Жарияланған акцияларға ұлттық сәйкестендіру нөмірін (ұлттық сәйкестендіру нөмірлерін) беру ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2008 жылғы 29 қазандағы N 157 Қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2008 жылғы 10 желтоқсанда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5394 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 28 қарашадағы № 283 қаулысымен.

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.11.2016 № 283 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Бағалы қағаздар рыногын реттейтін нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса берілген Жарияланған акцияларға ұлттық сәйкестендіру нөмірін (ұлттық сәйкестендіру нөмірлерін) беру ережесі бекітілсін.

      2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

      3. Лицензиялау департаменті (Н.Қ. Қасқаманова):

      1) Заң департаментімен (Н.В. Сәрсенова) бірлесіп, осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеу шараларын қолға алсын;

      2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастан он күндік мерзімде оны Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне және "Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігіне мәлімет үшін жеткізсін.

      4. Агенттік Төрайымының қызметі (А.А. Кенже) Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында осы қаулыны жариялау шараларын қолға алсын.

      5. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрайымының орынбасары М.Б. Байсыновқа жүктелсін.

Төрайым

Е. Бахмутова


  Қазақстан Республикасы Қаржы
нарығын және қаржы ұйымдарын
реттеу мен қадағалау агенттігі
Басқармасының 2008 жылғы
29 қазандағы N 157 қаулысымен
бекітілді

Жарияланған акцияларға ұлттық сәйкестендіру нөмірін
(ұлттық сәйкестендіру нөмірлерін) беру ережесі

      Осы Ереже қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу мен қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттік органның (бұдан әрі - уәкілетті орган) жарияланған акцияларға ұлттық сәйкестендіру нөмірін (ұлттық сәйкестендіру нөмірлерін) беру тәртібін белгілейді.

      1. Осы Ережеде мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) жауапты қызметкер - ҰСН беруге жауапты уәкілетті органның қызметкері;

      2) ұлттық сәйкестендіру нөмірі (ұлттық сәйкестендіру нөмірлері) - эмиссиялық бағалы қағаздарды сәйкестендіру және есепке алуды жүйелеу мақсатында оларға уәкілетті орган беретін әріптік-сандық код (бұдан әрі - ҰСН);

      3) эмитент - эмиссиялық бағалы қағаздардың шығарылымын жүзеге асыратын тұлға.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттік тіркеуді, акцияларды орналастыру және акциялар шығарылымын жою қорытындысы туралы есепті бекіту" 2005 жылғы 30 шілдедегі N 268 қаулысымен бекітілген Жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттік тіркеуді, акцияларды орналастыру және акциялар шығарылымын жою қорытындысы туралы есепті бекіту ережесімен көзделген құжаттарды қоса тіркей отырып, еркін нысанда жасалған эмитенттің жазбаша өтінішінің негізінде осы Ереженің 1-қосымшасына сәйкес уәкілетті орган болжанатын шығарылымның жарияланған акцияларына ҰСН беруді жүзеге асырады (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3832 тіркелген) (бұдан әрі - N 268 Ереже).

      3. N 268 Ережемен белгіленген құжаттардың пакетін және эмитенттің өтінішін алғаннан кейін, жауапты қызметкер N 268 Ережеге сәйкес өтініште көрсетілуге жататын және оған қоса берілген құжаттардағы мәліметтердің толықтығы бойынша берілген құжаттар пакетіндегі мәліметтердің толықтығын тексереді.

      4. Өтініште көрсетілген және оған қоса берілген құжаттардағы деректер N 268 Ереже талаптарына сәйкес келген жағдайда, жауапты қызметкер:

      1) осы Ереженің 1-3 қосымшаларына сәйкес ҰСН-ді қатарластырып қояды;

      2) жарияланған акциялардың айналыстағы шығарылымдарында ұқсас ҰСН-нің болмауын тексереді;

      3) ҰСН-ді береді.

