Ескерту. Қаулының күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.04.28 № 172 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
Қолданушылардың назарына!!!
Бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз.
Екінші деңгейдегі банктердің қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру мақсатында, Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Банктер қаражатының бір бөлігін ішкі активтерге орналастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" 2000 жылғы 2 маусымдағы N 262 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1189 тіркелген) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Банктер қаражатының бір бөлігін ішкі активтерге орналастыру тәртібі туралы нұсқаулықты бекіту туралы" 2000 жылғы 2 маусымдағы N 262 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" 2000 жылғы 9 қазандағы N 377 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1302 тіркелген), Агенттік Басқармасының»"Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде N 1189 тіркелген, "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Банктер қаражатының бір бөлігін ішкі активтерге орналастыру тәртібі туралы нұсқаулықты бекіту туралы" 2000 жылғы 2 маусымдағы N 262 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2004 жылғы 25 қазандағы N 302 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3221 тіркелген, Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілері Бюллетенінде 2005 ж., N 9-13, 43-құжатта жарияланған), Агенттік Басқармасының "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының»"Банктер қаражатының бір бөлігін ішкі активтерге орналастыру тәртібі туралы нұсқаулықты бекіту туралы" 2000 жылғы 2 маусымдағы N 262 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" 2004 жылғы 27 желтоқсандағы N 395 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3408 тіркелген), Агенттік Басқармасының "Қазақстан Республикасының, кейбір нормативтік құқықтық актілеріне қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2005 жылғы 27 тамыздағы N 310 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3868 тіркелген), Агенттік Басқармасының "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының»Банктер қаражатының бір бөлігін ішкі активтерге орналастыру тәртібі туралы нұсқаулықты бекіту туралы" 2000 жылғы 2 маусымдағы N 262 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы" 2008 жылғы 25 қаңтардағы N 8 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 5150 тіркелген) енгізілген өзгерістерімен және толықтыруларымен бірге мынадай толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Банктер қаражатының бір бөлігін ішкі активтерге орналастыру жөніндегі нұсқаулықта:
3-тармақ "айлық көлемi" деген сөздерден кейін "мерзімі өткен берешекті, есептелген сыйақыны, дисконттарды, сыйлықақыларды, оң/теріс түзетулерді ескеріп," деген сөздермен толықтырылсын;
1-қосымшадағы реттік нөмірі 9-жолдан кейін мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 10, 11-жолдармен толықтырылсын:
"
10. Ішкі активтер бойынша есептелген сыйақы, |
||||||
11. Ішкі активтер бойынша мерзімі өткен берешек |
";
2-қосымшадағы реттік нөмірі 7-жолдан кейін мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 8, 9-жолдармен толықтырылсын:
"
8. Ішкі және өзге міндеттемелер бойынша есептелген сыйақы, дисконттар, сыйлықақылар, әділ құнды оң/теріс түзетулер |
||||||
9. Ішкі және өзге міндеттемелер бойынша мерзімі өткен берешек |
";
3-қосымшадағы реттік нөмірі 8814-жолдан кейін мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 8815, 8816, 8817, 8818-жолдармен толықтырылсын:
"
8815 |
Ішкі активтер бойынша есептелген сыйақы, |
|
8816 |
Ішкі активтер бойынша мерзімі өткен берешек |
|
8817 |
Ішкі және өзге міндеттемелер бойынша есептелген сыйақы, дисконттар, сыйлықақылар, әділ құнды оң/теріс түзетулер |
|
8818 |
Ішкі және өзге міндеттемелер бойынша мерзімі өткен берешек |
";
2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
3. Стратегия және талдау департаменті (Н.А. Әбдірахманов):
1) Заң департаментiмен (Н.В. Сарсенова) бірлесіп, осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеу шараларын қолға алсын;
2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелген күннен бастан он күндiк мерзiмде оны Агенттiктiң мүдделi бөлiмшелерiне, "Қазақстан қаржыгерлерiнiң қауымдастығы" заңды тұлғалар бiрлестiгiне мәлімет үшін жеткізсін.
4. Ақпараттық технологиялар департаменті (Қ.А.Түсіпов) 2008 жылғы 1 шілдеге дейінгі мерзімде»Екінші деңгейдегі банктерден есептік-статистикалық ақпаратты жинақтау және өңдеу» автоматтандырылған ақпараттық шағын жүйені жетілдіруді қамтамасыз етсін.
5. Агенттік Төрайымының Қызметі Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында осы қаулыны жариялау шараларын қолға алсын.
6. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрайымының орынбасары Қ.Б. Қожахметовке жүктелсін.
Төрайым Е. Бахмутова