Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының "Азаматтық істері бойынша сот актілерінің заңдылығына прокурорлық қадағалауды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" 2006 жылғы 27 маусымдағы N 37 бұйрығына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2008 жылғы 16 қыркүйектегі N 38 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2008 жылғы 2 қазанда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5334 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасының Бас Прокурорының 2010 жылғы 12 тамыздағы N 46 бұйрығымен

      Күші жойылды - Қазақстан Республикасының Бас Прокурорының 2010.08.12 N 46 бұйрығымен.

      "Прокуратура туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 11,   18-баптарына сәйкес, Бұйырамын:
      1. Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының "Азаматтық істер бойынша сот актілерінің заңдылығына прокурорлық қадағалауды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" 2006 жылғы 27 маусымдағы N 37 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4295 нөмірімен тіркелген) мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:
      аталған бұйрықпен бекітілген Азаматтық істер бойынша сот актілерінің заңдылығына прокурорлық қадағалауды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықта:
      4-тармағы мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
      "Прокурорлар осы тармақтың бірінші абзацында атап көрсетілген істер санатына қатысы жоқ азаматтық істерге прокуратура басшысының нұсқауы бойынша қатысады";
      7-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      "7. Прокурорлардың талаптары мен арыздары бойынша қозғалған істерге қай бөлімшенің бастамасы бойынша іс қозғалса, соның қызметкерлері бірінші сатыдағы сотта прокуратураның өкілдері ретінде қатысуды қамтамасыз етеді. Прокуратура органдары мен мекемелері жауапкер ретінде қатысатын істер бойынша жауапкердің өкілі ретінде қатысушы кандидатураларды тиісті прокуратуралар мен мекемелердің басшылары анықтайды.
      Мұндай істерді қарау кезінде сот жарыссөзінен кейін жалпы істің мән-жайы бойынша прокурордың қорытындысы талап етілмейді.
      Процесте бәсекелестікті қамтамасыз ету және апелляциялық мерзім ішінде аталған санаттағы істер бойынша заңсыз сот шешімдеріне шағымдану мен наразылық келтіру жауапкершілігі осы қызметкерлерге жүктеледі.".
      2. Осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеу үшін Азаматтық және әкімшілік істер бойынша сот актілері мен атқару өндірісінің заңдылығын қадағалау департаменті (Айсин Т.С.) шаралар қолдансын.
      3. Бұйрық Бас әскери прокурорға, облыстық, қалалық, аудандық және оларға теңестірілген прокурорларға жолдансын.
      4. Бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
      5. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Бас Прокуроры 2-дәрежелі
      мемлекеттік әділет кеңесшісі                  Р. Түсіпбеков

О внесении изменения и дополнения в приказ Генерального Прокурора Республики Казахстан от 27 июня 2006 года № 37 "Об утверждении Инструкции об организации прокурорского надзора за законностью судебных актов по гражданским делам"

Приказ Генерального Прокурора Республики Казахстан от 16 сентября 2008 года N 38. Зарегистрирован в Министерстве юстиции 2 октября 2008 года N 5334. Утратил силу приказом Генерального Прокурора Республики Казахстан от 12 августа 2010 года N 46

      Сноска. Утратил силу приказом Генерального Прокурора РК от 12.08.2010 N 46.

      В соответствии со статьями 11 , 18 Закона Республики Казахстан "О Прокуратуре", ПРИКАЗЫВАЮ:
      1. В приказ Генерального Прокурора Республики Казахстан от 27 июня 2006 года № 37 "Об утверждении Инструкции об организации прокурорского надзора за законностью судебных актов по гражданским делам" (зарегистрированный в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов Республики Казахстан за № 4295) внести следующие изменение и дополнение:
      в Инструкции об организации прокурорского надзора за законностью судебных актов по гражданским делам, утвержденной указанным приказом:
       пункт 4 дополнить частью третьей следующего содержания: "По гражданским делам, не относящимся к категории дел, перечисленных в части первой настоящего пункта, прокуроры принимают участие по указанию руководителя прокуратуры.";
       пункт 7 изложить в следующей редакции:
      7) "По делам, возбужденным по искам и заявлениям прокуроров, участие в суде первой инстанции в качестве представителей прокуратуры обеспечивают работники тех подразделений, по чьей инициативе было возбуждено дело. По делам, где в качестве ответчика выступает орган или учреждение прокуратуры, кандидатуры сотрудников для участия по ним в качестве представителя ответчика определяют руководители соответствующих прокуратур и учреждений.
      При рассмотрении таких дел заключение прокурора по существу дела в целом после судебных прений не требуется.
      Ответственность за обеспечение состязательности в процессе и обжалование, опротестование незаконных судебных решений в апелляционные сроки по делам указанной категории возлагается на этих сотрудников.".
      2. Департаменту по надзору за законностью судебных актов и исполнительного производства по гражданским и административным делам (Айсин Т.С.) принять меры к государственной регистрации в Министерстве юстиции Республики Казахстан настоящего приказа.
      3. Приказ направить Главному военному прокурору, прокурорам областей, городов, районов и приравненным к ним прокурорам.
      4. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего заместителя Генерального Прокурора Республики Казахстан.
      5. Настоящий приказ вводится в действие со дня государственной регистрации в Министерстве юстиции Республики Казахстан.

       Генеральный Прокурор
       Республики Казахстан
       государственный советник
       юстиции 2-го класса                          Р.Т. Тусупбеков