      5. Уәкілетті орган эмитенттің өтінішін және оған қоса берілген құжаттарды оларды алған күннен бастап отыз күнтізбелік күн ішінде қарайды.

      Өтініште көрсетілген мәліметтер сәйкес келген жағдайда, уәкілетті орган ҰСН берілген жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті қоса тіркей отырып, ҰСН берілгені туралы эмитентті жазбаша хабарлайды.

      6. Уәкілетті орган өтініште қате және (немесе) толық емес мәліметтер анықталған жағдайда, себептерін көрсетіп, ҰСН-ді бермеудің жазбаша негіздемесін эмитентке жібереді.

  Жарияланған акцияларға ұлттық
сәйкестендіру нөмірін (ұлттық
сәйкестендіру нөмірлерін) беру
ережесіне 1-қосымша

Жарияланған акцияларға ұлттық сәйкестендіру нөмірін
(ұлттық сәйкестендіру нөмірлерін) беру

      Жарияланған акцияларға ҰСН беруді араб цифрлары және латын әліпбиінің жазба (бас) әріптерін ("I" және "О" әріптерінен басқа) пайдалану арқылы жүзеге асырады.

      1. Жарияланған акцияларға ҰСН беруде мыналар қамтылады:

      1) қандай да болмасын тыныс белгісімен бөлінбеген және үш бөліктен тұратын тізбектелген он екі символды (солдан оңға санаумен) пайдалану;

      2) эмитент елінің екі әріпті кодын белгілеу үшін пайдаланылатын бірінші және екінші позицияларда орналасқан символдарды пайдалану (Қазақстан Республикасы үшін "КZ" коды пайдаланылады);

      3) осы Қосымшаның 2-6 тармақтарына сәйкес жасалатын негізгі нөмірді анықтау үшін пайдаланылатын үшінші - он бірінші позицияларда орналасқан символдарды пайдалану;

      4) осы Қосымшаның 7-тармағына сәйкес есептелетін бақылау цифрын есептеу үшін пайдаланылатын он екінші позицияда орналасқан символдарды пайдалану.

      2. Үшінші позицияда орналасқан символдар мемлекеттік емес бағалы қағаздардың түрін белгілеу үшін пайдаланылады (акциялар үшін "1" символы пайдаланылады).

      3. Төртінші позицияда орналасқан символ акциялар түрін белгілеу үшін пайдаланылады:

      1) "Р" символы - артықшылық берілген акциялар;

      2) "С" символы - жай акциялар.

      4. Бесінші, алтыншы, жетінші және сегізінші позицияларда орналасқан символдарды пайдалану Эмиссиялық бағалы қағаздардың мемлекеттік тізіліміне енгізу кезінде берілген жарияланған акциялардың шығарылымы нөмірінің тиісінше екінші, үшінші, төртінші және бесінші позициясын белгілейді.

      5. Жай акцияларға ҰСН берілген жағдайда, тоғызыншы және оныншы позицияларда "00" символдары, артықшылық берілген акцияларға - "01" символдары, айырбасталатын артықшылық берілген акцияларға - "02" символдары көрсетіледі.

      Айырбасталатын артықшылық берілген акциялар ретінде шығарылатын, артықшылық берілген акциялардың эмитент шығаратын көлемінің шегіндегі белгілі бір бөлігіне ҰСН беру, "02" символдарының тоғызыншы және оныншы позицияларында көрсету арқылы артықшылық берілген акцияларды эмитент шығаратын барлық көлемінен жеке жүргізіледі.

      6. Он бірінші позицияда "1" символы көрсетіледі.

