық құны оның ағымдағы рыноктық құнынан кем немесе тең болса, онда өтеу құны нөлге тең болады.
Бивалюталық қаржы құралдары бойынша (талап етуі мен міндеттемесі әртүрлі шетел валюталарында көрсетілген қаржы құралдары бойынша) өтеу құны есеп беру жасалған күнгі бағам бойынша белгіленген талап етудің теңгелік бағамының міндеттемелердің теңгелік бағамынан артып кету шегі ретінде анықталады. Егер талап етудің теңгелік бағамы міндеттемелердің теңгелік бағамының шегі міндеттемелердің теңгелік бағамынан кем немесе тең болса, онда өтеу құны нөлге тең болады.
Осы тармақта көрсетілген қаржы құралдарының номиналдық келісім-шарттық құны бухгалтерлік есептің тиісті шоттарында мәміле жасалған күні көрсетілген қаржы құралдарының құнын білдіреді. Бивалюталық қаржы құралдарының номиналдық келісім-шарттық құны үшін Ұйымның қалыптасқан талап ету валютасы алынады.
Сатылған опциондар бойынша өтеу құны есептелмейді.";
жетінші абзацтағы "ең жоғары рейтинг бағасы" деген сөздер "ұлттық шәкіл бойынша рейтинг бағасы" деген сөздермен ауыстырылсын;
осы қаулының қосымшасына сәйкес 1-1-қосымшасымен толықтырылсын;
5-қосымшаның 12-жолында:
"Standard & Poor's" ұлттық шәкілі бойынша" деген сөздерден кейін "немесе басқа рейтинг агенттіктерінің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі" деген сөздермен толықтырылсын;
"Қазақстан Республикасының Standard & Poor's ұлттық шәкілі бойынша" деген сөздер "Standard & Poor's" ұлттық шәкілі бойынша" немесе басқа рейтинг агенттіктерінің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі," деген сөздермен ауыстырылсын;
6-қосымшаның 8013 жолы "Standard & Poor's" ұлттық шәкілі бойынша" деген сөздерден кейін "немесе басқа рейтинг агенттіктерінің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі" деген сөздермен толықтырылсын;
1, 2, 3, 4-1, 5 және 6-қосымшаларындағы "Басшы" деген сөз "Бірінші басшы немесе есепке қол қоюға уәкілетті тұлға" деген сөздермен ауыстырылсын;
4-қосымшадағы "Бірінші басшы" деген сөздерден кейін "немесе есепке қол қоюға уәкілетті тұлға" деген сөздермен толықтырылсын.
2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін қолданысқа енеді.
3. Зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдар мен зейнетақы активтері осы ұйымда инвестициялық басқаруда тұрған жинақтаушы зейнетақы қорлары аталған ұйымдар мен жинақтаушы зейнетақы қоры арасында олардың 2008 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша есептелген зейнетақы активтерінің шартты бірлігі құнының мәнін актіде белгілейді.
Зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды дербес жүзеге асыратын жинақтаушы зейнетақы қорлары зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйым және 2008 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша жинақтаушы зейнетақы қоры ретінде олардың есептелген зейнетақы активтерінің шартты бірлігі құнының мәнін актіде белгілейді.
Зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдар және зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды дербес жүзеге асыратын жинақтаушы зейнетақы қорлар аталған тармақта көрсетілген актілерді 2008 жылғы 1 мамырға дейінгі мерзімде Агенттікке ұсынады.
4. Зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымда (зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды дербес жүзеге асыратын жинақтаушы зейнетақы қоры) және 2008 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша жинақтаушы зейнетақы қорында есептелген жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерінің бір шартты бірлігі құнының мәнінде алшақтықтар кеткен жағдайда зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйым (зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды дербес жүзеге асыратын жинақтаушы зейнетақы қоры) 2008 жылғы 1 сәуірден бастап жинақтаушы зейнетақы қорының аталған күнге есептелген зейнетақы активтерінің бір шартты бірлігі құнының мәнін есепке алады.
5. Стратегия және талдау департаменті (Г.А. Ділімбетова):
1) Заң департаментімен (Н.В. Сәрсенова) бірлесіп, осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеу шараларын қолға алсын;
2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он күндік мерзімде оны Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне, "Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігіне мәлімет үшін жіберсін.
6. Агенттіктің Төрайымының қызметі осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық баспасөз құралдарында жариялау шараларын қабылдасын.
7. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрайымының орынбасары Ғ.Н. Өзбековке жүктелсін.
Төрайым
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын
және қаржы ұйымдарын реттеу мен
қадағалау агенттігі Басқармасының
2008 жылғы 25 қаңтардағы N 4
қаулысына қосымша
"Зейнетақы активтерін инвестициялық
басқаруды жүзеге асыратын ұйымдарға
арналған пруденциалдық нормативтердің
нормативтік маңызы, олардың есебінің
әдістемесі туралы нұсқаулықтың
1-1-қосымшасы
Туынды қаржы құралдарымен мәмілелер бойынша
кредиттік тәуекел
Валюталау күніне дейінгі
|
Мемле-
|
Валю-
|
Пайыз-
|
Мемле-
|
Қымбат
|
Басқа мәмі-
|
1 жылдан кем |
0,02 |
0,05 |
0,03 |
0,06 |
0,07 |
0,1 |
1 жылдан бастап
|
0,03 |
0,07 |
0,06 |
0,08 |
0,07 |
0,12 |
5 жылдан артық |
0,04 |
0,09 |
0,09 |
0,1 |
0,08 |
0,15 |
Кредиттік тәуекел есепті күннен бастап валюталау күніне дейін қалған мерзімге қатысты номиналды келісім-шарт құнын коэффициентке көбейту жолымен есептелінеді.
Осы кестеде келтірілген санаттың ешқайсысына да жатпайтын туынды қаржы құралдарымен операциялар "Басқа мәмілелер" санатында көрсетілген кредиттік тәуекелдің коэффициенттері бойынша саралануы тиіс.".