      7. Бақылау цифрын есептеу үшін мыналар қажет:

      1) 1-қадам: осы Қосымшаның 1-тармағының 2) тармақшасына және 2-6-тармақтарына сәйкес бастапқы он бір позициялар толтырылады;

      2) 2-қадам: позицияларда орналасқан әріптік символдар 3-қосымшаға сәйкес сандармен ауыстырылады;

      3) 3-қадам: құрылған сан қатарынан алынған (оның оң жақ шетінен бастап) әрбір цифр мына коэффициентке көбейтіледі: "2" - тақ позицияларда орналасқан цифрлар үшін; "1" - жұп позицияларда орналасқан цифрлар үшін;

      4) 4-қадам: 3-қадамды орындау нәтижесінде құрылған цифрлар қатары қосылады;

      5) 5-қадам: егер 4-қадамды орындау нәтижесінде алынған сома "0-мен" аяқталса, онда бақылау цифры "0" болып табылады.

      Керісінше жағдайда, 4-қадамды орындау нәтижесінде алынған соманы осы сомадан асатын және он еседен төмен болып табылатын саннан алып тастау нәтижесі бақылау цифры болып табылады.

  Жарияланған акцияларға ұлттық
сәйкестендіру нөмірін (ұлттық
сәйкестендіру нөмірлерін) беру
ережесіне 2-қосымша

Жарияланған акцияларға ҰСН берудің мысалы Берілді (мысалдың шарттары):

      Акционерлік қоғам жай акциялардың шығарылымын жүзеге асырады. Жарияланған акциялардың осы шығарылымы Эмиссиялық бағалы қағаздардың мемлекеттік тізіліміне А3261 нөмірімен енгізілді.

       1 қадам:

Позициялар нөмірі

Символдар

Түсініктеме

1-2

КZ

Эмитенттің елін белгілеу (1-қосымшаның 1-тармағының 2) тармақшасы)

3

1

Мемлекеттік емес бағалы қағаздардың түрін белгілеу: акцияларға "1" символы сәйкес келеді (1-қосымшаның 2-тармағы)

4

С

Акциялардың түрін белгілеу: жай акцияларға "С" символы сәйкес келеді (1-қосымшаның 3-тармағы)

5-8

3261

Акциялар шығарылымын Эмиссиялық бағалы қағаздардың мемлекеттік тізіліміне А3261 нөмірімен енгізген кезде берілген акциялар шығарылымының нөмірін белгілеу, оған "3261" символдары сәйкес келеді (1-қосымшаның 4-тармағы)

9-10

00

"00" символдары көрсетіледі (1-қосымшаның 5-тармағы)

11

1

1 символы көрсетіледі
(1-қосымшаның 6-тармағы)


      Осы шығарылымның акцияларының ҰСН нәтижесінде (он екінші позицияда бақылау цифрынсыз) былай көрінеді:

К

Z

1

С

3

2

6

1

0

0

1


       2-қадам:

       3-қосымшадағы кестеге сәйкес әріпті символдарды сандарға ауыстыру:

1

9

3

3

1

1

2

3

2

6

1

0

0

1


       3-қадам:

      Құрылған сандық қатардағы цифрларды (оның оң жақ шетінен бастап) коэффициентке көбейту: "2" - тақ позицияларда орналасқан цифрлар үшін немесе "1" - жұп позицияларда орналасқан цифрлар үшін:

      сандық қатар (3-қадамды орындау нәтижесі):

1

9

3

3

1

1

2

3

2

6

1

0

0

1


       көбейту коэффициенттері:

1

2

1

2

1

2

1

2

1

2

1

2

1

2


       көбейту нәтижелері:

1

1

8

3

6

1

2

2

6

2

1

2

1

0

0

2


       4-қадам:

       3-қадамды орындаудың нәтижесінде алынған қатардың цифрларын қосу:

      1 + 1 + 8 + 3 + 6 + 1 + 2 + 2 + 6 + 2 + 1 + 2 + 1 + 0 + 0 + 2 = 38

       5-қадам:

       4-қадамды орындау нәтижесінде алынған сома "0-мен" аяқталмағандықтан, осы сомадан асатын және он еседен төмен болатын сан анықталады. 38 сомасы үшін осындай сан 40 болып табылады. Тиісінше, бақылау цифры 2-ге тең (40-38).

      Осы шығарылым акцияларының толық ҰСН мынаған тең:

К

Z

1

С

3

2

6

1

0

0

1

2


  Жарияланған акцияларға ұлттық
сәйкестендіру нөмірін (ұлттық
сәйкестендіру нөмірлерін) беру
ережесіне 3-қосымша

Әріптік символдарды сандарға ауыстыру
кестесі

A

10

F

15

L

20

R

25

W

30

B

11

G

16

M

21

S

26

X

31

C

12

H

17

N

22

T

27

Y

32

D

13

J

18

P

23

U

28

Z

33

E

14

K

19

Q

24

V

29




Об утверждении Правил присвоения национального идентификационного номера (национальных идентификационных номеров) объявленным акциям

Постановление Правления Агентства Республики Казахстан по регулированию и надзору финансового рынка и финансовых организаций от 29 октября 2008 года N 157. Зарегистрировано в Министерстве юстиции Республики Казахстан 10 декабря 2008 года N 5394. Утратило силу постановлением Правления Национального Банка Республики Казахстан от 28 ноября 2016 года № 283

      Сноска. Утратило силу постановлением Правления Национального Банка РК от 28.11.2016 № 283 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      В целях совершенствования нормативных правовых актов, регулирующих рынок ценных бумаг, Правление Агентства Республики Казахстан по регулированию и надзору финансового рынка и финансовых организаций (далее - Агентство) ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Утвердить прилагаемые Правила присвоения национального идентификационного номера (национальных идентификационных номеров) объявленным акциям.
      2. Настоящее постановление вводится в действие по истечении четырнадцати дней со дня его государственной регистрации в Министерстве юстиции Республики Казахстан.
      3. Департаменту лицензирования (Каскаманова Н.К.):
      1) совместно с Юридическим департаментом (Сарсенова Н.В.) принять меры к государственной регистрации настоящего постановления в Министерстве юстиции Республики Казахстан;
      2) в десятидневный срок со дня государственной регистрации настоящего постановления в Министерстве юстиции Республики Казахстан довести его до сведения заинтересованных подразделений Агентства и Объединения юридических лиц "Ассоциация финансистов Казахстана".
      4. Службе Председателя Агентства (Кенже А.А.) принять меры по опубликованию настоящего постановления в средствах массовой информации Республики Казахстан.
      5. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на заместителя Председателя Агентства Байсынова М.Б.

       Председатель                                 Е. Бахмутова

Утверждены постановлением    
Правления Агентства Республики
Казахстан по регулированию и 
надзору финансового рынка и  
финансовых организаций от    
29 октября 2008 года № 157   

Правила присвоения национального идентификационного
номера (национальных идентификационных номеров) объявленным
акциям

      Настоящие Правила устанавливают порядок присвоения государственным органом, осуществляющим государственное регулирование и надзор финансового рынка и финансовых организаций (далее - уполномоченный орган), национального идентификационного номера (национальных идентификационных номеров) объявленным акциям.
      1. В настоящих Правилах используются следующие понятия:
      1) национальный идентификационный номер (национальные идентификационные номера) - буквенно-цифровой код, присваиваемый уполномоченным органом эмиссионным ценным бумагам в целях их идентификации и систематизации учета (далее - НИН);
      2) ответственный сотрудник - работник уполномоченного органа, ответственный за присвоение НИН;
      3) эмитент - лицо, осуществляющее выпуск эмиссионных ценных бумаг.
      2. Присвоение НИН объявленным акциям предполагаемого выпуска производится уполномоченным органом в соответствии с приложением 1 к настоящим Правилам на основании письменного заявления эмитента, составленного в произвольной форме, с приложением документов, предусмотренных Правилами государственной регистрации выпуска объявленных акций, утверждения отчета об итогах размещения акций и аннулирования выпуска акций, утвержденными постановлением Правления Агентства Республики Казахстан по регулированию и надзору финансового рынка и финансовых организаций от 30 июля 2005 года № 268 "Об утверждении Правил государственной регистрации выпуска объявленных акций, утверждения отчета об итогах размещения акций и аннулирования выпуска акций" (зарегистрированным в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 3832) (далее - Правила № 268).
      3. После получения заявления эмитента и пакета документов, установленных Правилами № 268, ответственный сотрудник проверяет правильность сведений в представленном пакете документов в части полноты сведений, подлежащих указанию в заявлении и приложенных к нему документов в соответствии с Правилами № 268.
      4. При соответствии данных, указанных в заявлении и приложенных к нему документов требованиям Правил № 268, ответственный сотрудник:
      1) выстраивает НИН согласно приложениям 1-3 к настоящим Правилам;
      2) проверяет отсутствие аналогичных НИН, находящихся в обращении выпусков объявленных акций;
      3) присваивает НИН.
      5. Уполномоченный орган рассматривает заявление эмитента и приложенных к нему документов в течение тридцати календарных дней с даты их получения.
      При соответствии сведений, указанных в заявлении, уполномоченный орган письменно информирует эмитента о присвоении НИН с приложением свидетельства о государственной регистрации выпуска объявленных акций с присвоенным НИН.
      6. При обнаружении в заявлении ошибочных и (или) неполных сведений уполномоченный орган направляет эмитенту письменное обоснование не присвоения НИН с указанием причин.

Приложение 1 к Правилам       
присвоения национального      
идентификационного номера     
(национальных идентификационных
номеров) объявленным акциям   

Присвоение национального идентификационного номера
(национальных идентификационных номеров) объявленным акциям

      Присвоение НИН объявленным акциям осуществляется с использованием арабских цифр и прописных (заглавных) букв латинского алфавита (за исключением букв "I" и "О").
      1. Присвоение НИН объявленным акциям включает в себя:
      1) использование двенадцати последовательных символов (считая слева направо), не разделенных каким-либо знаком препинания, и состоящим из трех частей;
      2) применение символов, расположенных на первой и второй позициях, используемых для обозначения двухбуквенного кода страны эмитента (для Республики Казахстан используется код "KZ");
      3) применение символов, расположенных на третьей-одиннадцатой позициях, используемых для определения основного номера, составляемого в соответствии с пунктами 2-6 настоящего приложения;
      4) применение символов, расположенных на двенадцатой позиции, используемых для расчета контрольной цифры, которая рассчитывается в соответствии с пунктом 7 настоящего приложения.
      2. Применение символов, расположенных на третьей позиции, используется для обозначения вида негосударственных ценных бумаг (для акций используется символ "1").
      3. Символ, расположенный на четвертой позиции, используются для обозначения вида акций:
      1) символ "Р" - привилегированные акции;
      2) символ "С" - простые акции.
      4. Применение символов, расположенных на пятой, шестой, седьмой и восьмой позициях, обозначает соответственно вторую, третью, четвертую и пятую позиции номера выпуска объявленных акций, присвоенного ему при внесении в Государственный реестр эмиссионных ценных бумаг.
      5. В девятой и десятой позициях, в случае присвоения НИН простым акциям, указываются символы "00", привилегированным акциям - символы "01", конвертируемым привилегированным акциям - символы "02".
      Присвоение НИН определенной части в пределах всего объема выпускаемых эмитентом привилегированных акций, которые выпускаются как конвертируемые привилегированные акции, производится отдельно от всего объема выпускаемых эмитентом привилегированных акций с указанием на девятой и десятой позициях символов "02".
      6. На одиннадцатой позиции указывается символ "1".
      7. Для расчета контрольной цифры необходимо следующее:
      1) шаг 1: заполняются первые одиннадцать позиций согласно подпункту 2 ) пункта 1 и пунктам 2-6 настоящего приложения;
      2) шаг 2: расположенные на позициях буквенные символы заменяются числами в соответствии с приложением 3 ;
      3) шаг 3: каждая цифра полученного числового ряда (начиная с его правого края) умножается на коэффициент: "2" - для цифр, находящихся на нечетных позициях; "1" - для цифр, находящихся на четных позициях;
      4) шаг 4: суммируются цифры ряда, полученного в результате выполнения шага 3;
      5) шаг 5: если сумма, полученная в результате выполнения шага 4, оканчивается на "0", то контрольной цифрой является "0".
      В противном случае контрольной цифрой является результат вычитания суммы, полученной в результате выполнения шага 4, из числа, превышающего данную сумму и являющегося минимальным из кратных десяти.

Приложение 2 к Правилам присвоения
национального идентификационного 
номера (национальных             
идентификационных номеров)       
объявленным акциям               

Пример присвоения НИН
объявленным акциям

Дано (условия примера):

      Акционерное общество осуществляет выпуск простых акций. Данный выпуск объявленных акций внесен в Государственный реестр эмиссионных ценных бумаг за номером A3261.

Шаг1:

Номера позиций

Символы

Комментарий

1-2

KZ

Обозначение страны эмитента ( подпункт 2)
пункта 1 приложения 1

3

1

Обозначение вида негосударственных
ценных бумаг:
акциям соответствует символ "1" ( пункт 2
приложения 1)

4

С

Обозначение вида акций: простым акциям
соответствует символ "С" ( пункт 3
приложения 1)

5-8

3261

Обозначение номера выпуска акций,
присвоенного ему при внесении в
Государственный реестр эмиссионных
ценных бумаг: выпуск внесен в
Государственный реестр эмиссионных
ценных бумаг за номером А3261, которому
соответствует символы "3261" ( пункт 4
приложения 1)

9-10

00

Указываются символы "00" ( пункт 5
приложения 1)

11

1

Указывается символ 1 ( пункт 6 приложения
1)

      В результате НИН акций данного выпуска (без контрольной цифры на двенадцатой позиции) выглядит следующим образом:

К

Z

1

с

3

2

6

1

0

0

1

Шаг 2:

      Замена буквенных символов числами в соответствии с таблицей в Приложении 3

1

9

3

3

1

1

2

3

2

6

1

0

0

1

Шаг 3

      Умножение цифр полученного числового ряда (начиная с его правого края) на коэффициент: "2" - для цифр, находящихся на нечетных позициях; "1" - для цифр, находящихся на четных позициях: числовой ряд (результат выполнения шага 3):

1

9

3

3

1

1

2

3

2

6

1

0

0

1

коэффициенты умножения:

1

2

1

2

1

2

1

2

1

2

1

2

1

2

результат умножения:

1

1

8

3

6

1

2

2

6

2

1

2

1

0

0

2

Шаг 4:

      Суммирование цифр ряда, полученного в результате выполнения шага 3:
      1 + 1 + 8 + 3 + 6 + 1 + 2 + 2 + 6 + 2 + 1 + 2 + 1 + 0 + 0 + 2 = 38

Шаг 5:

      Поскольку сумма, полученная в результате выполнения шага 4, не оканчивается на "0", определяется число, превышающее данную сумму и являющееся минимальным из кратных десяти. Для суммы 38 таким числом является 40. Соответственно контрольная цифра равна 2 (40 - 38).
      Полный НИН акций данного выпуска равен:

К

Z

1

С

3

2

6

1

0

0

1

2

Приложение 3 к Правилам  
присвоения национального 
идентификационного номера
(национальных            
идентификационных номеров)
объявленным акциям       

Таблица
перевода буквенных символов в числа

А

10

F

15

L

20

R

25

W

30

В

11

G

16

М

21

S

26

X

31

С

12

Н

17

N

22

Т

27

Y

32

D

13

J

18

Р

23

U

28

Z

33

Е

14

К

19

Q

24

V

29